Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Герберт Спенсер

Читайте также:
  1. Вчення Г. Спенсера про соціальні інститути
  2. Герберт Уэллс
  3. Глава 16 По ту сторону комфорта, или в стране Герберта Уэллса
  4. Глава 16. По ту сторону комфорта, или в стране Герберта Уэллса
  5. Лоуренс Спенсер – Интервью с пришельцем
  6. Спенсер

Экология» мамандығы

Леуметтану» пәні бойынша

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Герберт Спенсер

 

Орындаған: Қабылбек АС

Тексерген: Ахметтаев А

 

АЛМАТЫ 2011

 

Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

A) Г. Спенсердің өмір баяны

Г. Спенсердің ортаникалық теориясы

Б) Қоғамның құрылымы және даму ерекшелігі

Орытынды бөлім.

КІРІСПЕ

Спенсер (Spencer) Герберт (27.4.1820, Дерби, — 8.12.1903, Брайтон), ағылшын философы және әлеуметтанушы, позитивизмнің негізін салушылардың бірі. Темір жолда инженер болып жұмыс жасады (1837—41), одан кейін «Экономист» («Economist») (1848—53) журналында қызмет атқарды, өмірінің көп бөлігін ғылыми ізденіс бөлемесінде өткізді. С. Философиясы О. Конта хпозитивизмін жалғастырды, дегенмен ол өз көзқарастарын оған байланыссыз деді. Д. Юмның агностицизмі және Дж. С. Миллдің, кантианствосы, Ф. Шеллинга және шотланд мектебінің натурфилософиялық идеялары әсер етті.

1820 жылы Англияның Дерби деген шағын қаласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке бармаған. Әкесі мен ағасының көмегімен үйінде оқып, өмір бойы өздігінен білім алуға және өз күшіне сенуге машықтанған. Бұл, бір жағынан, тұжырымдарының өткірлігіне, ойларының ерекшелігіне оң ықпал етіп, осы үшін көзі тірісінде «ағылшын Аристотелі» деген атқа ие болса, екінші жағынан, дүниетанымының қалыптасуына тірек болған және өз бетінше игерген жаратылыстанудың ескі қағидаларынан аса қиындықпен бас тартуының салдары болды.

Спенсер өз өмірінің көп бөлігін түрлі академиялық және ресми қызметтерден бас тартқан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол темір жолда инженер-бақылаушы болып (1837-1846), «Экономист» журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет атқарды, саяси әмірге араласуға тырысты.

 

Герберт Спенсер

Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жаска дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол теміржолда инженербақылаушы болып (1837 - 1846), "Экономист" журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет аткарды, саяси өмірге араласуға тырысты. Спенсердің басты еңбегі — "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтьщы: "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 — 1896). Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері — "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873). Спенсер өзінің теориясывда эволюциялық сатылардьщ сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дөрежесімен өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ үрдісі С. бойынша қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрынымдарға өту қозғалысы болды, мүңда неғүрлым маманданған бүтіннің бөлшектері өзара байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді. Спенсердің айтуынша, қоғамньщ дамуы барысында бір әлеуметтік институттар орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған немесе бүрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Саралану қоғамның өртұрлі бөлшектерінің үдемелі мамандануын білдіреді де, қоғам ішіндегі гетерогеңцікті көбейте түседі. Мәселен, бұрыңғы заманда отбасы репродуқтивті, экономикалық, құрылымдықжәне аздап саяси функциялар аткзрды. Алайда қоғам дамыған сайын, бұрындары бір ғана әлеуметтік институт — отбасы атқарған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені еңдігі жерде баска институттар арасында бөліске түседі. қалай дегенмен де, қазіргі қоғамдарда Жұмыс пен білімнің мамандандырынған институттары отбасынан тыс дамуда. Сонымен, Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама береді. Эволюция дегеніміз — қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белтілі, өзара байланыскзн әртеқті күйге әсер ететін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді. Спенсер бірінші тәсілді — органикалық үқсастықты дәйекті тұрде жақтады. Бұл оның позитивистік ұстанымынан туған еді. Қоғамды организмнің ерекше тұрі деп карастыратынын айта келіп Спенсер бынай деп мәлімдейді: "Біз қоғамды ерекше мән ретінде карастыруға күқынымыз; себебі ол дискретті бірліктерден құралса да, әр қоғамньщ алып отырған орны шеңберіндегі жалпы ұқсастықтарды ғасырлар бойы және тұтас ұрпақтарда сақтау олардың күрған агрегатыньщ белтілі бір нақтылығын корсетеді". Бұл агрегатты қай тапқа — органикалық немесе органикалық емес тапқа жатқызу кереқтігі күдік туғыза қоймас: әрине, органикалық тапқа жатады. "әлеуметтану негіздері" деген еңбек тарауларының бірінде "Қоғам дегеніміз организм" деп аталады. Әлеуметтік және қоғамдық организмдердің үқсастықтары: 1) биологиялық организм сияқты қоғамның көлемі үлкейіп, өседі (органикалық емес агрегаттарда Бұлай болмайды); 2) биологиялық және әлеуметтік организмдер өскен сайын өзгеріп, олардың ішкі құрылымы күрделілене түседі; 3) биологиялық организмдерде де, әлеуметтік организмдерде де құрылымның күрделіленуі олардың органдарының әртұрлі функцияларының саралануын тудырады; 4) екінші және үшінші проңестер барысында құрылымды құрайтын барлық органдардың өзара әрекеті мен ықпалы дамып күшейеді; 5) қоғамда да, биологиялық организмде де тұтас нәрсе ыдырай бастаған кезде, жеке бөлшектер белтілі бір уақытта өзінің тәуелсіз тіршілігін жалғастыра алады. Сонымен қатар, агрегат өмірін қысқартатын ешбір апат болмаса, тұтас нәрсенің өмірі оның бөлшектеріне қарағанда ұзақ болады. Сонымен біз тұтас организмнің өмірі — биологиялық болсын, әлеуметтік болсын — оны күрайтын бөлшектердің өміріне, соларға тәуелді бола тұрса да, солардан түзілетін болса да, оларға мүлдем үқсамайтынын көреміз. Әйтсе де биологиялық және әлеуметтік организмдердің арасындағы ұқсастығының айқындығы соншалық, оны байқамау мүмкін емес. Спенсердің ойынша, әлеуметтік организм үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өңдірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т.б.) Ғылымға қазіргі мағынасындағы "эволюция" терминін енгізгеннен баска Спенсер жалпы ғылыми әлеуметтану парадигмасының қалыптасуына қандай жаңалықтар енгізді? Біріншіден, Спенсер қоғамдық күбыныстарды талдауда эволюциялық әдіс қолданды. Екіншіден, ол эволюция идеясының жануарлар-өсімдіқтер әлемі мен қоғамға ғана емес, сонымен бірге органикалық емес табиғатқа да қолданылатынын көрсетті — Бұл идея геологияда жақсы дамыды. Ал үшіншіден, эволюциялық әдіске сүйене отырып, Спенсер Еуропада жаңа заманнан бері қалыптасқан прогресс өлшемдері жөніндегі түсінікті қайта қарастырып, әлеуметтанудың ғана емес, сондай-ақ жүйелі талдаудың калыптасуына да маңызды рөл аткарған прогресс-эволюцияның өзіндік тұжырымдамасын жасады. [1]

Спенсердің басты еңбегі – «Синтетикалық философия» жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: «Негізгі бастамалар» (1862, болмыстың алғашқы принциптері жайында), «Биологияның негіздемелері» (1876-1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері «Әлеуметтік статистика» (1850) және «Социология зерттеу пәні ретінде» (1873).

Спенсерді позивитизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.

Спенсердің барлық социологиялық ой-тұжырымдары өзі бұрын жасаған, Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық теориясы – табиғат философиясының қосалқы бөлшегі, өйткені әлеуметтік эволюция – әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволюция заңы басқарады. Ғылым да, философия да дүниені бір ғана бағалау және индукция тәсілімен зерттеп біледі, тек философия өзінің зерттеу саласын шектемейді. Бірақ дүниенің шынайы мәні екеуіне де жұмбақ. Біздің танымымыз әрқашан салыстырмалы және тәжірибе мен эмпирия саласымен шектелген.

Әлеуметтік құрылым –қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары. Әлеуметтік құрылым қатарына халықтың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, жеріне т. б. ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Әлеутеттік-таптық құрылым таптардан және сол таптардың құрылымына енбейтін әлеуметтік топтардың жиынтығынан тұрады.Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік қатынас әлеуметтік құрылымның негізі болып табылады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі негізіне әлеуметтік қауымдықтар қалыптасады. Меншіктік қатынас қалыптасқан әлеуметтік құрылымды экономикалық тұрғыдан негіздейді.Қазіргі қоғамда әлеуметтік құрылымның дамуында екі негізгі үрдісті атап кетуге болады. Біріншісі, қоғамдағы дифференциациалау процестерінің белсенді түрде жүруі мен жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуымен ерекшеленеді. Екіншісі, әлеуметтік құрылымның дамуына тікелей ықпал тигізетін дүниедегі экономика саласындағы интеграциалық процестер.Мемлекет өзінің әлеуметтік саясатында бұл процестерді үнемі ескеріп отыру керек. Мұндай саясат барлық әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеуге, олардың мүдделерін үйлестіруге негізделген. Ең бастысы — әлеуметтік әділеттілік принциптерін сақтай отырып олардың тұрақты өмір сүруіне жағдай жасаумен әл ауқатың көтеру. Әрине, бұл проблемаларды шешу онай емес. Әлеуметтік қауымдарға таптар, стратылар, кәсіби және салалық топтар, ұлыстар, ұлттар, ұлтаралық және аймақтық қоғамдастықтар, демографиалық топтар, адамдардың қалалық және ауылдық өмір сүру формалары, еңбектік, жанұйалық және т.б. құрылымдар жатады. Әлеуметтік қауымдар өте күрделі ұйымдасқан, өз кезінде бір-бірімен тығыз өзара байланыста және өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі әлеуметтік топтар мен құрылымдардан тұрады. Даму процесінде олардың құрамы саны және сапасы жағынан өзгереді, жаңа қауымдықтар пайда болады, әлеуметтік мобильділік арта түседі. Бұл өзгерістердің бағыты көп жағдайда қоғамның дамуын белгілейді. Адамдардың санына қарай әлеуметтік қауымдар үлкен (таптар, ұлттар, кәсіби және салалық топтар және т.б.), орташа (аймақтық қауымдар, өндірістік ұжымдар және т.б.), кіші (жанұя және т.б.) болып үш топқа бөлінеді.Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихи ұғым болып табылады. Әрбір жеке қоғамның белгілі бір әлеуметтік құрылымы болады. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыстың ру –тайпалық ұйымдасуы болды, онда ру еңбектік және жанұялық ұжым ретінде, сол секілді, әлеуметтік- этникалық қауым формасы ретінде қызмет атқарды. Құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құлиеленушілер таптары, кәсіби топтар пайда болды, этникалық қауым формасы ретінде халықтық қалыптасты, моногамды семья дүниеге келді. Феодализм дәуірінде негізгі таптар – феодалдар мен шаруалар болды. Капитализм дүниеге буржуазиа мен жұмысшы табын әкелді.

1. Негізгі әлеуметтік қауымдықтар, олардың өлшемдері мен белгілері.

 

Әлеуметтік қауымдықтар түрлері Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері Қауымдықтардың белгілері
Таптар (стратылар) Қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны Меншікке қатынасы, кіріс көлемі, билік факторы және т.б.
Кәсіби қауымдықтар Еңбек бөлінісі жүйесінде алатын орны Еңбек ету қызметінің сипаты
Салалық қауымдықтар Еңбекті қолдану аясы Өндірістік қызметтің бағыты
Этноұлттық қауымдықтар Этникалық және ұлттық Жалпы ортақ шығу тегімен, тілімен, территориасымен, ортақ экономикалық өмірімен, мәдениеті мен психологиялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Аймақтық құрылымдар Этноаралық, ұлтаралық және мемлекетаралық байланыстар Қоғамдық өмірдің барлық салаларында ұлтаралық байланыстардын әр түрлі деңгейлері
Демографиалық қауымдықтар Индивидтердің жыныстық- жастық ерекшеліктері Жастар, әйелдер, зейнеткерлер және тағы басқа әлеуметтік топтар
Территориалық қауымдықтар Тұратын жері (қала, деревня, аудан, облыс және т.б.) Мемлекеттік-әкімшілік құрылымдар
Нәсілдік топтар Морфологиялық және физикалық ерекшеліктері Терінің түсі, бойы және т.б.
Өндірістік ұжымдар Өндірістік мәселелерді шешу Еңбек ету қызметінің ұйымдастырушылық формалары
Жанұя Туыстық қатынас Бірлесіп тұру, ортақ шаруашылық, өзара жауапкершілік т.б.

Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік құрылымның қызмет етуінің аса маңызды жағы болып табылады. Әлеуметтік мобильділік дегеніміз адамдардың бір әлеуметтік топтан басқа бір топқа өтуі. Мәселен, шаруа ауылдық жерден қалаға көшіп барып зауытқа жұмысқа орналасса, онда, ол қала тұрғынына, басқа таптын, кәсіби топтын өкіліне айналады. Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік қауымдықтар арасында және олардың ішінде жүреді. Әлеуметтік мобильділікті зеттеудің мемлекеттік маңызы бар. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен тиісті динамиканы сақтау мақсатында ондағы әлеуметтік қозғалыстарды, олардың себептері мен негізгі бағыттарын толық түсінуіміз керек.

Таптар және олардың әлеуметтік байланыстар жүесіндегі алатын орны. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалаудың (жіктеудің) негізгі концепциалары.Таптар үлкен әлеуметтік қауымдықтар ретінде әлеуметтік құрылымның маңызды буыны болып саналады. Қоғамдық таптар туралы ілім маркстік кезеңге дейін пайда болды. Бірақ мұндай концепциялардың көптеген кемшіліктері болды. К. Маркстің бұл ілімге қосқан жаналығы, ол, таптардың өмір сүруін өндірістің белгілі бір тарихи даму кезеңдерімен байланыстырды.Адамдар арасындағы айырмашылықтар ішінде таптық дифференциация қоғам үшін негізгі болып табылады, себебі ол өндіріс саласында қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндіріс құрал- жабдықтарына жеке меншіктің шығуы негізінде пайда болады. Таптар қосымша өнім мен еңбек бөлісі жұмыс күшін қанауды экономикалық тұрғыдан тиімді ететін өндіріс сатысында пайда болады. Қоғамның таптық құрылымын талдаудың маңызды методологиялық мәнісі бар, себебі ол әлеуметтік үлкен топтардың нақтылы экономикалық мүдделерін айқындауға, әртүрлі әлеуметтік қозғалыстардың нақтылы мәнің түсінуге, ғылыми негіздегі саясатты айқындаудың жолын білуге мүмкіндік береді. Марксизм философиясында таптардың біршама толық ғылыми анықтамасын берген В.И. Ленин болды. «Таптар деп, - деді ол, - адамдардың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орнына қарай, олардың өндіріс құрал-жабдықтарына деген (көбінесе заң түрінде тұжырымдалған, бекітілген)қатынасына қарай, еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесіне және оны алу тәсіліне қарай айырылатын үлкен топтарын айтады».Бұл анықтамада В. И. Ленин тап құрастырудың төрт негізгі белгісін атап көрсетті. Бұл белгілерді жеке қарастырудан бұрын, келесі жайттарға назар аударайық. Біріншіден, В. И. Ленин таптарға үлкен әлеуметтік топтарды жатқызды. Бұл – олардың текті белгісі, өйткені, қоғамда басқа да жастық, этникалық, кәсіби және т. с. с. үлкен топтар бар. Екіншіден, таптарды сипаттағанда бұл белгілермен шектелмейміз, таптардың саяси және психологиялық ерекшеліктерін назардан тыс қалдырмауымыз керек. В. И. Ленин таптардың басты төрт экономикалық белгілерін көрсетумен шектелді, өйткені олар алғашқы, базистік, ал саяси, психологиялық және т.б. белгілері қондырмалық, екінші болып табылады. Үшіншіден, таптардың барлық белгілерін олардың өзара бірлігінде, жүйесінде қарастырамыз. Бірде- бір белгі жеке алып қарастырғанда таптарды толық сипаттай алмайды. Ал енді бұл белгілерді жеке қарастырайық. 1. Таптың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орны. Бұл орын не қанаушы, не қаналушынікі болмақ. 2. Өндіріс құрал- жабдықтарына деген қатынасы екі түрлі болуы мүмкін. Таптық қоғам тарихында өндіріс құрал- жабдықтарына толығымен ие болған және ондай мүмкіндігі болмаған таптарды білеміз. 3. Еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөлі де әр түрлі болуы мүмкін. Тарихта бір таптар өндірістің ұйымдастырушысы және басқарушысы болып рөл атқарса (құл иеленушілер, феодалдар, буржуа), ал басқалары тек орындаушы (құлдар, крепостнойлар, пролетарийлер) рөлінде болды. 4. Қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесі еңбектік және еңбектік емес болады, оның мөлшері де әр қалай болады. Таптарды анықтауға белгілер жүйесін қолданамыз дедік. Сонда, Ленин келтірген төрт бегінін ішіндегі ең бастысы, шешушісі болып табылатыны не? Таптын белгілері жүйесіндегі мұндай рөлді атқаратын екіншісі - өндіріс құрал – жабдықтарына деген қатынасы. Өндіріс құрал – жабдықтарына деген қатынасы, басқаша айтқанда, меншіктік қатынасқа қарай таптардың қоғамдық өндірістегі орны мен рөлі айқындалады, сондай–ақ табысының мөлшері алу тәсілі де соған байланысты болады. Қысқасы, таптардың қоғамдық топ ретінде шығуының себебі қоғамдық өндіріс тәсілінің дамуында жатыр. Жеке меншікке негізделген әрбір жеке формацияда негізгі және негізгі емес таптар болады. Негізгі таптар – сол қоғамның өндіріс тәсілі тудырған және өздерінің өзара қатынастарымен сол өндіріс тәсілінің мәнің, оның негізгі қайшылығын айқындайтын, жүзеге асыратын таптар. Мұндайларға құл иеленушілер мен құлдар, феодалдар мен крепостнойлар, буржуа мен жұмысшылар жатады. Әрбір таптық экономикалық формацияда негізгі емес таптар да бар. Олар бұрынғы таптардың қалдықтары немесе жаңа өндіріс тәсілінің бастамалары болып табылады. Мәселен, құл иеленушілік қоғамда ерікті азаматтар мен қолөнершілер болды. Капитализм жағдайында мұндайларға шаруаларды жатқызуға болады. Негізгі таптар арасындағы қатынастар антагонистік сипатта болады, сондықтан оларды антагонист- таптар деп атаймыз. Негізгі және негізгі таптар арасындағы қатынастар біркелкі емес болды. Мәселен, капитализм дәуіріндегі буржуазиа мен жұмысшы тап арасындағы таптық қайшылық антагонистік болса, онда шаруалар мен жұмысшы тап арасындағы қайшылық антагонистік емес сипатта болды. Таптардың қатынастары мен олардың арасындағы қайшылықтар біртұтас жүйе болып табылады. Бұл жүйеде келесі қатынастарды ажыратуға болады:

1.Өндіріс құрал- жабдықтарына меншіктік жөніңдегі қатынастар және тікелей өндіріс, тарату, айырбастау және тұтыну жүйесіндегі туындайтын таптар арасындағы қатынастар (экономикалық қатынастар);

2. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару жөніңдегі таптар арасындағы қатынастар (саяси қатынастар);

3.Құқықтық тәртіп жөніңдегі таптар арасындағы қатынастар (құқықтық қатынастар);

4.Өнегелік (адамгершілік) нормаларды жүзеге асыруға байланысты таптар арасындағы қатынас (өнегелік қатынастар);

5. Идеологиалық, көркемдік және басқа рухани құндылықтарды жасау мен тұтынуға байланысты таптар арасындағы қатынас (тар мағынасындағы рухани қатынастар).Қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасағанда теқ қана тап аралық емес, сондай-ақ таптың ішіндегі айырмашылықтарды ескеру керек. Таптардың ішінде әр түрлі қабаттарды, құрамдас бөлімдерді, отрядтарды айыру олардың қоғамдық болмысы мен мүдделерін анық түсінуге және олардың әлеуметтік және саяси жағдайын жорамалдауға мүмкіндік береді. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, шынайы әлеуметтік дүниеде мұндай қайшылықтар өте маңызды болып табылады (қаржы капиталы мен өнеркәсіпшілер арасында, кіші бизнес пен корпорациялар және т. б. арасындағы қайшылықтар).

 


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 1027 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Республиканская программа| Литературная деятельность

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)