Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тубуло - интерстициялыҚ синдром

Читайте также:
  1. Авторитарный синдром ,
  2. Астенический синдром.
  3. БОЛЕВОЙ ПЕЧЕНОЧНЫЙ СИНДРОМ
  4. В. Синдром лиц с предрассудками
  5. Важнейшие рентгеновские синдромы болезней легких
  6. Внутрисиндромная дифференциальная рентгенодиагностика при круглой тени в легочном поле
  7. Внутрисиндромная дифференциальная рентгенодиагностика при обширном просветлении легочного поля

Өзекше эпителийі мен интерстицийдегі өзгерістер олардың қызметін (мысалы, иондар т.б. заттар тасымалы) бұзады, ол ерекше «тубуло-интерстициалдік синдроммен» білінеді. Бұл- әртүрлі (іштен біткен, тұқым қуалайтын, метаболикалық, иммундық, инфекциялық т.б.) себептерге байланысты дамитын гетерогендік аурулар топтары (5-кесте).

Бүйрек өзекшелері мен интерстицийі бір-бірімен тікелей байланысты, сондықтан көбіне олардың қосарланған зақымдануы анықталады. Бірақ жеке «өзекшелер дисфункциясы» да кездеседі.

 

5-кесте. Тубуло-интерстициалдік синдром себептері

 

Іштен біткен не жүре пайда болатын бүйрек зақымдануы Өзекшелер дисфункциясы (тубулопатиялар)
  1. Іштен біткен тубуло-интерстициалді аурулар (дисплазиялар): · аутосомды-доминантты поликистоз ауруы (ересектердегі) · аутосомды- рецессивті поликистоз ауруы (балалардағы) · медуллярлық кисталар, нефронофтиз · кеуек бүйрек · бөлек (қарапайым) кисталар · синдромдық аурулардағы бүйрек кисталары   2. Интерстициалдық нефриттер · аналгетикалық нефропатия · рефлюкс- нефропатия · подагра нефропатиясы · орақ- жасушалы анемия · дәрілік нефропатиялар · қорғасын себепті · балкан нефропатиясы · инфекциялар   1. Іштен біткен тұқым қуалайтын тубулопатиялар: · өзекшелік ацидоз (проксимальдік, дистальдік) · нефрогендік қантсыз диабет · аминоацидуриялар · глюкозурия · фосфат-диабет · Барттер синдромы · Лиддель синдромы (псевдогиперальдестеронизм) · Гительман синдромы · псевдогипоальдостеронизм · псевдогипопаратиреоз   2. Күрделі (аралас) тубулопатиялар- Фанкони синдромы: · іштен біткен аурулар · метаболикалық бұзылыстар · Вильсон ауруы · цистиноз · жүре дамитын ауруларда (қорғасын, сынап т.б. улану)  

 

Сондықтани бұл ауруларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа түбінде бүйректегі фиброзға әкелетін өзгерістерді жатқызсақ, екінші топтаөзекше дисфункциясын қарастырамыз (5-ексте). 1-топқа әртүрлі іштен бүйректің құрылысы дұрыс қалыптаспаған (дисплазия) нәтижесінде дамитын аурулар жатады. Оның тұқым қуалайтын (поликистоз, нефронофтиз т.б.), тұқым қуаламайтын түрлері бар. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі түбінде дамиды, бірақ әрбіреуінің даму ерекшеліктері бар. 1-топтағы жүре дамитын ауруларды жалпы «интерстициялықк нефрит» деп атағанмен, себептері, клиникалық ерекшеліктері әртүрлі. Толығырақ жедел және созылмалы түтікшелік-интерстициялықік нефриттіңсебептері 6-кестеде берілген.

Өзекшелер зақымдану механизмі – токсикалық, аллергиялық, өзекшелер бітелуі, иммунды реакциялар, ишемия, трансплантат бітіспеу реакциясы.

Морфологиялық өзгерістер: жедел үрдіс кезінде өзекше жасушаларының деструкциясы және өзекшелер кеңеюі, жасушалар атрофиясы, интерстициялық тін инфильтрациясы, созылмалы үрдіс кезінде интерстицийде фиброз дамиды.

 

6-кесте. Жедел және созылмалы түтікшелік-интерстициялықі нефрит себептері

 

  Жедел интерстициялық нефрит   Созылмалы интерстициялық нефрит
1. Дәрілік заттар:  
  • Пенициллиндер
  • Цефалоспориндер
  • Сульфаниламидтер
  • Рифампицин
  • Стероидты емес қабынуға қарсы заттар
  • Диуретиктер
  • Аллопуринол
  2. Инфекционды аурулар 3. Трансплантанттың бітпеу реакциясы 4. Жүйелі қызыл жегі 5. Криоглобулинемия  
  1. Дәрілік заттар:
 
    • Анальгетиктер
    • Циклоспорин
    • Цисплатин
 
  1. Металлдар – қорғасын, кадмий
  2. Балкан нефропатиясы
  3. Миелома
  4. Саркоидоз
  5. Созылмалы инфекциялық аурулар:
· Қуық -несепағар рефлюксі · Пиелонефрит · Туберкулез   7. Радиация

 

Өзекшелер қызметінің бұзылыстары байқалады (несептің салыстырмалы тығыздығы, аммониогенез төмендеуі) және бүйректің эндокриндік қызметтерінің де бұзылыстары анықталады (анемия, остеодистрофия).

Түтікшелік-интерстициялықі бұзылыстар және түтікшелік-интерстициялықі склероз біріншілік және екіншілік гломерулярлы аурулар кезінде де дамиды, бұларды ерте анықтау ауру болжамын бағалауға және терминальді бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің даму жылдамдығын шегеруге мүмкіндік береді.

Жедел түтікшелік-интерстициялықі нефрит клиникасында аллергия (бөртпе) және қызба симптомдары анықталуы мүмкін. Кейде ауру симптомдары анықталмайды. Несепте протеинурия (аз көлемде), эритроциттер, лейкоциттер анықталады. Созылмалы түтікшелік-интерстициялықі нефрит өзекшелер қызметінің нашарлауымен сипатталады. Клиникалық симптомдарының арнайы еместігіне байланысты кейде диагноз биопсиядан кейін ғана қойылады.

Балаларда бүйректің туа пайда болған созылмалы ауруы (бүйрек нефронофтизі, басқа да кистозды және кистозды емес дисплазиялар және цистиноз секілді метаболикалық аурулар) болса, оларда терминальді бүйрек жетіспеушілігіне дейін анемия, остеодистрофия, полидипсия мен полиурия ерте анықталады. Балалар бойының өсуі және дамуы кешеуілдейді, аяқтары қисаяды.

Өзекшелер дисфункциясы – көбіне тұқым қуалайтын туа пайда болатын аурулар, жиі балалық шақта анықталады. Бұл кезде өзекшелердегі тасымалдау қызметі бұзылады, интерстиций зақымданбайды. Оларға аминоацидурия, ренальді тубулярлы ацидоз, Барттер синдромы, фосфат-диабет, нефрогенді қантсыз диабет т.б. жатады (5-кесте). Олар тасымалдаушылар мен ион каналдарының синтезін бақылайтын гендердің мутациясы нәтижесінде дамиды. Мысалы, Генле ілмегінің жуан өрлемелі бөліміндегі жасушаларындағы транспортердің генінің мутациясы салдарынан Барттер синдромы дамиды. Несеппен көп натрий, калий, су жоғалады. Яғни осы каналдың жұмысын тежейтін диуретик- фуросемидтің әсеріне ұқсас белгілер болады.

Дистальдік өзекшелердегі натрий/хлор тасымалының бұзылуы Гительман синдромын туғызады. Бұл тиазидтермен емдеген сияқты белгі береді. Несеппен көп мөлшерде натрий, калий, магний жоғалады.

Керісінше, басқа бір ауруда- Лиддель ауруында, иондың каналдың мутациясы натрий мен судың ағзада көп мөлшерде жиналып (гиперволемияға, гипертензияға әкеледі), калийдің азаюына әкеледі. Бұл әсер альдостерон әсеріне ұқсас болғандықтан псевдогиперальдостеронизм деп аталады. Амилорид мутантты каналдарды тежейді, осы ауруды емдеуге көмектеседі.

Антидиуретикалық гормонның V2 рецепторларының дефектісі нефрогендік диабетке әкеледі, басқа каналдар мен рецепторлардың дефектісі көп өзекшелерде жүретін реабсорбция үрдістерін (глюкозаның, фосфаттың, кальцийдің, бикарбонаттың, Н+ -ң т.б.) бұзып, глюкозурия, фосфат-диабет, аминоацидуриялар, проксимальді, дистальді ацидоз және т.б. тубулопатияларға әкеледі.

Фанкони синдромы - бірнеше тубулопатияның қосарланған түрі. Туа біткен және жүре пайда болған көп түрлері бар. Негізгі өзгеріс- проксимальді өзекшенің қызметінің бұзылысы. Барлық өзгеріс спектрі үнемі болмауы мүмкін. Негізгі симптомдары- мтаболикалық ацидоз (бикарбонаттардың реабсорбциясының бұзылуы), глюкозурия, аминоацидурия, урикозурия (несеппен ураттар жоғалуы), гипоурикемия, цитратурия, фосфатурия мен гипофосфатемия, рахиттік емес остеомаляция. Кейде қосымша тубулярлық протеинурия, гипокалиемия болады. Проксимальді дефект сирек жеке өзі болады (гендердің мутациясы). Көбіне екіншілік синдром ретінде, мысалы Вильсон ауруында (мыстың проксимальді жасушаларды зақымдауы), цистиноз (цистиннің қанда, өзекшелерде көп жиналуы).

Тубулопатиялар сирек кездесетін аурулар. Диагнозын қою қиын, арнайы тексерістерді қажет етеді. Бірінші көзге түсетін өзгерістер- метаболикалық бұзылыстар, себебі анықталмаған ацидоз, гипокалиемия т.б. электролиттер өзгерістері, полиурия және сүйек өзгерістері (рахит, сынық, балалар бойының өспеуі).

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 181 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)