Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақтарды этногенез: философиялық талдау

Читайте также:
  1. Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны
  2. Схематикалық процедураның талдауы.
  3. Тапсырма. Қанның биохимиялық көрсеткіштерін талдау
  4. Этногенез: факторы, направления, формы, процессы

(09.00.08 - ғылым мен техника философиясы)

 

Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмыстың авторефераты

Зерттеу жұмысында қазақ ұлтының дүниеге келу үдерісі, оның қалыптасу кезеңдері, соған қоса қазақ ұлтының мәнін тану жолдары жан-жақты талданды. Ұрпақтан-ұрпаққа таралатын барлық аспектілер (табиғи жағдайлар, экономикалық, саяси, мәдени, тарихи, психологиялық) архетиптер түрінде болып, қазіргі қазақ ұлтының ділінде бейнелеп көрсетіледі. Этногенез – үздіксіз үдеріс. Ол адамзаттың ұлт кезеңі жетістігіне келуімен аяқталмайды. Осы кезде адамзат қоғамы қалыптасуының келесі сатысы ғарыштық дәуіріндегі адамзат қоғамы, яғни ғарышкерлер немесе ғарыштық қоғамы болып табылады. Қазақ ұлтының осындай жаңа адамзат қоғамының қалыптасуында рөлі ерекше екені күмәнсіз.

Зерттеудің мақсаты және тәсілдері. Зерттеудің мақсаты – комплексті түрде қазақ этносының этногенетикалық дамуының ерекшеліктері мен спецификасын және қазақ этносының даму бағытын анықтаудағы Қазақстан ұлттық мемлекетінің қалыптасу үдерісіне деген ықпалын зерттеу.

Зерттеудің мақсатына жету үшін келесі тәсілдер пайдаланылды:

- қазақ этносының этногенетикалық дамуының ерекшеліктері мен спецификасын талдау;

- қазақ ұлтының антропологиялық шығу тегі мәселелерін қарастыру;

- түрік және монғол халықтар қалыптасуының этникалық үдерістерін құрылымдық түрінде талдау;

- кеңес дәуірі және отарлық басыбайлылық жағдайындағы қазақтың сана-сезімінің оятылуы мен өз-өзінің анықталу дамуын талдау және бағалау;

- қазақ ұлтының даму, оның қазіргі заманның жағдайындағы ұлттық таныту мәселелерін зерттеу;

- жаһандану жағдайындағы қазақ ұлтының келешектегі шоғырлану мен модернизация бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстарды қалыптастыру.

Зерттеудің объектісі және субъектісі. Зерттеудің объектісі – аумағында 100-ден аса ұлт тұратын мемлекетінің одан арғы гүлденуіне ықпал ететін «негізгі» ұлт ретінде қазақ этносы болып табылады. Зерттеудің субъектісі – қазақ этносының әлі аяқталмаған қалыптасу үдерісі.

Берілген жұмыстың жаңалығы - зерттеуді кешенді тәсілі арқылы жүзеге асыруында. Алғаш рет қазақстандық ғылым шеңберінде адамзат қоғамының одан арғы даму мәселесі сипаттап берілді.

Қорғауда шығарылатын негізгі қорытындылар. Орындалған зерттеудің нәтижесінде қорғауға келесі негізгі пікірлер шығарылады:

Этногенез – бұл әр түрлі жағдайларға немесе саяси еркіне қарамастан әрқашанда үздіксіз болатын үдеріс. Қазақ ұлтының этногенез үдерісі қарапайым көшу нәтижесінде және дәл белгілі бір жыл мерзімінде қалыптаспаған болатын. Халықтың өз-өзін қандай да белгілі бір этноспен сәйкестендірер алдында, оның сол этностың қатарына жататындығын түсініп, ұзақ мерзім ішінде пайда болатын этникалық сана-сезімін дамыту қажет.

Қазақ ұлтының этногенез мәселесін қарастырғандағы шежіре мен тамғаның рөлі ретінде ақпарат көздері және қазақтардың бұрыңғы көшпенділерімен байланысы болды.

Архетиптер – дінде, өмір салтында, халықтың шығармашылығында, салт-дәстүрлерде жүзеге асырылатын халықтың әсерлі және рухани ерекшеліктерін бейнелейтін халықтың ділі.

Ғылыми-техникалық өрлеу, мемлекет халқының білім беруін жақсарту арқылы ұлттың «сапасын» танып білу, жаһанды әлемнің жалпы кескінсіз көпшілік арасында жоғалудан құтылу үшін ұлтты бүтін ағза ретінде санау. Әр ұлт үшін рухани және қоғамдық қуат көзі – мәдениет болып табылады. Адамзаттың дамуы үшін даралықтың сақталуы мен мәдениеттер әр түрлілігінің маңыздылығы.

Адамдардың ғарышқа ұшу беталысы келешекте ашық жаппай көпшіліктің демалудың бір түрі болады деген қорытындыға әкеледі. Сөйтіп, этнос дамуының келесі сатысы пайда болады, мәселен, ғарышкерлер немесе ғарыштық ортақтық, яғни «дүниеадамдар» ретіндегі, ешқандай да руларға, тайпаларға, ұлттарға бөлінбейтін адамзат пайда болады.

Адамзаттың ғарышты игеруі басталған Қазақстан аумағында ғарыштық кеңістік зерттеулерін одан ары зерттеуге және «дүниеадамдар» атты жаңа ортақтықтың қалыптасуына зор үлес қосу мүмкіндігі.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы қазақтардың этногенез мәселесі бойынша негізгі теориялық көздердің талдануына, зерттелген мәселе бойынша философия, саясаттану, тарих, этнография сияқты ғылымдарының одан арғы дамуына үлес қосуына негізделіп, көтерілетін келелі сұрақтар бойынша ғылыми және практикалық жұмыстарда қолданыла алады.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы зерттеу барысында көтерілетін келелі мәселелердің өзектілігі мен жаңалығымен айқындалады және этноұлттық пен этномәдени үдерістерінің реттелуі, ұлттық саясатының қалыптасуы кезінде қарастырылатын және зерттелетін негізгі ғылыми нәтижелерімен, қорытындыларымен негізделеді.

Resume

Kadyr Yertay

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 318 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ВВЕДЕНИЕ | ОСНОВНАЯ ЧАСТЬ | Второй раздел «Развитие казахского этноса в условиях зависимости» посвящен этногенезу казахов в условиях колонизации Российской империей и при советской системе. | ЗАКЛЮЧЕНИЕ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СПИСОК ОПУБЛИКОВАННЫХ РАБОТ ПО ТЕМЕ ДИССЕРТАЦИИ| The ethnogeny of the Kazakhs: the philosophical analysis

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)