Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сангвиник



Читайте также:
  1. Сангвиник
  2. Флегматик Сангвиник

Бет-әлпеті құбылмалы және қозғалысы анық. Оның жүзіне қарап көңіл-күйін, адамға деген қарым-қатынасын аңғаруға болады. Зейінін тез аударады. Жаңа адамдармен тез тіл табысады. Өте қажырлы, әрі жұмысқа қабілетті. Сабақта қолын жиі көтереді. Шаршамай көп уақыт жұмыс істей алады. Жаңа іске асқан белсенділікпен кіріседі. Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз, көңіл-күйін лезде өзгертеді. Өте қызба. Әсершіл, ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп, әуестенуі де оңай, басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді. Қозғалғыш та қызу. Еті тірі, сергек. Сезім күйлерін сыртқы түрі мен қимылы әйгілеп тұрады. Бірсыдырғы, жай істелетін жұмысқа шыдамы жетпейді. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді. Мимикалық қимылы көп. Ақ жарқын, ашық. Жарнаманы, жаңалықты тез қабылдайды. Жедел қимыл, шапшаң сөйлеу, жұмысқа бірден кірісіп кету тән. Ақыл-ойдың шапшаңдығы, тапқыштығы бар. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынысы көп, дегенмен тез басылып қалады. Бастаған ісіне тиянақты болмай, ісі аяқсыз қала береді. Уәде береді, бірақ оны үнемі орындай бермейді. Өкпелеп қалуы оңай, өкпелемесе жылап жібереді. Алайда ренжігенін лезде ұмытады. Өзінің эмоциясын, ренішін жасырмайды.

ФЛЕГМАТИК

Жайбасар, сыртқы көрінісі салмақты, мінезі ауыр. Мақсаты айқын. Өз ісіне ұқыпты. Флегматикке аз уақытта әр түрлі бірнеше жұмысты қатар алып жүру ұнамайды. Флегматик жұмысқа үлкен дайындықпен асықпай кіріседі. Жұмыс істеу жылдамдығы орташа. Ол бастаған ісін соңына дейін тыңғылықты орындап шығады. Ол өз ісінің сапалы болуына ерекше көңіл бөледі. Өзі жақсы білетін жұмысқа тыңғылықты кіріседі. Оған «өте баяу, жайбаратсың» деп ренжудің қажеті жоқ. Себебі бұл оның еркінен тыс нәрсе. Флегматикті күлдіру де, ренжіту де оңай емес. Олар шыдамдылығымен, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Қимылы, сөзі баяу. Жаңа ортаға бірте-бірте жай бейімделеді. Жаңа адамдармен тіл табысуда қиналады, сыртқы таңданысын білдіре бермейді.

ХОЛЕРИК

Адамдармен қарым-қатынаста тік, дегенмен шешімге келгіш. Айтыс-тартыста тапқыр. Кек сақтамайды. Ұстамсыз, қызба мінезді. Шыдамсыз. Әңгіме кезінде сезімді бет қиымылмен, құбылыспен жеткізеді. Тәуекелшіл. Жұмысты жылдам істейді. Бір орында тұрақтамайды. Кемшілікке төзбейтін, өз ойын дәлелдеу үшін бет бақтырмайтын әдеті бар. Холериктің сезімталдығы төмен болғанымен, белсенділігі мен сыртқы ортаны сезінуі жоғары.

МЕЛАНХОЛИК

Меланхолик бейтаныс адамдармен тіл табысуға қиналады. Күтпеген жағдайларда абдырап қалады. Өз күшіне сенбейді. Ұялшақ. Болмашы нәрсені жүрегіне жақын қабылдап, сәтсіздікке жиі әсерленеді. Тез өкпелеп, тез ренжіп қалады. Өзімен-өзі болып, тыныш, қауіпсіз жағдайда жұмысты тындырымды істейді. Белсенділігі төмен. Тез шаршайды, жай сөйлейді. Әңгімелескен адамның мінез-құлқына еріксіз көнеді. Пікірталасуды қаламайды, белсенділік те көрсете бермейді. Ренжіген нәрсесін ұзақ уақыт ұмыта алмайды, жұмыс кезінде де соны ойлап, қателік жіберуі мүмкін. Сырт қарағанда сабырлы көрінгенімен, күйгелек және уайымшыл. Меланхоликті оқыту қиын, қорқыту одан да қиын.

 

44, Кеттел тесті (16 факторлы сұрақтама)

Ж еке бастық көп факторлы Р.Б. Кеттел сұрақтамасы 1949 жылы басылып шықты, содан бергі психодиогоностикалық пратикада кеңінен қолданылып келеді.

Бұл тест әмбебап тиімді және даралық туралы көптеген мәліметтер береді. Қойылатын сұрақтар күнделіктік өмірлік жағдайларды көрсететін жай сұрақтардан құрастырылған.

Қазіргі кезде осы сұрақтаманың әр түрлі формалары жеке басты зерттеуде экспресдиогоностикалары әдіс. Бұл тест адамның жеке дара психологиялық ерекшеліктерін білу керек болғанда, барлық жағдайда қолданылады. Бұл тесте Кеттел сұрақтамасының қысқартылған түрі ұсынылған. Ол 105 сұрақтан тұрады.

Зерттеу уақыты 20 минуттан 50 минутқа дейін сұрақтамасымен жұмыс істеу нұсқауда берілген. Жауаптар арнайы жауаптар бланкісіне тіркеледі. Содан соң арнайы «кілт» арқылы есептеленеді. «а» және «с» кілттері бойынша жауап сәйкес келсе онда ол 2 ұпайменесептеленеді «в» кілтімен тура келсе - 1 ұпай. Әр бөлігінен топ бойынша берілген сұрақтардың жауаптарының қосындысы белгілі факторды береді. Фактор в – да кез келген жауап - 1 ұпайға тең. Сонымен ең жоғарғы ұпай әр фактор бойынша - 12 ұпай, ал фактор в бойынша - 8 балл, ең төменгі – 0 ұпай.

Нұсқау: Сіздің алдыңызда бір қатар сұрақтар, олар сіздің жеке бастық қасиеттеріңізді анықтайды. Мұңда «дұрыс» немесе «қате» жауаптар болмайды. Адамдар әр түрлі және әркім өз пікірін айта алады. Шыншыл және дәл жауап беруге тырысыңыз.

Өзіңіздің аты жөніңізді берілген жауаптар бланкісінің жоғарғы жағына жазып қойыңыз.

Әр сұраққа жауап бере отырып, сіз үш жауаптың бірін таңдауыныз керек: Сіздің көзқарасыңызға, өзіңіздің пікіріңізге жақынырақ жауапты таңдауыңыз.

Келесі түрде жауап беру керек:

Дұрыс келетін жауапты жауаптар бланкісіндегі сәйкес клеткасына қосу таңбасы арқылы, анығырақ белгі жасаймыз. (сол жақ клетка «а» жауабына сәйкес, ортаңғысы «в» жауабына, ал оң жағындағы «с» жауабы).

Сұрақтаманың өзіне ештеңе жазбаңыз және сызбаңыз! Егерде сізге қандайда бір сұрат түсініксіз болса, зертеушіден сұраңыз. Жауап беріп отырғанда мына 4 ережені есіңізде сақтаныз.

1. сұрақтың жауаптарын ойлауға көп уақыт кетірудің қажеті жоқ. Басыңызға келген бірінші жауапы беріңіз. Кейбір сұрақтар сізге ыңғайлырақ етіп қойымайды, бірақ жауап бере отырып, ондай жағдайда ортаңғы жауапты алыңыз. Жауапты дәлірек беріңіз. Бірақ сонша баяу емес, бір минутта шамамен 5 – 6 сұраққа жауап беріңіз.

Барлық жауапқа 30 минуттай уақыт жұмсауыңыз керек.

2. Жауап бере отырып өтпелі жауаптарды таңдай бермеңіз. Мысалы: «білмеймін», «орташа» т.с.с.

3. міндетті түрде сұрақтарыңыз барлығына жауап беріңіз. Кейбір сұрақтар сіз үшін келіспеуі мүмкін, бірақ ең дұрыс жауапты беруге тырысыңыз. Кейбір сұрақтар жеке басты болуы мүмкін, бірақ сіз қорықпауыңызға болады, өйіткені жауаптар ешкімге көрсетілмейді. Жауаптар арнайы «кілттің» ашылады, бұл тек зертеуші ғана болады және әр бір жауап тексерілмейді, бізді тек көрсеткіштері ғана қызықтырады.

4. Шын және нақты жауап беріңіз. Өз жауаптарыңызбен жақсы әсер қалдыруға тырысыңыз. Олар шындыққа сәйкес келуі керек. Дұрыс берген жауап кезінде, өзіңізді жақсы білетін боласыз.

 

43, Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.

 

Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады. Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын. Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді. Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады

 

41, Оқушылардың агрессиясын Басса-Дарки әдістемесімен зерттеу. Зерттенушілердің мазасыздану деңгейін өлшеуге жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки) әдістемесі, пиктограмма (сурет салғызып, оны психологиялық талдау жасау әдістемесі пиктограмма деп аталады) әдістеменің үй, тал, адам және менің отбасым кешқұрым түрлерін қолданып, нәтижелерін ереже бойынша талдап шықты. Басса-Дарки әдістемесі. Мақсаты: Бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау. Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршағаң орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым куалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лорнед, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрациямен байланыстыратып теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард). Агрессия терминімен жеке тұлғаның субьект субьекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз – адамның алдында тұрған бөгетке кедергі жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екендігін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін. Жеткіншек жас кезінде себепсіз агрессия немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, нормадан тыс дамыған жұмысын жүргізуі керек. А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі еқі топқа бөледі. Біріншісі – мотивациялық агрессия. Осы құбылысты туғызған себеп сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі - инструменталдық агрессия немесе өзін-өзі қорғау үшін, басқаларды жәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі – Басса-Дарки сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның формасын диагностикалауға болады. Орындау ережесі: тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген. Оларға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

53, Аутоагентті жаттығу (ауто тренинг) «Кірпіш» Көздерін жұмып, денелерін бос ұстауы қажет, екі қолымен бар күшімізді салып итереміз. Жаттығуды үш рет қайталайды.Қорытынды: Оқушылар бүгінгі өткен сабақ жайлы өз ойларын «кілм тоқу» әдісімен өтеді (бір-бірлеріне жіп шетін ұстату арқылы) тоқыған кілемді жерге қойып оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп сабақты аяқтаймыз.

Тақырыбы: «Дос іздеу»

Мақсаты:Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.

Құрал жабдықтар: қағаз қалам

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу

Көңіл-күйлерін сұрау

Барысы:

Ең алдымен оқушыларды сабақтың ережесімен таңыстыру:

- бір-бірін тындау

- уақыт үнемдеу

- белсенділік таныту

- достық қарым-қатынас

- жағымды эмоция тудыру

Ережелерді оқушылар хормен оқиды, жазылған ережелерді тақтаға ілеміз.

Оқушылар дөңгеленіп тұрып, өз аттарын айтады және қасындағыға адамға жағымды көңіл күй білдіреді (тілек айтады)

Оқушыларды IV-топқа бөлеміз. (күн, ай, жұлдыз, аспан болып 4-ке бөлінеді) және топпен столға отырады.

I-жаттығу: «Ойға шабуыл» әдісі.Оқушыларға сұрақ: «Дос» сөзін қалай түсінесің?

- Сонымен достар! Біз досқа сенеміз,досты сатпаймыз,көмктесуге, көңіл білдіруге әрқашан дайынбыз. Біз досымызға өз құпиямызды сене аламыз. Өздерің ойлап көрдіңдер ме? «Дос»-деген мағынаға ие бола аласың ба? Сіз қалай ойлайсыз? Сізді сенімді дос деп санайды ма?

ІI. Тақырып бойынша жұмыс: Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.(парақ таратылады) Тақтада сөйлемнің басы жазылған:

Ашық айтқанда, маған әлі қиын...

Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...

Ашық айтқанда, маған ұнамайды...

Ашық айтқанда, мен қуанамын...

Психолог:

- Біз бәрінебіз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?

-Қолдарыңды көтріңдер, кімде сенімді дос бар?


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 1016 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)