Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ресурстық маңызы бар қосмекенділер ,олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Аақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.
  3. Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
  4. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  5. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  6. Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз.
  7. Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары

Қосмекенділер алғашқы құрлыққа шыққан және ең көне төртаяқты Анамниялар тобына жататын омыртқалы жануарлар. Бұлар палеозой эрасының девон кезеңінде бұдан 350 млн жыл бұрын пайда болған. Қазіргі қосмекенділердің Әлемде соңғы деректер бойынша 6686 түрі белгілі. Олар 3 отрядқа бірігеді: Құйрықсыздар (Ecaudata, seu Anura) -5900-дей түр, Құйрықтылар (Caudata) – 600-дей түр және Аяқсыздар (Apoda) -186 түр. Ал Қазақстанда алғашқы 2 отрядтың 12 түрі кездеседі (құйрықсыздардан 9 түр, құйрықтылардан 3 түр). Бұлар 5 тұқымдасқа және 5 туысқа бірігеді.

Қазақстанда қосмекенділердің түрлік құрамы өте аз. Бұл біздің республикамыздың ландшафтық-климаттық жағдайларына байланысты және территориямыздың басым көпшілігі аридтік кеңістікте орналасқаны Сіздерге белгілі. Түрлік құрамның жартысына жуығы Қазақстанның басқа мемлекеттермен шекаралас аудандарында тараған. Бұлар солтүстік, негізінен еуропалық түрлер болып табылады. Олардың қатарына қызылбауыр шұбарбақаны,тарбақаны, шөпбақаны,сібір бұрыштістісін) жатқызуға болады. Бұлар республикамыздың батысы мен солтүстігіндегі орманды-дала зонасындағы ылғалы биотоптарда кездеседі. Сұр немеесе кәдімгі құрбақа республикамыздың солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және шығысында тараған. Сүйіртұмсық бақа орманды-дала зонасынан бастап оңтүстікте Торғай, Қарағанды, Аякөз пен Алакөлге дейін мекендейді. Ал Жетісу бақатісі) тек Жетісу Алатауының биік белдеулеріндег салқын суларда ғана кездеседі. Ал қызылаяқ бақа немесе орталықазиялық бақа XX-ғасырдың ортасына дейін Оңтүстік Балқаш өңірінде кең тараған-ды. Бірақ ғасырдың аяғында саны кеміп, таралу аймағы тарылып, өте сирек кездесе бастады. Нәтижесінде Қазақстан республикасының Қызыл кітабының барлық басылымдарына (1978; 1991; 1996; 2010) енгізілді. Бұған басты себептер – тіршілік ортасын меңгеру (мысалы, Қапшағай су электр стансасын салу) және сол кезде саны көбейген және мекендеу ортасы кеңейген жасыл бақаның бәсекелестігіне шыдамауы да мүмкін. Қалған 3 түр (көлбақа, жасыл бақа және Певцов құрбақасы немесе Даната құрбақасы) республикамыздың оңтүстік бөлімінде кең тараған, саны көп. Әсіресе өткен ғасырдың 60-70 жылдары көлбақа өзінің таралу аймағын оңтүстік-шығысқа қарай кеңейте бастады. Ертеректе оның таралу аймағының шығыс шекарасы Қаратал өзенінің бойы болып саналса, осы жылдары ол Алакөл қазаншұңқырында, солтүстік Балқаш өңірінде, кейінен Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу Алатауы және оңтүстік-батыс Тарбағатайдың таулы аңғарларында кездесе бастады. Интродукция нәтижесінде, әсіресе адамның алып келуі нәтижесінде, көлбақа Орталық және Шығыс Қазақстанның антропогендік ландшафтарында, соның ішінде Қарағанды, Павлодар, Семей және Өскемен қалаларында пайда болды.

Қазақстан сыртқы және ішкі нарықта құнды тері, ет, дәрілік шикізат және жабайы жануарлармен қамтамасыз ететіндігі өткендегі дәрістерімізден белгілі. Әртүрлі жылдары пайдаланылатын жануарлардың түрлері нарықтың сұранысына қарай өзгеріп тұратыны белгілі. Бұлардың қатарына қосмекенділерде жатады.

Қосмекенділер ресурстарын пайдалануына қарай шартты түрде дәрі-дәрмек шикізатын алатын ресурстар, тағам ретінде пайдаланылатын ресурстар, ғылым мен білім саласында пайдаланатын ресурстар, экологиялық маңызы бар ресурстар және эстетикалық тұрғыда пайдаланылатын ресурстар деп бөлуге болады.

Амфибияларды жаппай аулау жайындағы алғашқы мәліметтер Жетісу Алатауының эндемигі – Жетісу бақатісіне қатысты. XIX-ғасырдың өзінде-ақ бұл қосмекенді Қытаймен сауда-саттық жасауда басты нысан болған. Қытай саудагерлері бақатісті халық медицинасында пайдалану үшін көптеп сатып алғаны белгілі.

 

 

Ресурстық маңызы барбауырымен жорғалаушылыр, жыландарды мысалға алып олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.

Қазіргі кезде Әлемде бауырымен жорғалаушылардың 4 отрядына (Тасбақалар-313 түр, Тұмсықбастылар-2 түр, Қабыршақтылар-8396 және Қолтырауындар-23 түр) жататын 8734 түрі бар. Қазақстанда Тасбақалар мен Қабыршақтылар отрядтарының өкілдері ғана кездеседі.

Қазақстан бауырымен жорғалаушылардың түрлік құрамы жағынан Орта Азияда Түркменстан және Өзбекстаннан кейінгі 3 орынды алады. Деседе Қазақстанның кең-байтақ территориясында рептилиялардың тіршілігі үшін қажетті мекендеу орындары алуан түрлі болып келеді. Олардың орналасуына әртүрлі факторлар әсер етеді: субстрат, өсімдік жамылғысы, климат, баспананың болуы, қоректің жеткіліктілігі, жыртқыштардың болуы, басқа түрлермен қатынасы және антропогендік әсерлер. Осыған орай Қазақстанның әр облыстарында рептилияларың түрлік құрамы бірдей емес. Мысалы, Арал өңірі Қарақұмдарында, Қызылқұмда, Оңтүстік Балқаш өңірінің құмдарында кесірткелер көп (13-18 түр). Үстірт пен Маңғыстауда түрлік құрам кедейлеу (10-12 түр). Ең азы Зайсан (Жайсан) өңірінде (6 түр). Өйткені соңғысы негізгі шөлден жырақтау орналасқан.

Бауырымен жорғалаушыларды пайдалануына қарай: 1-азықтық ресурстар, 2- дәрілік шикізат алатын түрлер ресурстары, 3-эстетикалық маңызы бар түрлер ресурстары, 4-экологиялвқ маңызы бр ресурстар және т.т. деп бөлуге болады.

Қазақстанда тасбақалардың 2 түрі: батпақ тасбақасы және дала тасбақасы кездеседі. Бірінші түрі көбіне эстетикалық тұрғыдан маңызды және экологиялық маңызды ресурстар қатарына жатса, екіншісі – азықтық ресурстар және эстетикалық, экологиялық маңызы бар ресурстар қатарына жатады. Енді соңғы түрді дайындау жағдайын қарастырайық. Түрлі дерек көздері 1932 жылы Қазақ өлкелік аңшылар Одағы шетелге 27 мың тасбақа дайындаған. 1967 жылы шетел фирмаларының тапсыруы бойынша Қазақстанда 43 мың тасбақа ауланып, шетелге шығарылған. 1973-1975 жылдары Охотзоопром (Аңшылық зооөнеркәсібі) 364 мың тасбақа аулаған. Бұл деректер табиғаттағы популяциялардан тек заңды түрде ауланып. есепке алынғандар, ал есепке алынбағаны жайында ешкім де білмейді. Мысалы, XX-ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстанда тасбақаларды мемлекеттік аң өсіру фермаларындағы түлкілер мен күзендерді қоректендіру үшін жылына 100 мыңдай данасы дайындалған. Балқаш көлі мен Іле өзенінің бойындағы жекеменшік аң фермаларында қанша дайындалғаны белгісіз. 1976-1983 жылдары 866 мың немесе жылына орта есеппен алғанда 108 мың тасбақа дайындалған. Осындай дайындаудың нәтижесінде кейбір жерлерде, мысалы Іле өзенінің оң жағалауларындағы құмдарда олардың саны бір га-да 41 данадан 11-15 данаға дейін төмендеді (Кербұлақ массивінде). Осыған орай 1984 жылдан бастап тасбақаларды аулау мөлшері азайтыла бастады. Деседе оған деген сұраныс әлі де болса жоғары. Оған дәлел 1984-1993 жылдары табиғаттан 297 мың немесе орта есеппен жылына 30 мың дана тасбақа дайындалды. Жалпы 1976-1993 жылдар аралығында 1 млн 096 мың немесе орта есеппен алғанда жылына 61 мың дана тасбақа ауланып отырды. Бұлар тек Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс массивінен ауланды. Бұл жерде де қоры азая бастады. Осыған орай тасбақа дайындауды Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанның басқа аудандарына ауыстыру керек.

Осындай сұраныстар басқа түрлерге де тән болды. Мысалы, XX-ғасырдың 20-40 жылдары жыланның 14 түрінің (100 мың тері) және 20 мың ірі кесіртке-сұр кесел ауланғаны жайында деректер бар. Қазіргі кезде кеселдің саны әртүрлі себептерден өте күшті азайды және нәтижесінде Халықаралық, Қазақстан және көршілес елдердің Қызыл кітаптарына тіркелген.

Ал дәрілік шикізатын дайындауда1963 жылы Ташкент серпентарийі үшін Шу-Іле өзендерінің аралығында және Іле өзенінің жағалауынан 30 мың дала сұржыланы ауланды. Іле өзенінің бойынан 4-5 адам күніне 900-1000 жылан ұсталды. 1962-1963 жылы маусым-шілде айларында Отар стансасынан 1000-нан аса сұр жылан ауланғаны белгілі (Богданов, 1965). Бұл цифрлар шындыққа жата ма, жоқ па, белгісіз? Қазір бұл жерде жыландардың санының азаюына байланысты дайындалмайды. Осындай уы үшін ауланатын екінші жылан – бозжылан Барсакелмес аралынан да ауланды.

Осылармен қатар, әртүрлі мекемелер түрлі кесірткелерге де (ешкемерлер, батбаттар, жармасқылар, кесірттер, кесірткелер) сұраныс береді, бірақ ол аса көп емес. Соңғы ширек ғасырда кесірткелердің 1800-ден аса данасы ұсталғаны белгілі. Бұларды негізінен хайуанаттар бағы мен әуеқой-террариумистер дайындайды. Осылармен қатар усыз жыландарға да аздаған сұраныстар бар. Мысалы, 1978-1981 жылдары 11066 жылан ауланды.

Соңғы кезде улы жыландарға, соның ішінде дала сұржыланы мен бозша жыланға деген сұраныс көбейе бастады. 1985 жылы Охотзоопром өзінің серпентарийін ашты және 3 жылдың ішінде 400 бозша жылан ауланды.

1991 жылы бозша жыланға қажеттілік 400 бас, ал 1992-1993 жылдары – 900 –ге жетті. 1988 жылы 100 дала сұржыланы ұсталды, ал 1992 және 1993 жылдары қажеттілік – 1600 данаға жетті.

Өкінішке орай, Қазақстанда улы жыландарға санақ жұмыстары жүргізілмейді және олардың ресурстары жайында деректер жоқ.


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 678 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пайдалы өсімдіктер классификациясын атаңыз? | Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары қандай? | Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындай әшкерелендіру жолдары мен әдістерін көрсетіңіз | Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз. | Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз. | Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы. | Асем сурагы кайда | Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз. | Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз? | Ртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз?| Аақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)