Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

сурак. Жалбыз

Сұрақ.

Тұқымдасы: Plantagіnaceae – Тартар - Подорожниковые

Туысы: Бақажапырақ - Подорожник

Түр: Plantago orientalis – Бақажапырақтар –

Бақажапырақ тұқымдасына сипаттама.

Тартар тұқымдасы (Plantagіnaceae) — қос жарнақтыларға жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейбіреулері шала бұталар. 3 туысқа жататын 260-қа жуық түрі белгілі. Бақажапырақ тұқымдасы негізінен қоңыржай белдеулерде, ал кейбір түрлері тропикалық аймақтарда кездеседі. Бақажапырақ тұқымдасы дәрілік өсімдік, шырынын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланады, кейбір түрлерінің жапырағы қан тоқтатуға, жараны емдеуге қолданылады.

Туысқы сипаттама:

Азақстанда оның 1 ғана бақажапырақ туысы бар. Олар өзен, көл жағаларында, шабындықтарда, шөлді, құмды, далалы жерлерде, жол бойында өседі. Гүлдері ұсақ, масақ тәрізді гүл шоғырына жиналады не шоқпарбас гүл құрап, жапырақ қолтықтарына орналасады. Қос кейде дара жынысты болады. Мамыр — қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі — екі ұялы қорапша. Олардың тұқымы мен жапырақ құрамында гликозид, каротин, С витамині, 4%-тей илік заттар бар.

 

Бақажапырақ.

 

Түрге сипаттама:

Бақажапырақ, тартар, жолжелкен (Plantago orientalis) – Жер шарының барлық жерінде өседі, 260-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарында таралған 16 түрі бар. Оның ішінде үлкен Бақажапырақ (P. major), орташа Бақажапырақ (P. medіa), қандауыр Бақажапырақ (P. lanceolata) түрлері көбірек тараған. Олар өзен-көлжағалауларында, шабындықтарда, шөлді-далалы, арамшөп өскен бос жерлерде, жол бойында, құрылыс маңында өседі. Сабағының биіктігі 20 – 70 см-дей. Жапырақтары сопақша, жалпақ қандауыр пішінді, бүтін жиекті, олар тамыр түбіне шоғырланып өседі. Сабақ бойына қарама-қарсы, кейде кезектесіп орналасады. Ұсақ гүлдері ақшыл қоңыр, сиректеу ашық көгілдір түсті, масақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Мамыр –қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қос ұялы қорапша. Піскен кезде жарылып ашылады. Тұқымы мен жапырақ құрамында гликозид, каротин, фитонцид болады, сондықтан оны медицинада пайдаланады. Жинау мерзімі: Гүлдеп тұрғанда дәріге бақажапырақтың жапырағын жинайды. Қағазға немесе шүберекке жайып кептіреді. Ауық-ауық аудандастырып тұру керек, жапырақ сағағының морт сына бастауы кепкені. Кепкен жапырақты сақтау мерзімі- 2жыл. Мерзімі өткенді қабылдауға болмайды, емдеудің орнына улаы ғажап емес. Күзде тұқымдарын жинайды. Медицинада қолданылуы: Бақажапырақты білмейтін адам жоқ деуге болады, себебі дәрілік мақсатта ата-бабаларымыз жиі қолданған. Оның ең бастысы: теріне шыққан жараның барлық түріне тартқан. Асқазан ауырғанда жапыағын езіп шырынын ішкен. Осы күнгі халық медицинасында бақажапырақты әртүрлі ауруларға пайдаланады. Бақажапырақтың жапырағында аукубин глюкозиді, ащы зат, илік заттар, калий тұзы, лимон қышқылы, 11% шырышты зат, каротин майы, нәруызды заттар мен майлар болады.

 

 

сурак. Жалбыз

Тұқымдасы: Lamiaceae – Яснотковые - Ерінгүлділер

Туысы: Mentha – Мята - Жалбыз

Түрі: Mentha arvensis - Мята полевая

 

Тұқымдасқа сипаттама: Ерінгүлділер тұқымдасы -

Қосжарнақтылар класына жататын ерінгүлділердің жер жүзінде 3500-ге жуық түрі өседі. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Еріндігүлділерді кейде тауқалақайгүлділер деп те атайды. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік. Ерінгүлділер тұқымдасы - жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы. Аталығының саны 2,4. Аналығы әдетте 2 жеміс жапырақты болып келеді. Жоғары жатынды. Жемісі - сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша. Гүл формуласы: Т(5)С(2+3)А4Ж(2). Гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз және басқа өсімдіктер парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Өте хош иісті.

Туысқа сипаттама:

Жалбыз (лат. Méntha)- ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Қазақстанда жалбыз туысының 10 түрі өседі, соның ішінде дәрілік мақсатта бұрышты жалбыз қолданылады. Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі - жалбыз. Ол- хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. СССР-де 20-дан астам түрі өседі. Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар.

Таралуы:

Қазақстанда ерінгүлді өсімдіктердің жебір туыстыларынан - 27, жыланбас туыстыларынан - 22, көкжалбыз туыстыларынан 16 түр белгілі. Бұлар хош иісті болғандықтан, парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Ежелгі Мысырда жебірмен мәйіт бальзамдалған. Сан алуан эфир жайы көп мөлшерде хош иісті лаванда, гүлшетен, молдавандық жыланбастан алынады. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы,Тарбағатайдың альпілік белдеулерінде өсетін аталықты жыланбастың жер бетіндегі бөліктерінде 0,4%-ға дейін эфир майы болады. Ол - бал жинағыш өсімдік. Ерінгүлділер ағашы тек тропикте өседі.

Биологиялық сипаттамасы:

Биіктігі 80-100см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті.

Түрге сипаттама: Жалбыз (лат. Méntha arvensis)- ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Қазақстанда жалбыз туысының 10 түрі өседі, соның ішінде дәрілік мақсатта бұрышты жалбыз қолданылады. Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі - жалбыз. Ол- хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. СССР-де 20-дан астам түрі өседі. Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар.

 


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1062 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Блок питания собственных нужд| Положение

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)