Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Англия.

 

1. ХІ–ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалар мен тауарлы–ақша шаруашылығының дамуы негізінде Батыс Европада саяси орталықтану процесі басталды. Бытыраңқы мемлекеттердің бірігуі, король өкіметінің нығаюы мен күшеюі басталды. Бірте бірте белгілі бір қалыпқа келмеген феодалдық монархия орталықтанған тәртіпке, жүйеге келтірілген сословиялық монархияға айналды. Бұрын король бар болғаны “теңдестердің арасындағы бірінші” ғана болса, енді айрықша күшейіп ХҮ – ғасырдың соңына қарай абсолюттік монархияға айналды. Феодалдық бытыраңқылықты жеңуде король өкіметі прогрессивтік роль атқарды.

Европаның дамыған екі елінде Англия мен Францияда - орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы тез жүрді. Бұл елдердің саяси орталықтануы негізінен ХІІІ – ХҮ ғасырларда аяқталды. Екі елдің тез бірігуінің алғышарты, ең бірінші кезекте аталған елдердің интенсивті экономикалық дамуында жатты - өнеркәсіптің, сауда мен қалалардың дамуы, ішкі рыноктың қалыптасуы т.б. Елдің әртүрлі аймақтарын байланыстырған Париж, Лондон сияқты қалалардың, ерте сауда мен өнеркәсіп орталығына айналуыда аз роль атқарған жоқ. Тауарлы – ақша қатынастарының дамуымен бұл елдерде үшінші сословия – ретінде қалалықтар тез қалыптасып үлкен әлеуметтік күшке айналды. Бытыраңқы да ,берекесіз фелдалдық монархияның орталықтанған монархияға айналуына, король өкіметінің күшеюіне де мүдделі болған осы қалалықтар болды.

ХІ – ХІІІ ғасырларда шаруашылықтың барлық салалары бойынша Францияда даму байқалды. Ауылшаруашылығында астық шығымдылығы артты, қалалардың саны көбейді. Әсіресе, Оңтүстік Франция қалаларының өнеркәсіп пен сауда орталығы ретіндегі орны өте зор болды. Бұлардың ішінде Марсель, Тулуза, Монпелье, Нарбонна қалалары айрықша көзге түсті. Мұнымен бір уақытта Солтүстік және Солтүстік – Шығыс Францияның қалалары Амьен, Суассон, Лан, Санлис, Бовэ, Руан, Реймс, Труа қалалары маңызды сауда және өнеркәсіп орталықтары болды.

Алғашқы Копетингтердің тұсында Х-ХІ ғасырларда Франция Батыс Европадағы ең бытыраңқы елдердің бірі болды, алайда ХІІ ғасырдың бірінші жартысынан бастап, елде бірігу тенденциясы күшейді. Людовик ҮІ, Людовик ҮІІ – корольдердің өмірі өз домендеріндегі барондармен күресумен өтті. Ақырғы соңында, өз домендерінде тәртіп орната алды. Людовик ҮІІ (1137-1180), әсіресе Филип ІІ Августің тұсында корольдер феодалдарға қарсы күресте қалалықтарды батыл қолдады. Алайда, Аквитания принцессасы Эленораға үйленген ағылшын королі Генрих ІІ Плантегенет Франциядағы орасан зор жерге некелік жолмен ие болып, копетингтердің қас жауына айналды. Бүкіл батыс Франция : Англия, Бретань, Аквитания, Гаскон, Пуату, Турень, мен Солтүстіктегі Нормандия герцогтықтары Плантегенеттердің иелігіне кірді Плантегенеттер франциядағы иеліктері бойынша француз королінің иеліктерінен бірнеше есе көп еді.



Людовик ҮІІ екінші крест жорығына қатысып, көп пайдаға кенелді. Оның шаруашылық меңгерушісі Сугерий аса көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бірі болды. Ол король доменінің шаруашылығын, табыс көзін , қаражатын жолға қойып , жергілікті барондармен күрестеде қажырлылық танытты.

Людовик ҮІІ-нің ұлы Филип ІІ Август (1180-1223) француз жерлерін өз қолына жинауда тамаша табыстарға қол жеткізді. Филип өз иелігінде болсын, басқа иеліктердегі болсын қалалардың барлығына ашықтан ашық барынша қолдау көрсетті. ХІІІ ғасырдың басында Филип ІІ Плантегенеттерден олардың Франциядағы иеліктерінің көпшілігін – Нормандияны, Анжу, Мен, Турень, Пуатудың бір бөлігі (1204-1214) тартып алды. Шешуші шайқаста 1214 жылы ағылшын королі Иоан Безземельный мен оның одақтасы Фландрия графының әскерлері талқандалды. Бұл шайқаста қалалықтар француз короліне шешуші жәрдем көрсетті. Нәтижесінде Француз королінің иеліктері Ла – Манш пен Атлантика жағалауларына шықты. Королдің домені бірнеше есе ұлғайды.

Загрузка...

Людовик ҮІІІ-нің қысқа патшалығынан кейін (1223-1226) Франциядағы билікке Филип ІІ Августің немересі Людовик ІХ Әулие келді (1226-1270). Ол соңғы крест жорықтарының ұйымдастырушылардың бірі ретінде белгілі болды. Людовик ІХ Пуатудың Оңтүстік бөлігі мен Батыс Лангедокты, Авернь провинциясын өз иелігіне қосты. Король 1259 -жылы Англия мен Франция үшін тиімді бітім жасады. Алайда, Людовик ІХ – ның басты жетістігі территориялық жаңа жерлерді қосып алуда емес, әкімшілік – сот және финанс реформаларында болды. Бұрынғы феодалдардың съезі, енді тұрақты жұмыс істейтін Корольдық кеңеске немесе Корольдық курияға ойналды. Орталық корольдық концелярия, бірнеше ведомоствалардан тұрды. Сот істерін қараған мекеме – Парламент деп аталып (“сотта сөйлеу”) орасан зор маңызға ие болды.

2. Фландрия соғыстары кезінде (1302 – 1305) корольдың қазынасы сарқылып, финанс жүйесі бұзылды. Король орынсыз жаңа салықтар енгізіп, халықтың наразылығын туғызды. Ақырғы соңында, Филип ІҮ құдіретті католик шіркеуінен де алым салықтар алуды талап етті. Корольдің бұл шешіміне папа Бонифаций (1294 – 1303) ҮІІІ күрт қарсы шықты. Папа қандайда бір болмасын шіркеу иелерінің корольге алым салық төлеуіне қарсы шыға отырып, тез арада корольден Фландриямен соғысты тоқтатуды талап етті. Бұған жауап ретінде Филип ІҮ 1302 -жылы үш сословие өкілдерінің – дін басылары, дворяндар мен қалалықтар – жиналысын шақырып, папамен арадағы дау – жанжалды талқылады. Жиналыс Бас Штаттар деп аталды. Бас штаттар рим папасының, францияның ішкі істеріне араласуына наразылық білдіріп, корольді қолдады.

Қоғамдық пікірдің қолдауына ие болған Филип ІҮ рим папасына қарсы қысым көрсетуді күшейтті. Францияға келеген папаның легаты тұтқындалды. Филип ІҮ Римдегі бүлікті пайдаланып, оған өз агенті Ногарені жіберді. Ногаре папаның жауларын күшейтіп, ақырғы соңында оны тұтқынға алды да, көп ұзамай жасы келген папа Бонифеций ҮІІІ қайтыс болды. Бұдан кейін Филип ІҮ – нің ұсынысымен француз архиепископы – Климент Ү деген атпен рим папасы болып сайланды. Климент Ү римде тұрудан сескеніп, өзінің резиденциясын Авиньон қаласына көшірді. Мұнда папалар 70 жыл бойы тұрып бұл тарихта “Авиньон тұтқыны” деген атпен қалды (1309 – 1378).

Сонымен, бұрын король – императорлармен күресте оңай жеңіске жетіп жүрген папалар, бұл жолы жеңіліске ұшырады, өйткен себебі француз корольдары ұлттық мемлекеттік саясат жүргізді. Бас штаттардың құрылуымен франция мемлекеттік дамуда бір адым ілгеріледі. Биліктің өкілетті тармағы пайда болды. Бас штаттар жұмысына қалалықтардың тартылуы айрықша маңызды еді. Бұл қалалықтардың саяси ықпалының өскендігін көрсетті. Бас штаттар король өкіметінің қалалықтармен одағының жаңа формасы болып бүкіл елдік ауқымға көтерілді. Үшінші сословиеге сүйене отырып, король өзінің финансын нығайытты, жүгенсіз кеткен федалдарды мойынсұндырды. Алғашқы бытыраңқы феодалдық манархияның орнына неғұрлым орталықтанған сословиялық монархия келді.

Валуалардың басқаруы. 1328 жылы Капетингтер династиясының аға буыны өмір сүруін тоқтатты. Филип ІҮ – нің үш ұлының ғұмыры да қысқа болып, бірінен соң бірі қайтыс болды. Ер ұрпақтары қалмады. Мұндай жағдайда копетингтердің кіші буынының өкілі Филип ҮІ Валуа (1328 – 1350) король болып сайланды. Жаңа Валуалар династиясы француз корольдарының елді біріктіру саясатын одан әрі жалғастырды. Алайда, Англия мен Франция арасында басталған жүз жылдық соғыстың нәтижесінде Валуалардың жағдайы күрт шиеленісті.

1337 – 1453 жылдар арасында жүрген жүз жылдық соғыстың негізгі себебі Норман дәуірінен келе жатқан екі ел арасындағы территориялық дау – дамай болды. Фландрия мәселесі де Англия мен Францияның арасындағы “алауыздық алмасы” болды. Соғыстың басталуына түрткі болған ағылшын корольі Эдуард ІІІ – нің француз тағына деген дәмесі еді. Ол шешесі жағынан Филип ІҮ – нің немересі болды. Сондықтан француз тағын иемденуге заңды құқым бар деп есептеді. Бірақ, француз заңгерлері корольдық тақтың әйел жағынан берілмейтіндігін алға тартты...

Жүз жылдық соғыста әскери қимылдар өте баяу өрбіді. Ресми түрде соғыс 1337- жылы басталды. Бірақ, тек Фландрия мен Брабант англияның қарамағына өтіп 1340 жылы ағылшындар Слейсе (Шельда өзені сағасы) түбінде француздарды жеңгеннен кейін ғана нақты сипат алды. Бұл теңіз шайқасы еді. 1346 жылы Креси (солтүстік – шығыс Франция) түбіндегі құрғақтағы шайқаста да ағылшындар жеңіске жетті.

Екінші ірі шайқас 1356-жылы Пуатье түбінде болып тағы да ағылшындар жеңіске жетті. Ұрыстың барысында көптеген француз феодалдары, оның ішінде француз корольі Иоан Добрыйда ағылшындарға тұтқынға түсті. (Иоан Добрый 1350 жылы қайтыс болған Филип ҮІ – ны алмастырған еді). Бұдан кейін бүкіл елге қауіп төнді. Осындай жағдайда, елде әлеуметтік – саяси наразылық өршіді. Король тұтқында болғандықтан, билік дофин Карлге өтіп, ол 1356- жылы Бас штаттар шақыруға мәжбүр болды.

1356- жылғы Бас штаттардың әлеуметтік құрамы әдеттен тыс болды. Сан жағынан өте көп Бас штаттардың жалпы саны 800 болып, оның жартысы үшінші Сословие өкілдері еді. Үшінші Сословие өкілдері өте белсенділік танытып, азғындалған Дофин үкіметіне оппозициялық көңіл күйде болды. Оппозицияның басында демократиялық көңіл күйдегі Лан епископы Лекок пен Париж кенеп цехының старшинасы Этьен Марсель тұрды. Бас штаттар дофиннен коррупцияға малынған көптеген чиновниктерді орнынан алуды, король сарайының маңайындағыларға деген шығынды азайтуды, болашақта Бас штаттарды жылына кем дегенде үш рет шақыруды, мемлекеттік қазынаны толығымен бақылауға алуды талап етті. Бұл талаптардың барлығы хатқа түсіріліп 1357-жылғы “наурыз ордонансы” деген атпен тарихқа енді. Дофин 1357 жылдың 3 – наурызында оған қол қойғанымен орындауға асықпады. Сарай маңындағылар үшінші сословиенің “еркінсінуіне” наразы болып, Этьен Марсель мен оның жақтастарына қарсы қуғын сүргін ұйымдастыруды талап етті.

Бұған қарсы 1558 жылдың ақпанында Парижде Марсельдің жақтастары көтеріліске шықты. Париж қол өнершілері мен кіші шеберлердің 3 мыңға жуық отряды Король алаңына жиналып, Король сарайына басып кірді. Дофиннің әбден жексұрын болған екі кеңесшісі өлтірілді. Бұдан кейін принцтің “бас кеңесшісі” Марсель болып алды. Алайда, Марсельдің “кеңесшілігінен“қашқан король, Парижден кетіп, оның солтүстік – шығысындағы Компьен қаласындағы резиденциясына орналасып, өзінің төңірегіне сенімді жақтастарын жинай бастады. Осы жылдың (1358) көктемінде Париждің Солтүстігінде жакерия деп аталып кеткен шаруалар көтерілісі дайындалып жатты. Көтерілістің басында Бовези округінің шаруасы Гильом Каль тұрды.

3. ХІ ғасырдағы ағылшын тарихының ең маңызды оқиғасы- елді “Вильгелм жаулаушы” бастаған француз – норман феодалдарының жаулап алуы болды. 1066- жылы 14 қазанда Гастингс түбінде болған шайқаста англосаксон әскерлері толығымен талқандалды, ал 25-желтоқсанда Вильгелм ағылшын королі Вильгелм І болып жарияланды. Жаулап алудың және басқа да қарсылықтарды басып шаншудың нәтижесінде англосаксон феодалдары жерлерінің көпшілігі тартылып алынды. Сөйтіп, жаңа француз – норман феодалдарына бөлініп берілді. Ағылшын шіркеуі епископатының жеке құрамы да алмастырылды. Бұрынғы англосаксон епископтарының орнын жаңа француз епископтары басты. Елдегі жер қорының 1/7 бөлігін Вильгелм өзіне қалдырды.

Англиядағы феодалдар табы жеке құрамы алмасуының екі түрлі маңызы болды. Біріншіден, жер иеліктеріне ие болғаны үшін жаңа феодалдар тек корольге міндетті болды. Бұл континентке қарағанда феодалдардың корольге деген вассалдық қатынастарын анағұрлым берік етті. Норман жаулаушылығының нәтижесінде Англиядағы әскери – феодалдың система қатаң орталықтанған сипат алды. Екіншіден, жаулап алушылықтың нәтижесінде феодалдық крепостниктік қатынастар одан әрі дамып, күшейе түсті. Бұрынғы еркіндігі мол англосаксон шаруаларының крепостнойлануы жаңа қарқын алды.

Вильгелм І жаулаушының ең ірі шараларының бірі Англиядағы тұңғыш халық санағын жүргізуі (1086) болды. Халық үшін қорқынышты болып көрінген бұл санақтың қорытынды аты “Зәрлі сот кітабы” болды. О дүниедегі зәрлі соттағыдай санақшылардан ешнәрсе жасыруға болмады. Король үкіметі үшін бұл шаруалардан алынатын алым салықтарды белгілеу , сондай-ақ вассалдық иеліктердің табысын дәл анықтау, соған сәйкес міндеткерліктерді белгілеу үшін қажет болды. Бұл халық санағынан жаңа норман -француз лордтарының ағылшын деревньясында крепостнойлық тәртіптерді біржолата қалыптастыруды аяқтау ниетін айқын көруге болады.

“Вильгелм І жаулаушы” бастаған норман феодалдары елде күшті король өкіметін қалыптастырды. Көпестер көп ұзамай король өкіметі күшеюінің пайдасында көре бастады. Елде сауда жанданды, қол өнері дамыды. Вильгельм І жаулаушының ұлдары король өкіметін нығайту саясатын жалғастырды. Әсіресе, Вильгель І –нің кіші ұлы Генрих І-нің (1100-1135) басқарған жылдары нәтижелі болды. Оның тұсында король соты күшейтілді, финанс, ведомоствасы қалыптасты. Генрих І – қайтыс болғаннан кейін ер ұрпағы қалмағандықтан, билік үшін феодалдық қырқысу соғыстары басталып кетті. Корольдік тақ Генрих І-нің немере інісі Стефан Блуаскийге (әкесі франциядағы Блуа графы) өтті. Алайда, корольдық таққа Генрих І – нің қызы Матильда да дәмелі болды. Матильда әуелі Герман императорына, содан соң Француз Анжуй графы Жофруа Плантегенетке күйеугу шыққан еді. Стефан мен Матильданың арасындағы күрес 20 жылға созылды. Қырқысу соғыстары, тек 1154 жылы тоқтатылып, король тағына Матильданың ұлы - Генрих ІІ Плантегенет отырды.

Генрих ІІ Плантегенет тұсында (1154 – 1189) Ағылшын корольдығының шекарасы орасан зор ұлғайды. Жоғарыда айтқандай, Аквитания королевасы Эленораға үйленгеннен кейін, бүкіл францияның жартысынан көп территориясы Ағылшын корольдығына өтті. Кейде ағылшын француз тарихшылары екі ел иеліктерінің қосылу деңгейіне қарай осы тұстағы екі корольдықты – “Анжуй империясы” деп атайды (Плантегеннеттер тегі шыққан герцогтық). Генрих ІІ король өкіметінің беделін өсірді, присяжный (алқа) сотын енгізді, сондай – ақ, әскерді күшейту үшін тұрақты әскер құруға ұмтылды. Рыцарлық әскерлер жылдың 40 күнімен шектелгендіктен король әскерде қызмет еткісі келмеген феодалдарды айрықша салық – төлем төлеген жағдайда, әскерден босатты. Бұл төлем “қалқан ақшалар(“ деп аталды. Түскен ақшаға король тұрақты әскер құрды. Бұл іс шараның үлкен әлеуметтік салдары болды. Әскерден босаған рыцарлар бейбіт шаруашылықпен айналысып, қалалықтармен жақындасты. Үшінші сословиені күшейтті. Генрих ІІ ағылшын шіркеуін толығымен өзіне бағындырғысы келді. Епископтар мен аббаттарды сайлауда өзінің қатысуын талап етті. Дін басылары король сотымен сотталуы тиіс болды.

Алайда, реформаны жүргізу барысында корль ағылшын шіркеуінің басшысы – Кентерберийскі архиепископы Фома Бекет тарапынан қатты қарсылыққа тап болды. Көп ұзамай Фома Бекет өлтірілді (1170). Корольге наразы барондар мұны оған қарсы күреске шығу үшін пайдаланды. Шаруалар арасындада Фома өте танымал еді. Рим папасы да корольдің тез арада кешірім сұрауын, істеген қылмысын мойындап жалбарынуын талап етті. Осылайша, король оқшау қалып, 1171- жылы өлген архиепископ қабірінің басында кешірім сұрауға мәжбүр болды.

4. 1215- жылы елде Иоан Безземельныйға қарсы көтеріліс бұрқ ете қалды. Көтерілісті басқарған аса ірі барондарға көптеген рыцарлар мен Лондон қаласы қосылды. Көтерілісшілердің қолына түскен Иоан 1215 жылы “Еркіндіктің Ұлы хартиясына” қол қоюға мәжбүр болды. 1215–жылдың Хартиясы 63 баптан тұрған аса ірі саяси құжаттардың бірі болды. Құжатта негізінен барондар мен дінбасыларының мүдделері қорғалды. “Әдет ғұрыпқа сәйкес” барондар мен рыцарлардың феоды мұралықпен қалдырылды, вассалдық төлемдері азайтылды. Олардың істері айрықша “теңдестер сотында” ғана қаралатын болды (пэрлер соты). Еркіндіктің ұлы хартиясында елде бірде бір еркін адам сотсыз немесе пэрлер үкімінсіз тұтқынға алынбайтын, елден қуылмайтын және дүние мүлкі тәркіленбейтін болды. Хартияда Ұлы король кеңесі құрылып – ол барондар мен рыцарлардан тұрды. Барондардың рұқсатымен ғана король қосымша алым салықтар енгізді. Бұдан бөлек 25 бароннан тұратын айрықша комитет құрылды, егер король хартия баптарынан аутқитын немесе орындамаған жағдайда олардың елді көтеріліске шақыра алатын құқы болды.

Хартияның баптарында қалаларға қатысты пунктерде болды. Қалалықтарға еркін ішкі және сыртқы сауда құқы берілді. Қалалық өзін өзі басқару, ешқандай кедергісіз ел ішінде жүріп тұру, өлшем мен салмақ бірлігі қамтамасыз етілді. Ағылшын халқының негізгі бөлігі – вилландарға ешқандай құқ берілген жоқ. Соған қарамастан Ұлы Хартияның прогрессивтік маңызы болды. Ол король өкіметін шектеді. Қалалықтардың мүдделерін қорғауы айрықша маңызды еді. Өйткені, ағылшын қалаларының үшінші сословие ретінде тұңғыш рет саяси күшке айналғаны белгілі болды. Еркіндіктің Ұлы хартиясы өмірде жүзеге асқан жоқ. Рим папасының қолдауына ие болған корль Иоан, барондарды бүлікші деп жариялап талаптарын орындаудан бас тартты, сөйтіп оларға қарсы соғысқа дайындалуға кірісті. Алайда, соғыстың қызған шағында ол қайтыс болып, оның кәмелетке толмаған ұлы Генрих ІІІ – ні барондар король етіп сайлады (1216 – 1272). Елде уақытша барондар олигархиясының үстемдігі орнады.

Генрих ІІІ кәмелетке толғаннан кейін де дербес саясат жүргізе алмады. Тұрақсыз, әрі жігерсіз король барондарға қарсы тосқауыл ретінде, папалар мен епископтармен жақындасты. Франциядан әйелінің туыстарын шақыртып жер мен қызмет үлестірді. Алым – салық көбейтілді. Бұл ағылшын барондары мен қалалықтарының наразылығын туғызды. 1258 жылдың көктемінде Генрих ІІІ папаның итермелеуімен Сицилияға жорыққа шығып, оған барондардың қатысуын талап еткенде, елде көтеріліс бұрқ ете қалды.

Қарулы барондар тобы король сарайына басып кіріп, саяси реформалар жүргізуді талап етті. Король шегінуге мәжбүр болды. 1258- жылы Оксфордта ірі барондардың кеңесі жиналып, кейіннен ол “құтырған парламент” аталып кетті. Парламентте айрықша конституция – “Оксфорд провизиясы” (“емі,” дәрісі”) қабылданып, ол бойынша корольдар тұрақты түрде барондар бақылауында болатын болды (“барондар олигархиясы”). Алайда, барондардың бақылаусыз үстемдігі рыцарьлар мен қалалықтардың наразылығын туғызды. Корольге қарсы оппозицияның арасында жік пайда болды. 1259 жылы барон Симон де Монфор басқарған оппозиция өкілдері рыцарлар мен қалалықтарды, ауқатты шаруаларды қорғап саяси талаптар қойды. Бұл талаптар жинағы “Вестминистрлер провизиясы” деп аталды.

Оппозиция лагерьінде пайда болған жікті пайдаланып, Генрих ІІІ “Оксфорд провизияларының” талаптарын орындаудан бас тартты, сөйтіп 1263- жылы азамат соғысы басталды. Симон де Монфорды тек барондардың бір бөлігі ғана емес, қалалықтар мен рыцарлар, шаруалардың бір бөлігі қолдады. Лондондықтардың өзі Монфорға көмек ретінде 15 мың адамнан тұратын жасақ жіберді. 1264- Льюс түбінде болған шайқаста король әскері талқандалып, король Генрих ІІІ мен оның үлкен ұлы Эдуард қолға түсті. Монфор елдің билеушісіне айналды. Барондарға сенбей ол рыцарлармен, сенімді қалаларға арқа сүйеді. 1265 – жылдың қаңтарында Монфор үлкен жиналыс шақырып, оған аса ірі прелаттар мен барондардан бөлік, әрбір графтықтан екі рыцарь, әрбір үлкен қаладан екі қалалықтан шақырды. Бұл ағылшын парламентінің басы еді.

Әдебиеттер:

1. Басовская Н.И. Столетняя война 1337 – 1453 гг. М., 1985.

2. Гизо Ф. История цивилизации во Франции М., 1980 ІҮ т.

3. Левандовский А.П. Жанна д Арк. 2 е. Изд. М., 1982.

4. Перну Р., Клэн М.В. Жанна д Арк. М., 1992.

5. Хачатурян Н.А. Возникновение Генеральных штатов во Франции. М., 1976.

6. Хачатурян Н.А. Сословная Монархия во Франции ХІІІ – ХҮ вв. М., 1989.

7. Гутнова Е.В. Возникновение английского парламента (Из истории английского общества и государства ХІІІ в.) М., 1960.

8. Петрушевский Д.М. Восстание Уот Тайлера. 3 изд. М., 1994.

9. Репина Л.П. Сословие горожан и феодальное государство в Англии ХІҮ – века. М., 1979.

10. Шервуд Е.А. От англосаксов к англичанам. М., 1988.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 216 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: А) Моси тайпасы құрған мемлекет | Рим империясының құлауы және жаңа әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы: феодализм синтезі. | Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және оның себептері, ықпалы. | Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы. | Верден бөлінісі. | ХІ – ХІІ -ғасырлардағы Византия | Төртінші және соңғы крест жорықтары. Крест жорықтарының салдары. | Испания. | Орта ғасырлардағы Италия дамуының ерекшеліктері. | Христиан діні және католик шіркеуі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Христиандық көзқарастың Европа мәдениетіне тигізген әсері.| Реформацияның Европа елдеріне таралуы. Католиктік контрреволюция.

mybiblioteka.su - 2015-2017 год. (0.18 сек.)