Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хирургиялық инфекция 1 страница. Науқас С., 37 жаста, балтырда тілменің эритематозды түрі анықталды

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

Науқас С., 37 жаста, балтырда тілменің эритематозды түрі анықталды. Осы жағдайда қандай ем түрі анағұрлым орынды?

A) Жылытатын компресс

B) Левомекольді қолдану

C) Ультрадыбыстық кавитация

+D) Ультракүлгің сәулелендіру

E) Йод ерітіндісімен өңдеу

 

Төменде көрсетілгеннің қайсысы ағымы 1 фазадағы іріңді жараны емдеуде тиімді?

+А) Гипертониялық ерітінде

В) Солкосерилді қолдану

С) Левомеколь майы

D) Метилурацил майы

Е) Вишневский майы

 

Ағымы 2 фазадағы іріңді жараны емдеуде не тиімді?

А) Эктерицид

В) Фурациллин

С) Трипсин

+D) Левомеколь

Е) Хлоргексидин

 

Науқас К. 47 жаста, емханадағы дәрігерге оң қабырға астындағы ауру сезіміне, 39˚С температураға, 1 апта бойы қызбаға шағымданады. Компьютерлі томографияда бауырдың оң бөлігінің 6 сегментінде диаметрі 8 см абсцесс анықталды. Науқаста қандай аз инвазивті ем анағұрлым тиімді болады?

А) Абсцесс пункциясы санациямен бірге

В) Абсцесспен бірге бауыр резекциясы

С) Абсцессті ашу және дренаждау

D) Бауырдың оң бөлігінің кең резекциясы

+Е) УДЗ-бақылаумен абсцессті дренаждау

 

Науқас 30 жаста, жедел гангренозды аппендицит себебінен болған аппендэктомиядан кейін 5-тәулікте жоғары температура, қалтырау, оң қабырға астында ауру сезімі, көздің шырышты қабатының сарғыштануы пайда болды. УДЗ-де бауыр асты аймақта тіндердің инфильтрациясы анықталды. Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

А) Холангит

В) Пилефлебит

С) Бауыр торсылдағы

D) Токсикалық гепатит

+Е) Бауыр асты абсцесс

 

Науқас Ж. 17 жаста, емханадағы дәрігерге оң иық аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 1 жыл болды, жарақатпен байланыстырады. Дәрігерлік амбулаторияға қаралған. Объективті: оң иықтың ортаңғы 1/3 бөлігі ісінген, іріңді бөлінді жарақаты бар. Ренгенограммада – иықтың үлкен секвестрі, айқын секвестральді қораппен айналған. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Созылмалы остеомиелит

B) Жас өспірімдік остеомиелит

C) Жедел гематогенді остеомиелит

D) Жедел жарақаттан кейінгі остеомиелит

+E) Созылмалы остеомиелиттің жыланкөздік формасы

 

Науқас Д. 42 жаста, хирургиялық бөлімшеге оң қабырға астындағы ауру сезіміне, дене температурасының 38,0С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінен: 2 ай бұрын бауыр зақымымен өткен құрсақ қуысының шаншылып-кесілген жарақаты бойынша операция болған. Лапаротомия жасалып, бауыр жарасы тігілген. Осы жағдайының нашарлауына 1 апта болған. Бөлімшеде науқас зерттелген. Алдыңда орналасқан диафрагма асты абсцессі анықталды. Қандай тілікпен абсцессті ашу қажет?

A) Черни

B) Троянов

C) Клермон

D) Федоров

+E) Мельников

 

Қабылдау бөліміне 34 жастағы науқас ауруына 2 тәуліктен кейін оң жақтағы төменгі аяқтарының ауру сезіміне шағымданып түсті. Қарап тексергенде: оң балтырының орташа ісігі, шекаралары анық айқын гиперемия ошағы, пальпация кезінде ауру сезімі анықталады. Қандай диагноз науқаста анағұрлым ықтимал?

A) Лимфэдема

B) Жедел лимфангоит

C) Жедел тромбофлебит

+D) Эритематозды тілме

E) Терең веналарының жедел тромбозы

 

Қабылдау бөліміне 25 жастағы науқаста жоғарғы ернінің абсцедирлеуші фурункул анықталды. Дәрігер шұғыл түрде хирургиялық араласуды тағайынадады, Бірақ науқас аралсудан бас тартып, үй жағдайында өзіндік ем жүргізді. Жақын арада қандай асқынудың пайда болуы анағұрлым ықтимал?

А) Бет тілмесі

В) Іріңді гайморит

С) Гематогенді остеомиелит

Д) Жоғарғы жақтың периоститі

+Е) Кавернозды синустың тромбозы

 

Төменде көрсетілгеннің қайсысы оң жақты диафрагма асты абсцесс симптомына тән емес?

А) Дене температурасының жоғарлауы

B) Қабырға доғасы аймағында ауру сезімі

C) Тыныс алғанда ауру сезімінің күшеюі

+D) Тамақ ішкеннен кейін құсу

E) Көршілес плеврит

 

Қабылдау бөліміне 37 жастағы ер адам хирургқа сол қабырға астындағы интенсивті ауру сезіміне, жоғары температураға– 380С шағымданды. Құрсақ қуысының рентгенограммасында диафрагманың сол күмбезінің жоғары тұруы және аз қозғалғыштығы, плевра қуысында және өкпенің базальді бөлімдерінде реактивті өзгерістер, диафрагманың сол күмбезінің астында біркелкі емес сұйықтықтың горизонтальді деңгейі бар қараю, асқазан мен тоқ ішектің көкбауыр бұрышының ығысуы анықталды. Осы жағдайда науқасқа кезекте қандай зерттеу түрі қолданылады?

А) Ішектің контрастты зеттеу рентгены

В) Құрсақ қуыс және кеуде қуыс ультрадыбыстық зерттелуі

С) Плевра қуысының пункциясы

+D) Құрсақ қуыс ультрадыбыстық зерттелуі

Е) Торакоскопия

 

Қабылдау бөліміне 37 жастағы ер адам хирургқа сол қабырға астындағы интенсивті ауру сезіміне, жоғары температураға– 380С шағымданды. Құрсақ қуысының рентгенограммасында диафрагманың сол күмбезінің жоғары тұруы және аз қозғалғыштығы, плевра қуысында және өкпенің базальді бөлімдерінде реактивті өзгерістер, диафрагманың сол күмбезінің астында біркелкі емес сұйықтықтың горизонтальді деңгейі бар қараю, асқазан мен тоқ ішектің көкбауыр бұрышының ығысуы анықталды. Осы жағдайда қандай зерттеу түрі дәлелдейтін болып табылады?

А) Ішектің контрастты зеттеу рентгены

В) Құрсақ қуыс және кеуде қуыс ультрадыбыстық зерттелуі

С) Плевра қуысының пункциясы

+D) Құрсақ қуыс КТ- сы

Е) Торакоскопия

 

Төменде көрсетілгеннің симптомдардың қайсысы диафрагма асты абсцессі кезінде анағұрлым жетекші болып табылады?

А) Жүрек айну, құсу

B) Диафрагманың қозғалуы

C) Іш қату, іш кебу

+D) Көршілес плеврит

E) Диафрагма релаксация

 

Төменде көрсетілгеннің әдістердің қайсысы ішек аралық абсцессті анықтау үшін зерттеу негізгі болып табылады?

А) Қарау

B) Пальпация

C) Лапараскопия

D) Шолу рентгенографиясы

+E) Ультрадыбыстық зерттеу

 

Төмендегілердің қайсысы пилефлебит диагностикасында анағұрлым мәліметті?

А) Лапароскопия

B) Коагулограмма көрсеткіштері

+C) Қақпа венасы мен бауырдың УДЗ

D) Эндоскопиялық зерттеу

E) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

 

Қабылдау бөліміне науқас С., 32 жаста хирургқа жарақат алғанына 1 сағат болған оң санның ортаңғы 1/3-де латеральді бетінде шаншылып-кесілген жарасымен келді. Жара инфекциясының нәтижелі алдын-алу үшін науқасқа қандай шаралар жасау қажет?

A) Асептикалық таңғыш таңу

B) Антибиотиктерді вена ішіне енгізу

+C) Жараны біріншілік хирургиялық өндеу

D) Жараға протеолиттік ферменттерді енгізу

E) Жараны антисептиктермен өңдеу және тігіс салу

 

Қабылдау бөліміне 37 жастағы ер адам хирургқа сол қабырға астындағы интенсивті ауру сезіміне, жоғары температураға– 380С шағымданды. Құрсақ қуысының рентгенограммасында диафрагманың сол күмбезінің жоғары тұруы және аз қозғалғыштығы, плевра қуысында және өкпенің базальді бөлімдерінде реактивті өзгерістер, диафрагманың сол күмбезінің астында біркелкі емес сұйықтықтың горизонтальді деңгейі бар қараю, асқазан мен тоқ ішектің көкбауыр бұрышының ығысуы анықталды. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Көкбауырдың апостоматозы

В) Тромбофлебиттік спленомегалия

+С) Сол жақты диафрагма асты абсцесс

D) Ұйқы безі құйрығының рагі ыдыраумен

Е) Сол бүйректің жоғарғы полюсінің іріңдеген торсылдағы

 

25 жастағы ер адам емханадағы хирургқа оң жақтағы қолтық аймағындағы ауру сезіміне, дене температурасының жоғарлауына шағымданды. Ауырғанына 3 тәулік болды. Ауруды еш нарсемен байланыстырмайды. Тексергенде: оң жақ қолтық аймағында көлемі 2,0х1,5 см гиперемиясы және жұмсақ аймағы бар, қатты ауырсынған ісік байқалған. Науқастағы қандай дивгноз анағұрлым ықтимал?

A) Флегмона;

B) Карбункул;

+C) Гидраденит;

D) Лимфаденит;

E) Лимфангоит;

 

Науқас Р. 22 жаста, хирургиялық стационарға шүйде аймағындағы ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді. Ауырғанына 5 тәулік болды. Тексергенде: шүйде аймағында тығыз ауру сезімді гиперемиясы бар түзіліс. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Фурункул

B) Лимфаденит

+C) Карбункул

D) Атерома

E) Липома

 

Науқас Р. 22 жаста, хирургиялық стационарға шүйде аймағындағы ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді. Ауырғанына 5 тәулік болды. Тексергенде: шүйде аймағында тығыз ауру сезімді гиперемиясы бар түзіліс, ортасында флюктуция жұмсару зонасы бар. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

+A) Ашу және дренаждау

B) Физиоем тағайындау

C) Кесіп алып тігіс салу

D) Антибиотиктер тағайындау

E) Пункция жасау

 

Науқас Х. 48 жаста, іріңді бөлімшеген оң жақ білек аймағының керіп ауруына, температураның 380С дейін жоғарлауына шағымданып түсті. Ауырғанына 4 тәулік болды. Аускультативті тынысы қатаң, төменгі аймақтарда әлсіз. ТАЖ 20 рет 1 мин., АҚ 130/80 мм рт. ст. Тексергенде:оң білектің айқын ісігі, гиперемиясы анықталады, пальпация кезінде қатты ауру сезімді. Тамырлар пульсациясы сақталған. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Лимфангоит

B) Карбункул

+C) Флегмона

D) Абсцесс

E) Тілме

 

Қабылдау бөліміне науқас түсті. Қарап тексергенде: оң білектің ісігі, тамырлардың бойымен гиперемия анықталады, пальпация кезінде айқын ауру сезімді. Ауырғанына 3 тәулік болды. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Абсцесс;

B) Флегмона;

C) Тромбофлебит;

D) Эритематозды тілме

+E) Жедел лимфангоит

 

Науқас Т. 39 жаста, қол басының іріңді ауруы себебінен болған операция кезінде суретте көрсетілгендей тіліктерді қолданды. Төменде көрсетілгеннің қайсысы аурулар кезінде осы тіліктерді қолданады?

 

+A) Сіңірлі панариций мен тендобурситтерде

B) Тырнақ пластинкасының паронихийлерінде

C) Тері асты панарицийлерде

D) Сүйекті панарицийлерде

E) Пандактилитте

 

Қабылдау бөліміне науқас Е. 30 жаста, сегізкөз аймағындағы ауру сезіміне, дене температурасының 37,8 С дейін жоғарлауына шағымданады. Ауруын суықтанумен байланыстырады.2 жыл бұрын эпителиальді құймышақ жолы анықталған, ұсынған операциядан науқас бас тартқан. Қарап тексергенде ісік тәрізді, ауру сезімді түзіліс, тері гиперемиясы, сегізкөз аймағындағы бөксе аралық қатпарда флюктуация симптомы оң. Осы жағдайда қандай хирургиялық тактика анағұрлым орынды?

A) Абсцессті ашу және іріңді қуысты дренаждау

B) Эпителиальді жолды кесіп алу, жараны бітеу тігу

C) Абсцесс пункциясы, жуу және антибиотиктерді енгізу

D) Эпителиальді жолды ашып кесіп алу және дренаж қалдырып тігу

+E) Эпителиальді жолды ашып кесіп алу, жара шеттерін астарлап тігу

 

Науқас Т. 44 жаста, қабылдау бөліміне сүйекті панариций клиникасы бар (зақымдану суретте көрсетілген). Осы жағдайда сүйек тінінің қандай зақымдануы?

 

 

+A) Дистальді фалангтың тотальді секвестрациясы

B) Проксимальді фалангтың тотальді секвестрациясы

C) Дистальді фалангтың шеттік секвестрациясы

D) Дистальді фалангтың остеопорозы

E) Проксимальді фалангтың некрозы

 

Науқас Ж. 32 жаста, емханада ретромаммарлы мастит диагнозы қойылған. Осы жағдайда науқасқа қандай анағұрлым тиімді тілік көрсетліген?

A) Радиарлы

B) Циркулярлы емізік маңында

+C) Бездің төменгі бөлігінде жартылай сопақ

D) Бездің жоғарғы бөлігінде жартылай сопақ

E) Бездің латеральді бөлігінде жартылай сопақ

 

Науқас С., 16 жаста, жаңып жатқан үйден қашқанда оң жамбас-сан буыны аймағын соғып алған. 2 аптадан кейін келген. Тексергенде: ісік, домбығу, оң жамбас-сан буыны контурының тегістелуі. Пальпация кезінде оң жамбас-сан буынында қатты ауырсыну. Буын қозғалысы ауру сезімінен шектелген. Рентгенограммада: оң ортан жіліктің жоғарғы 1/3-де көптеген деструкция ошақтары. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Жас өспірімдік остеомиелит

+B) Жедел гематогенді остеомиелит

C) Созылмалы сүйектік остеомиелит

D) Созылмалы гематогенді остеомиелит

E) Терезелік сынық

 

Ер адам 27 жаста, хирургия бөлімшесіне сандағы есіртік иньекцияларынан кейінгі жайылған іріңді жарамен түсті. Қарап тексергенде: температура 38,20С, жүрек соғу жиілігі 98 соғу минутына., тыныс жиілігі 23 рет 1 мин., лейкоциттер 12,8х109. Төмендегілердің қайсысы науқаста анағұрлым ықтимал?

+A) Жүйелі қабыну реакция синдромы

B) Іріңді-резорбтивті қызба

C) Септикалық шок

D) Ауыр сепсис

E) Сепсис

 

Хирургиялық науқастарда төмендегілердің қайсысы абдоминальді сепсистің анағұрлым ықтимал себебі болады?

A) Құрсақ қабырғасының флегмонасы

B) Жайылған іріңді жара

C) Септикалық эндокардит

+D) Ішек флегмонасы

E) Жедел тромбофлебит

 

Ер адам 57 жаста, реанимация бөлімшесіне ауыр сепсиспен жатқызылды. Кіру көзі фибринді-іріңді перитонит болды. Қарап тексергенде: АҚ 70/40, пульс 128 рет 1 мин, тыныс жиілігі 28 рет 1 мин., дененің жоғарғы бөлігінің айқын цианозы. Жасалған емге қарамастан науқас 2 тәуліктен кейін қайтыс болды. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайда анағұрлым қолайсыз фактор болып өлімге алып келді?

A) Ауыр эндотоксикоз

+B) Септикалық шок

C) Септикалық эндокардит

D) Полиорганді жетіспеушілік

E) Жүйелі қабыну реакция синдромы

 

34 жастағы әйел адам қабылдау бөліміне хирургқа, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 3 апта болған. Осы жағдайын суық тиюмен байланыстырады. Жағдайының нашарлауы 4 тәулік бойы. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 100/70, пульс 90 соғу 1 мин. ТЖ 24 рет 1 мин. Тынысы қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-19,0х109, эритроциттер-3,0х1012,гемоглобин-90г/л, СОЭ-39. Төменде көрсетілген зерттеудің қайсысы бүл жағдайда диагнозды анықтау үшін алдыңғы кезекте?

А) Кеуде қуысының компьютерлік томографиясы;

В) Жедел торокаскопия;

С) Кеуде қуысының УДЗ- сы;

+D) Кеудк қуысыныі рентгенографиясы;

E)плевра ішкілік пункциясы

 

Науқас Т. 57 жаста, абылдау бөліміне қақырықпен жөтелге, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір ай бұрын пневмония бойынша емделген. Жағдайы соңғы 4 күнде нашарлаған. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 90/60, пульс 100 соғу 1 мин. ТЖ 26 рет 1 мин. Тынысы оң жақтан қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-29,0х109, эритроциттер-3,0х1012, гемоглобин-90 г/л, СОЭ-49. Рентгенограммада оң жақ ортаңғы бөлігінде сұйықтық көрсеткіші бар қараюы байқалған. Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы науқаста анағұрлым ықтимал?

А) Жедел трахеобронхит;

В) Бронхоэктатикалық ауру;

+С) Абсцестелген пневмония;

D) Жедел вирусті инфекция;

E) Сол өкпенің туберкулезі;

 

Науқас Р. 49 жаста, хирурглық инфекция бөліміне қақырықпен жөтелге, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір ай бұрын пневмония бойынша емделген. Жағдайы соңғы 2 аптада нашарлаған. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 90/60, пульс 110 соғу 1 мин. ТЖ 28 рет 1 мин. Тынысы оң жақтан қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-26,6х109, эритроциттер-3,5х1012, гемоглобин-90 г/л, СОЭ-51. Кеуде қуысының 2 проекциялы рентгенограммадасынан кейін анықталған: оң жақтан ауа және 5 қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейінің бар екені анықталды. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

+А) Пиопневмоторакс оң жақтан

В) Іріңді плеврит оң жақтан

С) Оң өкпе абсцессі

D) Оң өкпе гангренасы

E) Спонтанды пневмоторакс

 

Науқас Р. 49 жаста, кеуде торының шолу рентгенографиясында оң жақтан өкпе тінінің инфильтрациясы, 6 қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейінің бар екені анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактиканың анағұрлым бірінші кезекте жасалғаны орынды?

А) Постуральді дренаж

В) Санациялық бронхоскопия

С) Шұғыл торакоскопия

D) Антибактериальді терапия

+E) Плевра қуысының пункциясы

 

Науқас А. 46 жаста, оң жақ санның тамырарлық флегмонасы себебінен операция жасалған. Экстубациядан кейін 6 сағат өткенде ентігу және айқын цианоз пайда болды. Оң жақтан перкуссия жасағанда перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады, тыныс алуы естілмейді. Кеуде аралықтың оңға ығысуы анықталады. Науқастағы осы жағдайдың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Операциядан кейінгі пневмония

В) Экссудативті плеврит

С) Кеудеаралық эмфиземасы

+D) Оң өкпе ателектазы

E) Екі жақты пневмоторакс

 

Науқас К. 40 жаста,хирургиялық инфекция бөліміне ауырғанына 1 айдан кейін оң өкпенің ортаңғы гангренасы диагнозымен жатқызылды. Осы жағдайда қандай ем анағұрлыс орынды?

+А) Лобэктомия

В) Торакоцентез

С) Торакопластика

D) Пульмонэктомия

E) Пневмоторакс туғызу

 

Науқас Л. 51 жаста, қабылдау бөліміне түсер алдында мас күйінде 6 сағат бойы ашық тереземен ұйықтап қалған. 2 күннен кейін жоғары температура, кеуде торындағы ауру сезімі, жөтел пайда болды. 3 аптадан кейін жөтел кезінде науқаста іріңді, жағымсыз иісті қақырық бөлінген. Науқаста анағұрлым ықтимал болжам диагноз қандай?

А) Сол өкпе рагі ыдыраумен

+В) Сол өкпе абсцессі

С) Жедел трахеобронхит

D) Экссудативті плеврит

E) Сол жақты пневмония

 

Төмендегілердің қайсысы жедел плевра эмпиемасының анағұрлым жиі себебі болып табылады?

+А) Кеуденің ашық және жабық жарақаты

В) Крупозды пневмония;

С) Жедел трахебронхит;

D) Бронхоэктазды ауру

E) Экссудативті плеврит

 

 

Ер адам П., 42 жаста емханаға кеуде қуысының оң жақ ауру сезіміне, әлсіздік, кешке дене қызуының жоғарлауына шағымданды.Анамнезінен: бір ай бұрын кеуде уысының оң жағына пышақ жарақатын алған. Көмек алуға келмеген.Тексергеннен кейін дәрігер науқаста плевра эмпиемасын болжамдады. Төменде көрсетілгеннің қайсысы науқастағы диагнозды айқындауға анағұрлым мақсатты?

А) Плевра ішкілік пункция;

В) Диагностикалық бронхоскопия;

+С) Кеуде қуысының рентгеноскопиясы;

D) Ультрадыбысты зерттеу;

E) Компьютерлі томография;

 

Ер адам О., 37 жаста хирургиялық инфекция бөлімінде емделіп жатқанына 5 тәулік болды. Науқасқа оң бүйрек карбункул себебімен ота жасалған. Операциядан кейін 2 тәулікте науқаста ентігу, әлсіздік пайда болды. Тексерілгенде оң өкпенің тотальді ателектазы анықталды. Осы жағдайда қандай емдеу әдісі анағұрлым нәтижелі?

А) Комбинирленген антибиотикотерапия;

+В) Бронхоскопия санациямен бірге

С) Плевра қуысының пункциясы

D) Торакоскопия дренаждаумен бірге

E) Плевра қуысын дренаждау

 

Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы созылмалы плевра эмпиемасы кезінде емдеу анағұрлым нәтижелі?

+А) Торакопластика

В) Антибиотиктерді енгізу

С) Торакоцентез дренаждаумен бірге

D) Плевра қуысының пункциясы

E) Дренаждау белсенді аспирациямен бірге

 

Науқас Б. 55 жаста, қабылдау бөліміне ауырғаннан 3 аптадан кейін кеуде торындағы сол жақтағы ауру сезіміне, ентігуге, 400С дейінгі жоғары температураға, тәбеттің болмауына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: бет цианозы, тыныс алғанға қосымша бұлшықеттер қатысады, ТЖ 26 рет 1 мин. АҚ 110/70, пульс 100 соғу 1 мин. Қан аналізінде: лейкоциттер 23,0х109, СОЭ 39 мм/ч. Кеуде торының 2 проекциядағы рентгенографиясында сол жақтан плевра қуысында сұйықтық деңгейі және ауа анықталады. Дәрігер сол жақты пиопневмоторакс болжамдады. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

А) Қосарланған антибиотикотерапия

В) Тек 2-қабырғааралықта дренаж орнату

С) Жедел оң жақты торакотомия жасау

D) Плевра қуысының күнделікті пункциясын жасау

+E) 2- және 7-қабырғааралықта дренаж орнату, лаваж жасау

 

Науқас М., 62 жаста емханаға хирургқа оң жақтағы екінші саусақтағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 3 тәулік болды. Анамнезінен: қант диабетімен ауырады. Қарап тексергенде: екінші саусақтағы тырнақ фалангасындағы шұғыл ауру сезімі, гиперемия, ісінуі байқалады. Науқаста қандай диагнозы анағұрлым ықтимал?

А) Паронихий

+В) Панариций

С) Флегмона

D) Эризипелоид

E) Лимфангаит

 

Емханың хирургына 56 жастағы ер адам сол қолының 2 саусағы аймағындағы ауру сезіміне, температурасының жоғарлауына шағымданып келді. Ауырғанына 3 күн болған. Қарап тексеріп, дәрігер Сол қолдың 2 саусағының панарицийі диагнозын қойды. Дәрігер операция тағайындады. Осы жағдайда төменде көрсетілген қандай жансыздандыру тәсілі анағұрлым орынды?

А) Венаішілік наркоз

В) Эндотрахеальді наркоз

С) Сүйекішілік анестезия

+D) Лукашевич бойынша анестезия

E) Вишневский бойынша футлярлы блокада

 

Науқас М., 62 жаста емханаға хирургқа оң жақтағы екінші саусақтағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 3 тәулік болды. Анамнезінен: қант диабетімен ауырады. Қарап тексергенде: екінші саусақтағы тырнақ фалангасындағы шұғыл ауру сезімі, гиперемия, ісінуі байқалады. Төменде көрсетілгеннің қайсысы панарицийдің дамуына себепші фактор болды?


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 116 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Алматы 2014 жыл 1 страница | Алматы 2014 жыл 2 страница | Алматы 2014 жыл 3 страница | Алматы 2014 жыл 4 страница | Алматы 2014 жыл 5 страница | Алматы 2014 жыл 6 страница | Алматы 2014 жыл 7 страница | Алматы 2014 жыл 8 страница | Алматы 2014 жыл 9 страница | Алматы 2014 жыл 10 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алматы 2014 жыл 11 страница| Хирургиялық инфекция 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.048 сек.)