Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мектепке дейінгі қызметкерлер мамандарын даярлаудың мемлекеттік жүйесі.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі.
  2. Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi
  3. Мектепке дейiнгі ұйымдардың түрлерi және оларды жинақтау
  4. Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің басқару еңбегінің мәні, тұлғасына басқару стиліне қойылатын талаптар.
  5. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесi
  6. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау.

Біздің елімізде мектепке дейінгі қызметкерлер мамандарын даярлау педагогикалық колледжілерде және педагогикалық институт, университеттердің «мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» факультеттерінде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі профиль мамандарын даярлауға жоғары талаптар қойылады. «Бүгінгі маман –психологиялық-педагогикалық ілімнің негіздерін жақсы меңгерген, қоғам мен елдің саяси мақсаттарын айқын көретін, ғылыми және практикалық мол даярлығы бар, өз мамандығын жетік меңгерген адам».

«Балалар бақшасының уставында» мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің арнаулы білімі болуға тиіс делінген. Арнаулы орта білімі бар тәрбиешілерді даярлау орталау және толық орта мектептің негізінде оқушылар қабылдайтын педагогикалық колледжілердің күндізгі, сырттан оқылатын бөлімдерінде жүзеге асырылады.

Келешек тәрбиешілердің мамандық даярлығы балалардың жас ерекшеліктерін, олармен жүргізілетін білім-тәрбие жұмысының мазмұны мен методикасын жақсы білу үшін қажетті анатомиялық-физиологиялық, психологиялық, педагогикалық пәндерді оқып үйрену процесінде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі профильдің жоғары білімді мамандарын қалыптастыруда педагогикалық практика елеулі орын алады.

Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі теориялық және практикалық оқытудың нәтижесінде педагогика, психология ғылымының негіздерін, балаларды тәрбиелеу мен оқыту методикасын терең меңгеруге, профессионалдық эрудиция алуға, алған білімін, іскерлігін, дағдысын балалармен жұмыс практикасында ойдағыдай қолдануға тиіс. Педагогикалық колледжілерді бітірген түлектерді мектепке дейінгі мекемелерге жібереді, сондай барып олар педагогикалық еңбектің шеберлері болады.

Педагогикалық колледжілердің ең таңдаулы оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, орта мектеп түлектері педагогикалық ЖОО-ның мектепке дейінгі оқыту және тәрбилеу факультеттерінде өздерінің білімін жалғастыра алады. Институтты бітірген түлектерге мектепке дейінгі педагогика мен психологияның оқытушысы, мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі методист, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бакалавры деген квалификация беріледі.

Мектепке дейінгі мекеменің жоғары педагогикалық білім алған, практикалық жұмыста тәжірибесі бар ең талантты тәрбиешілері, басшылары аспирантурада оқуын жалғастырып, содан соң ғылыми жұмыспен шұғылдана алады.

2.Мамандармен жұмыс. Мектепке дейінгі мекеменің әрбір меңгерушісі жеткіншек ұрпаққа комунисті тәрбие берудің ойдағыдай болуын қамтамасыз ететін құралдар жүйесі мен басшылық жасау әдістерін орынды икемділікпен және жаңашылдықпен қолдануға талпынуы тиіс.

Меңгерушінің коллективпен қарым-қатынасы мақсат бірлігіне, балаларды «Балабақшадағы тәрбие программасына» сәйкес тәрбиелеуге негізделген.

Меңгеруші қарауындағы адамдарды жігерлендіре алуың балаларды тәрбиелеу міндеттерін шешуге жұмылдыра білуі, дербестік пен белсенділікті дамытуы, әрбір қызметкер қабілетінің дұрыс қолданылуына және жетілдіріп отыруына қамқорлық жасау керек. Басшы адам жұмысының бір ерекшелігі сол ол коллективті ынтымақтастыра, оның бай мүмкіндіктерін шебер пайдалана отырып, неғұрлым жақсы нәтижеге жетеді. Бастық өз ісін қаншама жетік білетін болғанымен, адамдарды шабыттандыра, олардың бойында өз күшіне сенушілік қасиетін, тапсырылған іске деген жауапкершілігін тәрбиелей алмаса, өзінің қарауындағы мекеме алдында тұрған міндеттерді шеше алмайды. Педагогика принциптерді басшылыққа ала отырып, меңгеруші ең алдымен кадр мәселесін дұрыс жүзеге асыруы тиіс. «...Істің түйіні-адамдарда, адамдарды іріктеп алуда»,-деді В.И.Ленин. Басшы коллектив алдында нақты мақсаттар қоюмен ғана тынбайды, сонымен бірге қызметкерлердің ісіне бағыт береді, ұйымдастырушы міндетін атқарады,өйткені нашар ұйымдасқан коллектив белгіленген мақсатқа жете алмайды. Коллективтің дұрыс ұйымдастырылуы басшының коллективті топтастыруына, оны соңына ертуіне, көмекшілер табуына мүмкіндік береді.

Меңгеруші қызметкерлердің қабілетін, бейімділігін, адамгершілік қасиетін және кемшіліктерін әрдайым зерттеп отырады, олардың іс әрекетіне басшылық жасай біледі. Басшы коллектив өмірін жете білген сайын, адамдармен белсенді жұмыс істеген сайын коллективтік моральдық ахуал жақсара береді, коллектив қызметінің нәтижелері артады, коллективтің өзі де ұйымшыл бола түседі.

Меңгеруші әрбір қызметкердің еңбегін, оның коллективтің ортақ ісіне қосып отырған үлесін бағалай білуі тиіс. Өйткені жеке адамның сан қырлы творчестволық қызметі коллективке ғана өрістей алады. Коллективтің әрқайсысында шын мәніндегі творчестволық ізденіс, еңбек сайысы және жолдастық өзара көмек жағдайын туғызу маңызды іс.

Басқару стилі неғұрлым демократиялық болған сайын, коллектив мүшелерінің мектепке дейінгі мекемені басқаруға қатысуы белсенді болған сайын, басшы қызметінің тиімділігі соғырлұм арта түседі. Меңгеруші мекеме қызметкерлерімен, бірінші кезекте тәрбиешілермен пікірлесе білуі, коллектив болып жаңа тиімді әдістерді табуы, оқу тәрбие жұмысын жақсарту жолдарын іздестіруі керек.

Жұмыстағы шын мәніндегі коллектившілдік сөзсіз бағынуды талап етушілікпен, әкімшілік қысым жасаушылықпен және адамды қадірлемеушілікпен сипатталатын басқарудың менмендік стилін болдырмаудың маңызды құралы. Меңгеруші қарамағындағылармен ақылдаса отырып, коллективтік шешім жеке басшылықпен, басшының коллектив қызметі нәтижесі үшін жеке жауапкершілігімен ұштастырылса ғана жұмыстың нәтижелі болатынын есте сақтауы тиіс. Шешім қабылданғаннан кейін оның толық жүзеге асырылуына басшы жауап береді. Праволар және де үлкен праволар- басшыларға оларды толық көлемінде пайдалану үшін беріледі. Бірақ сонымен бірге әрбір басшщының өзінің жоғары жауапкершілігін-басшылық ету өзіне сеніп тапсырылған адамдар алдындағы жауапкершілігін ұдайы есте ұстауға тиіс екені белгілі.

Басшы жұмысының табысты болуы көбінесе оның тәрбиеші ретінде көріне білуіне байланысты. Мектепке дейінгі балалар мекемесі басшысының міндеті- әкімшілік міндетін тәрбиеші міндетімен үйлестіруді үйрету.

Меңгеруші педагогикалық коллективке (барлық қызметкерлер алдына қойылып отырған мақсат пен міндеттерге қарай өзара көмек пен қолдау, коллектившілдік пен жолдастық, енжарлыққа қарсы күресу сияқты адамгершілік талаптарға сүйене отырып) саяси, идеялық ұстаз ретінде ықпал етеді; меңгерушінің моральдық беделінің, оның педагогтық жоғары шеберлігінің де маңызы зор.

Тәрбие жұмысында коллективтің өзі, оның қоғамдық ұйымдары: кәсіподақ– маңызды роль атқарады. Меңгеруші өз жұмысында кәсіподақ ұйымын тірек ете білуі тиіс. Коллективті қалыптастыру және нығайту, түпкі жоғары нәтижелерге жету - әкімшілік пен кәсіподақ ұйымдарының басты міндеттерінің бірі.

Мектепке дейінгі мекемедегі кәсіподақ ұйымы – бұл үлкен қоғамдық күш. Ол еңбекшілердің творчестволық белсенділігін арттыруға, тиімділік пен сапа, ұқыптылық пен үнемшілдік, тәртіпті, ұйымшылдық пен реттілікті нығайту жолындағы күрестің күшеюіне елеулі ықпал ете алады.

Еңбекшілерді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын орындауға жұмылдыруда, адамдарды тәрбиелеуде социалистік жарыстың қаншалық орасан зор роль атқаратыны белгілі. Ол кемелденген қоғам жағдайында шын мәнінде бұқаралық сипат алды, бүкіл шаруашылық және басқару қызметінің құрамды бөлігі болып табылады. Еңбек жарыстарының екі жақты шартқа және жеке творчестволық жоспарларға негізделген жеке және коллективті түрлері кең өріс алуда. Ұжымдық жарысты әсері күшті болатындай, белгіленген жоспарлардың сөзсіз орындалуын қамтамасыз ете алатындай етіп ұйымдастыру керек.

Жас тәрбиешілердің қалыптасуы – күрделі де ұзақ процесс. Алғашқы қадамынан бастап-ақ олардың қасында кәсіби дағдыларға байсалдылықпен үйрететін, коллектив өміріне араласуға тарта білетін ұстаз болуының маңызы аса зор. Жас тәрбиешінің әуелі өз жұмысын ұнатуы, мемлекеттің оған біздің еліміздің кіші азаматтарын тәрбиелеуді тапсырып, үлкен сенім көрсетіп отырғанын жете түсінуі олардың алғашқы ісіне үлкендердің қалай қарайтынына, мектепке дейінгі мекеменің бүкіл жұмыс стиліне байланысты болады.

Балаларға тәрбие-білім беру жұмысының педагогикалық училищеде меңгерілген жалпы негіздері педагогтың қалыптасуының іргетасын қалайды. Ал белгілі бір жағдайда не істеу керектігі – жалпы заңдылықтарды нақтылы бір жағдайда қолдану өнері ғана. Міне, осы жерде, қажетті болған жағдайда үлкендердің тәжірибесі барларының қол ұшын бергені жөн.

Қандай ұстаз – нағыз ұстаз? Ұстаз – өзінің білімі мен шеберлігін жомарттықпен бөлісуге әрдайым әзір тұратын құрметке бөленген жан.

Ұстаздарды іріктеу, даярлау меңгерушінің, кәсіподақ ұйымдарының қам-қаракет ауқымына кіреді.

Уақыт алға қойған жастар арасындағы тәрбие жұмысын күшейту жөніндегі талапты жүзеге асыра отырып, басшылар тәлімгерлер қозғалысының дамуына жағдай туғызуы керек.

Балабақша меңгерушісі, басшы ретінде, еңбекшілердің мүддесіне әрдайым қамқорлық жасап отыруы тиіс. Еңбегі мен тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде үнемі қамқорлықты сезініп жүрген жерде адамдар да жақсы және ықыласты жұмыс істейді.

Нақты адам, оның мұқтаждары мен қажеттері жөніндегі нақты қамқорлық – үкіметтің экономикалық саясатының басты бағыттарының бірі.

Кадрларды мейілінше сыйлау, оларға сенім арту, жанашырлықпен қарау, олардың қызметін әділ және орынды бағалау басшыға тән қасиет болуы тиіс. Бұл адамдардың өзінің күш-жігеріне деген сенім сезімін туғызады, жігер қосады, өзінің білімі мен қабілетін көрсетулеріне жетелейді. Сонымен бірге кадрларға көрсетілген сенім мен құрмет оларға жоғары талап қоюды меңзейді. Адамдардан тапсырылған істің орындалуын талап ету – оларды өз борышын сезінуге тәрбиелеу, қателіктен және аңғалдықтан, жайбарақаттық пен менмендікке салынудан сақтандыру деген сөз. Қызметшілерге қатал талап қою, жұмысын сын көзбен бағалау – оларды кез келген жағдайда мазалап, жүйкесіне тиіп, қызметіне орынсыз араласу деген сөз емес.

Шешімдердің орындалуын бақылау – меңгерушінің маңызды қызметі, ол оны басқа біреуге жүктей салмай, тікелей өзі атқаруы тиіс. Шешімнің орындалуын тексерудің жақсы жолға қойылуы – кадрларды дұрыс тәрбиелеудің маңызды құралы. «Адамдарды тексеру және істің нақты орындалуын тексеру – бүкіл жұмыстың, бүкіл саясаттың тетігі енді осында, тағы да осында, тек қана осында», - деп көрсетті В.И.Ленин.

Бақылау анда-санда емес, тұрақты жүргізіліп отырылса ғана барынша тиімді болады, істің жағдайына, жұмыс нәтижесіне, кадрлардың қызметіне елеулі әсер етеді. Қабылданған шешімдердің жедел әрі қалтқысыз орындалуына жетумен қатар оған кедергі келтіріп отырған себептерді де жойып отыру қажет.

Шешімнің ойдағыдай орындалуы көбіне оның қаншалықты ойластырылғанына байланысты: міндет неғұрлым нақты болса, жұмылдырушы және ұйымдастырушының ықпалы соғұрлым артады, соғұрлым оның қалай орындалып жатқанын бақылау оңайға түседі. Шешімнің жалпылық сипатта болып, ешкімді және ештеңеге айтарлықтай міндеттемейтін ешқандай нақты міндет белгілемейтін болуына жол бермеу керек. Шешім орындалуы үшін оны атқарушыларды дұрыс іріктеп алу керек.

Қабылданған шешімдердің орындалуына күнделікті бақылау жасай отырып, меңгеруші олардың іске асырылуына белсенді ықпал етеді, орын алған олқылықтардың және оларды туғызған себептердің тез арада жойылуына күш салады. Шешімнің орындалуын бақылап, тексеріп отыру жауапсыздықты, қырсыздықты, бюрократизмді жоюға көмектеседі.

В.И.Ленин шынайы бақылауды жүзеге асыру қажеттігін талай рет атап көрсетті. «Негізгі және басты міндет – істің орындалуын тексеру, іс жүзінде не орындалғанын тексеру», - деп жазды ол.

Кадрлардың жұмысын жоғарыдан бақылау төменнен, бұқара тарапынан бақылаумен міндетті түрде ұштастырылуы керек. Үкімет басшылардың жеке жауапкершілігін арттырудың олардың мекеме коллективі алдында есеп беруі сияқты құралын неғұрлым белсендірек пайдалануды ұсынып отыр.

Сынның кең өріс алуына қолайлы жағдай туғызу керек, коллективтің мүшелері басшының қызметі жөнінде өз ойын еркін айта алатындай, өз міндетіне немқұрайлы қарайтын қызметкерлердің қай-қайсысын болса да тәртіпке сала алатындай жағдай жасалуы қажет. Өмір кадрларды тәрбиелеу ісінің сын және өзара сынмен біртұтас екенін көрсетіп отыр. Іскер, принципті сын мен өзара сын кертартпалық пен оралымсыздыққа қарсы күрестің жақсы құралы.

Қазіргі жағдайда басшының жеке қасиеттеріне қойылатын талап арта түсуде. Коллектив басшыны өзіне үлкен праволар берілген әкім ретінде ғана емес, үлкен адамгершілігі үшін сый-құрмет көрсетуге, сенім артуға болатын адам ретінде әрдайым көргісі келеді.

Дұрыс басшылық педагогикалық батылдық, жаңаны сезіну, жұмыс перспективасын көре білу, ғылымның соңғы жаңалықтарына сүйену, тапсырманы орындаудың жаңа құралдары мен әдістерін табу, оны шешуге педагогтарды қатыстырып отыру, оларға күтіліп отырған нәтижені көрсете білу сияқты сапаларды да қамтиды. Мұның бәрі басшыдан білімі мен дағдысын үздіксіз және жүйелі түрде жаңғыртып, мамандығын ұдайы жетілдіріп отыруды талап етеді.

Шын мәніндегі басшы қарауындағыларға үлгі болып табылады. Оның бойына идеялылық пен ой өрісінің кендігі, іскерлік, моральдық кіршіксіздік пен кемшілікке төзбеушілік қасиеттері дарыған. Оған масаттанушылық, дандайсу, енжарлық және жаңаға сескене қараушылық жат қасиеттер. Басшылықтың әдістері мен стильдерін меңгерген басшының іскерлік және адамгершілік бейнесі, міне, осындай.

Қазіргі басшы өз бойында партиялықты терең білгірлікпен, тәртіптілікті инициативамен және істі творчестволық тұрғыдан атқарумен табиғи ұштастыруға тиіс. Сонымен бірге қандай да болсын учаскеде басшы әлеуметтік-саяси, тәрбиелік жай-жапсарларды да ескеріп отырға: адамдарға, олардың қажеттері мен тілектеріне сергек қарауға, жұмыс пен тұрмыста үлгі-өнеге болуға міндетті.

3.Мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық қызметтерінің өз бетімен білім алу жөніндегі жұмысын жақсарту туралы. Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие-білім беру жұмысын үнемі жақсартып отыру үшін, педагогтардың теориялық дайындығы мен педагогикалық шеберлігін үздіксіз жоғарылатып отыру талап етіледі. Бұл міндеттерді шешуде педагогика, психологиялық шығармаларды, арнайы әдебиетті өз бетімен жүйелі түрде оқып үйреніп, жалпы мәдениет деңгейін көтеріп отырудың маңызды ролі бар.

Өз бетімен білім алу педагогиканың ең жаңа жетістіктерімен, бала психологиясымен, гигиенасымен, балабақшалар, ясли-бақшалар жұмысының озат тәжіриебесімен, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнінде программалық-методикалық документтермен таныстыруды көздейді.

Сондықтан да халық ағарту органдары тарапынан тәрбиешілердің, музыка жетекшілерінің, тәрбиеші-методистердің, мектепке дейінгі мекеме меңгерушілерінің өз бетімен педагогикалық білім алуына айтарлықтай назар аударылып отырылуы қажет.

Мектепке дейінгі мекеме педагогтарының өз бетімен білім алуын ретке келтіру үшін мыналар қажет:

- өзінің теориялық деңгейі мен педагогикалық білімін жетілдіру жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізуге қазіргі кезде педагогикалық оқу орындарында оқып жатқандардан басқа мектепке дейінгі мекемелердің бүкіл педагогикалық құрамын жұмылдыру;

- тәрбиешілердің, музыка жетекшілерінің, тәрбиеші-методистердің, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерініңөз бетімен білім алудағы мақсатын қамтамасыз ету, балалр мекемелерінің тәрбие-білім беру ісіндегі ең қиындықпен шешілетін бұл жұмыстағы проблемалардың мазмұнына назар аудару.

Осы мақсаттармен өз бетімен білім алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша мектепке дейінгі мекемелер басшылары үшін семинарлар өткізіп, балабақшалар мен ясли-бақшалардың педагогикалық қызметкерлерінің бүкіл категориялары үшін курстар, семинарлар өткізген кезде өз бетімен білім алуды ұйымдастырудың озат тәжіриебелерін оқыту ісінде пайдалана отырып, осы мәселеге назар аударудыкүшейте түсу керек.

Тәрбиешілерді өз бетімен білім алуға қажетті әдебиетпен қамтамасыз етуде көмектесіп отыру, алыс жерлердегі мектепке дейінгі селолық мекемелер үшін аудандық методикалық кабинет жанынан жылжымалы шағын кітапханалар ұйымдастыру қажет. Методикалық кабинетті өз бетімен білім алу жөніндегі жұмысының озат тәжіриебесімен толықтыру қажет.

Мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің өз бетімен білім алу жөніндегі жұмысын тәрбиеші-методист; білім беру бөлімдері мен методикалық кабинет меңгерушілері, тәрбиеші методистері, инспекторлары ұйымдастырды. Әрбір тәрбиешілердің, музыка жетекшісінің, методистің, меңгерушінің өз бетімен білім алудажеке жоспары болуға тиіс. Жоспар сол маманның жұмыс тәжірииебесінде үлкен қиындықтар тудыратын мәселелерді, сондай-ақ педагогтың өзі қызығатынмәселелерді ескере отырып жасалады. өз бетімен оқып үйрену үшін жылына 1-2 тақырып ұсынылады.

Мектепке дейінгі мекемелердің басшылары өз бетіммен білім алудың мазмұнына белсенді ықпал етуі тиіс: қазметкердің педагогикалық жұмысын жақсартуға көмектесетіндей тақырыптарды оқып үйренуді ұсынады. Тәрбиешілердің, музыка жетекшілерінің өз бетімен білім алу жөніндегі жұмысын жоспарлауға көмектескен кезде олардың тәрбиелік жұмысының нәтиежесін; тәрбиеші-методистердің, меңгерушілердің педагогикалық коликтивтегітұтас жұмысының нәтиежесін, олардың бейімділіктерімен жеке басының ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет. әр педагогтың өз бетімен жүргізетін жоспарының нақты, сонымен бірге түсінікті болуы тиіс. Бұл жоспарда өзбетімен оқып үйренуге алынған тақырып, бұл тақырыптың негізгі мәселелері және қосымша әдебиеттер көрсетіледі. Мектепке дейінгі мекемелер педагогтардың өз бетімен оқып үйренуге арналға қазіргі уақытағы неғұрлым маңызды тақырыптарының тізімі осы хаттың қосмымшасында беріледі. Бұл тақырып үлгі тақырып болып саналады.

Мектепке дейінгі мекемелердің басшылары, методистері, инспекторлары тәрбиешілердің теориялық және педагогикалық шеберллігін жақсарту жөніндегі олардың өз бетімен істейтін жұмысының жай-күйін әңгімелер өткізу жолдарымен, ең бастысы мектепке дейінгі мекемелердің бүкіл тәрбие-білім беру жұмысының деңгейін оқып үйрену барысында жүйелі түрде тексеріп отыруға міндетті.

Педагогикалық еңбек нәтиежесінде өз бетімен білім алудың неғұрлым тиімді ықпал жасау мақсатын көздеп, методикалық бірлестіктердің жұмысын олар қарастыратын мәселелер сол бірлестіктердің тәрбиешілерінің көпшілігі жұмыс жасайтын проблемамен сәйкес келетіндей етіп жоспарлау қажет.метобикалық бірлестіктерде өз бетімен білім алу жөніндегі тәжіриебе алмастыруды белсенді түрде ұйымдастырып, бұл жұмысты жүйелі түрде талдап, қортындысын шығарып отыру қажет.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1389 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын жоспарлау. | Ясли-бақшаның жұмыс жоспары. | Басқару әдістері. | Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны | Дәріс тезистері | Дәріс тезистері | Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-әдістемелік кабинет | Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесi | Мемлекеттiк аттестаттауды өткiзу тәртiбi | Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың айырмашылықтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тәрбиеші портфолиосының негізгі бөлімдері.| Йрену/үйрету процесі банкке ақша салғандай шәкірт басына білім жинақтау емес!

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)