Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаттарды сот-техникалық сараптамалау



Құжаттарды сот-техникалық сараптамалау үш топқа бөлінеді:

1) Құжаттың реквезиті (оған бланкілер, мөрдің, штамптың, қойылған қолдың таңбалары (оттиски), кез-келген тәсілмен орындалған мәтіндер жатады).

2) Құжаттың материалдары (оған қағаз, сия, типографиялық краскалар, картон, жәп, қыстырғыш т.б. жатады).

3) Бланкілерді және құжаттың реквезиттерін дайындау үшін қолданылатын техникалық құралдар (мысалы қалам, мөр, карандаш, ксерокс, аомпьютер принтерімен, кассовый аппарат және т.б.).

Құжаттарды сот-техникалық сараптамалаудың затын құжаттың бланкісі немесе реквезттерін дайындаумен, жалған құжаттарды жасаумен, құжатты толық немесе ішін-ара қолдан жасау кезіндегі дайындау құралдары мен материалдарын ұқсастырумен байланысты азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істердің жағдайлары (фактілері) құрайды.

Құжаттарды сот-техникалық сараптамалаудың міндеттері диагностикалық, ситуациялық, классификациялық, идентификациялық деп бөлінеді.

Классификациялық міндеттер мысалы құжатты дайындау үшін пайдаланылған компьютердің, принтердің типін, моделін, қағаздың, бояудың арналуын, жазу құралының түрін анықтауға жағдай жасайды.

Диагностикалық және ситуациялық міндеттер мыналарды анықтауға бағытталған:

- Құжаттың немесе оның фрагменттерінің (полиграфиялық, қол жазба немесе т.б.) дайындалу тәсілін, құжаттың бастапқы мазмұнының өзгертілу тәсілі мен фактісін (мысалы қосып жазу, тырналау, тазалау);

- құжаттың бастапқы мазмұнын (тазалау, бояудың өшіп кету салдарынан көрінбейтін немесе нашар көрінетін жазбаларын қалпына келтіру).

Идентификациялық зерттеулер мынандай жағадйларда ұқсастықтарды анықтау мақсатында жүргізіледі:

- құжаттарды немесе оның фрагменттерін дайындау үшін қолданылатын нақты техникалық құралдар (мөрлер, штамптар, әр түрлі мысалы шариковый т.б. қаламсаптар, касса аппараты және т.б.);

- бүтіннің бөліктері бойынша (жыртындылары бойынша құжатты құрастыру);

- құжатты дайындау үшін пайдаланылған материалдар (картон, чернила, қағаздар және т.б.);

- сақталу немесе пайдалану жағдайларын сипаттайтын белгілері бойынша құжаттың пайда болу көзі;

- бланкінің немесе құжаттың техникалық орындаушысы.

Құжаттарды сот-техникалық сараптамалау бойынша мынандай сұрақтар қойылады:

Алғашқы мазмұны өзгертілген құжаттар бойынша сараптама бойынша:

- Құжаттың алғашқы мазмұны өзгертілген бе? Қандай тәсілмен өзгертілген? (тазалау, қосып жазу, тырналау);

- Егер құжаттың мазмұны өзгертілген балса, онда оның алғашқы мазмұны қандай?

- Құжаттың негізгі мазмұны орындалғаннан кейін цифрлар, әріптер, сөздер қосып жазылған ба?

- Адамның қолы алдын ала техникалық дайындықпен қойылған ба? (қаламмен, көшірумен т.б.).

Жапсыруды анықтау мақсатындағы құжаттарға сараптама:

- Құжаттағы фотокарточка кейіннен жапсырылған ба?

- Ұсынылып отырған құжаттағы мака жапсырылған ба?

Өртелген құжаттарға сараптама бойынша:

- Өртелген құжаттың беттеріндегі жазбаның мазмұны қандай?

- Өртелген беттер қандай құжатқа жатады (паспорт, еңбек кітапшасы т.б.).

Мөрлер мен штамптардың іздері (оттискалары) бойынша сараптама:

- Құжатқа мөрдің ізін салудың тәсілі қандай?

- Зерттеліп отырған құжатты дайындау үшін мөрдің ізі бар басқа құжат пайдаланылған ба?

- Ұсынылып отырған құжаттағы мөрдің ізі бір қалыппен (клише) салынған ба?

Компьютерде және көшіру техникаларымен дайындалған құжаттар бойынша сараптма:

- Зерттелетін құжат басылған көшіру, көбейту аппаратының типі, моделі қандай?

- Құжаттың реквезиттерінің бейнелері компьютер принтерінің қандай түрімен басылған?

- Құжатты дайындау кезінде қандай компьютерлік құрал, бағдарлама қолданылған?

- Құжат мәтінінің жекелеген фрагменттері бір принтерде басылған ба, әлде әр түрлі принтерлерде басылған ба?

- Осы принтердің техникалық мүмкіндіктерімен белгілі бір сападағы құжатты дайындауға бола ма?

- Құжаттың мәтінін алу үшін айыпталушыдан алынған компьютерлік жабдық қолданылған ба?

- Құжаттың мәтіні осы принтерде орындалған ба? Т.Б.

Бланкілер және полиграфиялық өнімдер бойынша сараптама:

- Құжат немесе оның бланкісі немесе осы құжаттың мәтіні қандай тәсілмен дайындалған?

- Құжаттың осы бланкісін дайындау барысында қандай полиграфиялық техникалар қолданылған?

- Бланкіні дайындау үшін баспа формасының қандай түрі қолданылған?

- Баспаның осы түрі тиісті технологияларды қолдана отырып жүргізілген бе?

- Ұсынылып отырған құжаттар бір набормен басылған ба?

- Ұсынылып отырған құжаттардаы басу аппаратының типі, моделі қандай?

- Ұсынылып отырған кітаптар қандай тәсілмен тігілген немесе мұқабаланған (сброшюрована)?

- Ұсынылып отырған әдебиеттерді басқан немесе мұқабалаған адамның маманданған полиграфиялық білімі бар ма? Т.Б.

Осы аталғандармен қатар мынандай мынандай объектілер бойынша да сараптамалық сұрақтар болады:

ақша және бағалы қағаздар бойынша сараптама;

машинада жазылған мәтінде бойынша сараптама;


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 218 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)