Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Османның (р.а.) Аллаһ жолындағы жомарттығы.

Византия империясының Мадинаға әскер жіберуге дайындық үстінде екендігін естіген Аллаһ елшісі (с.а.с.) жорыққа әзірлік жасауға көшеді. Тәбук соғысы – Ислам тарихында ең маңызды оқиғалардың бірі. Әрбір жорығын жүзеге асырып келген Хақ Пайғамбар (с.а.с.) бұл жолы жорығын ашықтан-ашықтан жария етеді. Айналадағы руларға ат шаптырып адам жіберіп, қол жинауға, қару-жарақ жинауға көмекке шақырады.

Хижраның тоғызыншы жылындағы бұл сапар аптап ыстсқтың салдарынан ашаршылыққа ұрынған уақытқа сәйкес келді. Сондықтан бұл сапар «тауқымет сапары» деп аталды. Соғысқа жәрдем ретінде, Ибн Шихаб аз-Зухри айтуы бойынша Хазіретін Осман (р.а.) 940 түйе, 60 жылқы әрі мың динар әкеліп Аллаһ елшісінің алдына төкті.[22]

Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның бұл жомарттығына Байланысты, “бұдан кейін істейтін қателері Османға зиян келтірмейді” деп, екі рет қайталады (Тирмизи). Сол сияқты Абду-Ррахман ибн Самура. «Сунане» ат-Тирмизи.

 

Осман байлығының шүкірін өтеу үшін мұқтаж адамдарға үнемі сый тарататын.

Мәдинадағы аштық кезінде Осман (р.а.) Сириядан жүз түйенің жүгіндей мөлшерде астық алып келеді. Бұл бидайды сатып алу үшін сахабалар оның қасына жүгірісіп келеді. Бірақ Осман Зуннурәйн оларға: “сіздерден жақсы, сізден мол ақы беретін алушым бар”, – деді.

Сағы сынып, ұнжырғасы түскен сахабалар бұны Әбу Бәкірге жеткізіп, Османның бұл әрекетіне реніштерін білдірді. Әбу Бәкір (р.а.) хазірет Османды бәрінен жақсы танығандықтан, оларға:

– Ол Расулаллаһтың күйеу баласы болу арқылы құрметке ие болды. Жәннатта да – пайғамбарымыздың жолдасы. Сіздер оны қате түсінген боларсыздар. Жүріңіздер, бірге барып жағдайдың анық-қанығын

өзінен сұрайық, – деді. Халифа Әбу Бәкір хазірет Османға барып:

– Ей, Осман, сахабалар сенің сөздеріңе ренжіпті. Олардың меселін неге қайтардың? – дегенде, Осман (р.а.):

– Ей, Расулаллаһтың халифасы! Олардан жақсы алушым бірге жеті жүз береді. Мен де бидайды бірге

жеті жүз берушіге саттым, – деді. Осман Зуннурәйн бұл сөздерімен керуендегі мал-мүлкін Аллаһ жолында садақа қылып бергендігін айтқан еді. Аз уақыттан соң жүз түйеге артылған астықты Мәдинадағы пақыр сахабаларға тегін таратып жіберді. Хазірет Әбу Бәкір бұған қатты қуанып, Османның маңдайынан сүйді.[23]

Хазіретті Осман (р.а.) бірде Аллаһ елшінің үйінде қоректенетін азықтың қалмағанын естіп, өзімен семіз қой, біраз ұн және май алып, Айша (р.а.) анамыздың үйіне алып барды. Ол: Ей, мүминдердің анасы! Аллаһ елшісі басқа әйелдеріне бөлмесін. Өйткені мен оларға да тура осындай мөлшерде азық жіберемін, – деді. Аллаһ расулы (с.а.с.) хазірет Османның мәрттігін естіген кезде:

– Ей, Раббым! Османның өткен және келешектегі, жария және құпия күнәларын кешіре гөр! – деп дұға етті.

Хазірет Әли Фатима анамызға үйленер кезінде той шығындарын өтеу үшін қалқанын базарға сатуға алып шығады. Базарда Османға кездесіп, үйленетінін

айтып, сүйінші сұрады. Той шығындарын көтеру үшін қалқанын сататынын айтады. Осман (р.а.) 480 дирхам төлеп, қалқанды сатып алды. Содан кейін Әлиге бұрылып:

– Ей, Әли! Аллаһ жолында қызмет етуің үшін бұл қалқанды саған тойыңа тарту етемін, - деді.

Османның ең үлкен ерекшелігі – жомарттығы. Ол мал-мүлкін Аллаһ жолында жұмсаудан еш тартынбайтын. Бірде мұсылмандар ауыз су таппай қиналды. Рума құдығынан басқа ішер су таба алмады. Бұл құдық бір яһудидікі болатын.

Суды мұсылмандарға өте қымбат бағамен сататын.

Бұл жағдай Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанына қатты батты. Сахабалармен бірге отырған бір сәтте, Румақұдығын кім сатып алса, Жәннатта да оның осыған ұқсас құдығы болатынын Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты. Мұны естіген Осман бірден, сол яһудиді тауып алып, құдықты сатып алғысы келетінін айтады. Яһуди құдықты толық сатуға көнбей, өте қымбат бағаға оның жартысын ғана сатты. Осман қуаныштан төбесі көкке жетіп, Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, құдықтың жар-тысын сатып алып мұсылмандарға бағыштағандығын айтты. Аллаһ расулы (с.а.с.) Османның бұл әрекетін мақтап, оған ыстық ілтипат білдірді. Хазірет Осман ақыры бұл құдықтың қалған жартысын сатып алып, садақа етті.[24]

Пайғамбарымыздың (с.а.с.): “Әркімнің Жәннатта бір досы бар. Менің Жәннаттағы досым – Осман”, – деп хадисінде атап кеткен үшінші халифа сахабалардың арасында да үлкен құрметке ие болатын. Мемлекеттің күшті, бай болғанына қарамастан, ол кей кездері мешітте ұйықтайтын. Денесіне тас іздері түсетін. Бұған куә болған адамдар оның қарапайымдылығына таңғалып,

“міне, нағыз мүминдердің әмірі” дейтін. Күндіз ораза ұстап, түндерін де Аллаһқа құлшылық етумен өткізетін. Түнде Құран оқудан айырықша ләззат алатын. Оның өмірінен қазіргі адамдар үшін қоғамдағы теңдік пен әділдік мәселесінде үлгі боларлық мына оқиғаны да айта кетейік: Бір күні хазірет Осман өзінің қызметшісін қасына шақырып алып, “бір кездері мен сенің құлағыңнан тартқан едім. Кел, менен сол ақыңды ал” деп, құлға қоярда-қоймай құлағынан ұстатып, “қатты тарт, балам. Қысас – бұл дүниеде. Ақыретте

қысас жоқ”, – дейді.[25]

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Ибрагим Д.Ө. Адамзаттың асыл тәжі.Мұхаммед (с.а.у.)Пайғамбардың өмірі. Мекке-Мәдина кезеңдері. “Алтын қалам” баспасы., 2004.-598 бет.

 

2. Әділбаев А. Саңлақ сахабалар/жалпы ред.басқ. Ә.Дәрбісәлі,-2011.-336 бет. «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», “Издательство АСТ Полиграф” ЖШС,2011

 

3. Мұхаммед Юсуф Кандахаули Сахабалар салған салған сара жол-1. Алматы: “Көкжиек-Б” бапасы,2010. – 496 бет.

 

4.Ас-Салляби, 'Али Мухаммад

'Усман ибн 'Аффан. Третий праведный халиф / Пер. с араб., прим., комм.

Е. Сорокоумовой. — Москва: Умма, 2012. — 568 с. — Часть текста парал.

рус, ар. — (История Халифата).

 

5. Шапағат шамшырағы – әз Мұхаммед (с.а.с.)/А.Әділбаев, Ш.Әділбаева-Алматы, “Көкжиек” баспасы, 2013.-200 бет.

 

6. Қайназарұлы Әбдімүтәліп –Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өмірбаяны: Алматы: Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры,2011.-384 бет.

 

7. Исаұлы М. Пайғамбарлар падишасы (с.а.с.) – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы, 2012жыл. -472бет.


[1] [2,Б.37]

[2] [2,Б.38]

[3] [1,Б.131]

[4] [1,Б.133]

[5] [2,Б.41]

[6] [2,Б.42]

[7] ]3,Б.253]

[8] [3,Б.254]

[9] [1,Б.174]

[10] [3,Б.255]

[11] [1,Б.244]

[12][5,Б.71]

[13] [4,Б.29]

[14] [2,Б.87]

[15] [1,б.138]

[16] [1,б.148]

[17][3,Б.321]

[18][2,Б.89-90]

[19][4,Б.53]

[20] [6,Б.222]

[21] [7,Б.419]

[22] [4,Б.63]

[23] [2,Б.93]

[24] [2,Б.94]

[25] [2,Б.96]


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 65 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Осман Зун-нурайн| учреждениями города Твери

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)