Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Каз АСТАНА 5 страница

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

Е) Қасаң қабықтың бұлыңғырлануы

{ Дұрыс жауап}=D

{Құрамы}=2

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$003

Окулист қабылдауында 25 жастағы пациент, повар. Науқастың шағымы: оң көзінің қызаруы, көзден бөлінулер, таңертеңгі қабағының жабысып қалуы. Шамалы жарықтан қорқушылық, жас ағу. Екі күннен бері ауырады. Суық тиюмен байланыстырады. Объективті: OD-көз саңлауы тарылған, қабақтар ісінген, кірпіктері жабысқан. Қабақтың конъюнктивасы қызарған, ісінген, инфильтрацияланған. Конъюнктивадан іріңді бөлінулер. Көздің алдыңғы бөлігі патологиясыз. OS сау. VOD=1,0; VOS=1,0. Сіздің диагноз? Қандай зерттеу әдістерін қолдануға болады?

А) Жедел конъюнктивит. Вирусологиялық зерттеу

В) Аллергиялық конъюнктивит. Цитологиялық зерттеу

С) Гонобленорея. Бактериологиялық егу және гонореяға тексеру

Г) Жедел конъюнктивит. Бактериологиялық егу

Е) Көктемгі катар. Вирусологиялық зерттеу

{ Дұрыс жауап}=Г

{Құрамы}=3

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$004

Науқасқа 45 жас, слесарь. Науқас жоғарғы қабағының ішкі бетінде ауру сезімінсіз ісік пайда болғанына шағымданады. Пайда болғанына 5 айдай уақыт болған. Кейінгі бір ай ішінде ісіктің үлкейгені байқалған. Объективті: қабақтың ортаңғы үштен бір бөлігінде шетінен 3 мм жерде ауырмайтын диаметрі 4 мм өсінді бар. Оның үстіндегі тері жылжымалы, өзгермеген. Өсіндінің үстіңгі жағындағы конъюнктива шамалы қызарған. Көздің басқа бөліктерінде өзгерістер жоқ. Vis OD=1,0; Vis OS=1,0.

Болуы мүмкін диагноз? Емдеу тактикасы

А) Теріскен. Жергілікті антибиотиктер

В) Теріскен. Хирургиялық ем

С) Фурункул. Вишневский майымен компресс

D) Халазион. Сары сынап майын конъюнктива қапшығына жағу

Е) Халазион. Хирургиялық ем

{ Дұрыс жауап}=Е

{Құрамы}=3

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$005

Науқас көз алдында қара дақтың пайда болғанына, сөздерді оқый алмауына шағымданады. Сөздегі барлық әріптерді оқу үшін басын әр жаққа бұрыуға тура келеді. Науқасқа бірінші қандай зерттеу жүргізу қажет? Бул зерттеумен не анықтауға болады деп ойлайсыз?

А) Көру кеңістігін анықтау. Орталық скотоманы табу үшін

B) Көру жітілігін анықтау. Рефракция аномалиясын анықтау үшін

C) Биомикроскопия өткізу. Гипопионды табу үшін

D) Көру кеңістігін анықтау. Артқы синехияны анықтау үшін

T) Биомикроскопия өткізу.Миозды табу үшін

{ Дұрыс жауап}=А

{Құрамы}=3

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$006

40 жастағы 1,0Д миопиясы бар науқасқа жақыннна жұмыс істеу үшін қандай көзілдірік береміз?

A) 1,0Д жинағыш линза
B) 1,0Д шашыратқыш линза
C) Коррекция кажет емес

D) shpera convex 2,0 диоптриямен

E) shpera concavе - 1,0 диоптриямен

{ Дұрыс жауап}=С

{Құрамы}=2

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$007

Науқас 50 жаста, бурын көзі жыл жақсы көрген. Сол көзінің көруі біртіндеп үш жыл ішінде төмендеген. Казір көзі көзілдірікпен нашар көреді. Көру жітілігі OS=0,1 коррекция көмектеспейді. Объективті: OS нұрлы қабықтың стромасы шамалы солыған, көздің түбінде көздің жүйкесінің үрпішесімен экскавациясының айырмашылығы э/д OS 0,8-0,9, OD 0,4-0,5. Көз көру аумағы OS жоғарғы шеткі бөлігінде шет шекарасы 100 дейін кішірейген. КІҚ OS – 25-26 мм с.б. Гониоскопияда алдыңғы камера бұршының барлық жері көрінеді. Бул белгілер глаукоманың қайсы түріне және стадиясына тұра келеді?

A) А/б глаукома, III с

B) А/б глаукома, I в

C) А/б глаукома, III а

D) Ж/б глаукома, III а

E) Ж/б глаукома, глаукоманың қаурыт ұстамасы.

{ Дұрыс жауап}=С

{Құрамы}=3

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$008

Көз дәрігеріне 23 жаста ер адам келді, бойы биік, қолдарының саусақтары ұзын. Алыстан нашар көреді, оқығанда басын қисайтады. Сыртқы түріне қарап қандай ауру екенін күдіктенуге болады? Бул ауру қалай анықталады?

A) Бехчет ауруы

B) Стилла ауруы

C) Рейтер синдромы

D) Марфан ауруы

E) Микулич ауруы

{ Дұрыс жауап}=D

{Құрамы}=2

{Оқулық}=(Офтальмология, Сидоренко Е.И., 2010; Көз аурулары К.Б Көшеров 1997)

{Курс}=7

{Семестр}=14

Аз

 

$$$001

55 жасар науқас сол құлағынан бұлақ ағатындығына, естудің төмендегеніне 15 жыл болғандығына шағымданады. Соңғы 5 күнде бастың айналуы пайда болған. Тексергенде: сол жақтағы дабыл жарғағының шеткі тесілуі, жағымсыз иісті бөлінді мен фистулді әдістің оң екендігі аңғарылды.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ең ыңғайлысы қайсысы?

А) Құлаққа кең көлемде радикалді операция жасау

В) Құлаққа радикалді операция жасау

С) Тимпанопластика

D) Лабиринтэктомия

Е) Мастоидотомия

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Балалардағы құлақ аурулары, Алматы, 2007; Күлімбетов А., Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Оториноларингология дәрістері, Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$002

19 жасар науқас кенеттен мұрнының, басының ауыратындығын, мұрынмен тыныс алуының нашарлауын, ыстығының 39 ْС дейін көтерілгенің аңғарған. Оны жарақатпен байланыстырады. Риноскопияда: мұрын жолдары тарылған, мұрын пердесінің алдыңғы бөлігі қызарған, ісінген.

Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

А) Мұрын пердесінің абсцесі

В) Мұрын пердесінің соғылғаннан көгерген

С) Мұрынның кіреберісінің сикозы

D) Мұрын сүйегінің сынуы

Е) Мұрын шиқаны

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Оториноларингология дәрістері, Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$003

14 науқас тамағының сол жағының ауыратындығына, әсіресе жұтынғанда үдейе түсетіндігіне, жұтыну қиын соққандығына, айқын әлсірегендігіне, ыстығының 38,8 ْ C дейін көтерілгеніне шағымданады. Ауырғанына 5 күн болған, кенеттен ауырған. 2 күн бұрын қыздыру компресінен кейін жағдайы нашарлаған. Тексергенде: жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады, төменгі жақтың қозғалысы шектелген. Сол жақтағы таңдай бадамшаларының домбығуы, таңдай иіндерінің ісінуі мен қызаруы салдарынан ассиметрия бар екендігі көрінеді. ЖҚА – L-12,6 *109, ЭТЖ – 34 мм/с.Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

А) Жедел фарингит

В) Фолликулярлы баспа

С) Лакунарлы баспа

D) Қатаралды баспа

Е) Паратонзиллярлы абсцесс

{Дұрыс жауабы} = E

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Балалардағы құлақ аурулары, Алматы, 2007; Күлімбетов А., Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Оториноларингология дәрістері, Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$004

43 жасар науқас әйел ентігуіне шағымданады. Жағдайы орташа, мазасыз, инспираторлы ентігу (ТАЖ минутына 25 рет), терісі бозғылт, акроцианоз, стридор, бұғанаасты шұңқырларының ішке тартылуы, демалысы беткей, пульс 90 рет/минутыны байқалады.

Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

А) Жұтқыншақтың тарылуының 1- ші кезеңі

В) Жұтқыншақтың тарылуының 2- ші кезеңі

С) Жұтқыншақтың тарылуының 3- ші кезеңі

D) Жұтқыншақтың тарылуының 4- ші кезеңі

Е) Жұтқыншақтың тарылуының 5- ші кезеңі

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Оториноларингология дәрістері, Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$005

33 жастағы науқас басының ауыратындығына, оң көздің жоғарғы қабағының ісінгендігіне, мұрыннан іріңді бөлініс бөлінетіндігіне, дене қызуының 39,9 ْС дейін көтерілгендігіне шағымданады. Науқас суықтағаннан кейін 6 күннен кейін ауырған. Риноскопия кезінде: мұрынның шырышты қабығының қызаруы, оң жағындағы ортаңғы мұрын жолында іріңді бөліністің бар екендігі аңғарылды.

Төменде келтірілген хирургиялық тәсілдердің қайсысы консервативті емдеудің әсері болмаған жағдайда ең тиімді болады?

А) Маңдай қуысының трепанопункциясы

В) Гаймор қуысының пункциясы

С) Негізгі қуыстың пункциясы

D) Гайморотомия

Е) Этмоидотомия

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Оториноларингология дәрістері, Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$006

13 жасар науқас тұмаудан кейін сол құлағының қатты ауырғынына, есту қабілетінің төмендегеніне, бастың сол бөлігінің ауыратындығына шағымданып келді. Ауырғанына 4 күн болған, ыстығы көтерілген. Отоскопияда оң жақта патология жоқ, сол жақта дабыл жарғағы қызарған, домбыққан, нүктелі саңылаудың пайда болу қаупі бар.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ең ыңғайлысы қайсысы?

А) Дабыл жарғағының өз бетінше тесілуін күту

В) Сыртқы есту жолын жуу

С) Құлаққа антибиотик ерітінділерін тамызу

D) Мастоидотомия

Е) Парацентез

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Балалардағы құлақ аурулары, Алматы, 2007; Күлімбетов А., Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Оториноларингология дәрістері, Астана, 2009.{Курс}=7)

{Тоқсан}=14

 

$$$007

2,5 жасар бала клиникаға түсті. Анасының айтуы бойынша балада қарлықпа жөтел мен ентікпе бар. Кенеттен ауырған, ыстығы 38 ْْC. Бұғанаүсті және бұғанаасты кеңістіктері ішке тартылған, пульс жиіленген, терісі бозарыңқы, ерні көгілдір. Риноскопия мен фарингоскопияда: шырышты қабаттар қызарған. Ларингоскопияда қатпарасты кеңістіктің ісінуі салдарынан дауыс қатпарлары тарылған.

Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

А) Жедел флегмонозды ларингит

В) Жедел катаралды ларингит

С) Жедел ларинготрахеит

D) Көмекейдің хондроперихондриті

Е) Көмекейдің күл ауруы

{Дұрыс жауабы} = C

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Оториноларингология дәрістері, Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

 

$$$008

4 айлық бала тынымсыз, жылайды, тамақтанғанда шашалады, тыныс алуы нашарлаған, мыңқылдайды. Фарингоскопияда жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы шар тәрізді домбыққан, былқылдайды.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ең ыңғайлысы қайсысы?

А) Паратонзиллярлы кеңістікті кесіп ашу;

В) Пұтқыншақ маңы кеңістікті ашу;

C) Люголь ерітіндісімен майлау;

D) Жұтқыншақарты кеңістікті кесіп ашу;

Е) Аденотомия.

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Балалардағы құлақ аурулары, Алматы, 2007; Күлімбетов А., Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж., Оториноларингология дәрістері, Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Тоқсан}=14

Аз.

$$$001

60 жастағы науқаста соңғы 5 айда тұрақты іштің қатуы профузды сасық иісті іштің өтуімен кезектеседі. Үнемі ішінің ауырлығына және ішітң шұрылдауына шағымданады. Өздігінен антибиотиктермен емделген және тазарту клизмасын жасаған. Бұрын ішек қызметі қалыпты болған. Ал соңғы аптада нәжісінде қан және шырыш аралас қоспа байқалған. Ішіндегі ұстама тәрізді ауру сезімі жел шығуымен басылады. Диагноз қою үшін қандай тексеру әдісін қолданған жөн:

A) Көзделген биопсия мен фиброколоноскопия

B) Нәжісті атипиялық жасушаға зертттеу

C) Копрологиялық зерттеу

D) Лапароскопия

E) УДЗ

{Дұрыс жауабы} =A

{Күрделігі} = 2

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

$$$002

62 жастағы ер адам: жалпы әлсіздікке, еңбекке қабілетінің төмендеуіне, бас айналуына, салмағының азаюына, дене қызуына,күніне 2-3 рет сұйық нәжісті іш өтуіне (нәжісі қоспасыз), іштің құрылдауына шағымданған. 4 айдан бері ауырады. Дәрігерге бірінші рет қаралып отыр. Жас кезінде колитпен ауырған, курорттарда емделген. Соңғы 10 жылда ауру күшеймеген. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозғылт, тері серпімділігінің төмендеуі, іш шектеулі кебінген. Сипап қарағанда ауру сезімі бар. Жалпы қан сараптамасында – анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз.

Төмендегілердің қай диагнозы сәйкес келеді?

А) Темір жетіспеушілігі анемиясы

В) Созылмалы колиттің күшеюі

С) Ішектің жұқпалы ауруы

Д) Тоқ ішектің сол жақ рагы

Е) Тоқ ішектің оң жақ рагы

{Дұрыс жауабы} =E

{Күрделігі} = 2

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

$$$003

Берілген сипаттама қандай ісік алды ауруына қатысты:» көбінесе қарт ерлердің сыртқы жыныс мүшелерінің басында орналасатын шағын көлемді ашық-қызыл түсті, ылғалды, ауру сезімді түйін болып табылады».

А) Кәрілік кератоз

B) Пигментті ксеродерма

C) Себореилі керато-акантома

D) Боуэн ауруы

E) Кейр эритроплазиясы

{Дұрыс жауабы} =E

{Күрделігі} = 2

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

$$$004

Сүт безі рагымен емделген 58 жастағы науқаста 3 жылдан кейін плеврит анықталады. Оның этиологиясын анықтау үшін:
A) Өкпе рентгеноскопиясын жасау
B) Қан сараптамасы арқылы
C) Өкпе қуысына пункция жасау арқылы
D) Өкпе қуысынан алынған сқйықтықты цитологиялық тексеру арқылы

Е) Өкпенің КТ сы

{Дұрыс жауабы} =D

{Күрделігі} = 2

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

$$$005

40 жастағы науқас, оң жақ сүт безі ұшынан, қанның бөлінгеніне шағымданады. Сипалау кезінде ісік анықталмайды, бірақ сүт безі ұшын қысу кезінде қанның шыққаны байқалады. Анықтау үшін жасалынатын тексеру әдістеріне:
A) Термография
B) Маммография
C) УДЗ
D) Шыққан сұйықтықты цитологилық тексеруден өткізу

Е) Дуктография

{Дұрыс жауабы} =D

{Күрделігі} = 2

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

$$$006

68 жастағы науқас сол жақ сүт безінде ісік тәрізді түзіліске шағымданады, анамнезінде менопауза 56 жасында, босану-1, жасанды түсік-5, емшек ұшы аймағында локальды деформация, жоғарғы-сыртқы квадрантта тығыздығы 4,5 см диаметрде, терімен байланысты, сол жақ Соргиузада түйін ұлғайған. Болжама диагноз?

А) Сол жақ сүт безі рагы,Ст.2а

B) Сол жақ сүт безі рагы,Ст.2б

C) Фиброаденома

D) Педжет рагы

E) Сол жақ сүт безі рагы,Ст.3б

{Дұрыс жауабы} =B

{Күрделігі} = 2

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

$$$007

Науқаста өңештің төменгі кеуделік бөлігің рагы. Ісіктің таралуы 4 см, метастазы жоқ. Қолданылатын ем түрі:

А) Гэрлок операциясы

B) Өңештің субтотальды резекциясы (Льюис операциясы)

C) Сәулелік терапия

D) Химиотерапия

E) Химо-сәулелік терапия

{Дұрыс жауабы} =B

{Күрделігі} = 3

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

$$$008

65 жастағы науқасқа асқазанның субтотальды резекциясы жасалынған. Лимфотүйіндерінде метастаз жоқ. Жоспарлы гистологиялық зерттеу кезінде, кескен жерінен (линии среза) ісік жасушалары табылған. Науқасқа қайта операция амалын жасауға қарсы көрсеткіштерінің болуы себебінен:

A) Дистанционды Гамма Терапиясын жасау,

B) Құрсақ қуысына радиоактивті- коллоидті алтын ерітіндісін салу,

C) Көк тамырға радиоактивті- коллоидті алтын ерітіндісін жіберу,

D) Қосарланған сәулелік терапиясын (ДГТ+ құрсақ қуысына радиоактивті- коллоидті алтын ерітіндісін -198Аи салу арқылы),

E) Полихимиотерапия жасау

{Дұрыс жауабы} =E

{Күрделігі} = 3

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

 

$$$009

Қалқанша без рагының ІІ «А» сатылы пісіп жетілген түрлеріндегі ең тиімді емдеу әдісі:

А) Экстрафасциолярлы субтотальды тиреоидэктомия+орын басушы гормонотерапия

B) Операция алды сәулелік терапия+ тотальды тиреоидэктомия+орын басушы гормонотерапия

C) Операция алды сәулелік терапия+ тотальды тиреоидэктомия+ екі жақты мойын шел қабатының фасциальды-футлярлы резекциясы+орын басушы гормонотерапия

D) Кеңейтілген тиреоидэктомия+Крайл операциясы+орын басушы гормонотерапия

E) Химия- сәулелік терапия

{Дұрыс жауабы} =A

{Күрделігі} = 3

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

$$$010

72 жасар науқасқа “IА- даму сатысындағы мұрын қырының базальды жасушалы рагы, рактың беткей түрі” деген диагноз қойылды. Қандай ем жүргізу керек

А) Науқасқа дистанционды гамма терапия жүргізіп, соңынан полихимиотерапия курсын жасау

B) Жергілікті анестезия арқылы ісікті кеңейтіп кесіп алу және аймақтық лимфоаденэктомия жасап, соңынан полихимиотерапия курсын жүргізу

C) Жақын фокусты рентген сәулесімен сәулелендіру

D) Кешенді ем: операция алдында гамма терапия жасап, жалпы жансыздандыру арқылы ісіктің негізгі ошағын кеңейтіп кесіп алу соңынан полихимиотерапия курсын жүргізу

E) Иммундық терапия

{Дұрыс жауабы} =C

{Күрделігі} = 3

{Оқулық}= }= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

$$$011

Науқаста, шеткі аймақтық оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінде - 3 см рак анықталды, ісік өкпе қабымен байланыспаған, бірақ салитарлы бронхоөкпелік метастазы бар. Жасалынатын хирургиялық амалға:

A) Үшбұрыш тәрізді кесумен лимфодиссекция

B) Сегментэктомия мен лимфодиссекция

C) Өкпені прецизионды кесумен лимфодиссекция

D ) Лобэктомиямен лимфодиссекция

E) Пульмонэктомия мен лимфодиссекция

{Дұрыс жауабы} =D

{Күрделігі} = 3

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

$$$012

Науқас 45 жаста. Үш жыл бұрын асқазан рагына гастрэктомия жасалынған. Қазіргі кезде сүйектерінен көптеген метастаз ошақтары анықталды, соған қарамай жалпы жағдайы қалыпты. Науқасқа жоспарланып отырған емнің түрі:

A) Симптоматикалық терапия

B) Сәулелік терапия

C) Химиотерапия

D) Иммунотерапия

E ) Бисфосфонаттармен емдеу

{Дұрыс жауабы} =E

{Күрделігі} = 3

{Оқулық}= (Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы Қ,Әбисатов 2013 жыл)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

 

 

Аз

$$$001

Гиповолемиялық шок патогенезіндегі негізгі үрдіс не болып табылады?

А) Күштеме алдылық төмендеу

В) Күштеме алдылық жоғарылау

C) Күштеме артылық төмендеу

D) Айналымдағы қан көлемінің (АҚК) жоғарылауы

E) Қанның минуттық көлемінің жоғарылауы

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Анестезиология және реаниматология: / под ред. О.А.Долиной. – 3-ші басылым, 2009)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$002

ҮРДС кезінде өкпе ісінуінің жетекші үрдісі болып табылады:

А) Сол жақ жүрекшеде қысымның жоғарлауы

В) Өкпе артериясында қысымның жоғарлауы

С) Плевраішілік қысымның жоғарлауы

D) Қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

Е) Альвеолярля-капиллярлы мембрана өткізгіштігінің жоғарлауы

{Дұрыс жауап }= E

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық }= (Руководство по анестезиологии: Учеб. пособие \М.М.Багиров, М.В. Бондарь, А.Ф. Бубало, С.Н.Гриценко и др.; Под ред. Ф.С.Глумчера, А.И.Трещинского, 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$003

Қабылдау бөлімшесіне 48 жасар әйел барлық іш аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, құсуға, дене қызуының 38ºС дейін көтерілуіне,апта бойына үлкен дәретінің болмауына шағымданып түсті.Обьективті: тері жабындысы бозарған, тынысы беткей ТАЖ 28 рет минутына, гипотония, тахикардия, тілі құрғақ, іші кепкен, перистальтикасы жоқ, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Анамнезінен: 2 апта бойында ауырған, миокард инфарктісін өткерген, артериальды гипертензия және қант диабетімен сырқаттанады. Науқасқа өмірлік көрсеткіштер бойынша отаға дайындалуда. Жалпы анестезия өткізуге қауіп қатерді бағалауда қандай жіктелу дұрыс болып табылады?

А) ASA

В) SAPS

С) APACHE

D) Рябов

E) SOFA

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Интенсивная терапия. Национальное руководство: в 2-х т./ под ред. Б.Р.Гельфанда, А.И.Салтанова, 2011)


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 167 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: A) Қолқадан шығады, себебі жоғарылаған бөлігі кеңейген | Каз ЗКГМУ | А) клапанды пневмотораксты | Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 1 страница | Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 2 страница | Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 3 страница | Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз? 4 страница | Каз АСТАНА 1 страница | Каз АСТАНА 2 страница | Каз АСТАНА 3 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Каз АСТАНА 4 страница| Каз АСТАНА 6 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.06 сек.)