Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жауаптар.

Читайте также:
  1. Жауаптар.
  2. Жауаптар.

1. Физикалық жүктеме метаболизм қарқынының ынталандыруымен қабаттасады,

бұл өз кезегінде тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуін талап етеді және артық мөлшердегі көмір қышқыл газының шығарылуын талап етеді. Сондықтан екі студентте де гипервентиляция байқалады.

2. Өкпенің желдетілу коэффициенті ҚТА айырмашылығы мен өлі кеңістік көлемінің қалдық ауа көлемі мен РДША жиынтығының қатынасына тең.

Осылайша, бірінші студентте ӨЖК=(500-150)/(1000+1500) = 0,14; екінші студентте ӨЖК=(1200-150)/(1000+1500) =0,42.

3.Екінші студентте тыныс алу едәуір тиімді.

Есеп 9

Адам иіс газымен жеңіл уланған кезде жеңіл түрде бас айналуын және жүрек соғуын сезінеді.

Сұрақтар.

1. Мұндай құбылыстардың механизмі қандай?

2. Бұл кезде қанның оттегілік сыйымдылығы қалай өзгереді?

3. Уланған адамда осы симптомдарды дәрісіз жою үшін қандай жәрдем көрсету керек?

Жауаптар.

1. Иіс газымен жеңіл уланған адамда пайда болған симптомдар гипоксия әсерінен туындаған, себебі СО гемоглобинмен байланысып, оттегін тасымалдай алмай қалған.

2. Гемоглобиннің СО-ны байланыстыру қабілеті оттегімен салыстырғанда 200 есе жоғары сондықтан қанның оттегілік сыйымдылығы төмендейді.

3. СО- мен жеңіл уланған кезде зардап шеккенді таза ауаға шығарса болғаны.

 

 

Есеп 10

Тұмаумен ауырған адамда гомеостаз параметрлерінің өзгеруі орын алады.

Ең алдымен дене температурасы өзгереді.

Сұрақтар.

1. Оксигемоглобин мөлшері қалай өзгереді?

2. Сыртқы тыныс алу параметрлері қалай өзгереді?

3. Оксигемоглобиннің диссоциациясының қисық сызығы өзгереді ме?

Жауаптар.

1. Қанда оксигемоглобиннің мөлшері төмендейді, себебі, жоғары температурада гемоглобиннің оттегін байланыстыру қабілеті төмендейді.

2. Тыныс алу жиілейді.

3. Оксигемоглобиннің диссоциациясының қисық сызығы өзгереді, себебі, гемоглобиннің оттегін байланыстыру қабілеті төмендейді, диссоциация жылдамдығы жоғарылайды.

 

Есеп 1

Студент емтихан тапсырып жатыр. Ол өте күшті қобалжып тұр. Ауызы құрып қалған.

Сұрақ.

1. Бұл неге туындады, бұл жағдайда сілекей түзілудің реттелуі қалай болады?

Жауап.

Күшті эмоциялық күйзеліс нәтижесінде симпатикалық нерв жүйесі мен симпатоадреналдық гормональдық реттелу белсенуінен сұйық сілекейдің түзілуі мен бөлінуі тежеледі.

 

 

Есеп 2

«Ас қорыту» бөлімі бойынша коллоквиум тапсыру қарсаңында қарны ашыққан студент буфетке тамақтануға кіреді. Оқу материалын ойында қайталай отырып, ас қорыту үрдісі 5 сағат барысында жүзеге асатынын, сонан соң тамақпен түскен қоректік заттардың қанға сіңірілуін есіне түсірді.

Сұрақ.

Неліктен студент 10 минут өткен соң өзінің тойынғанын сезінді, ал 5 сағаттан соң ас қорыту үрдісі орын алып, оның тағы да тамақ ішкісі келеді?

Жауап.

Ауыз қуысына, өңешке және асқазанға түскен тамақ осы ағзалардағы тиісті рецепторларды белсендірді. Нерв талшықтары бойлап рецепторлардан аффекттік импульсация гипоталамустық «тойыну» орталығына еніп, оны қоздырып, «ашығу» орталығын тежейді. Нәтижесінде тағамдық мотивация сөнеді, тамақтану үрдісі тоқтады. Тойынудың бұндай түрі «сенсорлық» деп аталады.

 

Есеп 1

Науқас қалқанша без функциясының жағдайын тұжырымын білу үшін эндокринологке барады. Қанның анализінде тиреоидты гормондардың мөлшері азайған. Диагностикалық мақсатта науқасқа тиролиберин енгізілді. Тексеру нәтижесі: тиролиберин енгізгеннен 20 минуттан кейін науқас қанында тиротропин мөлшері 5 есе көбейді, ал 4 сағаттан соң тиреоидты гормондардың (Т3 пен Т4) мөлшері 70%-ға жоғарылады.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сұрақтар. | Жауаптар. | Есеп 11 |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жауаптар.| Сұрақтар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)