Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. Остеоартроздың патогенездік сызбанұсқасын толықтыру

Читайте также:
  1. Тапсырма.
  2. Тапсырма.
  3. Тапсырма.
  4. Тапсырма.
  5. тапсырма.
  6. Тапсырма. Қанның биохимиялық көрсеткіштерін талдау
  7. тапсырма. Амилоидоздың патогенездік сызбанұсқасын оқу
Буын шеміршегінің әдеттегі төзімділігі кезінде буынға механикалық жүктеменің шамадан тыс түсуі Буын шеміршегінің төзімділігі өмендеу кезінде буынға әдеттегі механикалық жүктеменің түсуі

 

 

Шеміршектің дегенерациясы және нәрсізденуі

Синовит, шеміршек асты сүйектің зақымдануы

№5 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.          

№ 1 есеп. Емханаға 45 жастағы науқас екі қолының білезік, саусақ буындарындағы орташа ауыру сезіміне, олардың ісінуіне және таңертең қозғалыстың шектелуіне шағымданып келді. Ауыру сезімі көбіне қимылдағанда пайда болады. Сонымен қатар кешкі уақыттарда науқастың дене температурасының 37,5-38,0ºС- қа дейін көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық күш түскенде ентігу, әлсіздік, селқостық, арықтау мазалайды. Науқастың анамнезінен (сыртартқысынан) оның буындарындағы ауыру сезімі жедел тыныстық вирустық жұқпаны басынан өткізгеннен 3 айдан бері мазалайтындығы белгілі. Соңғы 1 айда дене қызымының көтерілуін, жүрек қағуын, арықтауын байқаған. Сол кезде тағы саусақ буындарының ісінуі мен қозғалыстың шектелуін байқаған. Ем қабылдамаған. Науқастың ата-анасы қартайған шағында өлген, бірақ ол анасының аяқ-қолдарындағы буындарының ауыратындығына жиі шағымданғанын айтады.

Зерттеу мәліметтері: бойы – 168 см, салмағы - 48 кг, дене қызымы– 37,6, АҚ – 90/60 мм.с.б.,

Пульсі (ТСЖ -тамыр соғу жиілігі) - 100/мин, ТЖ-20/мин. Бұлшық ет-сүйек жүйесі: екі қолының үстіңгі жақтық бунақ аралық алақан бунақтық және білезік буындары ісінген, пішіні шамалы жойылған, терісі қызарған, ауыру сезіміне байланысты қимылы біраз шектелген. Қол саусақтары ұршық тәрізді. Шынтақ буындарының сыртқы бетінде теріастылық түйіндер және саусақ бұлшық еттерінің шамалы семуі байқалады.

Қан талданымы:

Эритроциттер 3,0 х1012Ретикулоциттер 5 ‰

Гемоглобин 100 г/л

Түстік көрсеткіш 0,8

Лейкоциттер 10,0 х 109

Эозинофилдер 3, 0 %

Таяқша ядролы лейкоциттер 8 %; б/я - 67 %

Лимфоциттер 14 %; Моноциттер - 4 %

Тромбоциттер 240 х109

ЭШЖ 35 мм/сағ.

Қан жағындысында - гипохромия - ++;

Қанның биохимиялық талданымы: С-әсерлі нәруыз (СӘН) +++

Протеинограмма

Қалыпты жағдайда

Жалпы нәруыз 50 г/л 65 – 85 г/л

Әлбуминдер 30 г/л 40 - 50 г/л

Глобулиндер 42 г/л 30 - 40 г/л

Фибриноген 6 г/л 2 - 4 г/л

Аспаптық зерттеулер

Аспаптық зерттеулер нәтижесі: Рентгенограммада алақан-бунақтық буынды құрайтын сүйектердің буындық бөліктерінің боркеміктенуі (остеопороз) байқалады. Оң қолының II саусағының үстіңгі бунағы негізінде және III алақан сүйегінің басында жиектік өрнектер көрінеді. Оң қолдың III және II саусақтағы және алақан-бунақтық буындарының буын саңылаулық айқын тарылуы байқалады.

1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

2. аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз

3. Клиникалық көріністерге патофизиологиялық сараптама беріңіз

4. зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз

 

Есеп

Екі жастағы бала аурухананың қабылдау бөліміне иық сүйегінің сынығымен әкелінді. Қарап тексергенде қабырғаның «ескі» сынықтары, сүйектердің майысуы, буындардың қозғалғыштығы, тістерінің пішіні өзгеруі «янтарлы тістер», «көгілдір» склера, ортаңғы және ішкі құлақ сүйектерінің бұзылуы және кереңдік анықталды

1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

2. Бұл ауру этиологиясы бойынша остеопатияның қай түріне жатады? Осы топтың басқа ауруларын мысалға келтіріңіз

3. Науқастағы сүйек тінінің зақымдану патогенезін түсідіріңіз

Есеп

Науқас М., 65 жаста, дәрігерге несеп-тас ауруы бойынша қаралды. Сүйек тінінің рентгенограммасында фиброзды өзгерістер байқалады. Сүйек тінінің резорбциясы остеосинтезден басым. Алғашқы гиперпаратиреоз (Реклингаузен ауруы) диагнозы қойылды

1. Науқастың қанында кальций, фосфат, паратгормон деңгейі қалай өзгереді?

2. Сүйек тінінің өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз

3. Бүйректе тас жиналуының патогенезін түсіндіріңіз

Есеп

35 жастағы науқас М.., дәрігерге білезіктік буынның бүгілу беткейінде, қолтық және саусақаралық қатпарлардағы терінің қышуына, ұйқысының бұзылуына, еңбекке қабілетінің төменденуіне шағымданып келді. Тексеріп қарағанда қасыну іздері бар қабыршықтармен жабылған иректелген жолдар анықталды (суретті қараңыз): Науқаста болуы мүмкін:

A) Қызыл жегілік дерматит

B) Жанасулық дерматит

C) Пиодермия

D) Есекжем

E) Қотыр

6.6 әдебиеттер:

Негізгі:

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517

2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517

3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2010.- С. 716-731

4..

Қосымша

5. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 337-340

6. Остеоартрит//Под ред. Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. - 176 с

7. Остеопороз // Под ред. Беневоленской Л.И., Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2008. - 176 с

8. Литвицкий П.Ф. Патофизиология учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2010. – с.448-450

9. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 146-147, 214-216

Тақырыптың мульдимедиялақ көрсетілімі.

 

6.7. Бақылау

(сынамалық тапсырмаларды орындау, мерзімдік бақылауды қараңыз)

7.СОБӨЖ(2сағ)


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 132 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глоссарий| Есеп №3

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)