Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б.

Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде. | Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет. | Ортасында Қазақ хандығының құрылуы. | Азақстандағы этникалық процесстер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. | Асым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы | Басындағы Қазақ хандығы.Тәуке ханның реформалары. | Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы. | Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері. | Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері. | Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 2 страница |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?
  7. Ақылбай Абайұлы

Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. ОлЕуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды; қараңыз: Әдеби байланыс.

20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов,Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1917 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы.

 

 

50. ХХғ.басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі. Қазақ ұлт зиялы.ң қоғамдық саяси қызметтеріндегі белсенділігі де арта түсті,олар 1905 ж. Желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын Ресей конс.қ демократиялық партияның бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын.Ондағы мақсат-берген бостандықтар шеңберінде Қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді.Қаз.ң барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану,ұлттық мектептер ашу т.б талаптар енгізілді. Олардың басында Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Тынышбаев,М.Шоқаев,М.Дулатов Б.Қаратаев,және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Қазақстан халқының саяси ой өрісінің дамуында мем.к Думағасайлау жүргізу науқаны маңызды роль атқарып,онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметтермен көрінді. Мыс:1905 ж. 6 тамызында мем.к Дума жөніндегі патша монифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығына ие болды.Сөйтіп,Қазақстаннан 1-ші мем.к Думаға барлығы 9 депутат;оның ішінен 4млн.қазақ халқының 4 депутат;Ә.Бөкейханов,А.Білімжанов,А.Қалменов,Б.Құлманов сайланды.Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты.Ал барлығы 72 млн. Ғана жұмыс жасаған мемлекеттік Дума 1906ж. 9шілде күні үкімет шешемімен таратылды.2-мем.к Думаны сайлауына келер болсақ,ол 1905 ж.6 тамызындағы және 11 желтоқсанындағы сайлау заңдарын негізінде өткізілді. Думаға Қаз.ң 14 депутат,олардың 6 қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов-Ақмола обл.Би Х.Нұрекенов –Орал обл. Сот тергеушісі А.Бірімжанов-Торғай обл.Т.Алдабергенов-Сырдария обл. Қатынас жолдары инженері-Жетісу обл. сайланды.Патша үкіметі 1907ж. 3 маусымында шығарған заңымен II мем.Думаны да таратып жіберді.Қазақ депутаттары қатынасқан I-ші және II Думалар қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындайешқандай заңдар қабылдаған жоқ «3-маусым Заңының»өмірге келуімен бірге, қазақ зиялы.ң Думаға артқан үлесті де біржола жойған еді.Бірақ олар қазақ жеріндегі отарлау саясатына,3-маусым заңына қарсы әрекеттерін тоқтатпады.Ал,жалпы алғанда сол кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бұрын таратылған патша үкіметінің I-ші және II-ші Дума жұмысына және оларға қатысты саяси шараларға қатысуы әрине,олар ушін үлкен өмір мектебіне айналып,белгілі деңгейде өзіндес із қалдырды.

 

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 132 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер.| Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)