Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың барысы

Читайте также:
  1. В) Оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалары
  2. Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 1 страница
  3. Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 2 страница
  4. Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 3 страница
  5. Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 4 страница
  6. Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 5 страница
  7. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.

Ткізілетін күні: 28.04.2015

Сынып: 5 «Ә», 6 «Ә», 7 «Ә», 8 «Ә», 9 «Ә»

Тақырыбы: «Қайсар рухтың жемісі»

Мақсаты:
Білімділік: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;
Тәрбиелілік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс тәрбие сағаты.

Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу («Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері, Қазақстан еліндегі батырларға арналған ескерткіштердің фото суреттері, халық күйлерінің жазбалары).

Сабақтың барысы

1 - жүргізуші: Рауан 8«Ә»

Армысыздар ардақты ұзтаздар мен оқушылар!

2 - жүргізуші: Дина 7 «Ә»

Бүгінгі біздің Қазақ хандығының - 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қайсар рухтың жемісі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

/Қ. Р. Гимні орындалады./

1 - жүргізуші: Рауан 8«Ә»

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

2 - жүргізуші: Дина 7 «Ә»

Ия, дұрыс айтасың Рауан, Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, осында жатыр. Олай болса, бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Қайсар рухтың жемісі» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1 - жүргізуші: Рауан 8«Ә»

Азабын өзіменен ала кеткен,

Бұл жерде тұлпар мініп бабаң өткен.

Тәуелсіз туған елің елжіреп тұр,

Сендерге құшақ ашып, жаңа жеткен!

2 - жүргізуші: Дина 7 «Ә»

Бұғаудың бұлты көшіп құрсаулаған,

Аспаның арайлап тұр нұр саулаған.

Шаттықтан өзен –көлің шалқып жатыр,

Тебіреніп асқар тауың, іңкәр далаң! - Ортаға өзінің өнерін көрсету үшін 7 «Ә» сынып оқушысы Бауыржанқызы Алуаны «Біздің жақта» әнімен шақырамыз, қарсы алыңыздар!

 

1 - жүргізуші: Рауан 8«Ә»

Тарихы бай елміз ғой шежірелі

Шежірені шертетін кезі келді.

Тұнып жатқан қойнауы байлығына

Азаттықты қазағым көзі көрді.

2 - жүргізуші: Дина 7 «Ә»

Қазақтың Туын биік желбіреткен

Елеулі Ерлерім көп ерлік еткен.

Азулы ақыныңмен батырларым,

Тарихтың төрің тауып тебіренткен.

1 - жүргізуші: Рауан 8«Ә»

1465 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз.

2 - жүргізуші: Дина 7 «Ә»

Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды.

1 - жүргізуші: Рауан 8 «Ә»

Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс - шаралар жөнінде мәселелер қарастырылып жатыр. Оған мектеп оқушылары да өз үлесін қосуда, солардың бірі -- 6 Ә сынып оқушысы Иманбаева Самал

Рухы мен тілін жанындай сүйген,

Адамдар неге санаулы?

Ұлт үшін дәуір отына күйген,

Аталар болды алаулы. Армандай асқар,

Жолдарға бастар, Ісіңнен ұрпақ от алар.

Қалмайсың көштен, Шықпайсың естен,

Тағдыры шыншыл аталар.

2 - жүргізуші: Дина 7 «Ә»

Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осынау шарықтау шегіне жеткен бытыраңқылықты тоқтатудың қалай басталғанын көрсететін «Сұлтандар кеңесі» көрінісін тамашалаңыздар!

Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»

Автор: Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді

Бір топ ақсүйектер: - Ассалаумағалейкум, ағалар.

Керей Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы: Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек: - Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек: Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.

Сұлтандар:

- Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.

Керей: Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын.

Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,

Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.

Барған жерде құшақ жая қарсы алсын

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын

Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,

Көңілің шат, ат - көлігің арымай,

Отбасыңмен аман - есен табысқын. Әумин.

Автор: - деп Керей сұлтан өз батасын берді.

Көрініс

Мұхаммед пен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.».

2 жүргізуші: Дина 7 «Ә»

Қазақ хандығының құрылуы жөнінде тарихымыздан келесі бір үзінді.

 

М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.» 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.

1 - жүргізуші: Рауан 8 «Ә»

1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды. Сол кездің қуанышты лебін - 9 Ә сынып оқушысы Біржан, 8 Ә сынып оқушысы Еркебұлан күмбірлеген домбыра үнімен жеткізсін, қабыл алыңыздар!

Күй: Біржан 9 «Ә» Еркебұлан 8 «Ә»

2 жүргізуші: Дина 7 «Ә»

Көксеуден бостандықты жалықпадық,

Ақыры зар заманнан алыстадық.

Қанымен жер жастаған бабалардың,

Картасын ен даламның анықтадық.

1 - жүргізуші: Рауан 8 «Ә»

Кешегі бодандықтан алыстадық,

Жаһанға қазақпын деп дауыстадық.

Жүз тілді бауырларды сүюменен,

Барады жүрегіміз алыптанып

2 жүргізуші: Дина 7 «Ә»

Ешкіммен бақталасып жарыспадық,

Кек қуып, қан төгіске барыспадық.

Қымбат бізге бауырлардың бейбіт күні,

Соны ойлаған қазағым арыс халық дей келе ортада, Сәлем саған туған ел әнімен 5 сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алыңыздар!

2 - жүргізуші: Дина 7 «Ә»

Суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды. Ортада 6 «Ә» сынып оқушысы Бауржан Назерке.

Оқушы:Назерке 6 «Ә»

Ғасырдың құрдасы,

Ақындар жырлаған,

Көненің сырласы

Тарихты тыңдаған.

Шежіре шертеді,

Көшесі, әр тасы,

Ғажайып ертеңі,

Жетісу алқасы.

1 - жүргізуші: Рауан 8 «Ә»

Ендігі кезекте, Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жылдығына арналған өзінің шығармашылығындағы өлең шумақтарымен, 9 «Ә» сынып оқушысы Мунарбаева Миленаны ортаға шақырамыз!

1)Қазақтар тек сыйластықты білдірген,

Қазақ өзі жүректі ол тербеген.

Қазақ десе намыс ойға келеді.

Қазақ өзі жауға жолды бермеген.

2)Бір тайпаға қазақтарды бұрады.

Мемлекет боп бірігеді, тұрады.

Керей менен Жәнібек сұлтандары

Сол кездерде бұл хандықты құрады.

3)Әбілқайыр келіп алып,

Бәріне бөгет жасадыю

Бірақ қазақ хандығын

Ешкім таптай алмады.

4)Мұхаммед Хайдар Дулати,

Бұл хандықты растады.

Есен Бұға қарсы алып

Жерін беріп хоштады.

5)Тақыр хан келіп отырды

Хандық жерден айырылды.

Бұйдаш хан келіп отырды

Хандық жері сай болды.

6)Бірі жарғы шығарса,

Бірі заңдар Шығарып,

Бәрі соған бағына

Хандық қалды сақтанып.

7) Қазағым жерім Отаным

Құтты болсын мерейіңю

Әрқашанда шыңдардан

Сені көріп жүрейін.

8)Еңбекпенен жалықпай,

Көп жылдық ел боламыз.

Осы күнді ұмытпай

Атап өтіп тұрамыз.

1 - жүргізуші: Рауан 8 «Ә»


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 75 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Collector (collectioner) коллекционер| Assignment № 2

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)