Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экстракорпальді ұрықтанудың әдістері

Читайте также:
  1. Жаңа іргетастарды жеткізу әдістері.
  2. Лшеу түрлері және әдістері
  3. Ойлау сапасы мен ойлау қызметінің әдістерін дамыту жолдары
  4. Физика-химиялық талдау әдістері
  5. Экономикалық іс-әрекеттерді натуралдың шаруашылық пен товарлық өндірісте үйлестіру әдістері.

Эксперименттік эмбриологияның жаңа жетістіктері ретінде экстракорпальді ұрықтандыру әдісін ойлап табу болды. Пробиркаға ұрықтанған ұрықты жатырға көшіру бедеу некені емдеу негізі болып табылады.1973ж Л.Шеттлз АҚШ бедеу әйелдің жыныс безінен овуляциядан бұрын жұмыртқа клеткасын алып, оны күйеуінің сперматозоидымен ұрықтандырған. Осылай бедеулікті емдеу мақсатында адам ұрығын көшіру техникасы негіз салынды.Бірақ 1978ж ғана Ұлыбританияда 2,5тәулік жасанды ортада өсірілген 8блостомерлі сатысындағы адам ұрығын Р.Эдварс және П.Стептау бедеу әйелдің жатырына көшірудің нәтижесінде әлемде салмағы 2700г болатын біріші пробиркалық бала Луиза Браун дүниеге келді.

 

17.Жануарлардың және адамның жыныс ұрықтанудың жасанды реттеу әдістері. Алғашқы жыныс клеткалары ‐ гоноциттер əр түрлі жануарларда онтогенездің əр түрлі сатысында пайда болады. Кейбір организмдерде дамудың ерте кезеңдерінде жұмыртқа клеткаларында ерекше бөліктері болады. Сол бөліктерден болашақта жыныс клеткалары шығады.Мысалы құрттарда алғашқы гоноциттер өте ерте бөлініп шығады. Бірақ жетілген жəндіктердің гонадаларын жойса жыныс клеткалар басқа “необласт” пайда болады. Ал басқа омыртқасыз жануарларда жəне барлық омыртқалы жануарларда жыныс клеткалары тек қана гоноциттерден пайда болады. Бұл жануарлардың гоноциттерін әр түрлі əсерлермен жойса, онда дамыған ұрықтарда жыныс клеткалары қалыптаспайды. Сонымен алғашқы жыныс клеткалары ‐ гоноциттер жыныс бездерден бұрын пайда болады. Жыныс бездері жетілгенше олар белсенді түрде организмнің сұйықтықтарында қозғалып жүреді. Жыныс бездері қалыптасқан соң гоноциттер бездерді тауып алып ішіне енеді. Аталық жыныс клеткалары бездің милы затында, ал аналық жыныс клеткалары бездің қыртыс затында орналасады.

Көп клеткалы организмнің барлық клеткалары бір ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан пайда болады.Организмің барлық клеткалары екі типке бөлінеді:соматикалық дифференциацияланған және жыныс клеткалары.

1880 жылы М.Нуссбаум амфибиялар мен балықтарда жыныс клеткаларының гонададан тыс құрылуын байқады.Ол жыныс клеткалары тек жыныс клеткаларынан пайда болады деген көзқарас ұсынды.

А.Вейсман 1885-1896жылдары сол мәліметтерді қолданып,ұрық плазмасының үздіксіздігі туралы жаңа теориясын құрды.

Ұрыққа дейінгі даму,яғни жыныс клеткаларының дамуы гаметогенез деп аталады.Жұмыртқа клеткасының дамуы оогенез,сперматозоидтың дамуы-сперматогенез.

Жыныс клеткаларының дамуы:келесі сатыларға бөлінеді.

1.Алғашқы жыныс клеткаларының,яғни гоноциттердің басқа соматикалық клеткалардан жекеленуі.2.Жыныс клеткаларының көбеюі.Бұл сатыда жыныс клеткаларын гониялар деп атайды.3.Өсу сатысы.Аналық клеткалар І-реттік ооциттер,ал аталық клеткалар І-реттік сперматоциттер деп аталады.Бұл кезеңде жыныс клеткаларының хромосомдары мейоздың профазасының сатыларынан өтеді.4.Мейоз бөлінуі өтеді.Бірінші бөлінуден кейін ІІ реттік ооцитпен,ІІ реттік сперматоцит пайда болады.Екінші бөлінудің нәтижесінде жетілген жұмыртқа клеткасы және сперматида пайда болады.5.Сперматидалар сперматозоидқа айналады.Алғашқы жыныс клеткалары-гоноциттер әр түрлі жануарларда онтогенездің әр түрлі сатысында пайда болады.

Кейбір организмдерде дамудың ерте кезеңдерінде жұмыртқа клеткаларында ерекше бөліктері болады.Сол бөліктерден болашақта жыныс клеткалары шығады.Мысалы,насекомдарда,ұрықтанған жұмыртқалардың артқы полюсінде эктосомдар деген денешіктер байқалады.Эктосомдарды жыныс «детерминанттары» деп атайды.Жұмыртқа клетка бірнеше рет бөлінгеннен кейін эктосом бар жыныс плазмасы жыныс клеткасының (гоноциттің) ішінде байқалады.Жылқы аскаридасының жұмыртқаларында алғашқы жыныс клеткасы жұмыртқаның төртінші бөлінуінен кейін жекеленеді,ал циклопта(ескек аяқ шаяндар) жұмыртқа клетканың алтыншы бөлінуінен кейін эктосомдарекі ерекше клеткаға (гоноциттерге) жиналады.

Омыртқалыларда гоноциттер көбінесе гаструла немесе нейрула сатысында бөлектенеді.Тек қана құйрықсыз амфибияларда жыныстық плазма ерте,әлі ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасында жекеленеді.

Төменгі сатыдағы жануарларда (губкалар,ішекқуыстылар,құрттар) жыныс клеткалардың қоры өмір бойы толықтырылып тұруы мүмкін.Мысалы,құрттарда алғашқы гоноциттер өте ерте бөлініп шығады.Бірақ жетілген жәндіктердің гонадаларын жойса жыныс клеткалар басқа «необласт» деген клеткалардан пайда болады.

Ал басқа омыртқасыз жануарларда және барлық омыртқалы жануарларда жыныс клеткалары тек қан гоноциттерден пайда болады.

18.Дернәілдік даму. Метаморфоз. Метаморфоз- деп барлық ұйымдастырылу ерекшеліктері терең өзгерістермен өтетін дернəсілдің ювенильдік түріне айналуын айтады. Постэмбрионалдық дамудың екі түрі бар:1) тікелей даму ‐ мұнда организм ересек түріне ұқсап туады; 2) бұрыс даму – метаморфоз: мұнда жұмыртқадан ересек организмге ұқсамайтын дернəсіл пайда болады. Дернəсілдің ересек организмде болмайтын өзіне тəн органдары болады. Метаморфоз (грек. өзгеру) – постэмбриональдық даму кезеңінде болатын өзгеріс. Метаморфоз ішекқуыстыларда, жалпақ жəне буылтық құрттарда, шаянтəрізділерде, насекомдарда кездеседі. Омыртқалыларда, амфибияларда болады.

Метаморфоздың екі түрі болады:

1.Толық метаморфоз – голометаморфоз.

2.Толық емес метоморфоз – гемиметаморфоз. -

Голометаморфоз кем дегенде 3 сатыдан тұрады: 1) дернəсіл бір қатар дамудан өтеді; 2) қуыршақ сатысына айналады; 3) қуыршақ имаго деген ересек дараққа айналады. Гемиметаморфоз екі сатыдан тұрады:

1) дернəсіл 2) имаго (ересек дарақ).

Метаморфоз өзгерістерін гормондар реттейді. Насекомдарда ол мидың нейросекретті элементтері, торокалды бездер жəне баста орналасатын бездер. Бастағы бездер ювенильді гормонды бөліп шығарады. Ол гормон гемолимфада азайғанда дернəсіл ересек насекомға -айналады. Метаморфоз бақаларда да болады. Бақаның жұмыртқасынан “итбалық” дернəсіл шығады. Оның өзіне тəн дернəсілді мүшелері болады. Дернəсілдің ересек жануарға айналуы ішкі жəне сыртқы құрылысында ерекше өзгерістер болу арқылы жүзеге асады. Амфибиялардың метаморфозы қалқанша бездің қызметіне байланысты екені көптеген тəжірибелермен дəлелденген. Бұл процесс тек белгілі функционалды жүйемен өткенде ғана мүмкін: гипоталамус, гипофиз, қалқанша без. Дернəсіл белсенді қоректеніп, өсуге арнайы бейімделген даму сатысы болып саналады. Бір түрдің дернəсілдері мен ересек дарақтары көбінесе əр түрлі жағдайларда тіршілік ететін болғандықтан, олар орын мен қорек үшін бəсекелеспейді. Кейбір организмдердің дернəсілдері түрдің таралуына жəрдемдеседі. Метаморфоз жүрісінде мынадай маңызды морфогенетикалық қайта құрылулар өтеді: провизорлық дернəсілдік мүшелердің бұзылуы, дернəсілдік те, ересек те қалпында қызмет істейтін мүшелердің жартылай бұзылуы мен қайта құрылуы, дефинитивтік мүшелердің жаңадан пайда болуы.

19. Ұрықтану кезіндегі акросомдық және кортикалдық реакция дегеніміз не? Түсіндіріңіз

Ұрықтану екі жыныс клеткасының аталық жəне аналық клеткаларының қосылуынан тұрады. Осы екі жыныс клеткаларының қосылуы нəтижесінде зигота деп аталатын ерекше жаңа клетка пайда болады. Оның ядросында, ата‐аналарының екеуінің де тұқым қуалайтын белгілерін сақтайтын хромосомдары болады. Зигота бөліне бастайды да, содан соң көп клеткалы ұрыққа айналады. Əр түрлі жануарларда сперматозоидтар жұмыртқа клеткаларының ішіне дамудың əр түрлі сатыларында енеді. Ұрықтану үш кезеңнен тұрады: 1) дистанттік кезең (алыстан бір‐біріне əсер ету); 2) контакттік кезең (жақыннан бір‐біріне əсер ету); 3) сингамия (сперматозоидтың жұмыртқаға еніп, ядроларының қосылуы). Дистанттік кезең жұмыртқа клеткалары бөліп шығаратын заттарымен жүзеге асырылады. Оларды жұмыртқа клеткаларының гормоны, немесе гиногамондар деп атайды. Сперматозоидтың акросомасында спермолизин деген фермент болады. Ол жұмыртқаның сарыуыз қабықшасын ерітеді. Контакттік кезең акросомдық реакция жəне кортикалдық реакция болып екіге бөлінеді. Акросомдық реакциясы сперматозоид жұмыртқа клеткасымен түйіскен кезде болады. Акросоманың жіпшесі мембрананы тесіп шығады. Акросомдық түйіршіктер (гранулалар) сыртқа шығады да, гиалуронидаза, трипсин түрлес ферменттер бөледі. Ол ферменттер сарыуыз қабығын ерітеді. Акросом жіпшесі тескен жерінен сарыуыз қабығында ұрықтық төмпешік пайда болады. Кортикалдық реакция кезінде кортекстің түйіршіктері жарылады да, ішінен ферменттер жəне басқа заттар түзіледі. Кортекс дегеніміз, ол жұмыртқа плазмалеммасының астында жататын сыртқы цитоплазма қабаты. Кортекс құрамында кортикалды түйіршіктер мен микрофиламенттер болады. Сперматозоид жұмыртқа клеткасына енгеннен кейін сарыуыз қабығы қатаяды. Сондықтан басқа сперматозоидтар кіре алмай қалады. Сарыуыз қабығы мен цитоплазма арасында кеңістік пайда болады (перивителлин кеңістігі). Жұмыртқада белок синтезделуі күшейеді.

 

 

20. Бөлшектенудің типтері және оның жұмыртқа клеткасының құрылысына байланыстылығы. Бөлшектену дегеніміз ‐ ұрықтанғаннан кейін болатын зиготалардың бірнеше рет бөлінуі. Бөлшектену ұрықтың көп клеткалық сатысының құралуына əкеліп жеткізеді. Бөлшектенудегі клетка бөлінуінің екі белгісі бар: 1) бөлінген клеткалар өспейді; 2) кəдімгі митоздағыдай ДНК‐ның саны əрбір бөлінуден кейін екі есе көбейіп тұрады. Бөлшектену бластулалардың құралуымен аяқталады. Бластула көпклеткалы бірқабатты ұрық. Бастулаларды құрайтын клеткалар бластомерлер деп аталады. Бөлшектену кезінде ядролардың саны тез көбейеді де, цитоплазманың көлемі өзгермейді. Мұның өзі ұрықтық клеткаларының ядролық‐цитоплазмалық қатынасын соматикалық клеткаларына жақындатады. Гертвиг‐Сакстың ережелері: Клетканың ядросы цитоплазманың сарыуыздан бос бөлігінің дəл ортасында орналасады. Бөліну ұршығы цитоплазманың сарыуыздан бос бөлігінде ұзына бойы орналасады. Бөлшектену сызығымен бластомерлер бірінен‐бірі ажырайды. Бірақ, олар бірге қалады. Сызықтар бағытына қарай меридианалдық, экваториалдық, латитудиналдық жəне тангенциалдық болып бөлінеді. Меридионалдық ‐ анималдық полюстан басталып вегетативтік полюсқа қарай жүреді. Экваториалдық ‐ экватормен, латидудиналдық экваторға параллельдік бағытпен өтеді, ал тангенциалдық сызық зиготаның сыртқы бетіне параллельдік бағытпен жүреді. Бөліну сызығының бағытына, тереңдігіне жəне жылдамдығына қарай бөлшектенудің бірнеше түрлерін ажыратуға болады. Ол сарыуыздың мөлшеріне жəне оның клеткалардың ішінде орналасуына байланысты болады. Сарыуыз бөліну сызығының қалыптасуына қарсы əсер етеді. Клеткалардың сарыуызы көп бөлігінде сызық құралмайды. Бөлшектенудің екі түрі болады: 1) толық бөлшектену (голобластикалық); 2) жартылай бөлшектену (меробластикалық). Толық бөлшектену біркелкі ж.е біркелкі емес бөлшектену болып бөлінеді. Жартылай бөлшектену: диск тəрізді бөлшектену ж.е зиготаның беткі бөлшектенуі болып бөлінеді. Бөлшектену нəтижесінде бластула құралады. Бластуланың қабырғасы бластодерма д.а. Ішіндегі қуысы бластоцель. Бластуланың үстіңгі анималдық жағы – төбесі болады, астыңғы вегетативтік жағы – түбі. Бөлшектенудің толық біркелкі бөлінуінен целобластула пайда болады. Ол дөңгелек н.е созылған пішінді үлкен бластоцелі бар бірқабатты бластула. Толық біркелкі емес бөлінуден амфибластула пайда болады. Майда ж.е ірі бластомерлерден құралған, бірақ бластодермасы көпқабатты бластула түрі. Губкаларда, сирекқылтанды құрттар мен амфибияларда кездеседі. Жартылай бөлінуден – дискобластула пайда болады. Бөлшектенбеген сарыуызда жатқан бірнеше клетка қабаттарынан тұратын диск тəрізді бластула. Сүйекті балықтар, рептилиялар мен құстар телолециталдық, полилециталдық жұмыртқаларының дискоидалдық бөлшектенуі нəтижесінде пайда болады.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 283 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)