Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы хирургия 8 страница

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0011

Жаңа туған нәрестелердегі туа пайда болған аномалиялардың ішіндегі ең жиі тарағаны:

А) Туа пайда болған кеңірдек – өңештік жыланкөзі

B) Жоғарғы және төменгі жыланкөзбен өңеш атрезиясы

С) Жыланкөзсіз өңеш атрезиясы

D) Төменгі кеңірдек – өңештік жыланкөзімен өңеш атрезиясы

E) Жоғарғы кеңірдек – өңештік жыланкөзімен өңеш атрезиясы

{Дұрыс жауабы}= D

{күрделілігі}=2

{Оқулық}= Тұрсынов Қ.Т. Нәрестелер хирургиясы, 2010 ж.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0012

Пилоростеноздың клиникалық симптомдары әдетте анықталады:

А) Туған соң алғашқы күндері

B) Өмірінің екінші аптасында

С) Өмірінің үшінші аптасында

D) Өмірінің төртінші аптасында

E) Өмірінің 1 айынан кейін

{Дұрыс жауабы}= D

{күрделілігі}=2

{Оқулық}= Тұрсынов Қ.Т. Нәрестелер хирургиясы, 2010 ж.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0013

3 апталық нәрестеде «фонтанша» құсу және дене салмағының төмендеуіне, 2-3 күнге дейін ішінің жүрмеуіне, зәрінің азаюына шағымданып хирургия бөлімшесіне түседі. Ауырғанына 4 күн болған. Қарағанда бала өте мазасыз. Іші қабысқан, «құм сағаты» симптомы оң.

Науқастың болжам диагнозы қандай?

А) Ішек өтімсіздігі.

B) Жедел аппендицит.

C) Пилороспазм.

D) Пилоростеноз.

E) Өңеш стенозы.

{Дұрыс жауабы}= D

{күрделілігі}=3

{Оқулық}= Тұрсынов Қ.Т. Нәрестелер хирургиясы, 2010 ж.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0014

Анасы 1 айлық баласымен поликлиникаға келіп қаралды. Нәрестеде айқын кекіру мен ұйықтап жатқанда жөтелу симптомына шағымдалады. Анамнезінде белгілі: бала салмақты дұрыс қоспайды, жиі өкпесі қабынады, құсығы шырыш пен қан аралас, тамақтандырғанда мазасызданады.

Науқастың болжам диагнозы қандай?

А) Пилороспазм.

B) Жоғарғы жартылай ішек өтімсіздігі.

C)Көкеттегі өңеш тесігінің жарығы.

D) Гипоксиядан кейінгі энцефалопатия.

E) Муковисцидоз.

{Дұрыс жауабы}=С

{күрделілігі}=3

{Оқулық}= Исаков Ю.Ф. Хирургические болезни детского возраста М., 2 тома. ГЭОТАР Мед., 2004 ж.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0015

Поликлиникаға мамасы 2 жастағы қызымен келіп қаралды. Негізгі шағымы – нәжісінде қан бара. Анамнезінде белгілі, бала жасына сәйкес өсіп келеді. Тәбеті жақсы. Нәжісі күнделікті, қалыпты,ауырусыз.

Науқастың болжам диагнозы қандай?

А) Анустың жырығы.

B) Инвагинация.

C) Анустың стенозы.

D) Тоқ ішек жарасы.

E) Тік ішек полипі.

{Дұрыс жауабы}= Е

{күрделілігі}=3

{Оқулық}= Исаков Ю.Ф. Хирургические болезни детского возраста М., 2 тома. ГЭОТАР Мед., 2004 ж.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0016

Поликлиникаға мамасы 2 жастағы қызымен келіп қаралды. Негізгі шағымы – нәжісінде қан бара. Анамнезінде белгілі, бала жасына сәйкес өсіп келеді. Тәбеті жақсы. Нәжісі күнделікті, қалыпты, ауырусыз.

Бұл жағдайда ең алғаш қандай әдіспен тексеру жүргізіледі?

А) ирригография.

B) Рer rectum қарау.

C) Колоноскопия.

D) Құрсақ қуысы ағзаларына УДЗ жасау.

E) Нәжісін дисбактериозға зерттеу.

{Дұрыс жауабы}=В

{күрделілігі}=3

{Оқулық}= Исаков Ю.Ф. Хирургические болезни детского возраста М., 2 тома. ГЭОТАР Мед., 2004 ж.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0017

Нәрестелер хирургиясы бөлімшесіне туылғанынан 4 сағат өткен қыз бала келіп түсті. Түскен кезде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тамақтандырғанда құспаған, бала мазасыз. Бұл жағдайда диагнозды анықтау ең алғаш қандай әдіспен тексеру жүргізіледі?

А) Құрсақ қуысы ағзаларына шолу рентген суретін түсіру.

B) УДЗ құрсақ қуысы ағзаларына.

C) ЭКГ.

D) Ректосигмоскопия

E) Колоноскопия.

{Дұрыс жауабы}=А

{күрделілігі}=3

{Оқулық}= Тұрсынов Қ.Т. Нәрестелер хирургиясы, 2010 ж.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0018

Емханаға 8 жасар қыз баланы анасы алып келді. Негізгі шағымы – жағылып жүрген нәжіс (каломазание). Анасының сөзіне қарағанда бала 2 жастан бастап іш қатумен зардап шегеді екен. Бірнеше ай бұрын жағылып жүрген нәжіс анықталды. Қарап тексергенде анусында ерекшеліктер жоқ. Саусақ арқылы ректальді тексеру жасалды. Тексеру барысында қандай белгіге көңіл бөлу керек?

А) Анустың тарылуы

В) Анальді каналда ісіктің болуы

С) Анустың жарақаты

D) Анальді сфинктердің бос болуы

E) Тік ішектің полипі

{Дұрыс жауабы}= D

{күрделілігі}=3

{Оқулық}= Тұрсынов Қ.Т. Нәрестелер хирургиясы, 2010 ж.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0019

8 айлық баланы емханада қарап тексеру барысында табанның иілу, супинация мен аяқ басының ішке қараған белгілері анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

А) Артрогриппоз

В) Полая стопа

С) Параличтік ат тұяғы

D) Литтл ауруы

E) маймақтық

{Дұрыс жауабы}=Е

{күрделілігі}=3

{Оқулық}= Исаков Ю.Ф. Хирургические болезни детского возраста М., 2 тома. ГЭОТАР Мед., 2004 ж.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0020

8 айлық балада жамбас буынын рентген суретке түсіріп қараған кезде сол ортан жілік басының жоқ екені, орнынан тайғаны анықталды. Оң жақ буыны қалыпты. Анамнезінен белгілі болғаны 2 айлық кезінде дене қызуы 39 гр дейін жоғарылап, сол жақ аяғын қозғалтуы шектелген болған. Антибиотик алғаннан кейін белгілер жойылып кеткен. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A) Рахит

B) Эпифизарлы остеомиелит

C) Полиомиелит

D) Туберкулез

E) Ортан жіліктің сынығы

{Дұрыс жауабы}=Э

{күрделілігі}=3

{Оқулық} = Тұрсынов Қ.Т., Құсаинов А.З. Балалардың хирургиялық іріңді қабыну аурулары, Алматы, 2011 ж.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0021

Бала 1 жаста. Қабылдау бөліміне ортан жілік аймағының ісінуі мен пальпация жасағандағы ауру сезіміне шағымданып келді. Бала жүрмейді. Анамнезінен – 3 сағат бүрын каляскадан құлап кетке. Рентген жасағанда – ортан жіліктің ортаңғы 3/1 бөлігінің қисық сынығы. Емдеу тактикасы қандай?

A) Cкелетті таңу

B) Кред-Кефор әдісі

C) Шпиц әдісі

D) Шаде бойынша тарту

E) Гипсті таңу

{Дұрыс жауабы}= D

{күрделілігі}=3

{Оқулық}= Исаков Ю.Ф. Хирургические болезни у детей, М., Медд., 1998 г.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$0022

Қабылдау бөліміне 5 жастағы бала келіп түсті. Достарымен шырақ жағып отырғанда күйік алған. Іш пен кеуде бөлігінің көпіршігі бар күйік жарасы, кей жерлерінде геморрагиялық бөлініспен, кей жерлерде қоңыр өліеттенуі байқалады.Термиялық күйіктің қай дәрежесіне жатады.

A) Беткейлі күйік

B) бірінші-екінші дәрежелі күйік

C) екінші дәрежелі күйік

D) Үшінші А дәрежелі күйік

E) IIIA-IIIB дәрежелі терең күйік

{Дұрыс жауабы}= Е

{күрделілігі}=3

{Оқулық}= Исаков Ю.Ф. Хирургические болезни детского возраста М., 2 тома. ГЭОТАР Мед., 2004 ж.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

Каз

$$$001

Алдыңғы камераның тереңдеуі, иридоденез, көрудің төмендеуі, гиперметропиялық рефракция. Бул белгілерге көбірек тұра келетін диагноз?

А) Увеитке

B) Катаракаға

C) Афакияға

D) Кератитке

E) Глаукомаға

{ Дұрыс жауап}=С

{Құрамы}=2

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$002

Көз дәрігеріне жас адам шамалы белгілі жарықтан қорқу, екі көзінің шамалы жасаурауына шағым етіп келді. Объективті: OU қасаң қабықтың стромасында лимбге жақын жерде көптеген нүктелі инфильтраттар байқалды, инфильтраттың үстінде кедір – бұдыр, сол инфильтраттарға эписклерадан қан тамырлары тараған. Қосымша тексеріп қарағанда гетчинсов тістері, ер тәрізді мұрын, маңдай дөңесінің томпақтауы байқалған. Қандай диагноз көбірек болуы мүмкін?

А) Птеригиум

В) Герпесті кератит

С) Фликтенулезды кератит

D) Мерездік кератит

Е) Қасаң қабықтың бұлыңғырлануы

{ Дұрыс жауап}=D

{Құрамы}=2

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$003

Окулист қабылдауында 25 жастағы пациент, повар. Науқастың шағымы: оң көзінің қызаруы, көзден бөлінулер, таңертеңгі қабағының жабысып қалуы. Шамалы жарықтан қорқушылық, жас ағу. Екі күннен бері ауырады. Суық тиюмен байланыстырады. Объективті: OD-көз саңлауы тарылған, қабақтар ісінген, кірпіктері жабысқан. Қабақтың конъюнктивасы қызарған, ісінген, инфильтрацияланған. Конъюнктивадан іріңді бөлінулер. Көздің алдыңғы бөлігі патологиясыз. OS сау. VOD=1,0; VOS=1,0. Сіздің диагноз? Қандай зерттеу әдістерін қолдануға болады?

А) Жедел конъюнктивит. Вирусологиялық зерттеу

В) Аллергиялық конъюнктивит. Цитологиялық зерттеу

С) Гонобленорея. Бактериологиялық егу және гонореяға тексеру

Г) Жедел конъюнктивит. Бактериологиялық егу

Е) Көктемгі катар. Вирусологиялық зерттеу

{ Дұрыс жауап}=Г

{Құрамы}=3

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$004

Науқасқа 45 жас, слесарь. Науқас жоғарғы қабағының ішкі бетінде ауру сезімінсіз ісік пайда болғанына шағымданады. Пайда болғанына 5 айдай уақыт болған. Кейінгі бір ай ішінде ісіктің үлкейгені байқалған. Объективті: қабақтың ортаңғы үштен бір бөлігінде шетінен 3 мм жерде ауырмайтын диаметрі 4 мм өсінді бар. Оның үстіндегі тері жылжымалы, өзгермеген. Өсіндінің үстіңгі жағындағы конъюнктива шамалы қызарған. Көздің басқа бөліктерінде өзгерістер жоқ. Vis OD=1,0; Vis OS=1,0.

Болуы мүмкін диагноз? Емдеу тактикасы

А) Теріскен. Жергілікті антибиотиктер

В) Теріскен. Хирургиялық ем

С) Фурункул. Вишневский майымен компресс

D) Халазион. Сары сынап майын конъюнктива қапшығына жағу

Е) Халазион. Хирургиялық ем

{ Дұрыс жауап}=Е

{Құрамы}=3

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$005

Науқас көз алдында қара дақтың пайда болғанына, сөздерді оқый алмауына шағымданады. Сөздегі барлық әріптерді оқу үшін басын әр жаққа бұрыуға тура келеді. Науқасқа бірінші қандай зерттеу жүргізу қажет? Бул зерттеумен не анықтауға болады деп ойлайсыз?

А) Көру кеңістігін анықтау. Орталық скотоманы табу үшін

B) Көру жітілігін анықтау. Рефракция аномалиясын анықтау үшін

C) Биомикроскопия өткізу. Гипопионды табу үшін

D) Көру кеңістігін анықтау. Артқы синехияны анықтау үшін

T) Биомикроскопия өткізу.Миозды табу үшін

{ Дұрыс жауап}=А

{Құрамы}=3

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$006

40 жастағы 1,0Д миопиясы бар науқасқа жақыннна жұмыс істеу үшін қандай көзілдірік береміз?

A) 1,0Д жинағыш линза
B) 1,0Д шашыратқыш линза
C) Коррекция кажет емес

D) shpera convex 2,0 диоптриямен

E) shpera concavе - 1,0 диоптриямен

{ Дұрыс жауап}=С

{Құрамы}=2

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$007

Науқас 50 жаста, бурын көзі жыл жақсы көрген. Сол көзінің көруі біртіндеп үш жыл ішінде төмендеген. Казір көзі көзілдірікпен нашар көреді. Көру жітілігі OS=0,1 коррекция көмектеспейді. Объективті: OS нұрлы қабықтың стромасы шамалы солыған, көздің түбінде көздің жүйкесінің үрпішесімен экскавациясының айырмашылығы э/д OS 0,8-0,9, OD 0,4-0,5. Көз көру аумағы OS жоғарғы шеткі бөлігінде шет шекарасы 100 дейін кішірейген. КІҚ OS – 25-26 мм с.б. Гониоскопияда алдыңғы камера бұршының барлық жері көрінеді. Бул белгілер глаукоманың қайсы түріне және стадиясына тұра келеді?

A) А/б глаукома, III с

B) А/б глаукома, I в

C) А/б глаукома, III а

D) Ж/б глаукома, III а

E) Ж/б глаукома, глаукоманың қаурыт ұстамасы.

{ Дұрыс жауап}=С

{Құрамы}=3

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$008

Көз дәрігеріне 23 жаста ер адам келді, бойы биік, қолдарының саусақтары ұзын. Алыстан нашар көреді, оқығанда басын қисайтады. Сыртқы түріне қарап қандай ауру екенін күдіктенуге болады? Бул ауру қалай анықталады?

A) Бехчет ауруы

B) Стилла ауруы

C) Рейтер синдромы

D) Марфан ауруы

E) Микулич ауруы

{ Дұрыс жауап}=D

{Құрамы}=2

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

Аз

 

$$$001

55 жасар науқас сол құлағынан бұлақ ағатындығына, естудің төмендегеніне 15 жыл болғандығына шағымданады. Соңғы 5 күнде бастың айналуы пайда болған. Тексергенде: сол жақтағы дабыл жарғағының шеткі тесілуі, жағымсыз иісті бөлінді мен фистулді әдістің оң екендігі аңғарылды.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ең ыңғайлысы қайсысы?

А) Құлаққа кең көлемде радикалді операция жасау

В) Құлаққа радикалді операция жасау

С) Тимпанопластика

D) Лабиринтэктомия

Е) Мастоидотомия

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Балалардағы құлақ аурулары, Алматы, 2007; Күлімбетов А., Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Оториноларингология дәрістері, Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$002

19 жасар науқас кенеттен мұрнының, басының ауыратындығын, мұрынмен тыныс алуының нашарлауын, ыстығының 39 ْС дейін көтерілгенің аңғарған. Оны жарақатпен байланыстырады. Риноскопияда: мұрын жолдары тарылған, мұрын пердесінің алдыңғы бөлігі қызарған, ісінген.

Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

А) Мұрын пердесінің абсцесі

В) Мұрын пердесінің соғылғаннан көгерген

С) Мұрынның кіреберісінің сикозы

D) Мұрын сүйегінің сынуы

Е) Мұрын шиқаны

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Оториноларингология дәрістері, Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$003

14 науқас тамағының сол жағының ауыратындығына, әсіресе жұтынғанда үдейе түсетіндігіне, жұтыну қиын соққандығына, айқын әлсірегендігіне, ыстығының 38,8 ْ C дейін көтерілгеніне шағымданады. Ауырғанына 5 күн болған, кенеттен ауырған. 2 күн бұрын қыздыру компресінен кейін жағдайы нашарлаған. Тексергенде: жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады, төменгі жақтың қозғалысы шектелген. Сол жақтағы таңдай бадамшаларының домбығуы, таңдай иіндерінің ісінуі мен қызаруы салдарынан ассиметрия бар екендігі көрінеді. ЖҚА – L-12,6 *109, ЭТЖ – 34 мм/с.Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

А) Жедел фарингит

В) Фолликулярлы баспа

С) Лакунарлы баспа

D) Қатаралды баспа

Е) Паратонзиллярлы абсцесс

{Дұрыс жауабы} = E

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Балалардағы құлақ аурулары, Алматы, 2007; Күлімбетов А., Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Оториноларингология дәрістері, Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$004

43 жасар науқас әйел ентігуіне шағымданады. Жағдайы орташа, мазасыз, инспираторлы ентігу (ТАЖ минутына 25 рет), терісі бозғылт, акроцианоз, стридор, бұғанаасты шұңқырларының ішке тартылуы, демалысы беткей, пульс 90 рет/минутыны байқалады.

Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

А) Жұтқыншақтың тарылуының 1- ші кезеңі

В) Жұтқыншақтың тарылуының 2- ші кезеңі

С) Жұтқыншақтың тарылуының 3- ші кезеңі

D) Жұтқыншақтың тарылуының 4- ші кезеңі

Е) Жұтқыншақтың тарылуының 5- ші кезеңі

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Оториноларингология дәрістері, Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$005

33 жастағы науқас басының ауыратындығына, оң көздің жоғарғы қабағының ісінгендігіне, мұрыннан іріңді бөлініс бөлінетіндігіне, дене қызуының 39,9 ْС дейін көтерілгендігіне шағымданады. Науқас суықтағаннан кейін 6 күннен кейін ауырған. Риноскопия кезінде: мұрынның шырышты қабығының қызаруы, оң жағындағы ортаңғы мұрын жолында іріңді бөліністің бар екендігі аңғарылды.

Төменде келтірілген хирургиялық тәсілдердің қайсысы консервативті емдеудің әсері болмаған жағдайда ең тиімді болады?

А) Маңдай қуысының трепанопункциясы

В) Гаймор қуысының пункциясы

С) Негізгі қуыстың пункциясы

D) Гайморотомия

Е) Этмоидотомия

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Оториноларингология дәрістері, Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$006

13 жасар науқас тұмаудан кейін сол құлағының қатты ауырғынына, есту қабілетінің төмендегеніне, бастың сол бөлігінің ауыратындығына шағымданып келді. Ауырғанына 4 күн болған, ыстығы көтерілген. Отоскопияда оң жақта патология жоқ, сол жақта дабыл жарғағы қызарған, домбыққан, нүктелі саңылаудың пайда болу қаупі бар.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ең ыңғайлысы қайсысы?

А) Дабыл жарғағының өз бетінше тесілуін күту

В) Сыртқы есту жолын жуу

С) Құлаққа антибиотик ерітінділерін тамызу

D) Мастоидотомия

Е) Парацентез

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Балалардағы құлақ аурулары, Алматы, 2007; Күлімбетов А., Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Оториноларингология дәрістері, Астана, 2009.{Курс}=7)

{Тоқсан}=14

 

$$$007

2,5 жасар бала клиникаға түсті. Анасының айтуы бойынша балада қарлықпа жөтел мен ентікпе бар. Кенеттен ауырған, ыстығы 38 ْْC. Бұғанаүсті және бұғанаасты кеңістіктері ішке тартылған, пульс жиіленген, терісі бозарыңқы, ерні көгілдір. Риноскопия мен фарингоскопияда: шырышты қабаттар қызарған. Ларингоскопияда қатпарасты кеңістіктің ісінуі салдарынан дауыс қатпарлары тарылған.

Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

А) Жедел флегмонозды ларингит

В) Жедел катаралды ларингит

С) Жедел ларинготрахеит

D) Көмекейдің хондроперихондриті

Е) Көмекейдің күл ауруы

{Дұрыс жауабы} = C

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Оториноларингология дәрістері, Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$008

4 айлық бала тынымсыз, жылайды, тамақтанғанда шашалады, тыныс алуы нашарлаған, мыңқылдайды. Фарингоскопияда жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы шар тәрізді домбыққан, былқылдайды.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ең ыңғайлысы қайсысы?

А) Паратонзиллярлы кеңістікті кесіп ашу;

В) Пұтқыншақ маңы кеңістікті ашу;

C) Люголь ерітіндісімен майлау;

D) Жұтқыншақарты кеңістікті кесіп ашу;

Е) Аденотомия.

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Балалардағы құлақ аурулары, Алматы, 2007; Күлімбетов А., Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Оториноларингология дәрістері, Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

Аз.

$$$001

60 жастағы науқаста соңғы 5 айда тұрақты іштің қатуы профузды сасық иісті іштің өтуімен кезектеседі. Үнемі ішінің ауырлығына және ішітң шұрылдауына шағымданады. Өздігінен антибиотиктермен емделген және тазарту клизмасын жасаған. Бұрын ішек қызметі қалыпты болған. Ал соңғы аптада нәжісінде қан және шырыш аралас қоспа байқалған. Ішіндегі ұстама тәрізді ауру сезімі жел шығуымен басылады. Диагноз қою үшін қандай тексеру әдісін қолданған жөн:

A) Көзделген биопсия мен фиброколоноскопия

B) Нәжісті атипиялық жасушаға зертттеу

C) Копрологиялық зерттеу

D) Лапароскопия

E) УДЗ

{Дұрыс жауабы} =A

{Күрделігі} = 2

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

$$$002

62 жастағы ер адам: жалпы әлсіздікке, еңбекке қабілетінің төмендеуіне, бас айналуына, салмағының азаюына, дене қызуына,күніне 2-3 рет сұйық нәжісті іш өтуіне (нәжісі қоспасыз), іштің құрылдауына шағымданған. 4 айдан бері ауырады. Дәрігерге бірінші рет қаралып отыр. Жас кезінде колитпен ауырған, курорттарда емделген. Соңғы 10 жылда ауру күшеймеген. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозғылт, тері серпімділігінің төмендеуі, іш шектеулі кебінген. Сипап қарағанда ауру сезімі бар. Жалпы қан сараптамасында – анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз.

Төмендегілердің қай диагнозы сәйкес келеді?

А) Темір жетіспеушілігі анемиясы

В) Созылмалы колиттің күшеюі

С) Ішектің жұқпалы ауруы

Д) Тоқ ішектің сол жақ рагы


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 93 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Торакальная хирургия 3 страница | Торакальная хирургия 4 страница | Торакальная хирургия 5 страница | Торакальная хирургия 6 страница | Жоспарлы хирургия 1 страница | Жоспарлы хирургия 2 страница | Жоспарлы хирургия 3 страница | Жоспарлы хирургия 4 страница | Жоспарлы хирургия 5 страница | Жоспарлы хирургия 6 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоспарлы хирургия 7 страница| Жоспарлы хирургия 9 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.051 сек.)