Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Даламмен сырласу

Читайте также:
  1. АҒАМЕН СЫРЛАСУ

Арман далам, абыз далам, паң далам.

Сағымыңмын құладүзді шарлаған.

«Отыз жеті кереметтің» ішіннен,

Ойланбай-ақ, мен өзіңді таңдағам.

 

Жон арқаңда талай жүйірік көсілді,

Көсілді де тағдырлары шешілді.

Сырт қарасаң, көзге қораш көрінген,

Құлагермін дүбірлеткен төсіңді.

 

 

Бабаларым берген мұра-байлықтай,

Қалап алғам жан-жүрегім шайлықпай.

Құлагердей құшағыңнан табылам,

«Батыраштың» балтасынан қаймықпай.

 

 

Қызғаныштан күйсін, мейлі өртенсін,

Сен мен үшін бәрінен де көркемсің.

Ерменің мен жусаныңның исімен,

Өзегіме өлмес қуат бергенсің.

 

Мен ұлыңмын сол исіңнен нәр алған,

Топырағыңның түйірінен жаралған.

Болашақтың шақырғанда таңы алдан,

Сендегі өткен күндерімнің бәрі арман!

 

 

Саған арнап барымды да, нарымды,

Жыр жазамын өзеніңдей арынды.

Шырылдаған, үмітіңе ілініп,

Бозторғайым деп білгейсің жанымды.

 

Ал жүрегім...

Сен деп соққан жүрегім,

Сен деп жырлап өтетінін білемін.

Тас қияңда қыраның боп самғаған,

Өрлігіңнің белгісі боп жүремін.

 

 

ЛЕҢ БОП ҚАЛСАМ...

Осынау жасыл өлкемде,

Қаламын бүгін, ертең де...

Жалғыз-ақ үміт-арманым,

Өлең боп жетсем ертеңге.

 

Қаламас едім өзгені,

Арман боп жастық кездегі.

Өлең боп жетсем ертеңге,

Сағыныш болып көздегі.

 

 

Ілесіп ерке сағымға,

Арайлап атқан таңымда.

Мұң толы, тәтті сыр толы,

Өлең боп қалсам жадыңда,

 

Қиялға қанат жалғасам,

Бақ құсы болып самғасам.

Болашақ, нұрлы болашақ,

Өзіңе өлең арнасам!

 

Күндерім келер...

күте алсаң,

Таусылмас тағы құт алсам.

Жүректе мәңгі өшпейтін,

Махаббат болып тұтансам.

 

Сағым боп самғап даламда,

Төгілсем нұр боп адамға.

Армансыз өттім дер едім,

Өлең боп қалсам санаңда.

 

 

СЕКСЕУІЛ

Сексеуілдер, құмдауыт топырағың,

Мекендепсің шөлейіт атырабын.

Жаз жайлауда жүрсем де,

күз күзеуде,

қамыңды ойлап өзіңнің отырамын.

 

 

Қызық керек қайда да мына бізге,

Аңшы итімнің көңілі тұрады ізде...

Қарсақ, қоян, түлкіге пана болып,

Қарауытып тұрасың құладүзде.

 

Секілдісің сексеуіл, сертке берік,

Туған жерден безбейсің текке жеріп.

Жер киесін ұқпайтын ебелектер,

Тәубасына түссе екен сені көріп.

 

Ыстыққа да, суыққа төзімдісің,

Хас батырға балаймын өзіңді шын.

Беріктігің басқаға ой салсын деп,

жаратқан ба, Жаратқан төзім үшін?!

 

Арса-арса тұлғаңнан сыр аламын,

Сұлулықты құдайдан сұрамадың.

Саған қарап сексеуіл, әлде қалай,

Төзімсіздік жасауға ұяламын.

 

АҒАЛАРҒА

Жыр тұлпардың байлама бағын алла-ай,

Сырғып өткен қу өмір – сағым ол да-ай...

Мәрттігіңе ту етіп пәктігіңді,

Қонағыңды күтесің жаның қалмай.

 

 

Іздемей-ақ алыстан қалпың бұзып,

Жақыннан-ақ, саф жауһар таптың қызық.

Дәрия-көңіл, өр мінез ағаларым,

Кедергіні тас-талқан ақтың бұзып.

 

Кісіліктің кірлетпей асыл нарқын,

(бағалады әрқалай басыңды әркім).

Күншілдікті жуытпай дастарханға,

Отбасында ішілді асың жарқын.

 

Қолын алып күндегі, күндегеннің,

Кек сақтауды біреуге, білмеп едің.

Жыбырлаған сөздерін жақындардың,

Естісең де, құлаққа ілмеп едің.

 

Терең еді теңіздей – түсінігің,

Биік еді таудан да – кішілігің.

Сөзі – нақыл, ісі – ақыл ағаларым,

Сәлем берген атынан түсіп інің.

 

Жақсылығын жақсының бағаладың,

Бергеніңді бешкеш қып санамадың.

Тұлпарыңды досыңа түсіп беріп,

Қойторысын өмірдің тағаладың.

 

 

Соныменен той-думан төрің ұдай,

(көред деген әр ненің жөнін құдай).

Сараң байдан сесің де, десің басым,

Өзің кедей болсаң да, көңілің бай.

 

 

СӨЗ КӨШІНІҢ ҚАРА НАРЫ

Көрнекті жазушы


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 75 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)