Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АСТАНА 2014 г.

ӨНДІРІСТІК (ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ) ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУ

 

Студенттердің өндірістік (диплом алды) тәжірибесі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады, оның мақсаты – түйінді құзіреттілігін бекіту, оқыту мамандығы бойынша практикалық дағды мен кәсіптік тәжірибе қалыптастыру болып табылады.

Өндірістік тәжірибе – шығарылатын кафедраның оқытушысы мен тәжірибе базасы базасының (ұйымның) сәйкес бөлімшесінің жетекшісі немесе маманы басшылығымен жүргізілетін студенттің өз бетінше жасайтын жұмысы. Өндірістік тәжірибе теориялық білім толық аяқталғаннан соң бітіруші курста ұйымдастырылады.

Тәжірибеге шықпас бұрын студент кафедрададан тәжірибе бағдарламасын, күнделікті, тәжірибеге жолдама алуы керек. Тәжірибеге студент жақсы дайындалып бару мақсатында кафедрадан тағайындалған жетекшіден қажетті кеңестер алуға, ұсынылған әдебиеттерді оқуға, алдағы жұмыстардың мазмұны мен бағдарламасымен танысуға міндетті.

Тәжірибеден өтетін орнына келген студент ұйымның кадр бөліміне тәжірибеге жолдамасын ұсынады. Студент практикант ретінде ресімделген соң, оған бекітілген үлгіде танысуға міндетті ұйымдағы ішкі тәртіп және еңбекті сақтау ережесімен, ҚР еңбек заңнамасы тарайды.

Тәжірибеден өтуші студент ұйыммен (мекеме) танысқан соң тәжірибеден өту күнтізбелік кестесін жасауы қажет. Студент тәжірибе барысында жұмыс орны, күні мен күнделікті орындалған жұмыстың көлемін көрсетілген күнделікті жүргізеді.

Күнделіктегі жазулар қолмен толтырылады және сәйкес жұмыс барысында ұйым тарапынан тәжірибеге бақылауда болған жетекші қолтаңбасымен расталады. Тәжірибе аяқталған соң күнделікте ұйым тарапынан тәжірибе жетекшісінің сын-пікірі беріледі.

Тәжірибе барысында студент міндетті:

ұйымда бекітілген техника қауіпсіздігі мен еңбекті сақтау, ішкі тәртіп ережелерін, еңбек тәртібін сақтауға;

шын ниетімен, толық көлемде және бекітілген мерзімде тәжірибе бағдарламасын орындауға; ұйым тарапынан тәжірибе жетекшісі мен кафедрадан тәжірибе жетекшісінің нақты тапсырмалары мен жұмыстарын нақты және уақтылы орындауға;

дипломдық жұмысты орындауға және өндірістік тәжірибе бойынша есепке қажетті практикалық материалдарды жинақтауға, өңдеуге және дайындауға;

кафедра тарапынан тәжірибе жетекшісіне рецензиялауға тәжірибе есебін уақтылы дайындап ұсынуға;

Тәжірибе бойынша есеп тәжірибе бағдарламасына және тәжірибе жетекшісінің қосымша нұсқауларына сәйкес құрастырылады.

Тәжірибе бойынша есеп кафедра тарапынан жетекшісінің ұнамды сын-пікірінен соң, кафедра мәжілісінде бекітілген комиссия алдында қорғалады және балдық-рейтингтік әріпті жүйе бағасы бойынша бағаланады. Тәжірибе бойынша есепті қорғау ашық түрде жүргізіледі.

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДНЕВНИК| По прохождению производственной (преддипломной) практики

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)