Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Анасы мен баласы 8 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

Тезаурус

Балта шабу - болашағын құрту

Ұйқыны өлімге теңеу - адамның ештеңеден хабарсыз, алаңсыз ұйықтауы

Шала-жансар- өлі мен тірінің арасында, өлмеші.

 

23-сабақ:

Уақыт –алтыннан қымбат

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Ақша, ақшалай, нақтылы, босқа, сәт, басқару, мезгілінде, үлгере алмау, кешігу, орындау, меңгеру, қажеттілік, тиісті, міндет, ақсүйектік, мойындамау, сезіну, қадағалау, белгілеу, іскер, мәртебелі.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Уақытты бағалай біл

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт - әркімнің нақтылы өмір капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Сол себепті уақыт алтыннан да қымбат.

Уақытты басқару-өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ ешнәрсеге үлгере алмайды... Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де, жұмысын өз уақытында тамаша орындап үлгереді. Кеңес Одағы кезінде адамдарда уақытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барлығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демаласын алады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді.

Уақыт - ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Елдің бәріне ортақ бірақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады. Кісінің кісілігі уақытты босқа жібермеуден басталмақ. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады, өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.

Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.

Батыстың «уақыт – ақша» деген мәтелі бізге де келіп жатқан сияқты. (axi-referat.ucoz.kz).

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Уақыт адам өмірінің несі?

2. Уақыт – әркімге қаншалықты қажет?

3. Адамның босқа кеткен әрбір сәті немен тең?

4. Уақытты басқару өнер ме?

5. Елдің бәріне ортақ не бар?

6. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын не?

 

Жазылым

1-жазылым.. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Халықтық өлшемнің бір түрі – уақыт....

2. Уақыт –... маңызды категориясы.

3. Бұнсыз... құндылықтарға назар аудару қиын.

4. Адам баласына уақыт бағалы,... дүние.

5. Ата-бабаларымыз «уақыт алтыннан да қымбат» - деп тегін... түймеген.

6.... ұтылған өмірде де көп нәрседен ұтылады.

7. Уақытты қадірлемеу, бағаламау... бос өткізгенмен бірдей.

(мәдениеттің, өлшемі, рухани, қымбат, ой, Уақыттан, өмірді)

2-жазылым. Мезгілдік конструкцияға айналдырып, оларды орыс тіліне аударыңыз.

 

Қазақ халқы, ұлы ақыны, мінезі жұмсақ, тілге бай, үйренуге тырысу, сынға алу, дүниенің кілті, дүние жүзі біледі, ақын өмірі, үлгі алу, үлкен азамат- ақын, дәрежеге жету, есімімен аталу.

 

Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.

Қазақ тілінде мезгіл, уақыт ұғымдары көптеген мақал-мәтелдерде де фразеологизмдер де бар.

Тез, шапшаңдық мағынасындағы мезгілді білдіретін фразеологизмдер: ә дегенше, әні-міні дегенше, әп-сәттің арасында, дем арасында, көзді ашып-жұмғанша, қас қағымда, ойда жоқта, сол бойда;

Іс-әрекеттің кенеттен болу мезгілінің берілуі:

Аяқ астынан, жоқ жерден, күтпеген жерден, ойламаған жерден;

Мезгілдің ұзақтығының берілуі: ертеден қара кешке дейін, күн ұзақ, ұзынды күн;

Тәуліктік уақыттың берілуі: кешкі уақыт, ымырт – ақ пен қызылдың арасында, апақ-сапақта, екі кештің арасында, ел орынға отыра, қас қарайғанда, қызыл іңірде, іңір қараңғылығында;

Қараңғы түн: ай қараңғысында, жеті қараңғыда;

Таң ату: ала таңда, құлқын сәріде, таң алагеуімде, таң ата, таң бозарғанда, таң қылың бергенде, таң сазарып атқанда, таң сәріде, таң сыз бергенде.

3-жазылым. М ақал –мәтелдердің мезгілдік конструкциясын анықтап, мағынасын ашыңыз.

 

v Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

v Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.

v Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.

v Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.

v Жан жарасына уақыт емші.

Тыңдалым

Уақыт –алтыннан қымбат.

Тыңдаңыз.

Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Алғашқы Ай күнтізбесі қайда шыққан?

а) Вавилонда

в) Римде

с) Афинада

д) Парижде

2. Араб күнтізбесі неге негізделіп жасалынған?

а) Күн қозғалысына

в) Ай қозғалысына

с) Жұлдыздар қозғалысына

д) Планеталар қозғалысына

3. «Таң сәрі» қай уақыт?

а) Түс мезгілі

в) Кеш мезгілі

с) Жерге жарық түскен мезгіл

д) Жерге қараңғы түскен мезгіл

4. Һижра есебі – тікелей немен байланысты уақыт есебі?

а) Күнмен

в) Жұлдызбен

с) Планетамен

д) Аймен

5. «Ақшам» уақыттың қай кезі?

а) Қас қарайып, шам жағатын мезгіл

в) Кеш батып қараңғы түскен мезгіл

с) Таң атып жарық түскен кез

д) Түс болған мезгіл

Анықтама

Ақшалай – денежный

Нақтылы – конкретный

Босқа – зря

Сәт – мгновение,момент, миг

Басқару – управлять

Үлгере алмау – не успевать

Қажеттілік – нужда, необходимый, должный

Ақсүйектік – аристократичность

Кісілік – великосветский

Мойындамау – не признавать

Тезаурус

Һижра есебі – мұсылманша жыл санағы.

Құлан иек - таң жаңа сыз берген мезгіл.

С әске - күн шылбыр бойы көтерілген мезгіл.

Қызыл іңір - күннің қызылы батыстан әлі жоғала қоймаған мезгіл.

24 –сабақ

Күн тәртібі және денсаулық

Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі

(выражение побуждения к действию)

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Ұйқы, барлық өмірі, тамақтану, ыңғайына қарай, адам денсаулығы, тындыру, қабілет, үй тапсырмасы, тәулік, денінің саулығын елестету, адам ағзасы, оптималды тәртібі, төрт фазалы тамақтану.


Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Күн тәртібі және денсаулық

Адамның барлық өмірі уақытты бөлуден құралады, кейбіреулер оны қоғамның талабымен жасаса, ал кейбіреулері жеке басының ыңғайына қарай орындайды. Дұрыс құрылған күн тәртібі дегеніміз ұйқының, тамақтанудың, еңбектің, және т.б. дұрыс ұйымдастырылуы. Күн тәртібін жасау адамды тиянақты болуға, жұмысын уақытында тындыруға және көп нәрсеге үлгеруге тәрбиелейді. Оның дұрыс қойылуы адам денсаулығының көрсеткіші болып та табылады.

Күн тәртібінің негізгі элементтерін анықтаған кезде адамның жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін биологиялық ырғақты да есепке алған жөн.

Адамның жұмысқа деген қабілеті тәулік бойынша өзгеріп отырады, және өз шырқау шегіне сағат 10 мен 12 және 16 мен 18 аралықтарында жетеді. Түнде ол көрсеткіш едәуір төмендейді, әсіресе 1 мен 5 аралығында. Демек, таңертең оқитын оқушылар үй тапсырмасын он мен он екі аралығында, ал түстен кейін оқитындар төрт пен алты аралығында орындағандары абзал. Бұл уақыт сонымен қатар спортпен айналысу үшін де өте қолайлы.

Күнделікті тынығудың ең маңыздысы ұйқы болып табылады. Жеткілікті жақсы ұйқысыз адамның денінің саулығын елестету мүмкін емес. Орта есеппен алғанда адам тәулігіне сегіз сағаттан артық емес, жеті сағаттан кем емес уйықтауы керек.

Адам ағзасы үшін ең маңызды шарттардың бірі - ол тамақтану. Дұрыс тамақтану дегеніміз ағзаға қажетті қаттарды қалыпты мөлшерде алу деген сөз.

Дұрыс тамақтану тәртібі адам ағзасы үшін аса қажетті. Тамақтанудың ең оптималды тәртібі - төрт фазалы тамақтану. Олардың әрбіреуінің арасы төрт бес сағаттан аспауы қажет. Сол кезде ағза қабылдаған тамақ денеге қалыпты таралады.

Төрт фазалы тамақтануда таңғы ас күндік тамақтың 25%-ын, түскі ас – 35%, түстік – 15%, кешкі ас – 25%. Кешкі асты уйықтардың алдында 3 сағаттай бұрын ішкен абзал.

Алайда өкінішке орай, күніне төрт мезгіл тамақтану барлық адамның қолынан келе бермейді. Көп адамдар күніне үш мезгіл тамақтанады. Бұл жағдайда әр тамақтанудың арасы алты сағаттан аспағаны жөн. Ал күніне бір екі рет қана тамақтануға мүлдем жол берілмейді. Күн сайын белгілі бір уақытта ғана тамақтанып отырған дұрыс.

(Ашық энциклопедиясынан алынды)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Адам өміріндегі уақыттарын қалай орындайды?

2. Дұрыс құрылған күн тәртібі дегеніміз не?

3. Күн тәртібін жасау адамға қандай пайдасы бар?

4. Күнделікті тынығудың ең маңыздысы не?

5. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

6. Тамақтанудың оптималды тәртібінің қанша фазасы бар?

Жазылым

1-жазылым.Сөйлемнің сыңарын табыңыз.

1. Адамның жұмысқа деген қабілеті тәулік бойынша өзгеріп отырады,.....

2. Түнде ол көрсеткіш едәуір төмендейді,....

3. Демек, таңертең оқитын оқушылар үй тапсырмасын он мен он екі аралығында,....

4. Орта есеппен алғанда адам тәулігіне сегіз сағаттан артық емес,....

5. Алайда өкінішке орай,....

 

 

 

2-жазылым. Сөйлемдерді оқыңыз. Іс-әрекетке бұйыру мәнді сөйлемдердің жоғарыда аталған үш түрі бойынша айқындаңыздар.

 

1. Сабаққа уақытында келіңіз: студенттер аудиторияға оқытушыдан бұрын келуі тиіс. 2. Егер Сіз кешіккен жағдайда, есікті жай ашып, оқытушымен амандасып, кешіккеніңіз үшін кешірім сұраңыз. 3. Рұқсат алған жағдайда жылдам және студенттердің назарын өзіңізге аудармай орныңызға барып отырыңыз. 4. Аудиторияға кірерде ұялы телефоныңызды өшіріп қоюды ұмытпаңыз. 5. Сабақ үстінде бөгде дыбыстар, сонымен қатар шулау, қатты сөйлеу, музыка тыңдау сабақ өтуге кедергі келтіреді. 6. Егер Сіздің оқытушыға қояр сұрағыңыз болса, қол көтеріп сұрай беріңіз. 7. Есіңізде болсын, оқытушы сізді аудиториядан тәртіп бұзған жағдайда шығаруға құқылы! 9. Бұл жағдайда оқытушыдан үндемей кешірім сұраңыз, оқиғаның шиеленісіп кетуіне жол бермеңіз!

3-жазылым. Сөйлемдерді оқыңыз. Осыған ұқсас бұйыру мәнді сөйлемдерді құраңыз.

 

Келіңіз! Сұраңыз! Отырыңыз! Ұмытпаңыз! Сұрай бермеңіз! Есіңізде болсын! Жол бермеңіз!

 

Тыңдалым

Күн тәртібі және денсаулық

Тыңдаңыз.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Уақыт мезгілін есептейтін оны анықтайтын жүйені көрсетіңіз.

а) Күнтізбе

в) Сағат

с) Жылнама

д) Құмсағат

2. Ерте замандағы халықтар күнтізбелерді қалай пайдаланған?

а) Табиғи құбылыстарға

в) Аспан денелерінің қозғалыстары

с) Алдын-ала болжаумен

д) Жануарлардың әрекетінен

3. Алғашқы Күнтізбелер қай елде шықты?

а) Ежелгі Грекия

в) Ежелгі Рим

с) Ежелгі Шығыс

д) Ежелгі Македония

4. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді қанша топқа бөлген?

а) 2 топқа бөлген

в) 3 топқа бөлген

с) 6 топқа бөлген

д) 9 топқа бөлген

 

5. Һижра күнтізбесі қай елдерде ресми қолданылады?

а) Араб

в) Египет

с) Еуропа

д) Азия

6. Қазақстанда 1918 жылдан бері қай күнтізбесі қолданылып келеді?

а) Юлий күнтізбесі

в) Араб күнтізбесі

с) Григорий күнтізбесі

д) Вавилон күнтізбесі

Анықтама

ұйқы – сон

барлық өмір – вся жизнь

тамақтану – питаться

ыңғайына қарай – по удобству, удобный момент

адам денсаулығы – здоровье человека

тәулік – день

денінің саулығын елестету – представить здоровое тело

оптималды тәртіп – оптимальный режим

төрт фазалы тамақтану – четырёхфазное питание

Тезаурус

Күнтізбе – уақыт мезгілін есептейтін аспан денелерінің ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым.

Табиғи күнтізбелер – қардың еруі, судың тасуы, жануарлардың әрекеттері.

25 -сабақ

Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Бос уақыт, жүйелі, дағды, өкпе арту, бағалай білу, мүмкіндік, жастар, сауалнама, қоршаған орта, агент, ғаламтор, ойын алаңдары, қалауы.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Уақытты тиімді пайдалану

Уақыт демекші, біз осы уақытты қалай пайдаланып жүрміз? Бос уақытымызда қандай іспен шұғылданамыз. Сол секілді қаншалықты тырысқанымызбен уақытты жүйелі пайдалануға дағдыланбай жататынымыз белгілі.
Н.Ә.Назарбаев: «Адам уақытқа өкпе артпауы керек. Рас, уақыт қиын. Бірақ уақытты таңдамайды, онда өмір сүреді», – деген. Әр уақытта адам өзіне сыйлаған тағдырдың сыйын сабырлықпен күте білуі және бағалай білуі керек.

Қоршаған ортаны тану мен өмірден өз орнын таба әр адам үшін бос уақыттың орыны ерекше. Көпшілігіміз оның қадіріне жете мән бермейміз.

Уақыт – бізге берілген үлкен мүмкіндік. Сол мүмкіндікті қазіргі заман жастары қалай пайдаланып жүр? Осы тұрғыда жастар арасында сауалнама жүргізген едік:
А.Алмас: көбіне бос уақытымда агентте, ғаламторда отырамын, қызықты кино қараймын.
К.Валерия: ғаламторда, өзімнің жұмысыммен айналысамын.
Ж.Диана.: бимен айналысамын, коньки тебемін, үйге көмектесемін.
М. Темірлан: агентте, клубтарда достарыммен өткізуге тырысамын.

А.Наташа: менде бос уақыт жоқ, күреспен айналысамын, күнде жаттығуға барамын.
Нәтижесінде жастардың көбісі бос уақытын ғаламтор алдында, мәдени-сауықтыру, спортпен, ойын алаңдарында өткізгенді қалайды. Әрине, бұл – әркімнің өз қалауы.

Бос уақытты тиімді пайдаланатын немесе жұмысбасты адамның басқа нәрселерді ойлауға мұршасы да бола бермейді. Табысты, білімді және бақытты болғыңыз келсе өз уақытыңыздың әр бір минутін белгілі бір режимге сай жоспарлап қойғаныңызабзал.
(Ләззат Байболат)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қаншалықты тырысқанымызбен нені жүйелі пайдалана аламай жатамыз?

2. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев уақыт туралы не айтты?

3. Өмірде өз орнын табу әр адам үшін ненің орны ерекше?

4. Уақыт – бізге берілген не?

5. Табысты, білімді және бақытты болғыңыз келсе не істеуіңіз керек?

Жазылым

1-жазылым. Берілген сөздердің жалғасын табыңыз.

1. Уақыт демекші, ...........

2. Бірақ уақытты таңдамайды,..........

3. Уақыт –.......

4. К.Валерия: ғаламторда,......

5. Әрине, бұл –....

 

2-жазылым. Сөйлемдерді мезгіл мәнді конструкцияны анықтаңыз. шартты рай формасына келтіріңіз.

Үлгі: Бос уақытымды тиімді пайдаланса, бимен айналысқысы келеді, коньки тебкісі келеді, үйге көмектескісі келеді.

Бос уақытымда бимен айналысамын, коньки тебемін, үйге көмектесемін.

Табысты, білімді және бақытты болғыңыз келсе өз уақытыңыздың әр бір минутін белгілі бір режимге сай жоспарлап қойғаныңызабзал.

 

3-жазылым Берілген етістіктерді «уақыт» сөзімен тіркестіріп, мағынасына сәйкес сөйлем құраңыз.

 

Үлгі: уақыт табу – Білім алуға әрқашан уақыт табылады.

 

өткізу, бағалау, пайдалану, үнемдеу, жоспарлау,басқару, жоғалту

Тест тапсырмаларын орындаңыз.

 

1. Дұрыс ақпаратты анықтаңыз.

a) Әр адам үшін бос уақыты көп

в) Әр адам бос уақыттында қыдырады

с) Әр адам уақытында тамақтанбайды

д) Әр адам үшін бос уақыттың орыны ерекше

 

2. Мәтіндегі ақпаратты көрсетіңіз.

a) «Адам уақытқа өкпе артпауы керек

с) «Адам уақытпен жүреді»

с) «Адам уақытымен ұйықтайды»

д) «Адам уақытқа ренжиді»

 

3. Көпшілігіміз ненің қадіріне жете мән бермейміз?

a) Ақшаның

в) Уақыттың

с) Ұйқының

д) Байлықтың

4. Табысты, білімді және бақытты болғыңыз келсе не істеу керек?
a) Өз уақытыңызды жұмсау керек

в) Өз уақытыңызды есептеу керек

с) Өз уақытыңызды жоспарлау керек

д) Өз уақытыңызды қысқарту керек

 

5. Бізге берілген мүмкіндікті көрсетіңіз.

a) Уақыт

в) Ұйқы

с) Дәулет

д) Ақша

Тыңдалым

Уақытты қалай пайдаланып жүрміз?

Тыңдаңыз.

Тыңдалым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Жер бетін мекен ететін барша адамзат неге бағынады?

а) «Уақыт» атты Билеушіге

в) Адамға

с) Бастыққа

д) Патшаға

2. Уақытты түсінуде адамның жеке өмірі немен өлшенеді?

а) Қоғамдағы құбылыстармен

в) Әлеуметтік құбылыстармен

с) Табиғи құбылыстармен

д) Аспан құбылыстарымен

3. Дұрыс нұсқаны көрсетіңіз: Алайда, уақыттың өлшемін анықтау қоғамдағы, адамның өміріндегі... де тікелей байланысты.

а) даму үдерістеріне

в) тоқтау процесстеріне

с) өсу процесстеріне

д) жоғалу процесстеріне

4. Бүгінгі күнтізбе ненің тұжырымынан басталады?

а) Ырымның

в) Сенімнің

с) Болжамның

д) Нанымның

5. Адам жүйесі қандай?

а) Өте күрделі

в) Өте оңай

с) Өте жеңіл

д) Өте ықшамды

Анықтама

Сезіну – чувствовать

Қадағалау – следить, наблюдать

Іскер – деловой

Мәртебелі – уважаемый, авторитетный

Тындыру – довести до конца

Қабілет – способность

Ойын алаңдары – игровая площадка

Тезаурус

Жұмысбасты – тек жұмыс істейді, қажетті шарумен айналысу.

6 блок. Саламатты өмір салты

26-сабақ

Дені саудың - жаны сау

Грамматика: Салдардың берілуі

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашыңыз.

Салауатты өмір салты, қағида, жауапкершілік, барша, жан мен тән, зор байлық, ұрпақ, болашақ, қуаныш, күйініш, шаттық кернеу.

 

Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыз.

Денсаулық – зор байлық

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Сондықтан да қазақ елінің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын ұстану. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына жол көрсету – баршамыздың міндетіміз.

Денсаулық – адамның жаны мен тәнінің амандығы. Қоғамдағы әрбір адамның денсаулығының мықты болуы – мемлекеттің мықты болуы. Өйткені денсаулығы зор адам ғана өзіне жүктелген жұмысты ойдағыдай атқара алады. Аталарымыз «Денсаулық – зор байлық» деп текке айтпаған ғой. Сондықтан да денсаулықтың қадірін біліп, оны сақтауға көңіл бөлуіміз керек. Әрбір адам өзінің денсаулығына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлсе, онда оның келер ұрпағының да дені сау болады. Сол себепті ұрпақ алдындағы міндетіміздің ең бастысы денсаулықты сақтау екендігін ешқашан ұмытпауымыз қажет. Дені сау ата-анадан дені сау бала өмірге келеді. Яғни бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы, болашағы.

Адам денсаулығының жақсы сақталуына ең әуелі жан тазалығы әсер етеді. Ол үшін адам өзгеге де, өзіне де ешуақытта жамандық ойламай, өз ішкі дүниесін таза ұстағаны жөн. Қызғаныш, күйініш сияқты жаман қасиеттер адамды аздырып, орны толмас күйінішке алып келеді. Өзіңнің қуанышың мен табысыңа қуанғаның сияқты, өзгенің де қуанышына ортақ бола біл. Сонда ғана сенің жан дүниең таза болып, кеудеңді қуаныш кернейді. Ұйқың да тыныш болады. Жүзіңді шаттық кернеп, айналаңа нұр сыйлайсың.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 392 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.046 сек.)