Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азіргі кездегі ипотекалық несиелендірудің мәселелері мен даму перспективалары

Читайте также:
  1. Атмосфераның ғаламдық экологиялық мәселелері.
  2. ІІІ. Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің қалыптасуы және қазіргі кездегі жағдайы
  3. Тұщы сумен қамтамасыз ету және оны тиімді пайдалану мәселелері
  4. Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары
  5. Экономикалық ғылымның қазіргі кездегі мектептері мен бағыттары

Ипотекалық несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы.

Ипотекалық несие берудің басты мақсаты – азаматтардың меншікті қаражаттары мен ұзақ мерзімді ипотекалық несиенің есебінен монополиядан арылған тұрғын үй нарығында тұрғын үй сатып алудың нарықтық қағидаттарына негізделген, орташа табысы бар азаматтарды шамасы жетерлік баға бойынша, тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру болып табылады.

Ипотекалық несиелендірудің көптеген елдерде халықты баспанамен қамтамасыз етуде атқаратын ролі көпшілікке мәлім. Табыстары шағын болғанымен, оны тұрақты алатын азаматтар үшін тұрғын жайды меншікке сатып алуға жағдай жасаумен қатар, ипотекалық несиелендіру жүйесі құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол қор рыногының жаңа сегменті — ипотекалық құнды қағаздар рыногын қамтамасыз етеді.

Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жаңа жүйесін дамыту үшін көптеген жағдайларда тұрақты алғышарттар бар деп айтуға болады. Әрине, ең алдымен, бұл тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санының ұлғаюы, бұған бір жақтан ескі тұрғын үйлердің тозуы да септігін тигізуде. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының дамуы еңбекке қабілетті халықтың тұрақты табыс алу мүмкіншіллктері зор өңірлерге, мысалы мұнай өндірілетін аумақтарға қоныс аударуына ықпал етті. Ал, бұл жағдай тұрғын үйге деген қосымша сұраныстың өсуіне әкеп соқты.

Соңғы жылдары орын алып отырған оңтайлы жағдайдың біріне халықтың жинақ қаражаты деңгейінің өсуін жатқызуға болады. Алайда, ол жинақтар тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың көбіне тұрғын үйдің құнын біржола толығымен төлеуге мүмкіндік бермейді. Осыған орай, ипотекалық несиелерге деген сұраныс та туындауда.

Қазақстан банктеріндегі ипотекалық несиелеудің проблемалары келесіге байланысты:

банктердің ресурстық базаларының жетіспеуі;

қозғалмайтын мүлікке төлем қабілеті төменгі сұраныс.

Ипотекалық несиелендірудің проблемалары:

v ипотекалық несие арқылы тұрғын үй сатып алумен байланысты келісім — шарттың мемлекеттік тіркеудің тым ұзақтығы және қымбаттылығы тб.

v салық жүйесінің қатаңдығы, салық мөлшерлемесінің жоғары болуы;

v Кірістердің өсуі;

v Жаппай тұрғын үй құрылысының жоқтығы;

v Халықтың миграциясы;

v Жылжымайтын мүлікке сұраныстың өсуі және бағаның өсуі.

Ипотекалық кредиттеу нарығында негізгі үш тәуекелді міндетті түрде сақтандыру тәжірибесі қалыптасты:бұл заемшының өмірі мен денсаулығы;кепіл объектісінің жойылуы немесе бүлінуі;заемшының еңбеккежарамдылығын жоғалту тәуекелі.

Ипотекалық несиелеудің ерекшеліктері:

• Берілуінің ұзақ мерзімділігі (5 жылдан аса)

• Кепілзаттың қарыз алушысының қолында қалуы

Ипотекалық несиелеу объектілері болатындар:


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 280 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)