Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Анасы мен баласы 3 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

Ауыл шетіндегі егістікке жарамсыз жатқан екі-үш гектардай жерді әкем сұрап алды. Өзіне емес, ауыл үшін мәуелі бау-бақша екті. Бәрін балдаққа сүйеніп, жалғыз өзі істеді. Бірнеше гектар жерді алып жатқан осы бір ауыл бау-бақшасының қожасы да, бағбаны да, қарауылы да әкемнің жалғыз өзі еді.

(Немат Келімбетов. «Жарлы емеспін, зарлымын» кітабынан.)

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Алыс сапарға аттанған жолаушы неге артына бұрылып қарайды?

2. Неліктен жазушы ұлының өз атасы туралы көбірек білуін қалады?

3. Жазушының әкесін ел неліктен аңыз қып айтады?

4. Әкесінің қос балдаққа сүйеніп, жұмыс істеуінің мәнін баласы қай кезде терең түсіне бастады?

5. Бос жатқан жерді сұрап алып, баққа айналдыру себебі неде деп ойлайсыз?

6. Гүлді сүю адам жанын неге бастайды?

 

1-жазылым. Берілген жоспар бойынша шығарма жазыңыз.

1. Әкем – менің шамшырағым

2. Бау-бақшаны сүю

3. Ерен еңбек пен қос балдақ

 

2-жазылым. Біреудің сөзін, ойын жеткізе жазыңыз.

Үлгі: Менің өз әкем өзіме сол шамшырақтар секілді көрінеді. Жазушы әкесі өзіне сол шамшырақтар секілді көрінетінін айтады.

Тыңдалым.

Абай жеткізген сәлем

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Диалогке негіз болған жағдаятты көрсетіңіз.

A) Абай мен Құлыншақтың сәлемдесуі

B) Абайдың Құлыншаққа сәлем жеткізе келуі

C) Борсақ пен Құлыншақтың жайлауға қоныстануы

D) Борсақтың Құнанбайға қоныс ететін жер сұрап, сәлем айтуы

 

Құлыншақтың көзқарасын анықтаңыз.

A) Біреудің сәлемін жеткізу – парыз

B) Қыстау – ауыл қоныс тебетін жайлы мекен

C) Әр рудың өз жайлауы мен қыстауы болады

D) Құнанбайдың өтінішін аяқсыз қалдыруға болмайды.

 

Диалогке сәйкес сөйлемді көрсетіңіз.

A) Абай әке сәлемін жеткізу міндетін мойнына алды.

B) Құлыншақ Құнанбайдың сәлеміне орай, қыстауды бермек болды.

C) Жайлау мен қыстауды бөлісу – қазақ ауылдары үшін өзекті мәселе.

D) Жерді келісіммен де, иелік жөнімен де алып, жайласуға болады.

 

Диалогтегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Абай Құлыншақтан ел жағдайын сұрады.

B) Борсақ пен Құлыншақ Бетқұдыққа қатар қонбақ.

C) Бетқұдық жері Борсақ ауылының қоныс тебуіне қажет болды.

D) Қазақ дәстүрінде үлкендердің аманатын орындау парыз саналады.

 

Диалогте қазақ халқының қандай дәстүрі көрініс берген?

A) Жастың үлкенге сәлем беру дәстүрі

B) Жер дауын өзара келісіп шешу дәстүрі

C) Біреудің сәлемін екінші кісіге жеткізу дәстүрі

D) Жайлау, қыстау жерлерін келісіммен иелену дәстүрі

 

Анықтама

көз алдында жүру – здесь: быть всегда на виду

сапарға аттану – отправиться в путь

жолаушы – путник

белестерден асу – жолдардан өту – преодолевать плоскогорье

оқтын-оқтын – периодически, время от времени

шамшырақ – маяк, светила, светильник

тұйыққа тірелу – попасть впросак

сауал қою – сұрақ қою,задавать вопрос

қол бастау – әскер бастау,вести за собой отряд(воинов)

сөз бастау – шешен болу, жақсы сөйлей алу,начинать говорить,заговорить

бағбан – садовник, садовод

балдақ – костыль

меселін қайтармау – сұрағанын беру,не отказывать в просьбе

жойқын қайсарлық – ерекше күштілік – необычайно волевой

мәуелі бау-бақша – плодоносный сад

 

Тезаурус

қыстау – қысқы мекен

жайлау – жазғы мекен, жазғы мал жайылымына арналған жер

үлес алу – өзіне тиісті жер, зат, т.б. алу

сәлем айта к елу – біреудің айтқанын жеткізу

 

5-сабақ

Қазақстанды сағынып жүрмін

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Тұрғын, өңір, көзге елестету, арша, жайқалу, ат шаптырым, қашықтық, тау шатқалы, кіреберіс, қолынан шығу, іліну, мейірбан, қанығу (қаныққаным сондай), етене жақын, ортайып қалу.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

АҚШ-тың солтүстігіндегі Портленд қаласының (Орегон штаты) бес жүз мыңнан астам тұрғыны бар. Портленд – АҚШ-тың ең жасыл қаларының бірі. Өңірдің табиғаты көркем. Ауасы құрғақ және жайлы. Тау-тасы мен табиғаты Алматы облысының Нарынқол өңірін көзге елестетеді. Тіпті Нарынқолдың тау-тасынан басқа, Қазақстанның көп жерлерінде өсе бермейтін кәдімгі арша жайқалып тұр.

Портлендте бізді Ангес Андерсон атты американдық қонаққа шақырды. Ол Портлендтен ат шаптырым қашықтықта, тау шатқалында тұрады. Ангрес әбден дайындалыпты. Оны үйінің кіреберісінен-ақ байқадық. Қазақтың қолынан шыққан түрлі текеметтер, сырмақтар төселген. Төрде қазақтың кілемі ілініп тұр.

–Мен Қазақстаннан басқа әлемнің сексенге жуық елінде болдым. Саяхат жасағанды жаным сүйеді. Он жылға жуық ТМД елдерін аралап келдім. 2000-2004 жылдары Алматыда тұрдым, – дейді А.Андерсон. – Үйіміз Құрманғазы көшесінің бойында еді. Көршілеріміз сондай мейірбан жандар болды.

Алматыда тұрған төрт жылда қазақтың салт-дәстүріне қаныққаным сондай, тілін білмесем де, өзімді қазаққа етене жақын адамдай сезіне бастадым. Осы мерзім ішінде қазақтың талай тойына қонақ болдым. Биыл ұлымды үйлендіріп, тойына бірқатар елдерге саяхат турын сыйладым. Қалтам біршама ортайып қалды. Біраз қаржы жинап, келесі жылы Қазақстанға тағы да барғым келеді. Қазақстанды сағынып жүрмін, – дейді Ангес Андерсон.

Жас Алаш №56 19 шілде, сейсенбі 2011)

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Портленд қайда орналасқан?

2. Табиғаты жағынан Қазақстанның қай өңіріне ұқсас келеді?

3. Портленд пен Нарынқол жақта ғана өсетін қандай сирек өсімдік аталды?

4. Қазақтың қолөнер туындыларын қай жерге төсеп қойыпты?

5. Осы жылы ол неге Қазақстанға келмеді?

 

1-жазылым. Берілген жоспарды пайдаланып, өз ойыңызды жазыңыз.

 

1. Портленд пен Нарынқол.

2. Қазақ қолөнерін бағалау.

3. Алматыға деген сағыныш.

2-жазылым. Біреудің сөзін, ойын жеткізе жазыңыз.

Үлгі:

Саяхат жасағанды жаным сүйеді, - дейді Ангес Андерсон. Ангес Андерсон саяхат жасағанды жаны сүйетінін айтады.

Тыңдалым.

Әйел- ерінің тірегі

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Ибраһим пайғамбар ұлының тұрмысын білмек болды.

B) Ақсақалдың алғашқы келіні Ысмайылмен бір жыл тұрды.

C) Келін келіп тұрған қария өз қайын атасы екенін білмейтін еді.

D) Қария ұлының үйленгенін естіп, жол алыстығына қарамай, іздеп келді.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Келіндер сөз астарын түсінуге тиіс.

B) Жігіттің алған жары қайын атасына ұнауға тиіс.

C) Ақылды келіншек отбасын берік ұстай алады.

D) Қарияларға дәм-тұз беріп сыйлау – келіндерге парыз.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Отбасының берекесін келтіретін әйелдер елге сыйлы болады.

B) Ысмайылдың алғашқы жары қайын атасына құрмет көрсетпеді.

C) Ысмайылдың екінші әйелі қарияның астарлы сөзін түсінбеді.

D) Босағаның берік болуы әйелге қатысты болады.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Ысмайыл алған жарының атасына ұнағанын сезді.

B) Қария бір жылдан соң ұлын тағы іздеп келді.

C) Келіншек ақсақалды үйге кіргізбеді.

D) Ысмайыл әке сөзін жақсы түсінді.

 

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Ысмайылдың келіншегі тұрмысының нашар екенін айтты.

B) Ысмайылдың екінші рет алған жары тұрмысына риза екенін айтты.

C) Ысмайыл әкесінің «босаға» деп айтқаны өз әйелі екенін бірден білді.

D) Ысмайыл әкесіне кейінгі әйелінің ұнағанын сәлем айтқан сөзінен білді.

 

Анықтама

тұрғын –население

өңір – край, регион

көзге елестету – представить

арша – арча, вереск, можжевельник

жайқалу – колыхаться

ат шаптырым (фраз.) – үлкен, көлемді, расстояние, покрываемое одним скачком коня

қашықтық – растояние

шатқал – узкое ущелье

кіреберіс – у входа, вход, подъезд

іліну – зацепляться, повиснуть

мейірбан – милосердный

қанығу – здесь: осведомленность, овладеть детальными сведениями о чем-л.

 

Тезаурус

ат шаптырым – ат жарысқа белгіленген қашықтық, ұзақтық

қолынан шығу – қолымен істелінген, дайындалған, жасалған

етене жақын – өте жақын

ортайып қалу – азайып қалу

 

2 БЛОК. Жас отбасы және дәстүр

6 сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Туыстық орта, әлеуметтік тәжірибе, неке, ұя, инабаттылық, бастау бұлағы, ерлі-зайыптылар, іргетас, бірегей, атастыру, жеті ата, құйрық-бауыр жегізу, құдалықтан айну, енші алу, текті, даланың заңы.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер

Туыстық қарым-қатынастар адам­зат мәдениетінің бір тармағын құрайды. Баяғы ғасырлардан келе жатқан ұлты­мыздың рухани-өнегелік дәстүрлері отбасында адам мәдениетінің жанұя­сыз, махаббатсыз, балаларсыз, жұбайлық
және туыстық қатынастарсыз ешқан­дай ма­ңызы болмайды. Туыстық орта арқы­лы адам әлеуметтік тәжірибе, салт-дәстүрді қабылдайды. Отбасы – шағын әлеуметтік топ. Оның мүшелері некемен, қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік, жауапкершілік байланыспен өмір сүреді. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар ерекше тиісті міндеттерге негізделеді. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар – қоғамның жалғасуына, нығаюына қызмет еткендер, ал орындамағандар болса, олар – қоғамның тәртібін бұзған, әлеуметтік тәрбиеден үлгі ала алмаған бақытсыз жандар.
Адам баласының қасиетті борыштары: үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік, сондай-ақ адамгершілік және отансүйгіштік сезімдерін отбасында үйренеді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың бастау бұлағы. Еркек пен әйел – отбасының екі іргетасы. Адам баласы қажет ететін рақатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбандық сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады. Олай болса, отбасының мәні өте зор. Оның екі іргетасы болған ерлі-зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне біліп, дұрыс әрекет етсе, отбасында бақыт пен шаттық орнайды.

Қазақтарда отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден келе жатқан бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері болған. Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Балалардың жас кезінен-ақ «атастыру» рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қазір де қатаң тыйым салынады.

Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, қызға сырға салу, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.

Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін. Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан тастап кетпейтін. Даланың жазылмаған бұл әдет-ғұрпын бұзғандарды қазақтар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретінде жек көреді.

Кей жағдайда, әсіресе, қалада тұра­тын жастардың ішінде қазіргі заманда үл­кендерді тыңдау, сыйлау, құрметтеу сияқ­ты ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі қатынастар ығыстыры­лып, оның орнына үлкендерге қарсы тұру, ата-аналар мен педагогтардың пікірін мен­сінбеу кездеседі. Бұл – жақсылыққа апармайтын жол. Адам өмірінде сәттілік, материалдық игі­ліктер, отбасы бақытына ие болғысы келсе, асыл дәстүрлерімізді сақтай отырып, неке тазалығына адал, бала тәрбиесіне бекем болуы керек.

http://kk.wikipedia.org/

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Отбасы – қандай топ?

2. Адамның қасиетті борыштары қандай?

3. Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті қалай болатын?

4. Енші алу деген не?

5. Даланың жазылмаған заңы балаға қандай талап қойған?

 

1-жазылым. Сөйлемді толықтырыңыз.

1. Туыстық орта арқы­лы адам әлеуметтік тәжірибе,...

2. Адам баласы қажет ететін рақатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбандық сезімдерін ананың құшағынан,....

3. Ерлі-зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне біліп, дұрыс әрекет етсе,.....

4. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға...

5. Адам өмірінде сәттілік, материалдық игі­ліктер, отбасы бақытына ие болам десе,........

2-жазылым. Біреудің сөзін, ойын жеткізе жазыңыз.

Үлгі:

Автор: «Отбасы – шағын әлеуметтік топ» - дейді. Автор: отбасы – шағын әлеуметтік топ екенін айтады.

 

Тыңдалым.

Базарлық

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

 

Диалог бойынша дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.

A) Базарлықты тек балаларға ғана береді.

B) Кішкентай балалар да базарлық әкеледі.

C) Қазақ дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

D) Қазақтың салт-дәстүрлерін аналар ғана жақсы түсінеді.

Диалог бойынша қате пікірді көрсетіңіз.

A) Базарлықты алыс сапарға кеткен адамнан күтеді.

B) Бұндай жақсы дәстүрлерді сақтап, жеткізетін – үлкендер.

C) Базарлықты алғанда оны кімге беру керек екендігін ойлау керек.

D) Базарлықты үлкен адамдар арнайы тапсырыспен алдыртады.

Әженің көзқарасын анықтаңыз.

A) Балалар базарлықты түсінбейді.

B) Базарлық – ұрпақтарға қажетті жақсы дәстүр.

C) Алыс сапар, саяхаттарға базарлық алу үшін бару керек.

D) Қазақ салт-дәстүрлерін қыздарға ғана айтып отыру керек.

 

Кішкентай қыз нені ұмытпау керек?

A) Базарлық алуды

B) Үлкендерден базарлық сұрауды

C) Тамаша салт-дәстүрлерімізді жалғастыруды

D) Әжесінің қандай базарлық алатындарын

 

Анықтама

туыстық орта – родственная среда

әлеуметтік тәжірибе –социальный опыт

неке – бракосочетание

ұя – гнездо

инабаттылық – вежливость, почтительность

бастау бұлағы – родник

ерлі-зайыптылар –супруги

іргетас – фундамент

бірегей – уникальный

атастыру – этн. помолвить детей с ранних лет

құйрық-бауыр жегізу – этн. (обрядовая еда, приготовляемая из курдюка и печени, которую едят сваты в знак состоявшегося сватовства)

құдалықтан айну – отказываться от....отказываться от сватовства

енші – этн. енши (часть имущества, которая выдается сыновьям при отделении), причитающаяся доля, полагающаяся доля

текті – родовитый, благородный

даланың заңы – закон степи

 

Тезаурус

жеті ата – ата-баба, жеті буын

құйрық-бауыр жегізу – құда болғандықты білдіретін рәсім, тамақ түрі

құдалықтан айнуға болмайды – құда болған адамдарға кейіннен бас тартуға болмайтын дәстүр бар, егер бас тартса, үлкен айып төлейді.

енші алу – отбасын құрған ер жігіт әке-шешесінен бөлініп шығады.

текті – ата-бабасынан бері қарай жақсы атақты болып келе жату

даланың заңы – қазақ қоғамының заңы

 

7- сабақ

Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер

Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты

(Выражение качественной и количественной характеристики предмета)

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Демографиялық ахуал, орналасу тығыздығы, шаршы метр, кері ықпал, түптің түбінде, адамға шаққанда, ыңғайға қарай, өміршеңдік, нұр үстіне нұр, шарықтау, қанат жаю.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер

Қазақ халқы ұзақ ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, демографиялық мәселелерге баса көңіл бөлді. Әр он жыл аралығында өтетін халық санағының көрсеткіші артпаса, кеміген жоқ, алайда сол нәтижелерге қарамастан халық саны баяу өсуде. Қазақстан жер көлемінен дүние жүзі бойынша алғашқы ондықтың ішіне кіре тұра, 2011 жылғы статистикалық мәліметтерде халқының санынан 62 орынды иемденгені демографиялық ахуалдың төмен екендігін көрсетеді. Қазақстанда тұратын халықтың орналасу тығыздығы 2010 жыл дерегіне сәйкес, орта есеппен 1 шаршы километрге 6 (кей деректерде 5,5) адамнан келсе, әлем мемлекеттері арасынан жер көлемі бойынша 3-ші орынды иемденетін Қытай мемлекетінде бір шаршы шақырымға 140 адамнан келеді екен. Халық санының аздығы мемлекеттің болашақ дамуына кері ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасы басшылығы халық санының артуының жан-жақты мүмкіндіктерін қарастырып келеді. Адам санының кемуi ең алдымен мемлекетте еңбек ресурстарының азаюына әкеледi. Бұл – түптiң түбiнде ел дамуына әсер ететiн фактор. Өйткенi, демография заңдылығы бойынша, саннан сапа шығады. Ендеше, ең әуелi, осы елдi, жердi сүйетiн, қадiрлейтiн адам саны артуы қажет. Бұл жөнінде көп ғалымдар халық санының артуының жолдары мен амалдарын ұсынып жатқан жайы бар.

Қазақстанда туылудың шыңы 1987 жылы болды, яғни 417 мың адам дүниеге келді немесе 1000 адамға шаққандағы 25,7. Қазақстан Республикасы халқының саны 2011 жылғы 1 қаңтарға 16,4 млн адамды құрайды, оның ішінде 8,5 млн. (52 %) әйел және 7,9 млн. (48%) ер адамдарды құрады. Біздің ел әлеуетіне қарай, адам санын көбейтуге мүмкіндігі бар. Тек, бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарап, халықтың қолдауымен, мемлекеттік деңгейде нақты іс-шаралар жүзеге асырылу керек. Қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы үдерісінде демографиялық проблемаларды шешудегі шетел тәжірибесін зерделеп, өз ыңғайымызға қарай құрсақ дұрыс нәтиже берері анық. Шетел мемлекеттері жинақтаған тәжірибені пайдалану отандық реттеу институттарын жетілдіруге, тәжірибеде өз өміршеңдігін көрсеткен барынша тиімді модельдер мен жолдарды қолдануға ықпал етеді. Бәлкім, бұл істі білікті мамандар, ұлтжанды азаматтар қолдап, шындап қолға алып, басқа бір бағыттарда дамытар болса, нұр үстіне нұр болар еді. Ал біздің басты мақсат – қазақтың уақыт санап өсіп, шарықтап қанат жайғанына куә болу емес пе?!

(Абилова А.)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Халық санағы қай кезде болады?

2. Қазақстанның демография бойынша 62 орынды иемденуі нені білдіреді?

3. Халық санының аздығы мемлекетке қалай әсер етеді?

4. Адам санының кемуi нені азайтады?

5. Бала саны арту үшін қандай шара болу керек?

6. Қытайдағы адам санының орналасу тығыздығы бізбен салыстырғанда қандай?

 

1-жазылым. Сөйлемді толықтырыңыз.

1.Қазақстанда бір шаршы шақырымға.............

2. Демография заңдылығы бойынша,.........

3. Ең әуелi, осы елдi, жердi сүйетiн, қадiрлейтiн......

4. Біздің ел әлеуетіне қарай,........

5. Қазақ халқы әр баланың өз...........

 

2-жазылым. Қандай? Қалай? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлемдерді мағынасын сақтай отырып, қысқартып жазыңыз.

Үлгі: Қазақстанда халық саны баяу өсуде. Қытай жер көлемі бойынша 3- орынды иемденеді.

 

Тыңдалым


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 125 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.036 сек.)