Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сіздің ойыңызша, ерлер мен әйелдерің рөлін өзара алмастыруға болады ма? Жауабыңызды дәйектеңіз.

Гендерлік білім берудің мәні мен түсінігі: оны анықтаудағы тұғырлар | ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ | Гендерлік білім берудің негізгі категориялары. | Гендерлік білім берудің ұстанымдары мен деңгейлері. | Гендерлік тәрбие» түсінігінің мәні. | Тек, жыныс» және «гендер» түсінігінің дифференциациясы және мәні. Тек әлеуметтік және биологиялық катеория ретінде. | Жыныстық және гендерлік тәрбие. Түсінігнің мәні және диференциациясы. | Азақ отбасында қалыптасқан этноәлеуметтік рөлдер | Сурак Оқытушыларға гендерлік таптаурындарды жою бойынша Өз ұсыныстарыңызды құрастырыңыз. | Дәстүрлі гендерлік рөлдердің жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз. |


Читайте также:
  1. Алтыншысы (заңгерлердің жауаптары).
  2. Дерекқорларды қандай бағдарламалар арқылы жинауға болады?
  3. Дифференциалды термиялық сараптау тәсілі көмегімен қандай тәуелділікті анықтауға болады?
  4. Жылы орыс әскерлері басып алған қала. Ташкент.
  5. Лекция 1. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының тарихи сипаты.
  6. Сурет. Ломброзоның түзген қылмыскерлердің бет-пішіндері

Феминизмнің отбасы органына бүлдіргі әсерлерінің бірі бұл қозғалыстың әйел мен ерадам арасындағы әрдайымдық қарсыласу мен қайшылықты баса айтуы болып табылады. феминистердің көзқарасынша ерадамдар әйелдердің бітімге келмес дұшпандары болып табылады және олардың үстемдігінен құтылу үшін әйелдер мүмкіндігінше өз жолын ерадамдардан бөлуы керек. Олардың пайымдауынша әлеуметтік органдар еркек жыныстының мүддесін қорғау бойынша қалыптасқан. Сондықтан азаттыққа жету үшін осы органдардың ықпалынан алыс болу керек. Радикал және әсірешіл феминистер әйелдердің ортақ мүддесі бар, өйткені барлығы ерадамдардан жәбір көріп отыр. Сондықтан әйелдер ерадамдардың табымен қайшылықтағы тапты құрайды деген сенімде. Кейбір әсірешіл феминистер тіпті кейде әйелдердің ерлерден бөлек қоғамда немесе аралда ғұмыр кешуіне мүдделі болған. Белгілі болғанындай феминистік көзқараста әйел мен ерадам бір- бірінің жанында бірін- бірі толықтырушы емес, керісінше бір- біріне қарсы тұрады. Бірі қайыр екіншісі жамандық болып табылады. бұл көзқарас ерадам мен әйел арасында күн сайын өсудегі дұшпандыққа себеп болады. Оның өшпенділік кері салдарлары қоғамды шынайы әсерге бөлейді.

Алайда Исламда әйел мен ер бірін- бірі толықтырушы және бірге болады. Ерадам отбасының күзетшісі және мүшелерінің тұрмыстағы шығындарын қамтамасыз етуде жауапты. Әйел де өз отбасында махаббат бен сүйіспеншілікке толы кеңістікті сақтауға жауапкер. Исламдық бағдар бойынша жұбайлардың әрқайсысы отбасыға ойдағыдай жетекшілік етуде маңызды рөлді мойнына алады. Олар бір- бірінің бойындағы лайықты және әсем киім сияқты өзара ыстық және тату байланыс орнатып, бір- бірінің ағаттықтары мен міндерін көрсетуі керек. Жұптардың бірін- бірі қолдауы өздерін өмірдегі қиындықтар алдында жалғыз деп тауып, берілмеуіне себеп болады.

Америкалық жазушы әрі журналист Жанис Шао Краус былай деп жазады: " Бүгінде Америкада тұрмысқа шықпаған 20- 40 жас аралығындағы әйелдер саныы әр кезден көбірек болып табылады. Кеш үйленген жұптар балалы болу үшін жүкті болмауды емсдеуге зор үмітпен миллиондаған доллар қаржы жұмсайды."

Көптеген феминистер отбасы құруға өшпенділік танытады. Олар әйелдерге дәстүрлі түрде отбасы құруға немесе жалғастыруға еркіндік бермеу керек деп ойлайды. Осы қозғалыстың басшылары, атап айтқанда америкалық феминист Шэр Һайт бүгінде Америка қоғамында сансыз отбасылардың әкесіз және неке заңдылығынан тыс екеніне ризалық білдіреді. Феминистердің пікірінше, отбасы киелі орган емес. Осы азғын көзқарас бойынша, отбасының іргесі ерадамның әйелді жәбірлеуі бойынша қаланған. Сол себепті әсірешіл феминистердің едәуір бөлігі гомосексуализмге бет бұрған.олардың пікірінше, ортақ өмірдің өзге үлгілері, яғни әйелдің әйелмен немесе ерадамның ерадаммен бірге тұруы әйелдің ерадамға тұрмысқа шығуынан әлдеқайда жақсырақ болып табылады. феминистердің отбасымен өшпенділігі соншама Бейжіңдегі 1995-ші жылғы әлемдік конференция құжаттарында ерлі- зайыпты терминінің байқалмайтыны былай тұрсын, тіпті анан және отбасы сияқты сөздер медбике және бөлмелес деген сөздермен орнын алмастырған.жоғарыда айтылған жайттарға қарап, кейбір отбасыларда әйелдердің жәбірленетіні дұрыс деп айту керек. Алайда отбасы кеңістігінде қалыптасатын қиындықтармен күресудің жолы құнды орган отбасыны алып тастау емес. Зерттеулер отбасы ошағының кісілердің жеке және әлеуметтік зардаптарын азайту және оларға тыныштық пен өзіне деген сенім беруде тым әсерлі екенін көрсетеді. Сондықтан отбасы құру әр адамның өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болып есептеледі де адамның тағдырында маңызды рөл атқарады. Отбасы құрудың арқасында адамның көптеген сүйіспеншілік, әлеуметтік, экономикалық және жыныстық мұқтаждықтары қамтамасыз етіліп, адам жан тыныштығы мен кемелдікке жетеді. Қолайлы және табысты үйленудің арқасында әйел мен ерадам өсіп жетіліп, шын кемелдікке қол жеткізеді. Өзара пікірлесу және бір- біріне жәрдемдесумен игі және сау перзенттер тәрбиелей алады. Осындай перзенттер өз қоғамының келешегін дұрыс кескіндей алады.

 

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан Республикасындағы ЖОО бағдарламалар мен оқу үдерісіне гендерлік талдау жасаңыз.| Оқушыларға гендерлік білім беру бағдарламасын құрастырыңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)