Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 4 страница

Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 2 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 3 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 4 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 5 страница | Бай қожалықтарын тәлкілеу,ауқатты шаруалар қожалықтарын жою шаралары олардың саяси-экономикалық нәтижелері. | Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға Қазақстандағы көтерілістер | Азақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны және оның нәтижелері. | Лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлігін ашып көрсетіңіз. | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 1 страница | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 2 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

2000 жы­лы Рес­публи­ка бойын­ша 400-ден аса ғылы­ми инс­ти­тут­тар мен ғылы­ми ор­та­лықта­рын­да 17 мыңнан ас­там ғалым­дар қыз­мет етті. Бұлар­дың 1000-ы ғылым док­торла­ры бол­са, 2800 ғылым кан­ди­дат­та­ры еді. Ғылы­ми ме­кеме­лердің 42 пайызы Ауыл ша­ру­ашы­лығы ми­нистрлігінің, 21 пайызы – білім және ғылым ми­нистрлігінің, 10 пайызы ден­са­улық сақтау ми­нистрлігінің қара­уын­да бол­ды.

2003 жылғы 22 қазан­да бұрынғы ҚР Ұлттық ғылым ака­деми­ясы­ның 109 мүшесі қатысқан құрыл­тай жи­налы­сы өткізіліп, «Қазақстан Рес­публи­касы­ның Ұлттық ғылым ака­деми­ясы» қоғам­дық бірлестігінің Жарғысы бекітілді.

Еге­мендік алған уақыт­тан бері ғалым­дардың зерт­те­улері нәти­жесінде 5 мың ав­торлық куәлік, 1354 ше­телдік па­тент­тер және 13 ли­цен­зи­ялық келісім куәлан­ды­рылып бекітілді.

Рес­публи­ка ғалым­да­рының бел­се­не қаты­су­ымен Ал­ма­тыда – ақпа­рат­тық тех­но­логи­ялар, Орал­да – ма­шина жа­сау, Қараған­ды­да – ме­тал­лургия жөніндегі парк­тер ашыл­ды. Ас­та­нада би­отех­но­логи­ялық ке­шен са­лын­ды. Кур­ча­тов­та және Ас­та­надағы Еура­зия уни­вер­си­тетінің жа­нын­да яд­ро­лық тех­но­логи­ялар­ды зерт­теу қолға алын­ды. Қазақстан Ор­та­лық Азия мем­ле­кет­терінің ара­сын­да бірінші бо­лып кос­мосқа өзінің жер серігін ұшыр­ды.

Қазақстан­ның еге­мендік алған уақыт ішінде ха­лыққа білім бе­ру, ғылым­ды да­мыту­да бірша­ма та­быс­тарға қолы жетті. Ғылым мен білім эко­номи­каның бәсе­кеге қабілеттілігін, елдің ұлттық қауіпсіздігін қам­та­масыз ету және мем­ле­кет әуелетін арт­ты­руға өзінің тиісті үлесін қос­ты.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті«Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан,

Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі деп аталады..

Білім беру жүйесі

1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі.

1997—1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міидеттелінді. 2001жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды.

Республика мектептерінде аталған барлық тілдер бойынша керекті оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді басып шығару баяғысынша ең маңызды мәселенің бірі ретінде күн төртібінде тұрды.

Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін сыбайлас жүргізуде.

Мектептер мен жоғары оқу орнындағы жастардың білімін жетілдіру мақсатында республика көлемінде әр түрлі деңгей- дәрежедегі оқу орындарын лицензиялау мен аттестациялаудың нормативі белгіленді.

Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында 1993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді.

Бүгінгі таңда шетелге барып білім алу мәселесімен басқа да мемлекеттік емес білім ұйымдары, орталықтар, қорлар айналысуда.

білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ең бастысы, білім беруді ұлттық экономика мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз ету қажет.

Мәдениет

Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті.

Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды.

Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:

Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;

этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру;

менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау.

Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:

азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;

мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей;

тарихи-мәдени мұраны қорғау;

ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;

мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;

мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;

мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.

90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды,мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.

Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады:

ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды;

нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті;

меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм,спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.

Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды.

Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғыидеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.

Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылыМ.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.

Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды.

Он-лайн режимінде өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың интерактивті лекциясын «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты өз баяндамасын Қазақстан жастарына арнап бастады. Қазақ елі Тәуелсіздік алғаннан бері білім саласында қаншама өзгерістер болғанын атап өтіп, әлдеде халықаралық деңгейде бірнеше сатыға төмен тұрғанымызды айта келе, жастарымызды білімге деген жаңа көзқарас қалыптастыру, жаңа технология енгізу арқылы жетістіктерге жететіндігімізге көз жеткізді.

Елбасымыздың айтуы бойынша әр қазақстандықтардың тұрақты өмір сүретін кезі келдігін айта келе, әр отбасы, балаларына міндетті білім бере тұра, алға мақсат қоя білу керектігіне тоқталды.

Сондай –ақ Елбасымыз үш тілді білім беруді мектепке дейінгі тәрбиеленушілерден бастап енгізуді, білім берудің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржылық экономикалық құралдарын енгізуді Үкімет басшыларына тапсырды.

Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиісті дей келе, барлық әлемде ең басты талап, ол: адам баласының еңбекке талпынуы, өмірге деген жаңа көзқарасын қалыптастыру екендігін айта кетті.

Әлемнің әміршісі еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек деген қағиданы әр баланың бойына жасынан сіңіру керектігін қолдадық. Мемлекеттік жаңа бағдарлама бойынша негізгі мәселе білімнің дамуы, денсаулық сақтау, мәдениет деңгейі. Бұл мәселелер тек жоспар ғана емес, ол экономиканың даму деңгейін жақсартуға көзделген.

Өз тапсырмасында Елбасы білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі қадамдары талқыланды. Атап айтқанда, білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру..

Елбасымыздың айтуы бойынша әр қазақстандықтардың тұрақты өмір сүретін кезі келгендігін айта келе, әр отбасы, балаларына міндетті білім бере тұра, алға мақсат қоя білуге тәрбиелеу. Өз бағдарламасында ерекше назар аударатын басты мәселе – ол әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету.

Осы мәселеге біз де бос қарап отырмай, өз үлесімізді қосып, жалпыға пайдамызды тигізуіміз керек деп бір ауыздан қолдадық.

 

 


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 132 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 3 страница| Экзаменационные тесты по патофизиологии

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)