Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Венесекция 5 страница

Читайте также:
  1. Annotation 1 страница
  2. Annotation 10 страница
  3. Annotation 11 страница
  4. Annotation 12 страница
  5. Annotation 13 страница
  6. Annotation 14 страница
  7. Annotation 15 страница

Сәулені түгел жұтып және оны шағылыстыратын ұлпалар (сүйек) осындай қалыпты тәсілдермен зерттеуге қиындық тудырады. Бауыр, ұйқы безі, өт қабы зерттеуге дайындау үшін тексеру алдында үш күн бойы шлаксыз тағам беріледі. Кіші астау ішінде орналасқан ағзаларды тексеру үшін қуық толық болуы керек. Ол үшін тексеріске 1 сағат қалған уақытт 1л сұйық ішу керек.

Спирометрия - спирометр көмегімен өкпе көлемдерін өлшеу. Спирография – тыныс көлемдерін және желденуі көрсеткіштерін сызық түрінде жазу.

Спирометрия және спирография көмегімен анықталатын көрсеткіштер:

1. Тыныстық көлем –қалыпты жағдайда демді ішке алғанда, не сыртқа

шығарғандағы ауаның көлемі. Орташа есеппен 500/см 3 шамасында.

2. Қосымша көлем (тынысты ішке алудың қосымша резерві) - демді қалыпты

алғаннан кейін, тағы да ішке тартуға болатын ауаның көлемі. Шамамен

1500см/3.

3. Резервтік көлем (тынысты сыртқа шығарудың қосымша резерві) -демді

қалыпты шығарғаннан кейін, тағы да іштен шығаруға болатын ауаның

көлемі. Шамамен 1500 см/3.

4. Қалдық ауа (қалдық көлем) - ауаны өкпеден максимальды (барынша)

шығарғаннан кейін өкпеде қалатын ауаның көлемі. Шамамен 1000см.

5. Тыныстық ауа, қосымша және резервтік көлемдердің қосындысы өкпенің

тіршілік сиымдылығы (ӨТС) деп аталады. Ауру адамдағы анықталған

ӨТС-ті тиісті ӨТС-пен салыстырады.

Жүрек –тамыр жүйесін тексерудің инструментальды тәсілдері.

Электрокардиография - жүрекке пайда болатын электр тогын (биотокты) жазу тәсілі. Электр тогының пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу қасиетіне байланысты.

Дененің екі нүктесі аралығындағы потенциал айырмасын анықтайтын тәсілді электрокардиографиялық тіркеме деп атайды. Электрокардиографияда міндетті түрде 12 электрокардиографиялық тіркеме қолданылады: 3 негізгі (стандартты) тіркеме, 3 бір полюсті күшейтілген аяқ-қол тіркемесі және 6 кеуде тіркемесі.

Электрокардиограф.

Стандартты тіркемелерді электрокардиография тәсілінің авторы Эйнтховен ұсынған, сондықтан олар Эйнтховен тіркемелері деп те атала береді. І-стандартты тіркеме көмегімен оң және сол қолдың арасындағы потенциал айырмасын, ІІ-стандартты тіркеме көмегімен оң қол мен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын, ІІІ-стандартты тіркеме арқылы сол қол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын тіркеп, қағазға түсіреді.

Қалыпты электрокардиограмма.

ЭКГ-ны жазу үшін 12 тіркеме қолданылады:

3 негізгі (І, ІІ, ІІІ стандартты) тіркеме (Эйнтховен тіркемелері);

3 – бір полюсті күшейтілген (аяқ-қол) тіркемелер (AVR, AVL, AVF) (Гольдбергер тіркемелері);

6 - кеуде тіркемелері (V1, V2, V3, V4, V5, V6)

Қалыпты электрокардиограмма

Қалыпты электрокардиаграммада Р,Q,R,S,T деп белгіленетін тісшелер, P,Q,S,TP деп белгіленетін аралықтар /интервалдар/ болады.

Р-тісшесі жүрекшелер биопотенциалын бейнелейді. Оның бірінші жартысы оң жақ жүрекшенің, екінші жартысы сол жақ жүрекшенің электр импульсін көрсетеді. РQ-аралығы жүрекшелердің қозу бастамасынан жүрек қарыншаларының қозуына дейінгі арадағы уақытты қамтиды.

12.Гипертониялық криз,өкпе ісінуі,жүрек аймағында ауырсыну.

Журек-қан тамыр жуйесі ауруларының негізгі белгілері Жүрек тасындағы ауырсынулар.

Жүрек тұсындағы ауырсыну шағымдарын бағалау кезінде олардың барлығы жүрек-кан тамырлар жүйесінің зақымдануына байланысты бола бермейтіндігін есте сақтаған жөн. Бұл маңдағы ауырсыну сезімі плевраның (кү-рғақ плеврит), омыртқа бағанасы мен қабырға аралық жүйкелердің (омыртқа остеохондрозы, қабырға аралық невралгия) зақымдануы, миозит, көк еттің өңештік тесігінің жарығы және т.б. кездерде пайда болуы мүмкін.

Қан айналу жүйесінің ауруларымен байланысты көкірек куысындағы ауырсынулар перикард, қолқа, жүйке патологиясымен туғызылуы мүмкін. Бірақ аурудың диагностикасы, ары қарайғы тактикасы мен болжамы үшін науқаста стенокардия ұстамасының пайда болуы неғұрлым маңызды болып табылады.

Стенокардия ұстамасы жүрек артерияларының атеросклероз салдарынан тарылуы кезінде дамиды, бұған тамырлардың тартылуы қосылуы мүмкін.

Стенокардия ұстамасы кезінде миокардтың оттегіне мұктаждығы мен коронарлық қан айналамының мүмкіндіктері арасында сәйкессіздік пайда болады. Бұл жүрек бұлшык етінің гипоксиясына, ишемияға әкеледі. Олардағы зат алмасу бұзылады, зат алмасудағы тотықпаған өнімдер миокардтың сезімтал рецепторларын тітіркендіреді де ауырсыну сезімін тудырады. Әдетте стенокардия ұстамасы физикалық жэне эмоциональды күш түскенде пайда болады. Тес артында басып, қысып, күйдіріп ауырсыну сезіміне өліп калу қорқынышы қосылады, сол жақ иыққа, қолға, мойынның сол жақ жартысына, төменгі жақ сүйегіне беріледі, 1 минөттен 10 минутқа дейін созылады және өздігінен тыныштық қалыпта немесе тіл астына нитроглицерин салған соң 1 - 3 минуттан кейін басылады.

Көрсетілетін көмек: толық тыныштық жағдай жасау, тіл астына нитроглицерин беру, кейде жүрек тұсына қыша кағазын қою. Әдетте, ұзақ басылмаған стенокардия ұстамасы өте қауіпті миокард инфаркты ауруымен асқынады. Оның негізінде жүрек бұлшық етінің некрозы жатыр. Миокард инфарктының неғұрлым жиі кездесетін әдеттегі варианты тес артындағы ауырсынудың пайда болуымен сипатталады. Онын белгілері тыныштықта да, нитроглицерин қабылдаса да басылмайтын 30 минөттен ұзақ уақытқа (бірнеше сагатка дейін) созылатын төтенше қатты ауырсыну. Бұл ауырсынулар өліп қалу қорқынышымен, тұншығумен, әлсіздіккек, қысымның төмендеушен және т.б, әтеді. Мұндай науқастарды аурудың алғашқы сағаттарында-ақ интенсивті емдеу палатасына жедел жатқызу, жағдайын үнемі қадағалау және реанимациялық емшараларды жүргізу үшін барлық қажетті құрал-саймандармен жабдықтау қажет. Аурудың алғашкы күндерінде қатаң төсектік тәртібі белгіленеді, осы кезекде төсектің, төсек жапқыштар мен іш-киімдердің жағдайын бақылау, барлық гигиеналық іс-шараларды жүргізу, дәрет ыдысын, зәр қабылдағышты беру керек.

Жүрек тұсының ауырсынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек

• Науқасты жатқызу;

• Таза ауамен қамтамасыз ету;

«Қысып тұрған киімдерін шешу;

• Бір таблетка нитроглицеринді науқастың тілінің астына салу;

• Науқаска жарты таблетка аспирин беру;

• Анальгетиктер енгізу;

• Дәрігерді шақыру.

Ентігу, жүрек демікпесі, өкпе ісінуі. Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары кезіндегі ентігу жүрек жетіспеушілігі белгілерінің бірі болып табылады, Бұл миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуінен, үлкен және кіші қан айналу шеңберінде қанның іркілуінен және ағзада сұйықтықтың жиналуынан болады. Бұл кезде кан кіші кан айналу шеңберінде жиналады да науқас физикалык күш түскенде және кобшіжығанда ауа жетпеу сезімін сезеді, ал аурудың өршуіне қарай тыныштык жагдайда да осьшдай сезім пайда болады.

Жүрек жетіспеушілігі кезіндегі тұншығу (жүрек демікпесі) - бұл шулы тыныс алумен өтетін, көбінесе түнгі уақытта, кенеттен пайлі болатын ауыр ентігу ұстамасы. Бұл кезде науқас амалсыз отыру күйін қабылдауға тырысады. Жүрек демікпесі жүрек бұлшық етінін некрозы (инфаркт), қабынуы (ауыр миокардит) немесе салмақ іусу (гипертониялық криз, сәйкес емес физикалық күш түсу) салдарынан жүрек бүлшық етінің жиырылғыштьщ қабілетінің күрт төмендеуі кезінде пайда болады. Өкпе ісінуі жүрек жетіспеушілігінің неғұрлым ауыр көрінісі больш табылады. Бұл кезде канның сұйық бөлігі қан тамырларының.кіі,іргалары арқылы өтеді де альвеолаларда жиналады. Жүрек демікпесінің айтылып кеткен белгілеріне сырылды тыныс алу жэне илкызыл көбікті қақырықтын белінуі қосылады.

Ентігу кезіндегі көмек: тыныштық жағдай жасау, науқасты отырғызу немесе жартылай отырғызу (ортопноэ), қысып тұрған киімдерді шешу, таза ауамен қамтамасыз ету, дәрігердің тағайындауымен иитроглицерин немесе АҚ жоғары болса гипотензивті дәрі беру.

Өкпе ісінуі мен жүрек демікпесі кезінде науқасқа көрсетілетін көмек:

- ең алдымен дәрігерді шақыру керек;

- науқасты отырғызу (ортопноэ);

- нитроглицерин беру, егер науқастың САҚ 100 мм с.б. төмен болмаса;

- мұрын катетері немесе маска арқылы көбек басқышпен бірге оксигенотерапия жүргізу, көбік басқыш ретінде әдетте 96% этил спирті қолданылады;

- электросорғышпен көбікті қақырықты сорып алу керек;

- науқасты отырғызғаннан кейін қанды үлкен қан айналу шеңберіне жиналдыру және оның өкпеге келуін кідірту мақсатында аяқтарына венозды бұраулар салады; екі аяқтың шап қатпарынан 15 см төмен жерге бұрау немесе резеңке түтік немесе тонометрдің манжетін вена ғана қысылатындай қылып салу керек, артериялық тамыр соғуы бұраудан төмен жерде сақталуы қажет, ал аяқтары көкшіл тартуы керек, бұраудың салыну уақыты 15-20 минөт;

- венозды бұрауларды қолға да салуға болады, оны шешерде жайлап аддымен бірікілі қолдағыны, біраздан кейін екінші қолдағыны шешу керек;

- айналымдағы сұйықтықтың біраз бөлігін қан айналымынан шығару және кіші қан айналу шеңберін жеңілдету мақсатында қан ағызуды қолдануға боладіл.

Ісінулер. Жүрек жетіспеушілігі кезіндегі ісінулер үлкен қан айналу шеңберінде қанның іркілуінен және ағзада сұйықтық жиналуынан пайда болады. Науқас жүріп жүрсе ісік аяқтарында, ал төсек тартып жатса сегізкөзде, жауырында, бел аймағында болады. Ісінулер аймағында тері жылтыр, тегіс, керілген болады. Оны басканда ұзак сақталатын ойық пайда болады. Жүрек жетіспеушілігінің ары кеткен ауыр кездерінде пайда болатын сұйықтық іш қуысына жиналса - асцит, плевраға жиналса -гидроторакс, перикард қуысында болса - гидроперикард, бүкіл дененің ісінуі анасарка деп аталады.

Адам тәулігіне 1,5 - 2 л зәр бөледі. Бұл тәулігіне қабылданған сұйықтықтың 70 - 80%. Егер зәр мелшері тәулігіне қабылданған сұйықтық көлемінің 70 - 80%-нен аз болса, теріс диурез дейді, яғни сұйықтықтың бір бөлігі ағзада қалып кояды. Егер зәр мөлшері тәулік бойы қабылданған сұйықтықтан артық болса, онда диурезді оң дейді. Оң диурез зәр айдағыш дәрі ішкеннен кейін ісінулердің қайту кезінде де керінеді. Су балансы жағдайын дене салмағын өлшеу арқылы да бақылауға болады. Дене салмағының күрт артуы ағзада сұйыктықтың кідіруін көрсетеді. Төсек тартып жаткан және зәр айдағыш дәрі қабылдайтын науқастарды дәрет ыдысымен, зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету қажеттігін есте сақтаған жөн. Іш қуысында көп мөлшерде сұйықтық жиналған кезде емдеу және диагностикалық мақсатта іш қуысын тесу (парацентез) жүргізіледі. Бұл шараны іске асырарда өте сақ болу керек, өйткені бірден көп мөлшерде сұйықтық алғанда науқаста коллапс болуы мумкін.

Төсек тартьш жатқан жүрек жетіспеушілігі бар науқастарда ісінулер болатын жерлерде - сегізкөз, бел және жауырында - трофикалық өзгерістер жиі дамиды, сондықтан бұл жерлерде ойылулардың пайда болу қаупі өте жоғары. Сол себептен ойылулардың аздын алу шараларының маңызы ерекше.

Артериялық қысымның көтерілуі кезіндегі алғашкы медициналық көмек

• Науқасты жатқызу;

• Таза ауамен қамтамасыз ету;

• Қысып тұрған киімдерін шешу;

• Дәрігерді шақыру;

• Бір таблетка нитроглицеринді науқастың тілінің астына салу;

• Седативті заттарды беру - пустырник тұнбасы 20-30 тамшы, корвалол 15-30 тамшы, валокардин 15-30 тамшы. валерин экстракты 1 драже.

Асқазан мен ішегі ауыратын науқастарға жасалатын күтім және бақылау

Қазіргі кезде әртурлі асқазан-ішек жолдары ауруларымен, яғни асқазанның ойық жарасы, созылмалы гастрит, холецистит, панкреатит, энтерит, колит және т.б ауруларымен ауыратын науқастар ауруханалардың, сонымен қатар емханалардың терапевттік және хирургиялық бөлімшелерінде емделушілердің көп бөлігін кұрайды. Асқорыту жуйесінің ауруларының себебін, ағымын, диагностикасын және емін зерттейтін ішкі аурулардың бір саласы ол - гастроэнтерология. Асқорыту жүйесінің ауруларын анықтау ушін науқасты арнайы дайындауды талап ететін түрлі әдістер (ренгендік, эндоскопиялық, ультра дыбыстық) қолданылады

Ентігу – қан айналымның жетіспеушілігінің (сол жақ қарынша жетіспеушілігі) белгісі. Жетіспеушіліктің дәрежесін ентігудің күштілігіне қарапанықтауға болады. Ентігу алғашқы сатыларда физикалық күш түскенде ғана пайда болады. Кейде сөйлегенде, тамақ ішкенде байқалады. Сондай-ақ ауру соңында тыныштық күйіде пайда болады.

Демігу ұстамасы (жүрек астмасы) -өткір, сол жақ қарынша жетіспеушілігінің нәтижесі болып табылады. Ол көбінесе түнде кенеттен басталады. Науқасқа бірден оттегі жетпей қалады. Бастапқыда ентігу инспирациялық түрде жүреді. Кеуде торында күркілдеген сырылдар естіледі. Қызғылт түсті көбікті қақырық бөліне бастайды.

Жүректің жиі қағуы- бұл науқастың кеудесінде пайда болатын сезім, көбінесе жүректің бұлшық еті зақымданғанда пайда болады. Миокардит, миокард инфарктісі, жүрек ақауларында кездеседі. Анемия, невроз, қызба кезінде бұл белгі рефлексті түрде болады. Қалыпты жағдайда физикалық күш түскенде, жүгіргенде, толқығанда, уайымдаған жағдайларда пайда болады.

Жүрек ырғағының бұзылуы - бұл аритмия немесе экстросистолия ретінде көрінеді. Науқастар жүректің тоқтап қалған сезіміне шағым жасайды. Бұл сезімдердің қандай жағдайда пайда болатынын (физикалық күш түскенде, тыныштықта, отырып тұрғанда күшеюі мүмкін) сұрастыру керек.

Жүрек тұсының ауырсынуы - әртүрлі себептерден дамиды. Сондықтан

сұрау жүргізгенде аурудың орнын, мінездемесін (қысылып, қысып, тесіп, күйдіріп ауыру), ұзақтығын, қашан дамитынын анықтау керек.

Ісіктер - оң жақ қарынша жетіспеушілігі белгілері болып табылады. Үлкен қан айналу шеңберінде іркілу болғанда кездеседі. Алғашқыда ісіктер балтырда (кешке қарай пайда болады) пайда болады, түнде қайтадан жоғалады. Кейін санда, жамбаста және іште (асцит) біртіндеп пайда болады. Олар дене қалпын өзгерткенде жылдам түрде жылжып (орнын ауыстырып отырады) отырады.

Оң жақ қарынша жетіспеушілігі келесі белгілермен көрінеді: іркілу құбылыстарымен бауырдың үлкеюі, оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімдері пайда болады, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, іштің (құрсақ қуысының мүшелерінде іркілу болғандықтан) кебуі, бүйрек жұмысының бұзылуы және диурездің азаюы.

Цианоз -тері жамылғыларының көгеруі.

Жөтелу, қан түкіру – кіші қан айналым шеңберінде іркілу пайда болғанда байқалады. Қан айналым мүшелері қызметінің бұзылысы кезіндегі мейірбикелік процесс

Мейірбикенің мақсаты: мейірбикелік күтімді ұйымдастыру мақсатында қажеттіліктің қанағаттануының бұзылысын анықтау. Қан айналым мүшелерінің қызметі бұзылғанда науқас келесі шағымдарды айтады:

- жүрек тұсының ауырсынуы;

- ентігу;

- тұншығу (жүрек демікпесі);

- шеткі ісінулер;

- жүрек қағу;

- іштің ұлғаюы (асцит);

- АҚ күрт жоғарылауы (гипертониялық криз);

- АҚ күрт төмендеуі (коллапс);

- естен тану.

- Науқастан дем алу қажеттілігі қанағаттануының бұзылысы туралы мәлімет алу үшін сұрастырған кезде, жүректің ауырсынуын алғаш рет қашан сезгенін, ауырсынудың сипатын (ұстама түрінде, қақ-
сайтын, тесетін), ауырсынудың пайда болуына әсер ететін факторларды (жаяу жұру, күйзеліс, физикалық ауырлық) анықтау қажет.

Сонымен қатар, кейбір дәрілерді, мысалы валидол, нитроглицерин қолданғаны туралы, одан қандай нәтиже болғаны туралы сұрастыру қажет.

Дұрыс диагноз қою үшін қосымша мәліметтер жинау қажет. Мысалы, тыныштық, жүру, физикалық ауырлық кездерінде ен-
тігу болғаны туралы, тәулігіне ішетін сұйықтық мөлшері туралы, соңғы кезде дене салмағының ұлғаюы туралы сұрастыру қажет. Сұрастыру кезінде науқастың өз қан қысымын бақылайтыны туралы, кім өлшейтінін, кардиолог көмегін қажет етуі туралы сұрастыру өте қажет.

Сонымен қатар, қан айналу жүйесі ауруларының дамуында зиянды әдеттердің, кәсіби зияндылықтардың, тұқым қуалаушылықтың маңызы үлкен.

Кәсіптік зияндылықтарға түнгі кезекшіліктер, жиі суық тию, шуыл, тербеліс, жоғары ылғалдылық, "ыстық цех", зиянды булар жатады.

Науқастан сұрастырған кезде тұрмыстық жағдайы туралы да (пәтердің ылғалдылығы, ауаның төмен температурасы) мәлімет алу керек.

Қан айналым жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келетін қауіп факторлары:

-шылым шегу;

- ішімдікке салыну;

- аз қимылды өмір салты;

- жиі күйзелістік жағдайлар;

- көп мөлшерде май қабылдау;

- артық салмақ;

Науқасты жалпы қарау кезінде келесі өзгерістерге назар аудару қажет:

- тері жамылғыларының түсі: бозару, цианоз, гиперемия;

- терінің ылғалдылығы: ылғалды, суық тер;

- ентігу: тыныштық жағдайда, қимыл-әрекет кезінде;

- шеткі ісіктер: тобықтарда, балтырда, бетте;

- іштің көлемінің ұлғаюы (асцит), іштің алдыңғы аймағында венозды

суреттің күшеюі;

І.МЕЙІРБЙКЕЛІК ДИАГНОЗ: Артериялық қысымның күрт
жоғарылауы

II. МАҚСАТЫ: АҚ-ны біртіндеп төмендету (индивидуалды уақыт).

ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) Дереу дәрігерді шақырту (бұл жағдай білікті медициналық көмекті

қажет етеді);

2) бас жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек

бұлшық еттерінің, бүйректің қызметі жеңілденеді);

3) физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз
ету;

4) таза ауамен қамтамасыз ету;

5) шүйде аймағына және балтырға қыша қою;

6) маңдайға суық компресс қою (бас ауру әлсірейді);

7) қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш кою;

8) дәрігердің нұсқауларын орындау;

9) әр 30 минут сайын емделушінің жағдайын (сырт көрінісін қарау,

ТАЖ, АҚ, пульс) АҚ қалпына келгенге дейін қарау.

МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Жүрек шаншуы

II. МАҚСАТ: 30 минут ішінде ауырсыну ұстамасын басу.

ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ.

1) дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті көмекті қажет етеді);

2) емделушіге көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек бұлшық еттерінің қызметі жеңілдейді);

3) физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз
ету (миокардтың гипоксия деңгейі төмендейді, тыныс алу жағдайлары

жақсарады):

4) валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына)
және 30-40 тамшы корвалол немесе валокардин беру. Егер нит-
роглицерин тамшы түрінде болса, онда 1-2 тамшысын қантқа тамызады;

Ескерту: қан қысымы 100мм с.б. төмен болғанда нитроглицеринді беруге

болмайды.

5) жүрек тұсына қыша қою (қан айналым мүшелеріне рефлекторлы әсер

етеді);

б) таза ауа жіберуді қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейі

төмендейді, тыныс алу жағдайлары жақсарады);

7) дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету;

Ескерту: стенокардия ұстамасының созылу уақыты орташа есеппен 1-5 минутқа (сирек жағдайда 30 минутқа дейін) созылады. Егер ауырсыну басылмаса, миокард инфарктісі болуы мүмкін.

8) емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс)
бақылау жүргізу.

9) науқастың жағдайы жақсарғанда ұстама кезінде нитроглицерин немесе

валидолды тіл астына қабылдау ережелерін түсіндіру.

10) Науқаспен және оның туыстарымен ауырсынудың алдын алу

шаралары, уақытылы көмек шаралары туралы әңгімелесу. Ұстаманы

тудыратын қауіпті факторлар (қатты қобалжу, физикалық жүктеме,

спиртті ішімдіктер қабылдау, темекі шегу) туралы әңгімелесу.

13.Іш ауырсыну кезінде дәрігерге дейінгі көмек және диагностикасы.

Іштегі ауырсыну сезімі - асқорыту жүйесінің ауруларының жиі кездесетін белгілеріне жатады. Онын пайда болу механизмі әртүрлі. Асқорыту мүшелерінің моторлық қызметінің бұзылуынан пайда болатын ауру сезім висцеральді деп аталады. Ол мысалы, ішек, бүйрек ауырғанда, ойық жараның асқынбаған т.б. ұстамалы немесе сыздаған диффузды сипатта байқалады, дененің әртурлі бөліктеріне таралады. Патологиялық үрдіске асқорыту мүшелерін қаптайтын ішастар жапырақшасы ұшыраганда, мысалы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде оның нерв ұштары тітіркеніп, перитонеальді ауырсыну сезімі пайда болады, ол көбінесе бір жерде тұрақты, өткір, жедел, кұрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қозғалысы кезінде күшейетін болады. Ауру сезім интенсивтілігі, сипаты, орны, таралуының бар-жоқтығы, ұзақтығы, периодтылығы бойынша бағаланылады. Іштің ауруы тек асқорыту ауруларында ғана емес, сондай-ақ жүрек(миокард инфарктісі), тыныс мүшелерінің (крупозды пневмония), неврологиялық аурулар кезінде де пайда болатынын білу керек. Көбінесе науқастар ауру сезімін ауыр өткізеді.Іште ауру сезімі болғанда, бірден дәрігерге хабарлау керек. Мұндай жағдайда мейірбике өз бетімен ішке дәрі немесе жылытқыш беруге құқы жоқ, себебі бұл ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Ауру сезімінен басқа, асқорыту ауруларында диспепсиялық бұзылыстар кездеседі, оларға жүректің айнуы, құсу, кекіру, тәбеттің бұзылуы, ауызда жағымсыз дәмнің пайда болуы, іш қату, іш өту т.б. жатады.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 1085 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Минералды заттар 8 страница | Минералды заттар 9 страница | Минералды заттар 10 страница | Минералды заттар 11 страница | Минералды заттар 12 страница | Дистиллятор, дистилдентен сумен ыдыс. | Маска кию. | Венесекция 1 страница | Венесекция 2 страница | Венесекция 3 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Венесекция 4 страница| Венесекция 6 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)