Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бексұлтан Нұржекеұлына

Бексұлтан аға, айтқан сөзіңіз көшелі,

Көшелі сөзбен көш бастаған деседі.

Жаркеттегі қалам ұстаған жастардың,

Өзіңізсіз рухани көсемі!

 

Біз де жүрміз кітаптарыңыздан нәр алып,

Сөздеріңізде нәрлі сиқырдың бары анық!

Оқыған сайын сол сиқырдың қуаты,

Өн-бойыма бара жатады таралып.

 

Көшелі жанның

бөлінбейді дейді көші елден,

Сүрлеуі бар көрікті ойдан төселген.

Алдыға қарап, арттағы бағыт жоғалтпас,

Тағдыр өзенін тәуекел етіп кешерде...

 

Мақтаныш етіп, іздейді Сізді санам көп,

Алты Алаштың аузында жүрген ағам деп!

Ініңізбін ілескен сөздің көшіне,

Өрелі оймен өз сүрлеуімді салам деп.

 

Ұлы сапарда, сиынып намыс, арына,

Сенеді дейді Ел, қайыспас қара нарына!

Естияры болып,

жұртымның жоғын жоқтайтын,

Өзіңіздей, шүкір, ағамның барына!

 

 

«ҚҰЛАГЕР- АҒА»

Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын

Жасында жатқа айтқан Жаркенттік

Аманжолов Қыстаубай Мәтелұлына

Түсінбесе қасиетін халқының,

Түсінеді тіршіліктің нарқын кім?

Ілиястың «Құлагерін» жатқа айтып,

Көрсеттіңіз жаныңыздың жарқылын.

 

 

Өмір мәнін ұғар адам сенгенде,

Ал, ұқпаса – сенімің де шерменде.

Көрсеттіңіз өлең сүю үлгісін,

Алпыстың бел ортасына келгенде.

 

Кісіліктің мәнісі бұл, білерлік,

Білерлік те, мақтан етіп жүрерлік.

Қырық емес, елу емес – бұл жаста,

«Құлагерді» жатқа айту – шын ерлік!

 

Қыcтау-аға, тәнті болдым шын мен де,

Өлең жаттау оңай емес, білгенге.

Поэманы* меңгеріпсіз, біз болсақ,

Бір өлеңді жатқа айта алмай жүргенде.

 

Мықтылар бер елді аузына қаратқан,

Байлар да бар миллиондар санатқан.

Мысқалдай кем демес едім солардан,

Мұндай зерде сыйлаған соң жаратқан!

 

Өмір ғой бұл, үміт оты сөнбеген,

Ұрпақ үлгі алса Сізден, жөн дер ем.

Қадірлі аға, өлең үшін мен Сізді,

Алтын тақта отырғанмен тең көрем!

 

Мыс деп жүрген, айра алмай алтынды,

Батыраштар ұға алар ма нарқыңды?

«Құлагер-аға» дейді енді құрметпен,

Түсінгендер жаныңдағы жарқылды.

 

Поэма- екі мың төрт жүз алпыс жол.

 

АДАСУ

Жынды ойлар ойнақтап не түрлі,

Иектеп Жалғыздық – жетімді.

Бастағы қоймалжың бірдеңе,

Ми емес, мипалау секілді.

 

Неге де көнетін түрі бар,

Ынсап та ырыққа жығылар.

Дегендей, жетесіз жетпегір,

Жатбауыр Жалғызды қырыңа ал!

 

Жында ойлар жетемді кеміріп,

Саламын дегендей не бүлік.

Санаңды сайтанға бердің деп,

Ұятым жылайды егіліп.

 

Қу нәпсі ақылға көнбесе,

Құрдымға кеткенің ендеше.

Адамдық кейпімнен адастым,

Иманым көмекке келмесе...

 

АРМАН

Не келіп, не кетпес басымда,

Ағарған түп-түгел шашым да.

Елес боп айналып әлі жүр,

Адасқан бір арман, жасымда.

 

Тәтті екен, әлі де тамсанам,

Арман-ай, қайдасың, аңсаған!

Алдыңда отыр бір ақ бас шың,

Өзіңді күтумен шаршаған.

 

Едің ғой ең асыл ардағым,

Еркімді билеген қайда мұң?

Күтумен сарғайған таңдарым,

Келмедің. Келем деп алдадың.

 

Көктем де, жаз өтті...

Күз деймін,

Күз түгіл, қыстан да іздеймін.

Көретін күнім бар...

Сондықтан,

мен сенен үмітім үзбеймін...

ЛЕҢНЕН ІЗДЕП...

Өлеңнен іздеп ықтасын,

Жүретін жанмын жалындап.

Белгісіз ұтар, ұтпасым,

Барады күдік қалыңдап.

 

 

Тірлік деп жүріп ел енді,

Қайғыңда сенің жоқ ісі.

Оқымақ түгіл, өлеңді,

Ұқпаймын дейді, көбісі.

 

Жүрегі жырлап тұратын,

Ақын ел едік ежелден.

Байлық боп енді мұратың,

Кеттің бе ауып межеңнен?

 

 

Дейді ақын, жаны күйініп,

Өлеңсіз өмір – өмір ме?!

Сұлулыққа әсем, сүйініп,

Сыр айтпай жырмен көңілге.

 

Жанының әрбір дірілі,

Төгіле жырлап тұрмаса,

Сезімнің мөлдір тұнығы,

Жас болып бетті жумаса.

 

Өмірдің мәні бола ма?! –

Өле бір ғашық болмасаң.

Кемдігің мәңгі тола ма?! –

Мейірге шөлдеп, қанбасаң.

 

Қайда да бір кем дүние –

Құптасын, мейлі, ұқпасын.

Өтермін күліп, күйіне,

Өлеңнен іздеп ықтасын.

 

 

БОЛЖАУ

Еркіменен балалық пәк сананың,

«Анашым» деп жазды алғаш қаламым.

Қабағыма түскен сәтте реніш,

«Әке» деген сөзден таптым сүйеніш.

 

Жігіт болып жүрген шақта жалындап,

Ғашықтықтан жүректе мұң қалыңдап.

Нарқы қымбат мендегі асқақ ой-арман,

Қызға деген іңкәрліктен оянған.

 

Одан кейін орындалмай тілегім,

Көп жыладым көкаяз боп жүрегім.

Өз жарамды өзім жалап жазып ап,

Бөлтіріктей ұлыдым кеп азынап.

 

Азуымды айға білер сәтімді,

Күттім ұзақ...

Жұрт таныса атымды, -

Деген оймен түн ұйқымды төрт бөліп,

Қанжығама бір шумақ жыр бөктеріп,

 

 

Жолға шықтым Темірқазық бетке алып,

Қол бұлғады шырамытып көп халық.

Ай астына алып ұшты арманым,

Артта азап, мұнартады алда мұң.

 

Ақыныңнан текке жұртым түңілме,

Сырын түсін жүрегіне үңіл де.

Тү-у Ғарыштан түп жусанның түбіне,

Жұлдыз болып ағып түсем түбінде...

 

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 71 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)