Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Саласындағы құқықтары мен міндеттері



Читайте также:
  1. Тақырып. Сот сараптамасына қатысушылардың процессуалдық құқықтары.
  2. Тақырып. Сот сараптамсының пәні мен міндеттері
  3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

ҚР 15.01.02 ж. N 280-II;21.12.04 ж. N 14-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 N 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 10-бап өзгертілді

10-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз өкiлеттiктерi шегiнде:

статистикалық жұмыстар жоспарында белгiленген мөлшерде және мерзiмдерде заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнен шынайы мемлекеттiк статистикалық есеп-қисапты тегiн алуға;

статистикалық жұмыстар жоспарын орындау және ұлттық санақ жүргiзу мақсатында статистикалық жинақтау және талдау үшiн жеке тұлғалардан олардың экономикалық және әлеуметтiк-демографиялық жай-күйi, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметi туралы дұрыс ақпарат алуға;

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұйымдардың лауазымды адамдарын мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу iсiне тартуға;

мемлекеттiк статистикалық байқаулар бағдарламаларын әзiрлеуге және бекiтуге;

Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм жүргiзу үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдар қалыптастыратын жиынтық статистикалық деректердi қайталамайтын статистикалық деректердi түзу үшiн мемлекеттiк органдардан бастапқы статистикалық ақпаратты, сондай-ақ орындайтын функцияларына қарай оларда болатын басқа да ақпаратты алуға;

жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды бастапқы және статистикалық есепке қою iсiн бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

ҚР 15.01.02 ж. N 280-II; 09.08.02 ж. N 346-II; 21.12.04 ж. N 14-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді

11-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi

Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде:

халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдiснама әзiрлеуге;

әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мемлекеттiк жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзуге және мемлекеттiк органдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз етуге;

жиынтық статистикалық ақпараттың жеке және заңды тұлғалар үшiн ашық болуын қамтамасыз етуге;

прокурордың талап етуi бойынша сұратылатын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн бepyгe;

қолданылып жүрген шарттар бойынша мiндеттемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпарат беруге, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпарат алмасуға;

мемлекеттiк статистика органдарына ақпарат беретiн заңды және жеке тұлғаларды статистикалық нысандар мөрқағаздарымен және оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулармен қамтамасыз етуге;

республиканың және оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базасының жинақталуын, жүргiзiлуiн және өзектiлiгiн қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк статистика органдары қызметкерлерiнiң дербес жауапкершiлiгi негiзiнде мемлекеттiк және коммерциялық құпияны, бастапқы статистикалық ақпараттың жасырын болуын сақтауға;

статистика саласында ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiн ұйымдастыруға мiндеттi.

ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда; 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

12-бап. Статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк органдар

мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

Статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде:

ведомстволық статистикалық байқаулар жүргiзуге;

ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге;

жеке тұлғалардан статистикалық ақпарат алуға;

заңды тұлғалардан қаржылық есептілік негізінде жасалған дұрыс статистикалық ақпарат алуға;

мемлекеттiк органдардан орындайтын функцияларына қарай оларда болатын ақпаратты статистикалық деректер түзу үшiн алуға;

ұйымдарда бастапқы есеп пен статистикалық есептiлiктiң жолға

Статистикалық қызметтi жүргізетін мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi:

уәкiлеттi органға әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуы туралы мәлiметтер беруге;

мемлекеттiк және коммерциялық құпияларды, бастапқы статистикалық ақпараттың құпия болуын сақтау принципiн ұстануға жүргiзiлетiн статистикалық байқаулар бағдарламалары мен әдiстемелiк әзiрлемелер жобаларын уәкiлеттi органның келiсуi мен бекiтуiне табыс етуге мiндеттi.

ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 21.12.04 ж. N 14-III Заңымен (бұр. ред. қара) 13-бап жаңа редакцияда

13-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi

Жеке және заңды тұлғаларға бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығына, статистикалық жұмыстар жоспарына қол жеткiзуге болатындығына кепiлдiк берiледi. Бастапқы статистикалық ақпаратты тарату ақпаратты берген жеке және заңды тұлғалардың келiсiмiмен ғана немесе аты-жөнi көрсетiлмей жүргiзiлуi мүмкiн. Басқа мемлекеттiк органдардан алынған жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат ақпаратты ұсынған мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен ғана таратылуға жатады. Бастапқы статистикалық ақпаратты таратудың өзге де жағдайлары:

мемлекеттiк меншiк нысанындағы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар туралы ақпаратқа;

Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмнен алынған құпия емес ақпаратқа қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.

ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 14-бап өзгертілді

14-бап. 2004.20.12 N 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 92 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)