Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Детская хирургия _каз 3 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

{Правильный ответ}= B

{Сложность}= 2

{Учебник}= Бисенков Л. Н. Торакальная хирургия. – СПб., 2004.

{Курс}= 7

{Семестр}= 13-14

 

$$$011

Әйел, 29 жаста, аса ауыр дисфагияға (тек су өтеді), әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, сілекейдің көп бөлінуіне шағымданады. Бір жыл бұрын суицидті жағдайда уксустың эссенциясын ішкен. Біріншілік көмек үй жағдайында көрсетілген, содан соң стационарда емделген. Стационардан шыққаннан соң 3 айдан кейін дисфагия пайда болып, үдей бастайды. 11 кг-ға дене салмағын жоғалтқан.

Сіздің осы көрніске анағұрлым сәйкес диагнозыңыз?

А) Өңештің созылмалы күйіктен болған стриктурасы

B) Ісікті түзілістің басуынан болған тарылу

C) Өңештің сырттан басылуынан

D) Кардиоспазм

E) Ахалазия

{Правильный ответ}= A

{Сложность}= 3

{Учебник}= Бисенков Л. Н. Торакальная хирургия. – СПб., 2004.

{Курс}= 7

{Семестр}= 13-14

 

$$$012

Науқас 29 жаста, 2 сағат бұрын кеуде сарайының сол жақ бөлігіндегі қатты ауырғандық, ауа жетпеуі байқалған. Жарақат болмаған, өкпе ауруларымен ауырмаған. Дене қызуы қалыпты, сол жақ өкпе үстімен өкпе дыбысы естілмейді. Перкуссия кезінде сол жағында қорап тәрізді дыбыс және аралықтың оң жаққа ығысуы анықталады. Қандай патологияға күмән келтіруге болады?

А) Инфаркт миокард

B) Спонтанды бейарнамалы пневмоторакс

C) Фибринозды плеврит

D) Жаншылған диафрагмальды жарық

E) Туберкулез

{Правильный ответ}= B

{Сложность}= 3

{Учебник}= Бисенков Л. Н. Торакальная хирургия. – СПб., 2004.

{Курс}= 7

{Семестр}= 13-14

 

$$$013

30 жастар ер кісі сол жақ кеуденің ортаңғы қолтық асты сызығы бойында оқ-дәрілік жарақатпен келіп түсті. АҚҚ 90/60 мм.сб.б, Ps 120 мин, ТАЖ 30 1 мин. Көктамыршілік 2 л тұзды ерітінділер құйылғаннан кейін орталық веноздық қысым 30 см су б. дейін көтерілді, бірақ гипотензия сақталған. Плевра қуысы таза, аускультацияда тыныс алуы қалыпты. Сіздің диагнозыңыз?

А) Жүрек тампонадасы

B) Өкпе артериясының жыртылуы

C) Қабырғалардың «терезе тәрізді» сынығы

D) Миокард инфарктісі

E) Клапанды пневмоторакс

{Правильный ответ}= A

{Сложность}= 3

{Учебник}= Бисенков Л. Н. Торакальная хирургия. – СПб., 2004.

{Курс}= 7

{Семестр}= 13-14

 

$$$014

33 жастар науқас М, шұғыл түрде кеуде клеткасындағы ауырсынуға, ентігу, әлсіздікке шағымданып түсті. Жарақат жағдайы: 5 күн бұрын биіктен құлап кеудесін соққан. Медициналық көмекке жүгінбеген. Тексерген кезде үлкен ұйыған гемоторакс анықталды. Қандай әрекет жасау керек?

А) Кең торакотомия

B) Плевра қуысын дренаждау

C) Гемоторакс аймағына стрептаза немесе басқа ферменттер енгізу

D) Қайталамалы плевра пункциясы

E) Ұйыған гемоторакс аймағына антибиотик енгізу

{Правильный ответ}= A

{Сложность}= 3

{Учебник}= Бисенков Л. Н. Торакальная хирургия. – СПб., 2004.

{Курс}= 7

{Семестр}= 13-14

 

$$$015

Науқас Ф., 54 жаста, ЖРВИ диагнозымен емхананың терапевт дәрігерінен 7 күн бойы амбулаторлық ем қабылдады. Жүргізіліп жатқан ем барысында науқаста әлсіздік, шаршағыштық күшейіп, қызба пайда болды, гектикалық температурамен көп мөлшерде терлеу қатар жүреді. Кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде тыныс алғанда күшейетін ауыру сезімі, құрғақ жөтел қосылды. Науқастың жағдайының ауырлығын ескере отырып, кеуде клеткасының полипозициялық рентгенографиясы жасалды: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде дөңгеленген дұрыс пішінді перифокальды инфильтрациямен гомогенді қараю анықталды. Жалпыклиникалық бақылау қан анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың нейтрофильді жылжуы, ЭТЖ 34 мм/сағ. анықталды.

Сіздің диагнозыңыз?

A) Қабырғааралық невралгия

B) Перикардит

C) Өкпе эхинококкозы

D) Өкпе абсцесі

E) Тимома

{Правильный ответ}= D

{Сложность}= 3

{Учебник}= Бисенков Л. Н. Торакальная хирургия. – СПб., 2004.

{Курс}= 7

{Семестр}= 13-14

 

$$$016

Науқас оң жақ өкпесінің ортаңғы бөлігінде шектелген абсцестің клинико-рентгенологиялық белгілері анықталғанына байланысты ауруханаға жатқызылды. Кеуде хирургиясы бөлімшесінде алып жатқан ем барысында науқаста кеуде қуысының оң жақ жартысында кенеттен қатты ауыру сезімі, цианоз пайда болды, ентікпе күшейді. Кеуде клеткасының аускультациясында оң жақта тыныс естілмейді. Кеуде клеткасының жоғарғы бөліктерінде перкуторлы тимпанит, ал базальды бөліктерінде – перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады. Аталған клиникалық көрініс науқас ауруының қандай асқынуына сәйкес келеді?

A) Қабырғааралық невралгия

B) Перикардит

C) Іріңді абсцестің плевра қуысына жарылуы

D) Жедел жайылған миокард инфарктісі

E) Өкпеден профузды қан кету

{Правильный ответ}= С

{Сложность}= 3

{Учебник}= Бисенков Л. Н. Торакальная хирургия. – СПб., 2004.

{Курс}= 7

{Семестр}= 13-14

 

$$$017

Кеуде хирургиясы бөлімшесінде оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі абсцесі бойынша ем қабылдау барысында науқаста кеуде клеткасының оң жақ жартысында кенеттен қатты ауыру сезімі, цианоз пайда болды, ентікпе күшейді. Кеуде клеткасының аускультациясында оң жақта тыныс естілмейді. Перкуторлы кеуде клеткасының жоғарғы бөліктерінде тимпанит, ал базальды бөліктерінде – перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық әдісті қолданған жөн?

A) Фибробронхоскопия

B) Эхокардиография

C) Кеуде клеткасының полипозициялық рентгенографиясы

D) Бронхиалды артериография

E) Диагностикалық торакоскопия

{Правильный ответ}= С

{Сложность}= 3

{Учебник}= Бисенков Л. Н. Торакальная хирургия. – СПб., 2004.

{Курс}= 7

{Семестр}= 13-14

 

$$$018

Кеуде хирургиясы бөлімшесінде жедел өкпе абсцесі себебімен ем қабылдап жатқан науқаста қан қақыру басталды, динамикалық бақылауда оның күшеюі байқалды. Қандай диагностикалық әдіс қан кету себебін (ошағын) анықтайды?

A) Фибробронхоскопия

B) Кеуде сегментінің компьютерлі томографиясы

C) Кеуде клеткасының полипозициялық рентгенографиясы

D) Бронхиалды артериография

E) Диагностикалық торакоскопия

{Правильный ответ}= D

{Сложность}= 3

{Учебник}= Бисенков Л. Н. Торакальная хирургия. – СПб., 2004.

{Курс}= 7

{Семестр}= 13-14

 

 

03_02_ Травматология және ортопедия _қаз

Подтема«Жедел травматология және ортопедия»(«Травматология және ортопедия» пәнінен «Хирургия» бағыты бойынша)

03_02_ Травматология және ортопедия _қаз

$$$001

Шынтақ өскінінің сынығы қай бұлшықеттің күрт жиырылуында пайда болады?

A) иықтың үшбасты бұлшықеті

B) иықтың екібасты бұлшықеті

C) иықтың құстұмсық бұлшықеті

D) иықкәріжілік бұлшықеті

E) дельта тәрізді

{ Дұрыс жауабы }= A

{ Күрделілігі }= 1

{Оқулық}=(Травматология, Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П., 1995ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$002

«Терезе» тәрізді қабырға сынықтары кезінде тыныс алудың бұзылу түрін атаңыз:

A) Биот типі

B) Испираторлы ентігу

C) «Парадоксальді» тыныс алу

D) Экспираторлы ентігу

E) Чейн-Стокс типі

{ Дұрыс жауабы }= C

{ Күрделілігі }= 1

{ Оқулық }=(Курс травматологии и ортопедии, Соков Л.П.,1985г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$003

Бұғананың акромиальді шетінің шығуына тән симптом?

A) Байков симптомы

B) «перне» симптомы

C) «алдыңғы жылжымалы жәшік» симптомы

D) Гирголав симптомы

E) Стаматин симптомы

{ Дұрыс жауабы}= B

{ Күрделілігі }= 2

{ Оқулық }=(Травматология и ортопедия, том 2, Шапощников Ю.Г., 1997г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$004

Кеуде жарақатымен зардап шегушіге алғашқы және емханада көмек көрсету барысында қандай қалыпқа келтіру дұрыс?

A) отырғызып

B) жартылай отырғызып

C) ішіне жатқызып

D) арқасына жатқызып

E) Волкович бойынша

{ Дұрыс жауабы }= A

{ Күрделілігі }= 2

{ Оқулық }=(Травматология и ортопедия, Юмашев Г.С., 1983г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$005

Кеуде жарақаты бар науқасқа қандай қосымша зерттеу жүргізу мүмкін болатын асқынуларды анықтайды:

A) Бронхоскопия

B) Бронхография

C) Спирография

D) ЭХО-кардиография

E) ЭКГ

{ Дұрыс жауабы }= E

{ Күрделілігі }= 2

{ Оқулық }=(Травматология и ортопедия, Корнилов Н.В.,2001г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$006

Егде адам көшеде тізесі бүккен қалыпта аяғы тайып құлады.Емханаға өздігімен қиналып жетті,бұл кезде тізе буынынан сираққа берілетін қатты ауырсынуды сезді.Тізе буыны ісінген,буын ішілік сұйықтық анықталады.«Шайқалу» симптомын анықтау тізе үстінің күрт ауырсынуын шақырады.Жазылған аяғын науқас көтере алмайды.Зақымдалу диагнозын көрсетіңіз?

A) тізе үстінің сынығы

B) тізе буынының айқыш байламының жыртылуы

C) тізе буынының ішкі бүйір байламының жыртылуы

D) ортан жіліктің айдарша аралық сынығы

E) сирақтың сыртқа шығуы

{ Дұрыс жауабы }= A

{ Күрделілігі }= 3

{Оқулық}=(Травматология, Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П., 1995г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$007

Науқас 67 жаста,кіреберістен шыға аяғы шалынып оң жақ бүйіріне шалынып құлады,ауруханаға зембілмен имобилизациясыз жеткізілді.Қарай кезінде оң жақ аяғы жазылған қалыпта сыртқа ротацияланған.Буындағы пассивті қозғалыс мүмкін,алайда ауырсынулар туындатады.Аяғын өлшеу жүргізу барысында 3 см қысқарғаны байқалады.Сипмтом Гирголаева оң.Аяқты бекітудің қандай тәсілін қолдайсыз?

A) деротационды гипсті етік

B) саусақ ұштарынан қабырғалық доғаға дейінгі гипсті лонгета

C) кокситті гипсті таңғыш

D) қаңқалық тарту

E) остеосинтез

{ Дұрыс жауабы }= E

{ Күрделілігі }= 3

{ Оқулық }=(Травматология, Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П., 1995г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$008

Екі бала таудан сырғанаған кезде артында отырған бала алдында отырған баланың арқасына құлады.Алдындағы бала арқасында күрт пайда болған ауырсыну сезіміне шағымданады.Емдік орталықта 10-шы кеуде омыртқасының компрессионды сынығы анықталды,салдарынан омыртқа денесінің биіктігі 1/3 бөлікке кеміді.Неврологиялық бұзылыстар жоқ.Жарақаттан кейін алғашқы күндері пайда болған сынық аймағындағы қан кетулермен байланысты асқынуды атаңыз:

A) аяқ парезі

B) зәр шығару бұзылыстары

C) менингиальді синдром

D) жалған өткір іш

E) тетраплегия

{ Дұрыс жауабы }= D

{ Күрделілігі }= 3

{ Оқулық }=(Травматология, Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П., 1995г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$009

Омыртқа денесінің компрессионды сынығы кезінде корсет киілу барысында омыртқаның зақымдалған бөлімі қандай қалыпта болуы қажет?

A) бүгілген қалыпта

B) ортафизиологиялық қалыпта

C) күшейген кифоз қалпында

D) күшейген лордоз қалпында

E) жазылған қалыпта

{ Дұрыс жауабы }= E

{ Күрделілігі }= 2

{ Оқулық }=(Травматология, Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П., 1995г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$010

Иықтың ортаңғы 1/3 және төменгі 1/3 бөлігінде сүйектің бетінде қай нерв жатады және аталған аймақтың сынығында зақымдалады?

A) кәрі жілік нерв

B) шынтақ нерв

C) ортаңғы нерв

D) тері-бұлшықеттік нерв

E) дельта тәрізді

{ Дұрыс жауабы }= A

{ Күрделілігі }= 2

{ Оқулық }=(Травматология, Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П., 1995г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$011

Аяқ басы бармағының шығуын салғаннан кейін гипсті таңғыш қанша мерзімге қойылады?

A) 5 күнге

B) 7 күнге

C) 2 аптаға

D) 3 аптаға

E) 4 аптаға

{Дұрыс жауабы}= С

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Травматология, Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П., 1995ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$012

Науқас жер үстінен ауыр затты күрт көтергенде бел аумағында ауырсынуды сезді.Тексеру кезінде науқастың тұрған қалпында оң жақ бел бұлшықеттерінде тырысу анықталады.Науқастың оңға қарай бүгілуі ауырсынудың күшеюімен жүреді.Оң жақ паравертебральді сызық бойынша жасалған пальпация күрт ауырсынумен.Зақымданулардың алдын-ала диагнозын атаңыз?

А) біз тәрізді өсіндінің сынығы

В)омыртқа денесінің компрессионды сынығы

С) омыртқа аралық дискінің жыртылуы

D) көлденең өсіндінің сынығы

Е) біз тәрізді өсіндінің аралық және үстілік байламдарының жыртылуы

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}=(Травматология, Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П., 1995ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$013

Жамбас-сан буынын эндопротездеу қай жағдайда орындалмайды?

A) ортан жілік мойынының жалған буыны

B) ортан жілік басының асептикалық некрозы

C) деформациялаушы артрозы

D) ортан жілік басының остеомиелиті

E) ортан жілік мойын сынығы

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі }= 2

{Оқулық}=(Травматология және ортопедия, том 3, Шапошников Ю.Г., 1997ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$014

Фолькман контарктурасы кезінде қандай оперативті араласулар орындалады?

A) алақан апоневрозын ойып алу

B) білек терісін сөгу

C) білек артерияларының фасциотомиясы және ревизиясы

D) сөгілген фасцияларды тігу

E) терілік кескіндерді тігу

{Дұрыс жауабы}= C

{ Күрделілігі }= 2

{ Оқулық }=(Травматология және ортопедия, Юмашев Г.С., 1983ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$015

Асықты жіліктің (сирақ сүйек) варусты деформациясынан дамыған деформациялаушы гоноартроз кезінде төменде көрсетілген операциялардың қайсысы тиімді?

A) буын байламдарына жасалатын операциялар

B) артродез

C) эндопротездеу

D) коррекциялаушы остеотомия

E) буын артролизі

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}=(Оперативті ортопедия, Мовшович И.А., 1994ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$016

Аяқ-қолдың бұрыш жасап артқа ашылған бұрыштық деформациясы қалай аталады?

A) вальгусты

B) варусты

C) антекурвация

D) рекурвация

E) ротация

{ Дұрыс жауабы }= C

{ Күрделілігі }= 2

{ Оқулық }=(Травматология және ортопедия, Юмашев Г.С., 1983ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$017

Дәрігер буындардың деформациясы мен контрактурасын емдік мақсатта күштеп түзеуі қалай аталады?

A) редрессация

B) репарация

C) артродез

D) артролиз

E) артропластика

{ Дұрыс жауабы }= A

{ Күрделілігі }= 2

{ Оқулық }=(Травматология және ортопедия, Юмашев Г.С., 1983ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$018

Қандай жағдайда супинатордың киілуі көрсеткішке жатады?

A) эквинді-сыңарлы(полая) табан

B) балтыр және табан бұлшықетінің парезі

C) аяқтың 1,5 см-ге қысқаруы

D) жалпақ табандылық

E) аяқтың 1,6-6 см аралығында қысқаруы

{ Дұрыс жауабы }= D

{ Күрделілігі }= 1

{Оқулық}=(Емханада травматологиялық және ортопедиялық көмек, Корнилов Н.В., Грязнухин Э.Г., 1994ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$019

Жамбас сүйегі сынған науқасты қалай тасымалдау керек?

A) Дитерихс шинасы қойылғаннан соң

B) ішке жатқызып

C) Виноградов шинасы қойылғаннан соң

D) жамбас белдеуін қысып байлап

E) «бақа» позасында қатты зембілде

{ Дұрыс жауабы }= E

{ Күрделілігі }= 2

{Оқулық}=(Травматология, Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П., 1995ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$020

Туа пайда болған бұлшықеттік қисық мойынның этипатогенезі не болып табылады?

A) кеуде-бұғана-емізікшелік бұлшықеттің дамуының ақауы

B) босану барысындағы жарақат

C) ұрықтың дұрыс жатпауы

D) қабыну үрдісі

E) жүрек ишемиясы

{ Дұрыс жауабы }= A

{ Күрделілігі }= 2

{Оқулық}=(Оперативная ортопедия, Мовшович И.А., 1994ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$021

Тоқпан жіліктің ортаңғы 1/3 бөлігінің қиғаш сынуы бар науқаста қол басының белсенді жазылуы және бірінші бармақтың сыртқа әкетілуі шектелген.Сынық бастары көлденең және бұрыш жасап шамалы ығысқан.Сыныққа қосалқы жарақатты атаңыз:

A) ортаңғы нервтің зақымдалуы

B) шынтақ нервінің зақымдалуы

C) тері-бұлшықеттік нервтің зақымдалуы

D) кәріжілік нерві зақымдалуы//

E) иық нерві зақымдалуы

{ Дұрыс жауабы }= D

{ Күрделілігі }= 3

{Учебник}=(Оперативная ортопедия, Мовшович И.А., 1994г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$022

Айқыш байламдардың зақымдалуында қай симптом негізгі болып саналады?

A) сирақтың жанына қарай девиациясы

B) «жылжымалы жәшік»

C) гемартроз

D) «шертпе»

E) буын блокадасы

{ Дұрыс жауабы }= B

{ Күрделілігі }= 2

{ Оқулық }=(Травматология, Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П., 1995ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

Детская хирургия _каз

$$$001

Іріңді омфалит кезінде қандай аурумен ажыратпалы диагноз жүргізіледі?

A) Сары уыз жылѓасының бітелмеуі (толық емес жыланкөз)

B) Кіндік бауының жарығы

C) Кіндік жарыѓы

D) Қуықтың экстрофиясы

E) Терілі кіндік

{Правильный ответ}= А

{Сложность}= 1

{Учебник}= (Хирургические заболевания детского возраста, Ю.Ф.Исаков., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$002

Омфалиттің қандай түрінде кіндік сақинасы арқылы ішек эвентрациясы болуы мүмкін?

A) Жай түрі

B) Құрама түрі

C) Некрозды

D) Флегманозды

E) Суланатын кіндік

{Правильный ответ}= С

{Сложность}= 2

{Учебник}= (Хирургические заболевания детского возраста, Ю.Ф.Исаков., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$003

Флегманозды омфалиттің белгілерін көрсетіңіз:

A) Кіндіктен шырышты бөлінулер болады

B) Кіндік шұңњқырының түбінде іріңді-фиброзды қабыршақтар болады

C) Іштің төменгі жағында шекарасы анық қызарудың болуы

D) Кіндік шұңқырының түбінде грануляция бар, кальцинаттар анықталады

E) Кіндік шұңқырының айналысындағы терінің некрозы

{Правильный ответ}= В

{Сложность}= 1

{Учебник}= (Хирургические заболевания детского возраста., Ю.Ф.Исаков., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$004

Жедел бейспецификалық қолтықтағы лимфаденитте жиі болатын ену жолдарын көрсетіңіз:

A) Асқазанның шырышты қабыѓы

B) Білезіктегі іріңді жара

C) Кариесті тістер, жаралы стоматит

D) Қолтық аймағындағы гидраденит

E) Мастит

{Правильный ответ}= В

{Сложность}= 2

{Учебник}= (Хирургические заболевания детского возраста., Ю.Ф.Исаков., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$005

Инфильтрация сатысындағы жедел бейспецификалық лимфадениттің емдеу принциптерін көрсетіңіз:

A) Қабыну инфильтратын тілу

B) УВЧ (УЖЖ) қолдану, антибиотиктер тағайындау

C) Антибиотиктер тағайындау, қабыну инфильтратына суық басу

D) Тілуден кейін антибиотик тағайындау

E) УВЧ және жылу процедураларын тағайындау

{Правильный ответ}= В

{Сложность}= 3

{Учебник}= (Хирургические заболевания детского возраста. Ю.Ф.Исаков., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$006

Бронхопневмониямен емделіп жатқан үш айлық баланың жалпы жағдайы нашарлады, бастың шашты бөлігінде, мойнында майда түзілімдер пайда болды. Терінің бетінде көтеріліп тұратын, диаметрі 0,5 - 1 см, қара, көк түсті, тығыз ісіктер пайда болды. Сіздің диагнозыњыз:

A) Сепсис, псевдофурункулез

B) Тілме қабынудың буллезді түрі

C) Антибактериальды терапияға аллергиялық реакция

D) Сепсис, бактериальді эмфизема

E) Тершеңдік

{Правильный ответ}= А

{Сложность}= 3

{Учебник}= (Хирургические заболевания детского возраста., Ю.Ф.Исаков., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$007

Сегіз жастағы бала бес күн бойы ауырады. Оң балтыры және сол білегіндегі қатты ауыру сезіміне шағымданады, балтырдың және білектің көлемі үлкейген. Сипағанда және перкуссия жасағанда қатты ауыру сезімі бар, жалпы жағдайы ауыр, уыттану айқын байқалады. Екі өкпеде де көп мөлшерде ылғалды сырылдар естіледі. Алдын ала қойылған диагноз:

A) Біріккен токсикалық бронхопневмония

B) Оң балтырдың және сол білектің флегмонасы

C) Жедел гематогенді остеомиелиттің септикопиемиялық түрі

D) Жедел гематогенді остеомиелитің жергілікті түрі

E) Эрба параличі

{Правильный ответ}= С

{Сложность}=3

{Учебник}= (Хирургические заболевания детского возраста., Ю.Ф.Исаков., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$008

Жедел остеомиелиттің токсикалық түрін сипаттайтын белгіні атаңыз:

A) аяқ-қолда ауыру сезімі, жалпы жағдайы орта дәрежелі

B) Сандырақтау, есінен тану, аяқ-қолдағы ауыру сезімі

C) Сүйек үсті қабатының ажырауы және қабаттануы

D) Сүйектің патологиялық сынуының пайда болуы

E) Үйрек тәрізді жүріс

{Правильный ответ}=В

{Сложность}= 2

{Учебник}= (Хирургические заболевания детского возраста., Ю.Ф.Исаков., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$009

Жедел гематогенді остеомиелиттің ерте диагностикасына (алғашқы 1-2 күн) бағытталған әдістердің қайсысы жатады?

A) рентгенологиялық зерттеу

B) жұмсаө тіндердің іздеуші пункциясы

C) буын пункциясы, пунктатты зерттеу

D) сүйекішілік қысымды өлшеу

E) қанның жалпы анализі

{Правильный ответ}= D

{Сложность}= 2

{Учебник}= (Хирургические заболевания детского возраста. Ю.Ф.Исаков. 2002г.)


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 156 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Детская хирургия _каз 2 страница| Детская хирургия _каз 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.076 сек.)