Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хирургиялық инфекция 3 страница

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

 

80 жастағы науқаста ішек өтімсіздігіне байланысты операция барысында ішектің ректосигмалық бөлімінің ісігі анықталды. Бауырда метастаздық түйіндер бар. Операция көлемі қандай?

A) Илеотрансверзоанастомоз жасау;

B) Сол жақты гемиколэктомия;

+C) Екі өзекті сигмостоманы салу;

D) Сигма тәрізді ішектің резекциясы;

E) Ішектің ректосигмоидты бөлімінің резекциясы;

 

Науқас 62 жаста хирургия бөліміне жедел холецистит клиникасымен түсті. Келесі үш күнде қалтырау, сарғыштану, гипертермия пайда болды. Перитонит симптомдары жоқ. Науқаста қандай асқыну пайда болуы мүмкін:

A) Үлкен дуоденальды емізіктің стенозы;

B) Өт қапшығының эмпиемасы;

C) Гепатит;

D)Перфорацияланған холецистит;

+E) Жедел холангит;

 

Науқас 49 жаста, шұғыл түрде жедел флегмоналық холецистит және механикалық сарғыштануға байланысты операция жасалды. Операция барысында өт жолының 13 мм дейін ұлғаюы байқалды, саңылау арқылы өт қапшығы өзегінің тұқылыарқылы фибрин талшықтарымен лайлы өт пен өт құмы анықталды. Холангиографияда холедохтың терминальды бөлімінің жақсы өтімділігі байқалды. Сіздің диагнозыңыз?

A) Үлкен дуоденальды емізіктің стенозы;

+B) Іріңді холангит;

C) Жедел панкреатит;

D) Дуоденит;

E) Перихоледохты лимфаденит;

 

57 жастағы науқасқа жедел флегмоналық холециститке байланысты операциядаөт жолы мен гепатодуоденальды байлам аймағында тығыз инфильтрат анықталды. Инфильтратта байлам элементтері анықталмады. Сіздің тактикаңыз?

A) Мойыннан холецистэктомия жасау;

B) Бөлшектеу әдісімен холецистэктомия;

+C) Түбінен холецистэктомия жасау;

D) Өт қабын тампонмен шектеу;

E) Холецистостомия;

 

Науқас 68 жаста, үш күн бұрын оң жақ қабырға астында жедел ауру сезімі пайда болып өздігімен қайтты. Он сағаттан соң ауру сезімі қайтадан пайда болды, ауру сезім сипаты үнемі және ауру сезім күші ұлғайды. Қайталамалы өтпен құсу болды. Температура 38º С. Бұрын УДЗ-де өт қабында конкременттер анықталған. Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта, пульс 98 соғыс минутына. Тіл ақ жабындымен қапталған, құрғақ. Іші біршама кернелген және оң жақ қабырға астында өт қапшығының түбі пальпацияланады, ауру сезімді. Ортнер және Мюсси симптомдары оң, Щеткина-Блюмберг симптомы оң жақ қабырға астында бар. Сіздің диагнозыңыз?

+A) Жергілікті перитонит пен жедел холецистит;

B) Іріңді холангит пен жедел холецистит;

C) Холедохолитиаз;

D) Жедел холецистит, екіншілік панкреатит;

E) Он екі елі ішектің перфоративті ойық жарасы;

 

Науқас 60 жаста, оң жақ қабырға астында ауру сезімі мен жүрек айну шағымымен хирургия бөліміне түсті. Ауру сезімі үш күн бұрын пайда болды. Анамнезінде ауру сезімі көбіне майлы тамақ жегенннен кейін пайда болатынын байқады. Тексергенде науқаста склера сарғыштығы,пальпацияда оң жақ қабырға астында ауру сезімі байқалды. УДЗ тексерісінде өт қабында тас пен өт жолында конкременттерді көрсетті. Ең тиімді емдеу тактикасы?

A) Холецистэктомия, холедохолитотомия;

B) Холецистэктомия, өт жолдарын сыртқа дренаждау;

+C) Эндоскопиялық холедохолитоэкстракциямен лапароскопиялық холецистэктомия;

D) Холецистэктомия, холедохолитотомия сыртқы дренажбен;

E) Холецистэктомия;

 

72 жастағы науқасқа, перитонит пен жедел ішек өтімсіздігіне байланысты операция барысында өрлемелі тоқ ішек бөлімінде ісік анықталды. Ісік орны перфорацияланған. Ісік метастаздары анықталмады. Сіздің тактикаңыз?

+A) Оң жақтағы гемиколэктомия, құрсақ қуысын дренаждау;

B) Біріншілік анастомозбен ішектің ісікпен бірге резекциясы;

C) Стома шығарумен ішек резекциясы;

D) Тотальды колэктомия, құрсақ қуысын дренаждау;

E) Екі өзекті колостоманы шығару;

 

Науқас әйел 45 жаста, аппендикулярлы перитонитке байланысты лапаротомия жүргізілді. Аппендэктомиядан алты күннен кейін науқаста іштің төменгі жағының ауруы, тенезм мен дизурия пайда болды. Температура 39ºС, гектикалық өзгерістермен, тоңу. Тілі ылғал,пальпацияда іші жұмсақ, қасағаүсті ауру сезімді.Ректальды тексерісте, кіші жамбас бөлімінде үлкен, ауру сезімдіжұмсарған инфильтрат анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

A) Құрсақ қуысының ісігі;

+B) Дугласов кеңістігінің абцессі;

C) Жедел ішек өтімсіздігі;

D) Қуық ісігі;

E) Жатырдың миомасы;

 

 

Науқас 36 жаста, аппендикулярлы перитонитке байланысты лапаротомия жасалынды. Аппендэктомиядан алты күннен кейін науқаста іштің төменгі жағының ауруы, тенезм мен дизурия пайда болды. Температура 39ºС, гектикалық өзгерістермен, тоңу. Тілі ылғал,пальпацияда іші жұмсақ, қасағаүсті ауру сезімді.Ректальды тексерісте, кіші жамбас бөлімінде үлкен, ауру сезімдіжұмсарғанинфильтрат анықталды. Дугласов кеңістігінің абцессі диагнозы қойылды.Сіздің тактикаңыз?

A) Лапаротомия, абцессті ашып дренаждау;

B) УДЗ бақылауында абцесс толындысын пункциялық аспирациялау;

+C) Тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы абцессті ашу;

D) Консервативті ем;

E) Динамикалық бақылау;

 

Науқас 29 жаста, ауру басталғаннан 2 тәуліктен соң жедел аппендицит бойынша операция жасалды. Операцияда құрт тәрізді өсіндінің флегмоналық өзгерісі мен мықын аймағында лайлы сұйықтық анықталды. Хирург аппендэктомиямен шектелді. Операциядан алты күннен соң науқаста тік ішекте ауру сезімі, ауру сезімді зәр шығару пайда болды. Ректальды тексерісте тік ішектің алдыңғы қабырғасында ауру сезімді томпаю байқалды. Лейкоциттер қанда 18мың, температура 38,9. Дугласс кеңістігінің абцессі диагнозы қойылды.Асқыну себебін көрсетіңіз?

+A) Құрсақ қуысын жеткіліксіз санациясы;

B) Құрт тәрізді өсіндіде деструкция болуы;

C) Инфекция вируленттілгінің жоғарлығы;

D) Науқас иммунитеттінің төмендігі;

E) Жеткіліксіз антибиотикотерапия;

 

Науқас 29 жаста, ауру басталғаннан 2 тәуліктен соң жедел аппендицит бойынша операция жасалды. Операцияда құрт тәрізді өсіндінің флегмоналық өзгерісі мен мықын аймағында лайлы сұйықтық анықталды. Хирург аппендэктомиямен шектелді. Операциядан алты күннен соң науқаста тік ішекте ауру сезімі, ауру сезімді зәр шығару пайда болды. Ректальды тексерісте тік ішектің алдыңғы қабырғасында ауру сезімді томпаю байқалды. Лейкоциттер қанда 18мың, температура 38,9. Операциядан кейінгі қандай асқыну пайда болды?

A) Жедел ішек өтімсіздігі;

B) Жедел панкреатит;

+C) Дуглас кеңістігінің абцессі;

D) Жедел ректосигмоидит;

E) Жедел парапроктит;

 

Науқас 58 жаста хирургияныңқабылдау бөліміне жеткізілді. Анамнезінен: 9 сағат бұрын эпигастрий бөлімінде ауру сезімі пайда болып, ауру сезімі оң жақ мықын аймағына иррадиацияланды. Науқас ішіне жылу қойып, анальгин ішті, содан ауру сезімі басылды. Екі күннен соң ауру сезімі қайта пайда болды, бүкіл ішке жайылып, көп ретті құсу пайда болды. Науқастың жағдайы ауыр. Есі адасқан, эйфориялы. Пульс 128 соғ/мин., АҚ 95/60 мм.рт.ст. Тілі құрғақ. Іші кернелген, бүкіл аймақта ауру сезімді, әсіресе оң жақ мықын астында. Щеткин-Блюмберг симптомы бүкіл бөлімде оң. Лейкоциттер қанда 18мың. Перитониттың ең ықтимал себебі?

+A) Жедел аппендицит;

B) Жедел панкреатит;

C) Жедел холецистит;

D) Жедел ішек өтімсіздігі;

E) Он екі елі ішектің перфорацияланған ойық жарасы;

 

Науқас 60 жаста, 9 сағат бұрын эпигастрий бөлімінде ауру сезімі пайда болып, ауру сезімі оң жақ мықын аймағына иррадиацияланды. Науқас ішіне жылу қойып, анальгин ішті, содан ауру сезімі басылды. Екі күннен соң ауру сезімі қайта пайда болды, бүкіл ішке жайылып, көп ретті құсу пайда болды. Науқастың жағдайы ауыр. Есі адасқан, эйфориялы. Пульс 128 соғ/мин., АҚ 95/60 мм.рт.ст. Тілі құрғақ. Іші кернелген, бүкіл аймақта ауру сезімді. Көбіне оң жақ мықын астында. Щеткин-Блюмберг симптомы бүкіл бөлімде оң. Лейкоциттер қанда 18мың. Операцияға дейін қандай ем жүргізіледі?

A) Спазмолитик енгізіп, ауыз қуысын санациялау;

B) Тазалау клизмасы;

C) Парентеральды тамақтану,;

+D) Назогастральды зонд енгізіп, инфузиялы терапия;

E) Ішек перистальтикасын стимулдау;

 

Хирургиялық бөлімшеге этиологиясы белгісіз, клиникалық көрінісі перитонитке келетін 59 жастағы науқас түсті. Диагностикалық мақсатта лапароскопия жасалды. Лапароскопияда құрсақ қуысында аздаған геморрагиялық экссудат пен үлкен шажырқайда майлы некроздың дағы байқалды. Гепатодуоденальды байламдар аймағына қан сінген. Құрсақ қуысынан шыққан экссудаттың құрамында амилаза көрсеткіші көтерілген. Сіздің диагнозыңыз?

A) Перитонитпен асқынған жедел аппендицит;

B) Ішек өтімсіздігі, перитонит;

C) Перитонитпен асқынған жедел холецистит;

+D) Геморрагиялық панкреонекроз, панкреатогенды перитонит;

E) Меккель дивертикулының перфорациясы;

 

Хирургиялық бөлімшеге этиологиясы белгісіз, клиникалық көрінісі перитонитке келетін 59 жастағы науқас түсті. Диагностикалық мақсатта лапароскопия жасалды. Лапароскопияда құрсақ қуысында аздаған геморрагиялық экссудат пен үлкен шажырқайда майлы некроздың дағы байқалды. Гепатодуоденальды байламдар аймағына қан сінген. Құрсақ қуысынан шыққан сұйықтық құрамында амилаза көрсеткіші көтерілген. Геморрагиялық панкреонекроз, панкреатогенды перитонит диагнозы қойылды. Сіздің тактикаңыз?

A) Лапаротомия, шажырқай қапшығын дренаждау;

+B) Құрсақ қуысы мен шажырқай қапшығын лапароскопиялық дренаждау;

C) Лапаротомия, ұйқы безінің резекциясы;

D) Сұйықтықты лапароскопиялық аспирациялау;

E) Лапаротомия, панкреатэктомия;

 

Науқас 18 жаста хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілген бес сағат бұрын кенеттен эпигастрии аймағында пышақ сұққандай ауру сезімі басталды, кейін ауру сезімі бүкіл ішке таралды. Бұрын асқазан қыжылы мен түнде, аш қарынға ауру сезімі мазалайтын. Тексерісте: іші дем алуға қатыспайды, пальпацияда бүкіл ішінде ауру сезімі байқалады, бұлшықеттердің жайылған қатаюы байқалады, Щёткин-Блюмберг симптомы оң. Бауырлық тұйықтық анықталмайды. Температура 36,6ºС, қандағы лейкоциттер 11,2 мың. Перитониттың пайда болған себебін көрсетіңіз.

A) Жедел аппендицит;

B) Жедел холецистит;

+C) Гастродуоденальды ойық жараның перфорациясы;

D) Жедел ішек өтімсіздігі;

E) Жедел панкреатит;

 

Науқас 48 жаста іштің жоғарғы бөліміндегі белдемелі мінезді ауру сезіміне, жүрек айнуға, көп ретті құсуға шағымданды. Тексерісте: пульс 86 с/мин, ҚҚ 110/70 с/б. Іші аздап кепкен, пальпацияда жоғарғы аймағында ауру сезімі, Мейо-Робсон, Воскресенский симптомдары оң. Лабораториялық сараптаманың қандай көрсеткіштері өзгеру мүмкін?

A) Эритроциттер, гемоглобин;

B) АЛТ, АСТ, холестерин;

C) Тромбоциттер, гематокрит;

+D) Диастаза, лейкоциттер;

E) Ақуыз, креатинин;

 

Науқас 65жаста, төрт күн бұрын жедел калькулезды холецистит, іріңді холангит бойынша операция жасалған. Операциядан кейін жедел панкреатиттің клиникасы байқалды. Басқа дәрілерден басқа науқасқа омепразол тағайындалған. Осы дәрінің жедел панкреатиттегі терапиялық әсер ету механизмі?

A) Ұйқы безі ферменттерінің ингибиторы;

B) Асқазан ішек жолдарының моторлық қызметінің тұрақтандырылуы;

+C) HCl дың панкреатикалық секрецияға ынталандырғыш әсерін бәсеңдетуі;

D) Интоксикация симптомдарын жою;

E) Құсу рефлексін басу;

 

Науқас 25 жаста хирургтың қабылдауында кеуденің оң жақ бөліміндегі ауру сезіміне шағымданады, ауру сезімі тыныс алғанда және қозғалыста күшейеді, дем алуы қиындаған. Кеше құлаған кезде жарақат алды Тексергенде: бұғана орта сызығының оң жағында,5-6 қабырға проекциясында тері астында гематомасы бар, ауру сезімі, теріасты эмфизема мен крепитация байқалады. Ең ықтимал диагнозыңыз?

A) Ығысуысыз қабырғалардың жабық сынуы;

B) Тері астылық гематома;

+C) Өкпе тінін зақымдалуымен 5-6 қабырғалардың жабық сынуы;

D) Кеуде клеткасының соғылуы;

E) Спонтанды пневмоторакс;

 

Бауыр циррозымен, портальды гипертензиямен 6 жыл бойы ауыратын 47 жастағы науқас әлсіздік, бас айналу мен қан кұсу шағымдарымен хирургияға түсті. Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Тері жабындылары боз, Ps-100 соғ\мин, АД-90\60 мм.рт.ст. ЭФГДС те өңештің2 дәрежеде варикозды кеңейген веналарынан қан кету байқалды. Науқасқа Блэкмор зонды қойылды, ем тағайындалды. Тағайындалған дәрілердің ішінде вазопрессин тағайындалды. Осы жағдайда дәрінің әсер ету механизмі?

A) Қан ұйығыштығының көтерілуі;

B) Асқазан веналарында тромбтың пайда болуы;

+C) Портальды венадағы қысымның төмендеуі;

D) Вена қабырғаларының тонусының таңдаулы көтерілуі;

E) Фибринолиздың алдын алу;

 

Бауыр циррозымен, порталды гипертензиямен 6 жыл бойы ауыратын 47 жастағы науқас әлсіздік, бас айналу мен қан кұсу шағымдарымен хирургиялық бөлімшеге түсті. Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Тері жабындылары боз, Ps-100 соғ\мин, АД-90\60 мм.рт.ст. ЭФГДС те өңештің 2 дәрежеде варикозды кеңейген веналарынан қан кету байқалды. Тексеріс барысында қан кету жоқ. Ем тағайындалды. Осы жағдайда тағайындалатын дәрілердің комбинациясын көрсетіңіз?

A) Гепарин, фибринолизин;

+B) СЗП, вазопрессин, гептрал, сандостатин;

C) Реополиглюкин, но-шпа, тромбомасса;

D) Адреналин, преднизолон, полиглюкин;

E) Димедрол, хлорлы Са, преднизолон;

 

Науқас 52 жаста, гастродуоденальды қан кету клиникасымен хирургиялық бөлімшеге түсті. Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Тері жабындылары боз, Ps-110 соғ\мин, АД-90\60 мм.рт.ст., Нв-80 г\л ЭФГДС те өңештің 3 дәрежелі варикозды кеңейген веналарынан қан кету байқалды. Науқасқа Блэкмор зонды қойылғаннан кейін және гемостаздық терапия жүргізсе де қан тоқтамады, эндоскопиялық әдістер сәтсіз өтті. Осы жағдайда жасалынатын операцияны көрсетіңіз.

A) Геллер;

B) Сплено-ренальды анастомоз;

+C) Таннер-Пациора;

D) Трансъюгулярлы бауырішілік портожүйелі шунттау;

E) Ниссен;

 

Науқас 67 жаста хирургиялық бөлімшеге асқазанның варикозды кеңейген венасынан қан кету клиникасымен түсті. Бауыр циррозымен портальды гипертензиямен ауырады. Эндоскопиялық склеротерапияда интравазальды тромбовар енгізілді. Осы препараттың әсер ету механизмін көрсетіңіз.

+A) Вена саңылауының облитерациясымен интиманың зақымдалуы;

B) Вена саңылауының кішіреюі;

C) Қан ұйығыштығының көтерілуі;

D) Фибринолиздың басылуы;

Е) Асқазан венасына қан келуінің азаюы;

 

Науқас 46 жаста, оң жақ кеуде бөліміне енген пышақ жарақат бойынша операция жасалды. Алдыңғы бүйірлік торакотомия жасалды.Өкпенің жиегінен 4 см қашықтықта, кіретін жарасы 2,0 см және шығатын жарасы 1,5 см өтпелі жарақат анықталды. Жаралар әр жағынан атравмалық инемен тігілген, өкпе тіні қалпына келді. Операциядан 10 мин өткеннен кейін көп мөлшерде бронхішілік қан кету басталды, интубациялық түтік арқылы көп мөлшерде қан шықты. Реторактомия кезінде жүрек тоқтады. Осы асқынудың себебін көрсетіңіз:

A) Қан ұйығыштығының төмендеуі;

+B) Операция көлемі жеткіліксіз болды;

C) Тамыр тромбының миграциясы;

D) Тігіс материалының дұрыс таңдалмауы;

E) Операцияға ену жолу дұрыс таңдалмады;

 

25 жастағы науқас торакалды бөлімшеге қақырығында қан пайда болу шағымымен түсті. Бір күн бұрын мотоциклден құлаған. Қақырықта тәулігіне бірнеше рет қара қоңыр қан байқалады. Қан сараптамасында: эритр_ 4,3млн, Нв-130 г\л, СОЭ-11мм\сағ. Бірнеше күннен кейін қанмен қақырық шығуы тоқталды, ауруханадан шығарылды. Қанмен қақыру пайда болуының себебі.

A) Өкпе тінінің жыртылуы;

B) Плевра зақымдалуымен қабырғаның жабық сынығы;

+C) Өкпе соғылуы;

D) Бронхтың жыртылуы;

E) Плевраішілік қан кету;

 

Науқас 66 жаста, пышақ жарақаты бойынша операция жасалды. Торакотомияда сол өкпе жарасы тігілді және 1300 мл қан реинфузияға жиналды. Ревизияда диафрагманың 2 смлік жарасы байқалды, құрсақ қуысынан қан келіп жатыр. Диафрагма жарасы және торакотомиялық жара тігілді. Хирургтың келесі қадамы.

A) Диафрагма жарасын тікпес бұрын құрсақ қуысынан қанды аспирациялау;

+B) Лапаротомия, құрсақ қуысындағы ағзалардың ревизиясы;

C) Гемостаздық терапия;

D) Эритроцитарлы массаны құю;

E) Динамикада бақылау;

 

32 жастағы науқас сол жақ кеуде бөлімінің пышақ жарақатымен хирургияның қабылдау бөліміне түсті. Тексерісте: бұғана орта сызығымен сол жақта 3 қабырғааралықта аздап қанданып тұрған шаншылған жарақат байқалды. Рентгенограммада сұйықтық деңгейі екінші қабырғаға дейін. Хирургтың тактикасы?

A) Сол жақ плевра қуысын дренаждау;

B) Сол жақ плевра қуысын пункциялау және сұйықтықты аспирациялау;

+C) Шұғыл түрде торакотомия;

D) Динамикада бақылау;

E) Гемостатикалық терапия;

 

Науқас 56 жаста, хирургияның қабылдау бөліміне перитонит, құрсақішілік қан кету клиникасымен жол-көлік апатанын кейін бір сағаттан соң түсті. Операция барысында ашы ішектің шажырқайдан 5 смдей ұзындықта бөлінгені байқалды. Операция көлемін көрсетіңіз.

A) Шажырқайды ішекке тігу;

B) Шажырқай жарасын тігу;

C) Ашы ішектің түйінін алдыңғы құрсақ қабырғасына шығару;

+D) Ашы ішектің резекциясы;

E) Шажырқай аймағын тігу;

 

Науқас 43жаста енген пышақ жарақатымен хирургияның қабылдау бөліміне түсті. Операция барысында ашы ішектің бір біріне жақын көптеген жарақаты байқалды, операция көлемін көрсетіңіз.

A) Жараларды тігу, тампондармен шектеу;

B) Жараларды тігу;

C) Илеостома шығару;

+D) Ашы ішектің резекциясы;

E) Жараларды тігіп, шарбы маймен перитонизациялау;

 

Науқас 58 жаста, жедел флегмоналық калькулезды холецистит бойынша бір жыл бұрын операция жасалған. Осы операция себебінен операциядан кейінгі алып вентральды жарық пайда болды. Операция барысында көпкамералы жарық қапшығында ішек пен шарбы майы түйіндерінен тұратын,жарық дефектісі айналасында құрсақ пен тыртыққа жабысқан, күрделі тыртықтық конгломерат байқалды. Осы жағдайдағы хирург тактикасы?

A) Жабысқаннын бәрін ажырату;

+B) Конгломератты резекциялау;

C) Жабысқан түйіндерді ашпай, құрсақ қуысына енгізу;

D) Жағдай операцияға келмейді;

E) Жабыспаларды жарым жарты алу;

 

Науқас 56 жаста, хирургияның қабылдау бөліміне оң жақ қабырғаасты аймағындағы ауру сезімі мен жүрек айну шағымымен жол-көлік апатынан кейін бір сағаттан соң түсті. Ps – 90 соғ\мин, АД 110/70 мм.рт.ст. Іші жұмсақ, оң жақ қабырғаасты аймағында ауру сезімі бар. Құрсақ қуысының тітіркену симптомы теріс. Үйге жіберілді. Екі аптадан кейін оң жақ қабырғаасты аймағындағы ауру сезімінің күшеюіне, сұйық қара түсті нәжіс пен әлсіздікке шағымданып тағы түсті. Жалпы жағдай орташа дәрежелі ауырлықта, тері мен склерасы сарығыштау. Іші жұмсақ, оң жақ қабырғаасты аймағында ауру сезімі бар, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығып тұр. Ps –110 уд\мин, АД 100/60 мм.рт.ст. Қан сараптамасы- эритр- 3,6 млн, Нв- 90 г/л, лейк- 12мың, билирубин-120мкм\л. Per rectum: қаранәжіс. Ең ықтимал алдын ала диагнозыңыз?

A) Капсула астындағы бауыр гематомасы;

B) Бауыр шетінің жыртылуы;

+C) Бауырдың орталық гематомасы;

D) Бауырдың соғылуы;

E) Бауырдың екі этапты жыртылуы;

 

Науқас 25 жаста, төбелестен кейін алты сағаттан соң хирургияның қабылдау бөліміне іш ауыру мен жүрек айну, әлсіздік шағымдарымен түсті. Науқас біршама тежелген. Тері жабындылары боз, бел аймағында жаралар мен қанұйындылары көрінеді. Ps – 100 уд\мин, АД 100/60 мм.рт.ст. Іші бүкіл аймақта ауырады, құрсақ қуысының тітіркену симптомы күдікті,Джойс симптомы оң. Рентгенограммада құрсақ қуысынан тыс эмфизема, бүйрек көлеңкесі анық емес, ішек пневматозы байқалады. Қан сараптамасында: лейк- 18 мың. Науқасқа лапароскопия жасалды, лапароскопияда құрсақ қуысынан тыс гематома мен париетальды және висцеральды жапырақшаларда стеаринды дақтар анықталды. Ең ықтимал диагноз.

A) Ашы ішектің жыртылуы;

B) Тоқ ішектің жыртылуы;

C) Асқазан жыртылуы;

+D) 12 елі ішектің жыртылуы;

E) Қуықтың жыртылуы;

 

Науқас 42 жаста, хирургқа 1 сағат бұрын ауыр зат көтергеннен кейін пайда болған белдегі түзілісаймағындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Объективті: бел аймағының оң жағында, арқаның жалпақбұлшықетінен төмен, теріастында диаметрі 4 см-дей дөңгелек формалы түзіліс анықталды. Түзіліс жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ауру сезімі бар, енбейді. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A) Спигелий сызығының жарығы;

+B) Бел аймағындағы Пти үшбұрышының жарығы;

C) Бел аймағының липомасы;

D) Бел аймағының жедел лимфадениті;

E) Бел аймағының абцессі;

 

Науқас 42 жаста, хирургқа 1 сағат бұрын ауыр зат көтергеннен кейін пайда болған белдегі түзіліс аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Объективті: бел аймағының оң жағында, арқаның жалпақбұлшықетінен төмен, теріастында диаметрі 4 см-дей дөңгелек формалы түзіліс анықталды. Түзіліс жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ауру сезімі бар, енбейді Осы жағдайда хирург тактикасы?

A) Шұғыл түрде операциялық ем;

B) Динамикалық бақылау;

C) Консервативті ем;

+D) Жоспарлы түрде операциялық ем;


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 107 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Хирургиялық инфекция 1 страница | Хирургиялық инфекция 5 страница | Хирургиялық инфекция 6 страница | Хирургиялық инфекция 7 страница | Хирургиялық инфекция 8 страница | Хирургиялық инфекция 9 страница | Торакальная хирургия 1 страница | Торакальная хирургия 2 страница | Торакальная хирургия 3 страница | Торакальная хирургия 4 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хирургиялық инфекция 2 страница| Хирургиялық инфекция 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.036 сек.)