Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КазНМУ 03_01_02_каз

Читайте также:
  1. КазНМУ 03_ 03_ қаз
  2. КазНМУ 03_ 03_ рус Детская хирургия
  3. КазНМУ 03_01_01_рус.
  4. КазНМУ 03_01_02_рус.
  5. КазНМУ 03_01_03_каз
  6. КазНМУ 03_01_03_рус.

 

$$$001

Курвуазье синдромы қай ауруға тән?

А) Жедел холецистит;

В) Бауыр гемангиомасы;

С) Созылмалы панкреатит;

D) Ұйқы безінің кистасы;

+ Е) Ұйқы безі басының ісігі;

 

$$$002

Бадд-Киари синдромы кезінде қандай вена тромбозы дамиды?

А) Жоғарғы шажырқай венасының;

В) Көкбауыр венасының;

С) Кіндік венасының;

+ D) Бауыр венасының;

Е) Қақпа венасының;

 

$$$003

Бауыр эхинококкозы бар жоспарлы түрде жатқызылған 30 жастағы науқаста операция алдында кенеттен ішінің ауырсынуы, перитонеальді белгілер, температурасының көтерілуі және теріде бөртпелер пайда болды. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

А) Асқазанның ойық жарасының тесілуі;

В) Жедел паразитарлы гепатит;

+ С) Торсылдақтың жарылуы;

D) Торсылдақтың іріңдеуі;

Е) Пирогенді реакциясы;

 

$$$004

Науқас М. 47 жаста, емханадағы хирург дәрігерге әлсіздікке, дене салмағының азаюына, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ауырғанына 1 жыл болған. Қарап тексергенде: Науқас жүдеген, іші үлкейген, перкуторлы жатық орындарда тұйықталу, склералары сарғайған, терісінде телеангиоэктазиялар бар. Науқаста қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Асқазан обыры;

+ B) Бауыр циррозы;

C) Ойық жара ауруы;

D) Ұйқы безі обыры;

E) Созылмалы панкреатит;

 

$$$005

Науқас К., 42 жаста, қабылдау бөліміндегі хирургқа 39 С0 дене температурасының жоғарлауына, артқы тесік аймағындағы ыңғайсыздық сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде перианальді аймақтың ассиметриясы. Саусақпен тексергенде ішектің сол бүйір бетінде қабырғасы инфильтрацияланған, жедел ауырсыну сезімі байқалады. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

+ А) Шонданай-тік ішектік абсцесс;

B) Шатаралық теріасты абсцесс;

С) Жамбас-тік ішектік абсцесс;

D)Ретроанальді абсцесс;

E) Шырышасты абсцесс;

 

$$$006

Науқас Л. 67 жаста, емханадағы хирургқа іштің кебуіне, дефекацияның қиындауына, үлкен дәреттен кейін ауру сезімі мен алқызыл қан мен шырыштың болуына шағымданды. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктерден 8 см қашықтықта қуыстың тарылуымен түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте?

А) Аноскопия;

В) Колоноскопия;

С) Ирригоскопия;

D) Рентгенография;

+ Е) Ректороманоскопия;

 

$$$007

Науқас М. 76 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне әлсіздікке, бас айналуға, оң мықын аймағындағы болып тұратын ауру сезіміне, 37,60С дейінгі температураға шағымданды. Анамнезінен ауырғанына 4 ай, жағдайының нашарлағанына 6 тәулік болды. Қарап тексергенде оң мықын аймағында ауру сезімді, шекаралары анық емес инфильтрат пальпацияланады. Қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012, лейкоциттер 9,0х109, гемоглобин – 87 г/л, гематокрит – 29%. Науқаста қандай болжам диагнозы анағұрлым ықтимал?

А) Аппендикулярлы инфильтрат;

В) Меккел дивертикулының қабынуы;

С) Тоқ ішектің бұралуы;

+ D) Соқыр ішек обыры;

Е) Ішек инвагинациясы;

 

$$$008

23 жасар әйелде күйзелістен кейін дисфагия, тамақ ішкеннен кейін төс артындағы ауру сезімі, лоқсу пайда болды. Анамнезінен: 3 ай ауырған. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Өңеш обыры;

+ B) Кардия ахалазиясы;

C) Өңеш дивертикулы;

D) Диафрагма жарығы;

E) Гастроэзофагеальді ауру;

 

$$$009

Қабылдау бөліміне хирургқа 54 жастағы науқас П. 38,0 С дейін дене температурасының жоғарлауына, оң мықы аймағының тартып ауруына, бір реттік құсуға, тәулігіне 10-15 ретке дейін қан аралас сұйық нәжістің болуына шағымданып түсті. Анамнезінен: ауырғанына 4 жыл болды, бірнеше рет амбулаторлы емделген. Перитонеальді симптом дар оң. Қан анализінде: - лейкоцитоз 11,2 дейін, таяқша ядролы нейтрофилдер - 26%, ЭТЖ - 22 мм/ч, эозинофилдер - 0. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

+ A) Крон ауруы;

B) Жедел аппендицит;

C) Жедел гастроэнтерит;

D) Бейспецификалық жаралы колит;

E)Шажырқай тамырларының тромбозы;

 

$$$0010

Науқас К. 37 жаста, мас болғанда 1 түйір етті шайнамай жұтып қойған. Өңештің жоғарғы 1/3-дегі бөгде зат (түйір ет) эзофагоскопия кезінде бөлшектеу әдісімен алынды. Келесі күні науқаста жоғарғы температура, жұтқанда ауру сезімі байқалды. Қарап тексергенде: мойын аймағында ісік, қатты ауру сезімі, тері асты крепитация, АҚ 100/60, пульс 90 соғу 1 мин. ТЖ 20 рет 1 мин. Қан анализінде: лейкоциттер-17,5х109. Науқастағы осы жағдай немен шақырылған?

A) Эзофагитпен;

B) Кардиоспазммен;

+ C) Өңештің зақымымен;

D) Кеудеаралық эмфиземасымен;

E) Шараптың суррогаттарымен улану;

 

$$$0011

44 жастағы әйел емханадағы хирургқа өңештің күйіктен кейінгі тарылуы клиникасымен жатқызылды. Анамнезінде 1-жыл бұрын суицид болған. Науқасқа бұрын буждау жасаған. Түскен кезде 18 кг азып сусызданған. Осы жағдайда қандай іс шаралар қолдану орынды?

+ А) Хирургиялық емдеуге жолдау

В) Тағамдық клизмалар тағайындау;

С) Күндізгі стационарда ем қабылдауды тағайындау;

D) Өңешті қайта буждау;

Е) Сұйық - бөлшекті тамақтануды тағайындау;

 

$$$0012

Науқас И., 56 жаста емханадағы хирургқа диспансерлік қаралуға келді. Дәрігер қарағанда кіндіктен жоғары іштің ортаңғы сызығы бойынша өлшемі 5,0х6,0 см болатын жұмсақ-эластикалық түзілісті анықтады. Анамнезінен түзілістің пайда болғанына 5 жыл болған, бірақ соңғы кезде үлкейе түскен, ауру сезімі жоқ. Дәрігер іштің ақ сызығының жарығы деген болжам диагноз қойды. Осы жағдайда сіздің іс- әрекетіңіз?

А) Колоноскопия тағайындау;

В) Бандаж тағуды ұсыну;

+ С) Жарықты алып тастау операциясына жолдау;

D) Ультрадыбыстық зерттеу тағайындау;

Е) Клизманы және қайталама қаралуды тағайындау;

 

$$$0013

Әйел 58 жаста, тиретоксикалық жемсау себебінен струмэктомия опреациясы жасалды. Операциядан кейінгі 2 тәулікте науқаста келесі симптомдар пайда болды: тахикардия 1 минутта 150 соғуға дейін, аритмия, 390С дейін температура, тахипноэ, бет терісінің гиперемиясы. Науқас мазасыз, қорқыныш сезініп тұр. Төмендегілердің қайсысы осындай жағдайға алып келген себепке жатады?

A) Ауалы эмболия;

+ B) Операциядан кейінгі тиреотоксикалық криз;

C) Операциядан кейінгі тетания;

D) Жараның іріңді-қабыну асқынуы;

E) Трахеомаляция;

 

$$$0014

Науқас К., 48 жаста, көктамыр бөліміне оң балтырдың тері асты веналарының жедел тромбофлебиті себебінен жатқызылды. 5 тәулік бойы консервативті терапия жасалды. Ем барысында қабыну үрдісі өршіді, оң санында ауру сезімі, тері гиперемиясы, үлкен тері асты венасының бойымен санның төменгі және ортаңғы 1/3 ауру сезімі мен тығызданулар пайда болды. Осы жағдайда қандай ем түрі анағұрлым орынды?

A) Линтон операциясы;

B) Шұғыл тромбоэмболэктомия;

+ C) Троянов-Тренделенбург операциясы;

D) Антикоагулянтты терапияны жалғастыру;

E) Компресспен эластикалық бинт таңу;

 

$$$0015

Науқас М., 55 жаста,көктамыр бөлімшесіне сол жақ балтыр мен санның веналарының варикозды кеңеюімен жолданған. Анамнезінен: ауру 10 жыл бұрын болған терең веналар флеботромбозынан кейін дамыған. Қарап тексергенде: балтырдың медиальді бетінде өлшемдері 6,0х5,5см трофикалық жара бар. Флебографияда –санның, балтырдың терең веналары реканализацияланған. Осы жағдайда қандай операцияны жасау анағұрлым орынды?

A) Троянов-Тренделенбург операциясы;

B) Жарада некрэктомия жасау;

C) Нарат операциясын жасау;

D) Тромбоэмболэктомия жасау;

+ E) Линтон операциясын жасау;

 

$$$0016

Ер адам, 78 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа оң жақ қабырға астының тұйықталған ауру сезіміне, тері жабындысының сарғаюына шағымданды. ЭРХПГ жүргізген кезде науқаста терминальды бөлікте 4 см ге дейін созылған холедох анықталды. Осы жағдайда қандай операция түрі ең тиімдірек болып табылады?

A) Холедохты сыртқы дренаждау;

B) Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия;

+ C) Супрадуоденалды холедоходуоденоанастомоз;

D) Панкреатодуоденалды резекциясы;

E) Гепатикоеюноанастомоз;

 

$$$0017

Науқас В., 78 жаста, хирургиялық бөлімшеге клиникаға механикалық сарғаюмен түсті. Анамнезінен: 2 апта бойы ауырған. Зерттеу барысында механикалық сарғаюдың себебі үлкен дуоденальды емізік аймағында қысылған тастың бар екендігі анықталды. Осы жағдайда емнің қай түрін қолданған тиімді болып табылады?

A) Дуоденотомия жасау арқылы тасты алып тастап, ішекті тігу;

B) Супрадуоденалды холедоходуоденоанастомоз салу;

C) Ру- ілмегіне холедохоэнтероанастомоз салу;

+ D) Эндоскопиялық папиллотомия жасау және тасты алып тастау

E) Дуоденотомия, тасты алып тастау, Пиковский бойынша дренаждау

 

$$$0018

Науқас Т., 65 жаста, хирургиялық бөлімшеге түскен кезде бауыры ұлғайғандығы анықталды, тері жабындысының сарғаюы байқалады. УДЗ гепатоспленомегалия, іш қуысында бос сұйықтық анықталды. 18 сағаттан соң науқаста үлкен көлемде асқазаннан қан кетті. Дәрігер ЭФГДС жүргізді. Бұл кезде өңештің бөлігінде көк тамырдың 8-9 мм ге дейін ұлғайғандығын анықтады. Көкшіл дақпен жабылған, қан ағу байқалады. Блейкмор зонды орнатылды. Қан ағу тоқтады. Науқаста қан кетудің қайталануын болдырмау үшін сіздің ары қарайғы іс- әрекетіңіз?

А) Дицинон, викасолды тамыр ішіне енгізу;

+ В) Пропранолол және контролок тамыр ішіне енгізу;

С) Асқазан зонды арқылы нутрикомпенгізу;

D) Капроферді зонд арқылы енгізу;

Е) Блейкмор зондын 5 тәулікке қою;

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 125 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Шымкент | СГМУ03_01_03_қаз | АГМУ 03_01_03_­каз | КРМУ03_01_03_­каз | КазНМУ03_01_01_­каз | МАУ03_01_01_­каз | Караганда | Шымкент | СГМУ 03_01_01_қаз | АГМУ 03_01_01_каз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КРМУ 03_01_01_каз| МАУ 03_01_02_каз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)