Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Клиникалық анатомия_қаз

Читайте также:
  1. Клиникалық анатомия және оперативті хирургия

 

$$$001

Шынтақ аймағының алдыңғы бетінің қандай аймағында тері-бұлшықеттік нервтің қысылуы мүмкін?

А) Иықтың екі басты бұлшықетінің астынан өткен жерінде

В) Иықтың екі басты бұлшықетінің сіңірінің шетінде

С) Нервтің иық-шыбықтық бұлшықет астынан өтетін жерінде

D) Нервтің шынтақ аймағының алдыңғы латеральды сайынан өтетін жерінде

Е) Бұлшықет теі нервтің шынтақ аймағында жұмыр пронатор астынан өтетін жерінде компрессионды зақымдануы

{Дұрыс жауап}= В

{Деңгейі}= 1

{Оқулық}= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

$$$002

Сүт безінің обыры кезінде бірінші қай қолтықасты лимфа түйіндер тобына метастаз беріледі:

А) Иық

В) Жауырын асты

С) Кеуделік

D) Орталық

Е) Жоғарғы ұшы

{ Дұрыс жауап }= С

{ Деңгейі }= 1

{Оқулық}= (Кованов В.В. Оперативная хирургия и топографическая анатомия. М.,2005г), (Топографическая анатомия и оперативная хирургия,

под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$003

Оң жақ бронхқа жақын жатқан қандай тамырлар және қай уақытта зақымдалуы мүмкін:

А) Пульмонэктомия кезінде, тақ вена және жоғарғы қуыс вена

В) Лобэктомия кезінде жоғарғы қуыс вена және өкпе венасы

С) Төменгі лобэктомия кезінде өкпе венасы және төменгі қуыс венасы

D) Сегментэктомия кезінде қолқа және төменгі қуыс вена

Е) Бронхтардың экстирпациясы кезінде тақ және жартылай сыңар вена

{ Дұрыс жауап }= А

{ Деңгейі }= 2

{Оқулық}= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Кованов В.В. Оперативная хирургия и топографическая анатомия. М.,2005г), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

$$$004

Баланы қарау барысында төстің, қабырғалық шеміршектер мен қабырғалардыңішке қарай иілгені анықталды. Балада кеуде торының қандай ақауы дамыған және үлкендерде бұл деформация түрі қалай аталады.

А) Су құйғыш тәрізді төс, «етікші кеудесі»

В) Киль тәрізді «құс төс тәрізді кеуде»

С) Су құйғыш тәрізді кеуде «матрос кеудесі»

D) Қайық тәрізді кеуде «құс төс тәрізді кеуде»

Е) Етікші төсі «киль тәрізді»

{Дұрыс жауап }= А

{Деңгейі } = 2

{Оқулық}= (Оперативная хирургия детского возраста: учебник/под ред.Ю.Ф Исакова.-М., 2009г), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$005

Құрсақ қуысының жоғарғы қабатына ревизия жасау барсында асқазанның алдыңғы қабырғасының тесіп өткен жарақаты анықталды. Асқазанның артқы қабырғасын ревизия жасау үшін ең қолайлы жету жолын анықтаңыз. Осы жол арқылы қандай қуысты қарауға мүмкіндік туады?

А) Асқазан-диафрагма байламының тамырсыз аймағы арқылы, асқазан алды қалтасын

В) Асқазан-көкбауыр байламын ажыратқаннан кейін, бауырлық қалтаны

С) Бауыр-бүйректік байламды ажыратқаннан кейін, шарбы қалтасын

D) Асқазан-көлденең ішектік (жиек)байламды ажыратқаннан кейін, шарбы қалтасын

Е) Бауыр-он екі елі ішек байламын ажыратқаннан кейін, көкбауыр орнын

{Дұрыс жауап }= D

{Деңгейі }= 2

{Оқулық }= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия,

под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Кованов В.В. Оперативная хирургия и топографическая анатомия. М.,2005г), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$006

Балада туа пайда болған асқынбаған оң жақ шап-ұмалық жарығы анықталды. Жарық қалтасын бөліп алу барысында оң жақ аталық безі көрінді. Хирург қандай қателік жіберді және ол әрі қарай қандай әрекет жасау керек?

А) Жарық қалтасы бөлінбейді және алып тасталмайды, құрсақ қуысынан ұма қуысын бөліптастау керек

В) Жарық қалтасы бөлініп алып тасталмайды, құрсақ қуысымен ұма қуысын біріктіреміз

С) Жарық қалтасы бөлініп алып тасталынып, құрсақ қуысына ұма қуысын біріктірмейміз

D) Хирург қателік жіберген жоқ

Е) Жарық қалтасы бөлініп алып тасталынып, құрсақ қуысына ұма қуысын біріктіреміз

{Дұрыс жауап }= А

{Деңгейі }= 2

{Оқулық }= (Оперативная хирургия детского возраста: учебник/ под ред.Ю.Ф Исакова.-М., 2009г), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$007

Сүт безін пальпация жасап қарау барысында сыртқы жоғарғы бөлгінде 6х4 см мөлшердегі тығыз түйін анықталды. Осы жағдайда қай лимфа түйінін пальпация жасау керек және ол қай жерде орналасқан

А) Пирогов түйіні. 1-ші қабырға мен бұғана арасында, бұғана асты бұлшықетінен жоғары

В) Зоргиус түйіні. 4-ші қабырға шеміршекті деңгейінде, ішкі кеуде артерия бойымен

С) Пирогов-Мюллер түйіні. Алдыңғы көкірекаралықта, жалпы ұйқы артериясы мен сол жақ бұғана асты артериясы арасында

D) Зоргиус түйіні. 3-ші қабырға деңгейімен кеуденің үлкен бұлшықетінің сыртқы жиегінде

Е) Бұғанаасты түйіні, 5-ші қабырға деңгейінде арқаның жалпақ бұлшықетінің шеткі жиегінде

{Дұрыс жауап }= D

{Деңгейі }= 3

{Оқулық }= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Николаев А.В.), учебник, 2-х том. 2010г., (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Клиникалық анатомия Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А, 2009 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$008

Өт қабын ажырыту барысында бауырдың зақымдануынан қан кетті. Аталған асқыну өт қабының қандай орналасуы кезінде кездеседі және бауырдан қан кетуді тоқтату үшін уақытша қан тоқтатудың қандай әдісі қолданылады?

А) Интрамуралды, Pringle-маневр

В) Бауырға тігіс салу

С) Бауыр артериясын байлау

D) Аталғандардың барлығы

Е) Гемостаикалықтігіс салу

{Дұрыс жауап }= А

{Деңгейі }= 3

{Оқулық }= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Николаев А.В.), учебник,2-х том.2010г., (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

$$$009

Науқасқа асқазан-ішектік жыланкөз салу керек болды. Лапаротомиядан соң ішек ілмегін көлденең ішектің шажырқайы арқылы өткізу және асқазанның алдыңғы қабырғасына тігу мүмкін емес екендігі анықталды. Науқасқа қандай асқазан-ішектік жыланкөз салынуы тиіс.Жіңішке ішектің ілмегін асқазанның қай қабырғасына және қалай әкелу жолын атаңыз. Анастомоз үшін ілмектің ұзындығын анықтаңыз?

А) Асқазан-жиектік байлам арқылы асқазан артқы қабырғасына өтеді, 50-60 см

В) Артқы гастроэнтеростомия Гаккер-Петерсон бойынша

С) Алдыңғы гастроэнтеростомия Вёльверу бойынша

D) Асқазан-ішектік байлам арқылы артқы қабырғасына өтіп 70-80 см

Е) Дұрыс жауап жоқ

{Дұрыс жауап }= А

{Деңгейі}= 3

{Оқулық }= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Николаев А.В.), учебник,2-х том.2010г., (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

$$$010

Науқаста алақанның U-тәрізді флегмонасы анықталды. Осы жағдайда қай нервтің қызметі бұзылады. Іріңдіктің әрі қарай таралмауы үшін хирургтің іс-әрекеті?

А) Ортаңғы нерв, Пирогов-Парон кеңістігін дренаждау

В) Шыбық нерв тармақтары, Пирогов-Парон кеңістігі

С) Шынтақ нерв, жараны тазалап дренаждау

D) Шынтақ-шыбық нерв тармақтары Пирогов-Парон кеңістігін дренаждау

Е) Ортаңғы нерв, жараны тазалап дренаждау

{Дұрыс жауап }= А

{Деңгейі }= 3

{Оқулық }=(Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Николаев А.В., учебник, 2-х том.2010г) (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

$$$011

Жоғарғы жақ қуысы медиальды қабырғасы мұрынның ортаңғы және төменгі жолдарына жанасып жатыр. Гаймор қуысында патологиялық сұйығының ағуын қиындататын себебіжәне қуыс өзегіқайда ашылады:

А) Мұрынның ортаңғы жолы аймағына және қуыс түбінен жоғары орналасады

В) Мұрынның жоғарғы жолы аймағында және оның түбінен жоғары орналасады

С) Мұрынның төменгі жолы аймағында және оның түбінен жоғары орналасқан

D) Мұрынның латеральды жолы аймағында және оның түбінен жоғары орналасқан

Е) Мұрынның медиальды жолы аймағында және оның түбінен жоғары

{Дұрыс жауап }= А

{Деңгейі}= 3

{Оқулық}= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.)., (Кованов В.В. Оперативная хирургия и топографическая анатомия. М.,2005г), (Қайназаров А.Қ.,Идрисов А.А., Алмабаев Ы.А., Алмабаева А.Ы., Бас және мойынның клиникалық анатомиясы. Алматы-2014ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$012

Өңештің кеуде бөліміне манипуляция жасағанда, кеуде-лимфа өзегінің қай жерін зақымдауы мүмкін?

А) Мына тұсында Т2-3

В) Мына тұсында Т4-6

С) Мына тұсында Т7-9

D) Мына тұсында Т9-10

Е) Барлық түрі зақымдануы мүмкін

{Дұрыс жауап}= В

{Деңгейі}= 1

{Оқулық}= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$013

Плевра қуысына түтікше қою мақсатында, қабырға резекциясынан кейін кесілетін жұмсақ тіндердің қабатын атаңыз:

А) Кеуде ішкі шандыры, сүйек қабы, плевра асты май қабаты, қабарғааралық плевра

В) Сүйек қабығы

С) Сүйек қабығы, кеуде ішкі шандыры, плевра асты май қабаты, қабырға плеврасы

D) сүйек қабығы, қабырға аралық плевра, кеуде іші шандыры, плевра асты, май қабаты

Е) Сүйек қабығы, кеуде ішкі шандыры, плевра асты май қабаты, қабырғлық плевра

{ Дұрыс жауап }= С

{ Деңгейі }= 1

{Оқулық (Оперативная хирургия и топографическая анатомия. М., Кованов В.В. 2005г), (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, 2-х. Том.

2010ж. Под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

$$$014

Маңдай – төбе – шүйде аймағының жұмсақ тіндеріне қан тоқтатқыш қысқышын салу ерекшелігі неде:

А) Қысқыштың бір ұшы сіңірлік шілемнің қырына екінші тамырды қоса қысады

В) Қысқыштың ұшы тамыр ұшына тамыр бойына бағытталып қойылады

С) Қысқыш ұшы тамыр бойының ұшына көлденең қойылады

D) Қысқыштың ұштары тамырдың ұшына 45С0 деңгейде қойылу керек

Е) Тамырдың ұштарымен бірге қасындағы май қабаты барынша бірге қысылады

{ Дұрыс жауап }= А

{ Деңгейі }= 2

{ Оқулық}= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия,

Под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Кованов В.В. Оперативная хирургия и топографическая анатомия. М.,2005г), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$0015

Науқастың мойнының оң жағында кесілген жарақат бар. Қарау кезінде беткейлік шандырмен тері асты бұлшықеті жарақаттанғын анықталды. Жарақаттанбаған шандыр не деп аталады, оған алғашқы хирургиялық өңдеу кезінде не істеу керек?

А) Меншікті шандырдың тереңдік жапырағы. Дренаж кезінде осы шандырды тілу керек

В) Меншікті шандырдың беткей жапырағын тілудің қажеті жоқ

С) Жарақат көлеміне байланысты (кіші жарақатта шандырды кеспей, көлемді жарақатта кеседі)

D) Омыртқа алды шандырын кесу жарақат бағытына байланысты

Е) Мойынның өзіндік шандырының беткейлік жапырағы. Шандырдың қалпы жарақатқа байланысты емес

{Дұрыс жауап }= В

{Деңгейі }= 2

{Оқулық }= (Оперативная хирургия детского возраста: учебник/под ред.Ю.Ф Исакова.-М., 2009г), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

$$$016

Бөксе аймағының, бөксе артериясының жарақатында қан тоқтату мүмкін болмағанда не істеу керек?

А) Жарақатты нығыздап тығындау

В) Гемостатикалық губканы қолдану

С) Ішкі мықын артериясын жоғарыдан байлау

D) Кохер қысқышын қолдану

Е) Сан артериясын уақытша қысып қою

{Дұрыс жауап }= С

{Деңгейі }= 2

{Оқулық }= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Кованов В.В. Оперативная хирургия и топографическая анатомия. М.,2005г), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$017

Жедел аппендециттің операциясы кезінде құрт тәрізді өсінді өзгермегені байқалды. Құрсақ қуысында сұйықтық көп жиналған. Хирург не істеу керек?

А) Жіңішке ішекті ревизиялау

В) Ену жолын кеңейтіп, құрсақ ағзаларын ревизиялау

С) Ортаңғы лапаротомияға өтеді

D) Параректалды ену жолын жасау

Е) Аппендэктомия жасап – дренаж қою

{Дұрыс жауап }= С

{Деңгейі }= 2

{Оқулық }= (Oперативная хирургия детского возраста: учебник/под ред.Ю.Ф Исакова.-М., 2009г), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

$$$018

Ұйқы безінің басының қатерлі ісігі кезіндегі механикалық сары аурудың дамуы неге байланысты?

А) Жалпы өт өзегінің қысылуы

В) Денеде интоксикация дамуы

С) Жалпы бауыр өзегінің қысылуы

D) Өт қапшығының қысылуы

Е) Бауыр – 12 елі ішек байламының қысылуы

{Дұрыс жауап }= А

{Деңгейі }= 3

{Оқулық }= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Николаев А.В.), учебник,2-х том.2010г), (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$019

Бауыр – 12 елі ішек байламының тыртық – склероздық қабынуында жалпы өт қабы өзегін қалай табады?

А) Операция ішілік холангиография жасау

В) Кер әдісімен жалпы өт өзегін іздеп табу

С) Бауыр – 12 елі ішек байламына пункция жасау

D) Шарбы тесігіне енгізілген бармақтар мен бауыр 12 –елі ішек байламын қысу

Е) Жалпы өт өзегін табу үшін Губерев әдісін қолдану

{Дұрыс жауап }= В

{Деңгейі }= 3

{Оқулық }= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Николаев А.В, учебник,2-х том.2010г), (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$020

Қолдың үлкен саусағының төмпешігінің проксималды бөлігінде қауіпті аймақты ажырату неге байланысты?

А) Бүккіштер сіңірлерінің жарақаттануы

В) Үлкен бармақтың ұзын бүгу сіңірінің зақымдануы

С) Ортаңғы нерв тармағы зақымдалғанда, үлкен бармақтың қарама-қарсылық бұлшық етінің қызметінің бұзылуы

D) Алақанның беткейлік артериялдық доғасының зақымдауы және бүккіштердің қызметінің бұзылуы

Е) Үлкен бармақтың төмпешігінің еттерінің жұмысының бұзылуы

{Дұрыс жауап }= С

{Деңгейі}= 3

{Оқулық }= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия Николаев А.В., учебник,2-х том.2010г), (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.), (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

$$$021

Қуық алды кеңістігінен іріңнің таралу жолдарын көрсет:

А) Ішперде алды шелмай, қуық маңы, қабырғалық және ішперде арты кеңістігі

В) Ішперде артылық, тік ішек артылық, қуық маңы кеңістігі

С) Бөксе аймағы, сан аймағы, ішперде арты кеңістігі

D) Тік ішек шонданай, тік ішек артылық

Е) Іш перде артылық, бөкселік,тік ішек айналасындағы кеңістік

{Дұрыс жауап }= А

{Деңгейі }= 3

{Оқулық }= (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Николаев А.В., учебник, 2-х том.2010г), (Топографическая анатомия и оперативная хирургия, под редакцией Ю.М.Лопухина, 2005г.) (Клиникалық анатомия. Идрисов А.А., Қайназаров А.Қ., Алмабаев Ы.А., 2009г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

$$$022

Науқастарды қарағанда – торакоабдоминалды синдром кездеседі, ол инфаркт миокардінде және плеврит ауруларында қате диагноз қоюға негіз болуы мүмкін. Топографиялық анатомия тұрғысынан себебін көрсет:

А) Кезбе нервінің тітіркенуі

В) Диафрагмалды нервтің тітіркенуі

С) Құрсақ қабырғасының қан тамырларының тромбозы

D) Қабырға аралық нервтердің тітіркенуі

Е) Плевра ұлпаларының қабынуы

Каз

 

$$$001

49 жасар ер адам. Құрсақ қуысы мүшелерін УД зерттеумен тексергенде бауырының мөлшері кішірейген, паренхимасының эхогенділігі жоғарлаған, қақпа венасы – 1.8 см. Көкбауыры ұлғайған, көкбауыр венасы – 1.7 см. Өңешті контрастап зерттеген кездегі мүмкін болатын рентгенологиялық симптомды атаңыз:

A) Контрасты заттың депосы

B) Иректелген толу дефектісі

C) Шырышты қабаттың қалыңдауы

D) Шырышты қабат қатпарларының деформациясы

E) Супрастеноздық кеңею

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделі}= 3

{Кітап}= (Клиническое руководство по ультразвуковой диагностике. Митьков В. В. 1995г.)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$002

48 жастағы ер адам- құрсақ үсті аймағында аяқ асты пайда болатын ауру сезімі мазалайды, анамнезінде ұзақ уақыттан бері мазалайтын «аш қарынға» және «түнгі» эпигастрий аймағындағы және оң жақ қабырға астының ауру сезімдері. Газдалған сусындарды, ащы, майлы тағам қабылдаған соң және ұзақ уақыт тамақтанбаған соң ауру сезімі күшейеді. Мүмкін болатын рентгенологиялық симптомды атаңыз:

A) Диафрагма қызметі мен қалпының бұзылуы

B) Асқазанның газ қапшығының болмауы

C) Құрсақ қуысындағы бос сұйықтық

D) Құрсақ қуысындағы бос газ

E) Клойбер табақшалары

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделі}= 3

{Кітап}= (Лучевая диагностика. Под редакцией Г. Е. Труфанова. 2007 г)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$003

58жастағы науқас қатты тағам қабылдаған соң дисфагияға, жұтқанда өңеш бойымен ауру сезіміне шағымданады. Өңеш рентгеноскопиясында ретрокардиальды сегментте 4 см бойында тарылу, шекрасы тегіс емес, осы деңгейде шырыштың рельефі бұзылған, үлкен емес параэзофагальды көлеңке көрінеді. Бұл рентгенологиялық симптомдар қандай ауруға тән:

A) Эзофагит

B) Өңештің ойық жарасы

C) Өңеш рагы

D) Өңеш веналарының варикозы

E) Өңеш ахалазиясы

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделі}= 2

{Кітап}= (Лучевая диагностика. Под редакцией Г. Е. Труфанова. 2007 г)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$004

48 жасар ер адамның асқазанының рентгеноскопиясында асқазан көлемі ұлғайған, ішінде аш қарынға көп сұйықтық бар. Кіші иіні қысқарған, қақпашасы тарылған, асимметриялы. Он екі елі ішек пиязшығы деформацияланған. Асқазаннан эвакуация баяулаған. Рентгенологиялық сурет тән:

А) Эндофитті ракқа

В) Антралды ригидті гастритке

С) Қақпашаның тыртықты–ойық жаралы деформациясына

D) Туа біткен пилоростенозға

E) Асқазанның антралды бөлімінің малигнизацияланған ойық жарасына

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделі}= 2

{Кітап}= (Лучевая диагностика. Под редакцией Г. Е. Труфанова. 2007 г)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$005

23 жасар ер адам. Жедел жәрдеммен жеткізілді. Үшкір затпен кеуде торының оң жақ бөлімінің жарақатын алған. Бозарған, ентігеді, ауа жетіспеу сезімі, жүрек соғысы жиілеген. Мүмкін болатын рентгенологиялық симптомды атаңыз:

A) Жайылған жарықтану

B) Жайылған көлеңкелену

C) Субтоталды көлеңкелену

D) Көптеген сақина тәрізді көлеңкелер

E) Ошақты жарықтану

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделі}= 3

{Кітап}= (Лучевая диагностика. Под редакцией Г. Е. Труфанова. 2007 г)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$006

Науқас 5 жаста, кеуде клеткасының ағзаларының КТ сканында оң жақта төменгі бөлігінде шекарасы анық емес инфильтративті көлеңке, d-1,0 см, түбіріне перибронхиалді инфильтрация анықталады. Бронхопульмоналді лимфа түйіндердің ұлғаюы. Төменде берілген диагноздың қайсысы тән:

A) Лимфогранулематоз

B) БТК (біріншілік туберкулезды комплекс)

C) Бек саркоидозы

D) Инфильтративті туберкулез

E) Обыр

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделі}= 2

{Кітап}= (Лучевая диагностика. Под редакцией Г. Е. Труфанова. 2007 г)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$007

67 жасар науқастың сүйектерінің рентгенограммасында дисталды фалангаралық буын беттерінің шекарасы желінген, буын беттері асимметриялық тарылған, тармақталған: остеофиттер, эпифиздерінің үшкірленуі, дисталды фалангтерінің ұшында және ортаңғы фалангтерінің бастарында массивті сүйек өсінділері (костные разрастания) көрінеді. Мүмкін болатын диагноз:

A) Артрит

B) Хондроматоз

C) Сүйек-шеміршекті экзостоз

D) Хондродисплазия

E) Деформациялаушы артроз

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделі}= 2

{Кітап}= (Лучевая диагностика. Под редакцией Г. Е. Труфанова. 2007 г)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$008

63 жасар әйелде кеуде клеткасы ағзаларының рентгенограммаларында сол жағында 5 қабырғаның алдыңғы кесіндісінде ашық түсті, тегіс(2 мм) сызық көрінеді, ол қабырғаны көлденеңінен кесіп өтеді, сызыққа дейінгі қабырғаның проксималды және дисталды кесінділері бір деңгейде орналасқан (ығысуы 3 мм дейін). Ауру сезімі мен дем алуының қиындағанына шағымданады, жарақат болмаған, саяжайда көп еңбек еткенін айтады. Осы рентгенологиялық сурет қай патологияға сай келеді:

A) Лоозерлік қайта құрылу аймағы

B) Қабырғасының сынуы

C) Өкпенің тамырлық суретінің қабаттасуы

D) Артефакт

E) Патологиялық сынық

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделі}= 2

{Кітап}= (Лучевая диагностика. Под редакцией Г. Е. Труфанова. 2007 г)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$009

70 жасар ер адамның кеуде клеткасының рентгенографиясында оң жақта жоғарғы зоналді бронхта 1,0*1,2 см, қуысты тарылтып және толықтай жабатын, интенсивтілігі орташа қосымша көлеңке анықталды. Жоғарғы бөліктің аталектазы. Бұл тән:

A) Орталық рак эндобронхиалді өсу типімен

B) Орталық рак аралас өсу типімен

C) Перифериялық рак

D) Орталық рак экзобронхиалді өсу типімен

E) Бронх ішілік аденома

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделі}= 2

{Кітап}= (Лучевая диагностика. Под редакцией Г. Е. Труфанова. 2007 г)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$010

37 жасар ер адам. Кеуде торының шолу рентгенографиясында сол жақта І доғаның кішіреюі мен ІІІ доғаның үлкеюі анықталады. УД зерттеуде қойылатын диагнозды атаңыз:

A) Сол қарынша гипертрофиясы

B) Өкпе артериясы сабауының кеңеюі

C) Қолқа түбірінің кеңеюі

D) Сол жүрекше гипертрофиясы

E) Қолқаның ұзаруы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделі}= 3

{Кітап}= (Клиническое руководство по ультразвуковой диагностике. Митьков В. В. 1995г.)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$011

37 жастағы ер адам, мамандығы ұзақ сапарға шығатын көлік жүргізушісі, эпигастрий аймағындағы және оң жақ қабырға астында пайда болатын «аш қарынға» және «түнгі» ауру сезімдеріне шағымданады.. Газдалған сусындарды, ащы, майлы тағам қабылдаған соң және ұзақ уақыт тамақтанбаған соң ауру сезімі күшейеді. Мүмкін болатын рентгенологиялық симптом болып табылады:

A) Шырышты қабаттың қалыңдауы

B) Контрасты заттың депосы

C) Овалды толу дефектісі

D) «Желінген» аймақ

E) Асқазан алаңының ұяшықты сүреті

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделі}= 3

{Кітап}= (Лучевая диагностика. Под редакцией Г. Е. Труфанова. 2007 г)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$012

40 жасар ер адам.Ішінің аяқ асты пайда болатын толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Бір рет құсқан, іші қатқан. Қарап тексергенде- іші кепкен. Мүмкін болатын рентгенологиялық белгі болып табылады:

A) Диафрагма қызметі мен қалпының бұзылуы

B) Құрсақ қуысындағы бос газ

C) Құрсақ қуысындағы бос сұйықтық

D) Асқазанның газ қапшығының болмауы

E) Клойбер табақшалары

{Дұрыс жауап }= E

{Күрделі}= 3

{Кітап}= (Лучевая диагностика. Под редакцией Г. Е. Труфанова. 2007 г)

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

{Дұрыс жауап }= D


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 183 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: А) клапанды пневмотораксты | Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 1 страница | Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 2 страница | Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 3 страница | Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 4 страница | Каз АСТАНА 1 страница | Каз АСТАНА 2 страница | Каз АСТАНА 3 страница | Каз АСТАНА 4 страница | Каз АСТАНА 5 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Каз АСТАНА 6 страница| Жедел хирургия

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.081 сек.)