Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эксперимент нәтижелері және оларды талдау



Читайте также:
  1. Активный (обучающий) эксперимент.
  2. АНАЛИЗ РЕЗУЛЬТАТОВ ЭКСПЕРИМЕНТА
  3. АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету аясы кәсіпорынының шаруашылық қызметіне талдау
  4. АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету кәсіпорынының басқару құрылымы және жалпы сипаттамасы
  5. Бланк для регистрации наблюдений экспериментатора.
  6. БЛИЗКИЙ К СМЕРТЕЛЬНОМУ НЕСЧАСТНЫЙ СЛУЧАЙ. НИ ОДИН ЭКСПЕРИМЕНТ НЕ ЕСТЬ ОШИБКА
  7. В первой лаборатории экспериментальной психологии изучались

Металдарды коррозиядан сақтау – ғылым мен техника алдында тұрған актуальді мәселелердің бірі. Экономикалық және әлеуметтік бағыттардың бастысы ретінде – материалдар мен шикізаттың дүниежүзілік жоғалтуын қысқарту. Осы мақсат ретінде металл коррозиясына көп көңіл бөлу қажет, аса тиімді жаңа тәсілдерді және коррозия мен коррозио-механикалық бұзылулардан сақтайтын құралдарды өндіріп, оларды қолдану.

Ингибитрлеу – металл материалдарды жалпы коррозиядан қорғау тәсілі ретінде көптеген өндіріс салаларында кеңінен қолданылады. Бұларды қолдану жабдықтардың беріктілігін және бұзылмауын, процестің технологиясын өзгертпей арттыруға мүмкіндік туғызады. Зат ингибитор қызметін атқару үшін, оның бір немесе бірнеше полярлы тобы болу қажет; сол топтар арқылы молекула металл бетіне қосыла алады. Көбінесе, олар құрамында гетероатомды азот, оттегі, күкірт, фосфор болатын органикалық қосылыс ретінде кездеседі.

Ингибиторлар ретіңде тек құрамында амино-, имино-, тиотопшалар, және карбоксильді, карбонильді және кейбір басқа топтар ретінде кездесетін азот, күкірт және оттегі болатын органикалық заттар. Ингибитордың адсорбциясы нәтижесінде коррозия жылдамдығын азайтатын, катодты және анодты процестерді тежелетіні байқалады.

Коррозиялық ортада металл бетінде әр-түрлі құрамды оксидті пленка пайда болатыны мәлім. Пленканың құрамы, құрылысы оның түзілу процесіндегі әр-түрлі факторларға байланысты. Коррозиялық ортадағы металдың пассивтілігі 0,5В потенциалы кезінде басталады, бұл ерітіндідегі пленканың түзілуі мен химиялық ерітілу жылдамдықтарының теңділігімен түсіндіріледі. Пленка тек егер оның түзілу жылдамдығы химиялық ерітілу жылдамдығынан артық, немесе аз дегенде сол жылдамдыққа тең болуы қажет. Сонымен қатар пленканың кристалдық торында темірдің иондары, не оттек иондары, не болмаса екі ион да тасымалдану қажет. Қайсыбір ионның қозғалуы басым болған жағдайда, пленка не металл-пленка бөлімінің бетінде, немесе екі бөлімнің бетінде де пайда болады.

Электродтың бетінде бір уақытта екі немесе одан да көп бір-біріне тәуелсіз электродты процестер (сопряженные реакции) жүре алады. Сопряженные реакциялар металл еріген кезде (коррозия), және де көптеген басқа тотығу тотықсыздану процестер кезінде байқалады:

Н3О+ + е- =1/2 Н2 + Н2О (1)

Fe2+ +2е-=Fe 0 (2)

Тотығу-тотықсыздану реакциялары тотықсыздандырғыштан қабылдаған электронды қабылдап оны тотықтырғышқа жеткізетін металл бетінінің қатысуымен бөлек жүреді. Металл бетінде электрод потенциалын анодты жаққа жақындататын суттек бөлінеді. Сонымен қатар суттек бөліну процесінің жылдамдығы азаяды, ал металдың еру жылдадығы артады.


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 482 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)