Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар | Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар | Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар | Туберкулез жағдайларын тіркеу және есепке алуға | Ойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар | Вирустық гепатиттердің алдын алу бойынша | Жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар | Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар | Вирустық гепатиттерді сыныптау, вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу және диспансерлеу |


Читайте также:
  1. A)& лизинг алушы келісім-шарт талаптарын орындамағанда
  2. Жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  3. Ойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  4. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  5. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  6. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

3. Жіті ішек инфекциялық ауруларын эпидемиологиялық қадағалау мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтиды:

1) профилактикалық іс-шаралардың тізбесін, көлемін және жүргізу мерзімін негіздеу, ұзақ мерзімге арналған бағдарламалық-нысаналы жоспарлау мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жыл сайын жүргізіетін жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты ретроспективті эпидемиологиялық талдау. Жіті ішек диареялық инфекциялардың құрылымын нозологиялық түрлер бойынша зерделеу, «тәуекел топтарын» анықтау үшін халықтың кейбір жас ерекшелік, әлеуметтік, кәсіптік топтарында және жекелеген ұжымдарда аурудың деңгейін бағалау қажет;

2) басталған аурудың өршуін уақтылы анықтау, оның себептерін анықтау және эпидемияға қарсы жедел іс-шараларды жүргізу үшін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жыл сайын жүргізетін жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты жедел эпидемиологиялық талдау.

Ағымдық сырқаттанушылықты апталар, айлар бойынша, өсу қорытындысымен салыстыру, осы аумаққа тән аурудың бақылау деңгейімен салыстыру жүргізіледі.

4. Ауруханаішілік ауруларды болдырмау мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары медициналық ұйымдарда, балалар үйлерінде, нәрестелер үйлерінде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізеді.

5. Ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды және күдіктілерді анықтауды меншік нысанына қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері амбулаториялық қабылдау, үйге бару, медициналық қарау, ауруханаға жатқызу және басқа да медициналық ұйымдарға бару кезінде жүргізеді. Диагноз аурудың клиникалық пайда болуы, зертханалық зерттеулер деректері, эпидемиологиялық анамнезі негізінде қойылады.

6. Халықтың мына санаттарына ішек тобына бір реттік зертханалық зерттеу жүргізіледі:

1) медициналық ұйымдарға қаралған кезде жіті ішек инфекцияларына күдікті науқастар;

2) стационарға түсу кезінде психиатриялық стационарлардың пациенттері;

3) мектеп-интернаттарға, балалар үйлері мен нәрестелер үйлеріне алуға ресімдеу кезінде балалар;

4) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлеріне алуға ресімдеу кезінде жасы ұлғайған адамдар;

5) ішек инфекциясымен ауырып жазылған реконвалесценттер.

7. Қоздырғышты сәйкестендіру және ошақтың көлемдерін белгілеу мақсатында инфекциялық ауру қоздырғышының берілу жолдары мен болжанатын факторларын есепке ала отырып, тізбесін дәрігер-эпидемиолог айқындайтын зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

 

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Условия образования соленосных отложений.| Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)